Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары.

Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары.

Скачать материал

Атырау қаласы

Дамбы селосы.

Амангелді орта мектебі.

Информатика пәні мұғалімі: Мадагаева Ботагоз Бисембиевна

Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары.

                                      Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру

                             үшін оқытуда, ең бірінші оқушылардың неге  

                                    қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау

                                        керек.

                                                                                     Ш.А.Амонашвили.

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу үшін оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді тез игеруге жағдай жасап отыр.

         Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, олард жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.

         Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – бұл компьютерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалануға бағытталған процесс.

         Мұндағы басты жаңалық – компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

-         білім мазмұнының мектептік компонентін жасау;

-         мектептің оқу жоспарын тиімді етіп жасау;

-         оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

-         оқыту уақытын бөлуді тиімді түрде жүргізу;

-         сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.

Соңғы кезде біздің қоғамымызда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да бірсыпыра өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де президентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, ол Республика мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.

Қазір біздің алдымызға қойған мақсатымыз – оқушыға терең де тиянақты білім беру, білім сапасын арттыру арқылы жеке тұлғаны даярлау. Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді, яғни, педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы өз пәнін оқушыға терең меңгеріп, әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу сапасын арттыру керек.

Жалп оқытудың мақсаты әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Ауыл мектептерінде информатика пәнін оқытуда түрлендіру, жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалану, әр оқушының күнделікті сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, сонымен бірге өзі игеріп, ізденіп, талдау жасап, пікір таластырып, шыңдалуына ықпал етеді.

Заман талабына сай мектеп қабырғасында информатика пәнінен алған білімдерін басқа пәндерге пайдалану жолдарын іздену жұмыстарын бастадық. Оқу жүйесінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектептегі мұғалімдер пәндерді компьютерде қолданып оқытудың маңызы зор. Компьютер арқылы түрлі графиктер, сызбалар, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға сызып, жазып түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға түсіндірсе, сол арқылы әр бір жаңа тақырыпқа деген баланың қызығушылығы оянады және білімін арттырады.

Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Осы педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағында интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.

Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, бейнелеу өнері, математика пәндерімен медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.

Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білім есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан – жақты болады.

Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет.

Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында басқа пәндермен байланыстырып өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынып отырмын. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту оқушылардың өзіндік – танымдық сауаттылықтарын арттырады. Осы мақсатта 7 сыныптарда өткізген сабағыма тоқтала кетейін.

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс.

Мақсаттары:

а) білімділігі: Құралдар тақтасын пайдаланып, бояу палитрасын қолдану

                            арқылы сурет салуды меңгерту.

б) дамытушылығы: Оқушылардың сурет салу кезінде фантазияларының

                            оянуын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын

                            арттыру.

в) тәрбиелігі: Сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өз бетімен жұмыс

                            жасауға үйрету.

Сабақтың әдісі: Баяндау – практика

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі мен әдебиеті.

Көрнекілігі: компьютер, буклет, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Оқушылар нені білуі керек: сурет салу кезеңдерін, әрбір құралдың міндетін

Оқушылар нені үйренуі керек: Paint графикалық редакторында керекті

                            құралды таңдап, сурет салу. Салған суретті палитра

                            көмегімен түрлі түсті бояумен орнату. Дайын суретті

                            сақтау.

Жоспар:

І.Ұйымдастыру. Оқушыларды жинақтап, құралдарын тексеру, сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.     Windows операциялық жүйесі дегеніміз не?

2.     Қапшық дегеніміз не? Оның қызметі?

3.     Файл дегеніміз не?

4.     Есептер тақтасы дегеніміз не?

5.     Терезе деген не? Оның элементтері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Оқушылар, біз Windows жүйесінің барлық объектілерімен таныстық. Олардың аттары мен атқаратын жұмыстарын үйрендік. Ендігі, кеелсі біздің танысып оқитын бағдарламамыз, Windows жүйесінің басты бағдарламаларының бірі – Paint графикалық редакторы. Бұл редактордың іске қосылуын, осында жасалатын барлық жұмысына тоқталамыз.

         Компьютерде әр түрлі типтегі мәтіндер жазып, оларды әр түрлі бағытта  өңдеуге болады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептер шығарып, мәліметтер базасын құруға болады. Сондай – ақ суреттер салып, оларды өңдеуге болады.

Paint графикалық редакторы – бұл Windows жүйесінің ең оңай бағдарламасы. Осы редакторде өздерің қалаған суретті салып, қңдеп, сақтап қоя аласыңдар.

Құралдар тақтасының жұмысымн таныстыру:

Бүріккіш

 
 

 

 

 

 

 

 

 


IV. Компьютермен жұмыс. Paint графикалық редакторымен жұмыс жасап, үйренулері үшін берілген тапсырмалар:

Жұмбақты шешіп, суретін сал:

1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

     Еті – қызыл, сүті – тәтті.              (қарбыз)

2. Өмірді өлшейді,                   Тіліңді алмайды,

    Ешкімнен сұрамай.              Тетігін бұрамай.         (сағат)

3. Торғын көкте қара құс,                            Қағып екі қанатын,

     Ағылып ұшып барады.                           Күннің көзін жабады.        (бұлт)

V. Графикалық диктант.  Сурет салынып болғаннан кейін, графикалық диктант өтеді. Менің айтқан әр түрлі әрекеттерімді оқушылар компьютерде орындаулары тиіс.

1. Эллипс құралын пайдаланып, қар адамның денесін салу керек.

2. Тік сызық құралымен оның қолын, таяғын салу керек.

3. Бүріккіш құралы арқылы көзін, мұрнын, ілгегін салу керек.

4. Қисық төртбұрыш арқылы басындағы шелегін салу керек.

5. Қар адамның денесін көгілдір түске, шелегін қоңыр түске бояу қажет.

6. Салынған суретті сақтау қажет.

VІ. БҮҮ стратегиясы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Компьютердің құрылғыларын білемін. Windows объектілерінің жұмысын білемін. Себетке объектілерді салып, кері қалпына келтіруді білемін. Себетті тазалауды білемін.

Графикалық редактор терезесін ашуды, сурет салуды, суретті түрлі түске бояуды, суретке мәтін жазуды

Суретке әр түрлі графикалық объектілерді енгізуді, интернет арқылы түрлі сурет алуды, фотолармен жұмыс істеуді

VІІ. Сөзжұмбақ шешу.

Оқушыларды сергіту мақсатында, сөзжұмбақтар шешуге шақыру.

1.     Компьютердің басты бөлігі

2.     Манипулятор типті басқару құрылғысы.

3.     Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы

4.     Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы

5.     Компьютердің теледидарға ұқсас бөлігі

6.     Paint қызметі ... салу.

 

 

 


VІІІ. Қорытындылау. Оқушылардың осы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында, тест жұмысын жүргізу.

1. Paint дегеніміз -

А) мәтіндік редактор

Ә) графиктік редактор

Б) операциялық жүйе

В) программалық қабықша

2. Paint программасын іске қосу үшін:

А) Мой компьютер – Проводник – Графикалық редактор

Ә) Программы – Стандартные – Paint

Б) Пуск – Программы – Стандартные – Paint

В) Пуск – Paint

3. Графиктік редактор Paint терезесінің құрылымдық элементтерін ата.

А) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны

Ә) Түс палитрасы

Б) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерді өзгертетін маркерлер, қозғалту жолақтары

В)Жұмыс алаңы, меню қатары.

4. Өшіргіш не үшін қажет?

А) бейнелеу үшін

Ә) өшіру үшін

Б) экранды тазалау үшін

В) сурет салу үшін

5. Машина бейнесін салу үшін қандай құралдар пайдаланылады?

А) Тіктөртбұрыш, эллипс

Ә) Көпбұрыш, эллипс, қарындаш

Б) Түзу сызық, эллипс, қарындаш

В) Өшіргіш, құю, бүріккіш

6. Құю (Заливка) құралы қандай қызмет атқарады?

А) сызады

Ә) құяды

Б) бүркеді

В) өшіреді

7. Суретті сақтау үшін:

А) Файл – Сохранить

Ә) Файл – Сохранить как

Б) Файл – Создать

В) Файл – Печать

8. Суретті қағазға басып шығару үшін:

А) Файл – Принтер

Ә) Файл – Печать

Б) Файл – Сохранить

В) Файл – Создать

9. Салынған суретті қалай ашады?

А) Файл – Открыть

Ә) Файл – Создать

Б) Мой документы – Сохранить

В) Файл – Создать

ІХ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Х. Үйге тапсырма. 4 бөлім. 4.2.тарау.

         Осы сабақты өткізгеннен кейін, оқушылар суретті салумен қатар, суреттерді ашуды, құруды, түрлендіруді және сақтауды толық менгерді. Бұл редакторды оқушылардың меңгеруі онша қиынға соқпайды, бірақ та олардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттыруды сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор.

         Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің ролі зор. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Осы мақсатта алған білімдерін басқа пәндермен ұштастырып өткізген ойын сабағымның жүрісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері.

Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақ ойын сабағы болғандықтан сынып оқушылары екі топқа бөлініп, өздері қалаған аттарын қояды. (Монитор, Модем). Сабақта қолданылатын ойын түрлері:

1.«Бәйге ойыны». Оқушылар 1 минутта сұраққа жауап берулері керек.

1.     Алғашқы есептеу құрылғылары. (саусақтар)

2.     Пернетақта дегеніміз не? (Енгізу құрылғысы)

3.     Бит деп нені айтады? (Екілік кодтың әрбір разрядын)

4.     Компьютердің атасы кім? (Ч.Бээбидж)

5.     Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық)

6.     Компьютер жанына қоятын өсімдік? (кактус)

2.«Жорға ойыны». Сұрақтың жауабын, компьютерде орындайды.

1. Математикадан сұрақ: 12+48*389 есебін компьютерде қалай шығаруға болады? (Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор)

2. Информатикадан сұрақ: Компьютердің тілі деп нені атайды? (Монитор)

3. Қызықты сұрақ: 3 әке мен 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. (1 атасы, 2 әкесі, 4 немере)

4. Тарихтан сұрақ: Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? (1946ж. АҚШ)

3. «Шешендік өнер». Мақал – мәтел сайысы. (Мақалдың бір жолы беріледі, көп нүктенің орнына сөзін тауып, жауабын беру)

І топ.

1) Білекті ...жығар

    Білімді ... жығар.

2) ... ала болса ауыздағы кетеді

    ... түгел болса төбедегі келеді

3) Ерлік елдің ...

    Жүректілік жігіттің ...

ІІ топ.

1) Үйде ... күн ұрыс болса,

     ... күн ырыс кетеді.

2) ... кісі бір жақ

    Қыңыр кісі бір жақ

3) Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.

4. «Көкпар» ойыны. Қарама – қарсы пікірлер бойынша ой толғау (Қолдаушы және қарсы пікір). Тақырыптар: «Компьютерсіз өмір жоқ!», «Компьютерсіз де өмір сүруге болады!»

Сабақты қорытындылау. Ойын бөлімдері бойынша ұпай қойылып отырады, әр топтың жинаған ұпай санына қарай жеңімпаз топ анықталады.

Үй тапсырмасы: Қазақ халқының ырым – тиым сөздері, жеті жұт, жеті қазына тақырыптарына материалдар жинап, реферат жазып келу.

         Оқушылардың  компьютерді пайдаланып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында 8 сыныпта өткен «Информатика әлеміне саяхат» сыныптан тыс шарасының жүргізілуін ұсынып отырмын.

Шараға 2 топ қатысады. І топ – «Ақпарат» тобы, ІІ топ – «Жасұлан» тобы.

І жүргізуші:  Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Информатика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

                   Ойын толқып, айналған қатты ағысқа

                   Табылғандай танымда, жат дауыс та.

                   Біреу озып келеді қатарынан,

                   Біреу қалып жатады асығыста.

ІІ жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

                   Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

                   Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

                   Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І жүргізуші: «Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – ойын екені белгілі. Алдымен ойынға шығатын 2 топты ортаға шақырайық.

ІІ жүргізуші: Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар І тур «Бәйге» турын бастаймыз.

                   Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

                   Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

                   Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

                   Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1.     Аталған байттар тізбегі. (файл)

2.     Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы? (сканер)

3.      Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас? (интерфейс)

4.     Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)

5.     Компьютердің миы? (процессор)

6.     Телефон желісі арқылы ақпарат алмасатын құрылғы? (модем)

І жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

                   Құр қарап жай отыру жараса ма?

                   Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

                   Соқ қолыңды білімді жас талантқа!

ІІ жүргізуші: «Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте» - деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас

өркендердің тіл білімін тамашалайық.

2 тур. Полиглот. Берілген сұрақтарға жауапты үш тілде MS WORD  мәтіндік редакторында кезек – кезек жазу.

1. Белгілі бір нәрсе (жануар, адам, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)

2. Windows дегеніміз не? (Операциялық жүйе, операционная система, operation system)

3. Үйдің негізгі бөлшегі немесе экранның төртбұрышты аймағы? (терезе, окно, window)

4. Сурет салу қаламы? ( қарындаш, карандаш, pensil)

5. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

6. Өнер алды қызыл … (тіл, язык, language)

І жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған дарындар!

                   Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

                   Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

                   Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

3 тур. «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты сурет құрастыру керек.

1 топ. «Көңілді қыс мезгілі» ( Қыс мезгілі несімен қызықты?)

2 топ. «Көңілді жаз мезгілі» (Жаз мезгілі несімен қызықты?)

 

    

І жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен

                   Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

                   Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

                   Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

ІІ жүргізуші: Жорға, жорға, жорғалар,

                   Шапшаңдыққа таң қалма.

                   Ойын деген арпалыс

                   Жеңілем деп ойлама.

4 тур. «Жорға». Берілген сұрақтарға 2 топ барынша көбірек жауаптар жинау.

1. Жад нешеге бөлінеді? (2)

2. Тышқанның атқаратын қызметі? (жұмысты жеңілдету)

3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)

4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

5. Бума түрлерін ата? (жұмыстық, жүйелік)

6. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды? (монитор)

7. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

8. Көшіру пернелер комбинациясы (ctrl+C)

9. Пернетақта қандай құрылғы? (енгізу)

10. Телефон желісі арқылы ақпарат алмасатын құрылғы? (модем)

5 тур. «Капитандар сайысы». Ортаға екі топтың капитандары шығып, өз топтарының эмблемаларымен таныстырып, мағынасын түсіндіреді.

   

І жүргізуші: Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

ІІ жүргізуші:  Бүгін көріп тамашалаған «Информатика әлеміне саяхат» шарасы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп размет!

         Әрбір мұғалім ұстаздық мамандықты таңдағанда оның қыры мен сырын үйренуден, өзі балаға сабақ бере отырып, өзі де үзіліссіз оқуға, ізденуге тиісті екендігін ескере отырып, барлық қиыншылығына төзуге көнгенде ғана нағыз ұстаз болып шықпақ деп түсінемін.

         Жас ұстаз ретінде тәжірибем болмаса да азғана ұстаздық жұмысымда тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатыса отырып, біршама сабақ берудің жаңа әдістерімен таныстым.

         Өткізген сабақтарымнан ұтқаным, оқушылар топпен берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен жақсы орындап шықты, сонымен қатар тек информатика пәнін игеріп қана қоймай, басқа пәндермен де өте жақсы байланыстыра білді.

Жалпы осы сабақтар арқылы қол жеткізген нәтижем:

Алған білімі есінде ұзақ сақталады.

 

Мұғалім жетістігі

 

Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту жеке тұлғаның өзіндік – танымдық сауаттылығын арттыруға жетелейді.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорыта айтқанда, оқушы алған білімдерін практикада қолдануға дағдыланды. Тек осы пәннен ғана білім алып қана қоймай, алған білімдерін басқа сабақтармен ұштастыра білді,  ұжымдағы қарым – қатынасқа қалыптасып, өзіндік шығармашылық жұмыс істеу қабілеті дамиды. Информатика қызығушылығын арттыру мұғалімнің шығармашылық деңгейіне байланысты деп ойлаймын.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Атырау қаласы Дамбы селосы. Амангелді орта мектебі. Информатика пәні мұғалімі: Мадагаева Ботагоз Бисембиевна Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары.                                       Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру                              үшін оқытуда, ең бірінші оқушылардың неге                                       қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау                                         керек.                                                                                      Ш.А.Амонашвили. Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу үшін оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді тез игеруге жағдай жасап отыр.          Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, олард жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.          Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – бұл компьютерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалануға бағытталған процесс.          Мұндағы басты жаңалық – компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады: -         білім мазмұнының мектептік компонентін жасау; -         мектептің оқу жоспарын тиімді етіп жасау; -         оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру; -         оқыту уақытын бөлуді тиімді түрде жүргізу; -         сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау; Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Соңғы кезде біздің қоғамымызда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да бірсыпыра өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де президентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, ол Республика мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Қазір біздің алдымызға қойған мақсатымыз – оқушыға терең де тиянақты білім беру, білім сапасын арттыру арқылы жеке тұлғаны даярлау. Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді, яғни, педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы өз пәнін оқушыға терең меңгеріп, әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу сапасын арттыру керек. Жалп оқытудың мақсаты әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Ауыл мектептерінде информатика пәнін оқытуда түрлендіру, жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалану, әр оқушының күнделікті сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, сонымен бірге өзі игеріп, ізденіп, талдау жасап, пікір таластырып, шыңдалуына ықпал етеді. Заман талабына сай мектеп қабырғасында информатика пәнінен алған білімдерін басқа пәндерге пайдалану жолдарын іздену жұмыстарын бастадық. Оқу жүйесінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектептегі мұғалімдер пәндерді компьютерде қолданып оқытудың маңызы зор. Компьютер арқылы түрлі графиктер, сызбалар, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға сызып, жазып түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға түсіндірсе, сол арқылы әр бір жаңа тақырыпқа деген баланың қызығушылығы оянады және білімін арттырады. Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Осы педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағында интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді. Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, бейнелеу өнері, математика пәндерімен медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білім есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан – жақты болады. Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет. Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында басқа пәндермен байланыстырып өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынып отырмын. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту оқушылардың өзіндік – танымдық сауаттылықтарын арттырады. Осы мақсатта 7 сыныптарда өткізген сабағыма тоқтала кетейін. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс. Мақсаттары: а) білімділігі: Құралдар тақтасын пайдаланып, бояу палитрасын қолдану                             арқылы сурет салуды меңгерту. б) дамытушылығы: Оқушылардың сурет салу кезінде фантазияларының                             оянуын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын                             арттыру. в) тәрбиелігі: Сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өз бетімен жұмыс                             жасауға үйрету. Сабақтың әдісі: Баяндау – практика Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі мен әдебиеті. Көрнекілігі: компьютер, буклет, сөзжұмбақ, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Оқушылар нені білуі керек: сурет салу кезеңдерін, әрбір құралдың міндетін Оқушылар нені үйренуі керек: Paint графикалық редакторында керекті                             құралды таңдап, сурет салу. Салған суретті палитра                             көмегімен түрлі түсті бояумен орнату. Дайын суретті                             сақтау. Жоспар: І.Ұйымдастыру. Оқушыларды жинақтап, құралдарын тексеру, сыныпты түгелдеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.     Windows операциялық жүйесі дегеніміз не? 2.     Қапшық дегеніміз не? Оның қызметі? 3.     Файл дегеніміз не? 4.     Есептер тақтасы дегеніміз не? 5.     Терезе деген не? Оның элементтері қандай? ІІІ. Жаңа сабақ. - Оқушылар, біз Windows жүйесінің барлық объектілерімен таныстық. Олардың аттары мен атқаратын жұмыстарын үйрендік. Ендігі, кеелсі біздің танысып оқитын бағдарламамыз, Windows жүйесінің басты бағдарламаларының бірі – Paint графикалық редакторы. Бұл редактордың іске қосылуын, осында жасалатын барлық жұмысына тоқталамыз.          Компьютерде әр түрлі типтегі мәтіндер жазып, оларды әр түрлі бағытта  өңдеуге болады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептер шығарып, мәліметтер базасын құруға болады. Сондай – ақ суреттер салып, оларды өңдеуге болады. Paint графикалық редакторы – бұл Windows жүйесінің ең оңай бағдарламасы. Осы редакторде өздерің қалаған суретті салып, қңдеп, сақтап қоя аласыңдар. Құралдар тақтасының жұмысымн таныстыру:                

Бүріккіш

                 

 

IV. Компьютермен жұмыс. Paint графикалық редакторымен жұмыс жасап, үйренулері үшін берілген тапсырмалар: Жұмбақты шешіп, суретін сал: 1. Іші жұмсақ, сырты қатты,      Еті – қызыл, сүті – тәтті.              (қарбыз) 2. Өмірді өлшейді,                   Тіліңді алмайды,     Ешкімнен сұрамай.              Тетігін бұрамай.         (сағат) 3. Торғын көкте қара құс,                            Қағып екі қанатын,      Ағылып ұшып барады.                           Күннің көзін жабады.        (бұлт) V. Графикалық диктант.  Сурет салынып болғаннан кейін, графикалық диктант өтеді. Менің айтқан әр түрлі әрекеттерімді оқушылар компьютерде орындаулары тиіс. 1. Эллипс құралын пайдаланып, қар адамның денесін салу керек. 2. Тік сызық құралымен оның қолын, таяғын салу керек. 3. Бүріккіш құралы арқылы көзін, мұрнын, ілгегін салу керек. 4. Қисық төртбұрыш арқылы басындағы шелегін салу керек. 5. Қар адамның денесін көгілдір түске, шелегін қоңыр түске бояу қажет. 6. Салынған суретті сақтау қажет. VІ. БҮҮ стратегиясы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Білемін Үйрендім Үйренгім келеді Компьютердің құрылғыларын білемін. Windows объектілерінің жұмысын білемін. Себетке объектілерді салып, кері қалпына келтіруді білемін. Себетті тазалауды білемін. Графикалық редактор терезесін ашуды, сурет салуды, суретті түрлі түске бояуды, суретке мәтін жазуды Суретке әр түрлі графикалық объектілерді енгізуді, интернет арқылы түрлі сурет алуды, фотолармен жұмыс істеуді VІІ. Сөзжұмбақ шешу. Оқушыларды сергіту мақсатында, сөзжұмбақтар шешуге шақыру. 1.     Компьютердің басты бөлігі 2.     Манипулятор типті басқару құрылғысы. 3.     Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы 4.     Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы 5.     Компьютердің теледидарға ұқсас бөлігі 6.     Paint қызметі ... салу.      

 

VІІІ. Қорытындылау. Оқушылардың осы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында, тест жұмысын жүргізу. 1. Paint дегеніміз - А) мәтіндік редактор Ә) графиктік редактор Б) операциялық жүйе В) программалық қабықша 2. Paint программасын іске қосу үшін: А) Мой компьютер – Проводник – Графикалық редактор Ә) Программы – Стандартные – Paint Б) Пуск – Программы – Стандартные – Paint В) Пуск – Paint 3. Графиктік редактор Paint терезесінің құрылымдық элементтерін ата. А) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны Ә) Түс палитрасы Б) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерді өзгертетін маркерлер, қозғалту жолақтары В)Жұмыс алаңы, меню қатары. 4. Өшіргіш не үшін қажет? А) бейнелеу үшін Ә) өшіру үшін Б) экранды тазалау үшін В) сурет салу үшін 5. Машина бейнесін салу үшін қандай құралдар пайдаланылады? А) Тіктөртбұрыш, эллипс Ә) Көпбұрыш, эллипс, қарындаш Б) Түзу сызық, эллипс, қарындаш В) Өшіргіш, құю, бүріккіш 6. Құю (Заливка) құралы қандай қызмет атқарады? А) сызады Ә) құяды Б) бүркеді В) өшіреді 7. Суретті сақтау үшін: А) Файл – Сохранить Ә) Файл – Сохранить как Б) Файл – Создать В) Файл – Печать 8. Суретті қағазға басып шығару үшін: А) Файл – Принтер Ә) Файл – Печать Б) Файл – Сохранить В) Файл – Создать 9. Салынған суретті қалай ашады? А) Файл – Открыть Ә) Файл – Создать Б) Мой документы – Сохранить В) Файл – Создать ІХ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, мадақтау. Х. Үйге тапсырма. 4 бөлім. 4.2.тарау.          Осы сабақты өткізгеннен кейін, оқушылар суретті салумен қатар, суреттерді ашуды, құруды, түрлендіруді және сақтауды толық менгерді. Бұл редакторды оқушылардың меңгеруі онша қиынға соқпайды, бірақ та олардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттыруды сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор.          Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің ролі зор. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Осы мақсатта алған білімдерін басқа пәндермен ұштастырып өткізген ойын сабағымның жүрісін ұсынып отырмын. Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы. Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері. Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақ ойын сабағы болғандықтан сынып оқушылары екі топқа бөлініп, өздері қалаған аттарын қояды. (Монитор, Модем). Сабақта қолданылатын ойын түрлері: 1.«Бәйге ойыны». Оқушылар 1 минутта сұраққа жауап берулері керек. 1.     Алғашқы есептеу құрылғылары. (саусақтар) 2.     Пернетақта дегеніміз не? (Енгізу құрылғысы) 3.     Бит деп нені айтады? (Екілік кодтың әрбір разрядын) 4.     Компьютердің атасы кім? (Ч.Бээбидж) 5.     Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық) 6.     Компьютер жанына қоятын өсімдік? (кактус) 2.«Жорға ойыны». Сұрақтың жауабын, компьютерде орындайды. 1. Математикадан сұрақ: 12+48*389есебін компьютерде қалай шығаруға болады? (Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор) 2. Информатикадан сұрақ: Компьютердің тілі деп нені атайды? (Монитор) 3. Қызықты сұрақ: 3 әке мен 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. (1 атасы, 2 әкесі, 4 немере) 4. Тарихтан сұрақ: Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? (1946ж. АҚШ) 3. «Шешендік өнер». Мақал – мәтел сайысы. (Мақалдың бір жолы беріледі, көп нүктенің орнына сөзін тауып, жауабын беру) І топ. 1) Білекті ...жығар     Білімді ... жығар. 2) ... ала болса ауыздағы кетеді     ... түгел болса төбедегі келеді 3) Ерлік елдің ...     Жүректілік жігіттің ... ІІ топ. 1) Үйде ... күн ұрыс болса,      ... күн ырыс кетеді. 2) ... кісі бір жақ     Қыңыр кісі бір жақ 3) Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені. 4. «Көкпар» ойыны. Қарама – қарсы пікірлер бойынша ой толғау (Қолдаушы және қарсы пікір). Тақырыптар: «Компьютерсіз өмір жоқ!», «Компьютерсіз де өмір сүруге болады!» Сабақты қорытындылау. Ойын бөлімдері бойынша ұпай қойылып отырады, әр топтың жинаған ұпай санына қарай жеңімпаз топ анықталады. Үй тапсырмасы: Қазақ халқының ырым – тиым сөздері, жеті жұт, жеті қазына тақырыптарына материалдар жинап, реферат жазып келу.          Оқушылардың  компьютерді пайдаланып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында 8 сыныпта өткен «Информатика әлеміне саяхат» сыныптан тыс шарасының жүргізілуін ұсынып отырмын. Шараға 2 топ қатысады. І топ – «Ақпарат» тобы, ІІ топ – «Жасұлан» тобы. І жүргізуші:  Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Информатика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!                    Ойын толқып, айналған қатты ағысқа                    Табылғандай танымда, жат дауыс та.                    Біреу озып келеді қатарынан,                    Біреу қалып жатады асығыста. ІІ жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып, тасып,                    Біреу мығым, біреулер шалыс басып.                    Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар                    Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. І жүргізуші: «Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – ойын екені белгілі. Алдымен ойынға шығатын 2 топты ортаға шақырайық. ІІ жүргізуші: Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар І тур «Бәйге» турын бастаймыз.                    Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз                    Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.                    Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,                    Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. 1.     Аталған байттар тізбегі. (файл) 2.     Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы? (сканер) 3.    

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2015 2073
    • DOCX 303 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадагаева Ботакоз Бисембиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мадагаева Ботакоз Бисембиевна
    Мадагаева Ботакоз Бисембиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7633
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 34 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов