Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатикадан 5 кластар арасында "БІЛГІР БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР" іскерлік ойын

Информатикадан 5 кластар арасында "БІЛГІР БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР" іскерлік ойын



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

31 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ

БЕКІТЕМІН

директордың әдістемелік

жөніндегі орынбасары

_______ Абилмажанова Ж. «__» __________ 2016 ж.









«БІЛГІР БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР»



ІСКЕРЛІК ОЙЫН









Информатика пәнінің мұғалімі: Оналбаева М.Е.

Математика пәнінің мұғалімі: Сүйешова А.























2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

Пәні: Математика, информатика

Топ: 5 а, 5ә, 5б, 5в, 5г

Күні: 12.02.2016жыл

Сабақ тақырыбы: «Білгір босаң, озып көр» іскерлік ойын

Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Түсіндіре – баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

  3. Ойын кезеңдері.

  4. Қорытынды.

  5. Бағалау және марапаттау.

І. Ұйымдастыру.

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір – бірімен жатқан тулап арбасып

О, тоқындар, арпыласып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр.

Математика Физика Информатика апталығына орай ұйымдастырылған «Білгір болсаң, озып көр» іскерлік ойынына қош келдіңіздер.

Әр кластан құралған бес топ «Білгір болсаң, озып көр» іскерлік ойынында өз біліктіліктерін көрсетеді. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған іскерлік ойынымыз оқушыларының білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай 5 топ 5 оқушыдан құрылған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Іскерлік ойынымызда бастамас бұрын топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топты ортаға шақырамыз. Ұрандары мен аттарын айтады.

Топты таныстыру кезеңі

І топ : «Интернет» тобы

ІІ топ: «Windows» тобы

ІІІ топ: «Ақпарат» тобы

IVтоп: «Smart» тобы

V топ: «Twitter» тобы

Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысады.

Енді бүгінгі ойынға қатысушы топтарды ойын кезеңдерімен таныстырып өтейн:

І кезең: «Біліміңді сынап көр» Тест орындайды. (15сұрақ қаншасы дұрыс сонша ұпай)

ІІ кезең: «Венгр сөзжұмбағы» Кестеде берілген сөздерді тауып, сөздерді үш тілде айту керек. (дұрыс жауап берген бір сөзге 1 ұпайдан есептейді. )

ІІІ кезең: «Кім жылдам?» (5 тапсырма беріледі дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.)

ІV кезең: «Логикалық сұрақтар» (5 сұрақ қойылады жауап берген топқа 5 ұпайдан беріліп отырады.)

V кезең: «Суретшілер әлемі» Салынған суретке 5 ұпайдан беріледі.


І кезең: «Біліміңді сынап көр» жалпы 15 сұрақ қойылады. (Тест)

Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

  1. Теңізде қандай тacтap табылмайды?

  1. Су; ә) Құрғақ; б) Ешқандай mac болмайды; в) Барлық жауап дұрыс емес;

  1. Компьютердің ақылшысы.

  1. Процессор; ә) Жады; б) Винчестер; в) Компьютер;

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

  1. Болады; ә) Болмайды; б) Болады, тек....; в) Болмайды, себебі....;

  1. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?

  1. Монитор ә) Баспа қүрылғысы б) Сканер в) Пернетақта

  1. Кім барлық тілде сөйлейді?

  1. Адам; ә) Жәндік; б) Жанғырық; в) Аң;

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.

  1. Монитор; ә) Баспа құрылғысы; б) Сканер; в) Пернетақта;

  1. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік багдарлама.

  1. Вирус; ә) Архиватор; б) Антивирус; в) Бағдарлама;

  1. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшінқолданылады.

  1. Босорын; ә) Болдырмау; б) Өшіру; в) Енгізу;

  1. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?

  1. Елес; ә) Көлеңке; б) Сурет; в) Ешқайсысын да;

  1. Өшірілген файлдар қайда сақталады?

  1. Себет; ә) Жады; б) Менің қүжаттарым; в) С дискісінде;

  1. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.

  1. Операциялық жүйе; ә) Бағдарламалар; б) Офис; в) Стандартты бағдарлама;

  1. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.

  1. Пернетақта; ә) Дисплей; б) Принтер; в) Сканер;

  1. Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма?

  1. Төменгі жағында; ә) Жоғаргы жагында; б) Екі жағында да бірдей; в) Дұрыс жауап жоқ;

  1. Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?

  1. 30 см; ә) 50 см; б) 70 см; в) 100 см;

  1. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердіңжиынтыгы.

  1. Интернет; ә) Жергілікті желі; б) Желі; в) Модем;

Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді.

ІІ кезең: «Венгр сөзжұмбағы» Кестеде берілген сөздерді тауып, сөздерді үш тілде айту керек.

  • Ақпарат – Информация - Information

  • Көшірме – Копия - Copy

  • Терезе – Окно - Windows

  • Телефон – Теле дыбыс - Telephone

  • Тінтуір – Мышка - Mouse

  • Кітап – Книга - Book

  • Диск –Диск - Disk

  • Желі – Сеть - Net

  • Батырма – Кнопка - Button

  • Камера – Бейне бақылағыш – Camera

ІІІ кезең. «Кім жылдам» 5 топқа тапсырма беріледі.

1. Б, Д, М әріптерінен басталатын информатикалық терминдерді жазу керек

2 .

а) Сәйкестендір:
1. Пернетақта ------ Түрлі ақпараттарды экранға шығару құрылғысы
2. Тышқан ----------- Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы
3. Жүйелі блок ----- Түрлі ақпаратты баспа бетіне шығару құрылғысы
4. Монитор --------- Компьютердің жұмысын басқаруға арналған құрылғы
5. Принтер ---------- Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы

б)Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.

Сөздер ---- жауаптары (компьютер, модем, файл, монитор, принтер, сканер, тышқан, антивирус)

Ретьюмопк
Демом
Лайф
Ротином
Нирперт
Красен
Шытқан
Тиврсуиан

3 . 2,5,11,23, ... берілген тізбек 2 санынан басталады. Тізбектің келесі мүшесін табыңдар. (1+ , 2* керек)

4.

hello_html_3649c185.png

Суретте бейнеленген фигураның ауданы шаршы сантиметрмен алғанда неге тең?

5. Жетпей тұрған санды көрсетіңіз (бос орын арқылы: ең алдымен жоғарыдағысын, содан кейін төмендегісін) –

16   15   17   14   _

32   33   31   34   _

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.


Осыменен бұл ойынды тамамдасақ 
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
 
Үйрендік білмегенді осы жолы,
 
Тағы үйренеміз аман болсақ
 
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
 



ІV кезең. «Логикалық есептер» 7 тапсырма беріледі.

1)1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?


2)Бір айда бес жексенбі бола ала ма?


3)Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

4)Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?


5)Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?

6)Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?


7)

1+1+1+1+1

1+1+1+1+1

1+1*0+1=?

V кезең. «Суретшілер әлемі» әр тақырыпта тапсырмалар беріледі.

Марапаттау:

Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.

І, ІІ, ІІІ орын иелерін және одан төмен ұпай алған топтарды – «Ізденімпаз», «Жүйріктер», «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.

Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!

Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар!

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Бүгінгі көріп тамашалаган «Білгірді болсаң, озып көр» атты ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Қош, сау болыңыздар!

Назар аударғандарыңызға рахмет.












ХАТТАМА

Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: «Білгір болсаң, озып көр»

Қатысушылар: 5 класс оқушылары

Ұйымдастырушы: Оналбаева М.Е.

Қатысқандар:


Сөйлегендер:

--: «Білгірді болсаң, озып көр» іскерлік ойынның мақсаты оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Бүгінгі іскерлік ойын арқылы оқушылар ойлау, жауапкершілік,ізденіс, бір-біріне көмек көрсету арқылы жақсы жақтарынан көрсете білді. Бүгінгі іскерлік ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

-: «Білгірді болсаң озып көр» тақырыбында өткен іскерлік ойын өз деңгейінде жақсы өтті деп ойлаймын. Оқушылар белсене ат салысып, берілген тапсырмаларды бірігіп шешімін тауып, өз топтары үшін тырысып бақты. Жалпы іскерлік ойын маған ұнады.

- ұйымдастырып отырған іскерлік ойыны жақсы деңгейде өтті. Ойынның тақырыбын ашып, оқушыларға деңгейлі тапсырмалар мен сұрақтар қойылды және бағаланды. Іскерлік ойында слайд, сұрақ-жауап, таратпа материалдар, көрнекілік құралдар қолданылды.

- Іскерлік ойын жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары көрінді. Оқушының және оқушылардың үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұр. Сабақ деңгейлі өтті.























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров7
Номер материала ДБ-356294
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх