Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатикадан комаьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында пікірталас сабақ

Информатикадан комаьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында пікірталас сабақ

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдасы және зияны»
Сабақтың түрі: Дебат /пікір – талас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту.
Тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Пікірталас (дебат)
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /
Бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар құрамында
Компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар
Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.

  1. Әр топ өздерін таныстырады;
    2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)
    3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
    4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)
    5. қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз
    Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.
    ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
    Әділдікке бас иеді күллі әлем
    Жүйрік озар айтыстыра неше бір
    Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
    демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
    Сарапшыларымыз:
    1. Ниязова Айжан – информатика пәнінің мұғалімі
    2. Шариғатова Фариза – оператор
    3. Алимбаева Ақсұлу - биология пәнінің мұғалімі

  2. Топтың аты: «Намыс» «Мұрагер»
    1. Жүргізуші ашық пікір – таластың ойын – шартымен таныстырады.
    Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.
    Регламинт 5 – 7 минутты сақтау
    Ашық дауыс беру / көрермендер мен жюрилер/
    2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
    1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы
    1. «Намыс» тобының мүшесі
    Балықбаева Айжанға береміз.
    Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
    ХХІ ғасыр адамзат баласының ой - өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметтіғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.
    Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз.
    Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
    Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптегентірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
    2. «Мұрагер» тобының мүшесі
    Хайырбаева Арайлым сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:
    Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Соның нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың естуқабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.
    Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс - шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп - кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата - жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл?
    Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс - шабыс, төбелес, зорлық - зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым - қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындайкездерде баланың жүйке - жүйесі бұзылып, ашу - ызаға жол береді. Бірте - бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата - ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.
    Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
    Көздің көру қабілетін төмендетеді;
    Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
    Жүйкеге салмақ түсіреді;
    Шаршағыштық, әлсіздік басады.
    Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен
    тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
    3. «Намыс» тобының мүшесі
    Байжанова Аругүл сөз кезегі өзіңізде.
    Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания / құрылғысы қосылып тұру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20 - 30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет. Сіздерге компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.
    1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
    2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
    3.
    Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
    4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
    5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
    6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
    Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары - төмен, оңға - солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
    8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған - тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
    4. «Мұрагер» тобының
    мүшесі Айладыров Құрмет сіздің ойыңыз.
    Армысыздар аса қадірлі көрермен. Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен, бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан үстеліңізде ескі монитор тұрса одан ертерек құтылғаныңыз жөн.
    Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
    Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
    Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
    Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымызда жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық
    5. «Намыс» тобының мүшесі
    Оңаев Ерлан сөз кезегі сізде.
    Мектептегі жалпы оқушылар денгейлі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Әрине мен атыс - шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда
    да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс - шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым - шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп - артылады
    Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.
    6. «Мұрагер» тобының мүшесі
    Масхутова Динара . Сәлем бердім көрерменге. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. Негізінде бір ойын компьютері 4 - 5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар - қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың «қыликөздікке» ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін.
    Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көптеген мағлұмат алдық деп ойлаймын.
    Оның бағасын әділ қазылар бере жатыр.
    4. Сұрақ – жауап
    Осы тақырыпқа байланысты өз ойларын сұрақтар арқылы толықтырар деген ниетпен екі топқа сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.
    Қағаз бетінен алады,
    Бірден компьютерге салады.
    (сканер, мәтіналғы. Scanner) Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді.
    (принтер, басып шығарғыш, printer)
    Төрт бұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек.
    (Монитор, монитор, screen)
    Бес атаның балалары
    Қыдырмашы біреуі.
    Бір күн бар да, бір күн жоқ.
    Соны есепке алсақ,
    Ұзын саны жүз жеті.
    (Пернетақта, клавиатура, keyboаrd)
    Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан.
    (процессор, жүйелік блок, System unit
    5. Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.
    Бүгінгі ашық пікір – таластан шыққан қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе. Бірінші кезекте «Намыс» тобы. Келесі сөз «Мұрагер» тобына берілсе.
    І топ ұсыныстары 1. Оқушылар Интернетті еркін пайдаланса.
    2. Компьютердің алдында отырған бала уақытты тиімді пайдаланса

  3. Әр пәнге электронды оқулықтар алынса
    ІІ топ ұсыныстары:
    1. Информатика сабағында техника қауіпсіздік ережесі сақталса
    2. Оқушылар сабақтан қалмай, білмегендерін сұрап білсе
    3. Әр оқушы компьютерде еркін жұмыс жасай алса

    ІІІ Қорытынды.
    Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
    1. Жюридің пікірі – таласқа деген көз қарасы.
    Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.
    Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-501881
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>