Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатикадан сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Үздік информатиктер"

Информатикадан сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Үздік информатиктер"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік:Әрбір оқушыны тиянақтылыққа,өзіне-өзі талап қоя білуге баулу,көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,  компьютер, интерактивті тақта.

Жоспары :

      I.            Бәйге

   II.            Кім шапшаң?

III.            Кім жылдам?

IV.            Тіл-өнер

   V.            Жорға

VI.            Қорытындылау

   Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

v Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру 

v Әділқазылар алқасымен таныстыру

v Сайысты өткізу

v Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

v Марапаттау  

Жүргізуші:

Той - тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Ұстаздар аман ба екен құрбы-құрдас,

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Жақсы ма денсаулығын хал жағдайын,

От басында аман ба мал менен бас.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Жас мұғалімдер апталығы»  атты апталығына қош келдіңіздер!

Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик»  атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:

1 Әділқазылар алқасының төрағасы ( Төрайымы ) ________________________

2 Әділқазылар алқасының мүшелері: 

 

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Бәйге» сайысын бастаймыз.1 – кезеңнің  шарты бойынша оқушыларға  18 сұрақ қойылады. Әр оқушыға 3 сұрақтан беріледі,  сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған бір оқушы сайыстан шығады. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз, экранға назар аударайық.

                                                      «Бәйге»

1.     Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

2.     Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

3.     Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

4.     ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

5.     Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

6.     Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

7.     Принтердің неше түрі бар? (3)

8.     1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)

9.     Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

10. Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)

11. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)

12. Компьютер ауруы (вирус)

13. Windows деген не? (терезе,ОЖ)

14. Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

15. Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)

16.  Информацияның ең аз бөлігі?  (бит)     

17.  Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (Пернетақта)

18.  Paint қандай редактор (графикалық)

1-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын

Келесі кезең «Кім шапшаң?»

Әр оқушыға практикалық жұмыс беріледі Paint графикалық редакторынан сурет салу. 2 – кезеңнің шарты бойынша экраннан Paint – графикалық редакторында салынған сурет  беріледі. Оқушылар осы салынған суретті дербес компьютерде салады. Уақытқа және суреттің салынуына әділқазылар мүшелері көңіл бөлуі керек. Оқушылар арасында кімнің шапшаң екені анықталады. Бірінші оқушы жұмысын аяқтағанда жұмыс тоқтатылады. Суретті аяқтай алмаған бір оқушы сайыстан шығады. Кезеңіміздің шарты бойынша сурет салуды бастайық.

2-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушымен қоштасатын сәт туды.

Келесі кезең «Кім жылдам?» 3– кезеңнің шарты бойынша экраннан Word Pad – мәтіндік редакторында жазылған мәтін  беріледі. Оқушылар осы мәтінді дербес компьютерде жазады. Уақытқа және мәтіннің қатесіне әділқазылар мүшелері көңіл бөлуі керек. Оқушылар арасында кімнің жылдам екені анықталады. Бірінші оқушы  жұмысын аяқтағанда жұмыс тоқтатылады. Мәтінді аяқтай алмаған бір оқушы сайыстан шығады.

Ана тілім арым бұл,

Ұятың тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,

деп  Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай,  жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек , келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 9 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, француз тілінде айтқан оқушыға 10 ұпай, ал екі тілде айтса 5 ұпай беріледі. Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығады. Экранға назар аударып сұрақты мұқият тыңдаймыз.

«Тіл-өнер»

1.     Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, le nature)

2.     Кітап ненің бұлағы?(білім, знание,le education)

3.      «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток,le courant)

4.     Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка,la faute)

5.     Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация,l’ information)

6.     Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін.(шам, лампочка,la lamp)

7.     Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка,le souris)

8.     Логикалық көбейтудің атауы (және, и,et)

9.     Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово,le mot)

4-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық.

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика, құрметтеуге лайық.

Келесі кезең:

«Жорға»

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма

Мәреге таяп қалды бұл жарыста

Келесі кезең «Жорға» 5– кезеңнің шарты бойынша   соңғы қалған 2 оқушыға 10   сұрақтан қойылады. Бір дұрыс жауап бір ұпай. Аз ұпай жинаған оқушы сайыстан шығады. Жеңген оқушы “Сыныптың үздік информатигі” атағын алады.

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды шоу  “Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

12.10.2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатикадан сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Үздік информатиктер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.11.2016 573
    • DOCX 57 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратбеков Жаркын Токтасынович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110695
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 971 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе