Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Научные работы / Информатикалық - интеллектуалды ойын 8-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатикалық - интеллектуалды ойын 8-сынып

библиотека
материалов

Информатикалық - интеллектуалды ойын.

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

Пән: Информатика

Сынып: 8«а» «ә»

Пән мұғалім: Шакенова Айдана Боранбайқызы.


Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21 – ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қызықты Информатика» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етеңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


1 Жүсіпова Құралай апай


2. Каримов Ерқанат ағай


3. Байшықова Бақыт апай


«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды таныстырайын. Ойынға 2 топтан 6 оқушыдан қатысады.


1. «Компьютер» тобы – 8«а» сыныбы

2. «Интернет» тобы – 8«ә» сыныбы

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:

1. Өзім туралы

2. Бәйге

3. Полиглот

4. Құпия алаң

5. Жылдам тағыда жылдамырақ

6. Қиял-әлемі

7 Жеңімпаздарды марапаттау.


Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыру үшін

І бөлім «Өзім туралы». Әр топқа үй тапсырмасы ретінде, өтілген тақырыптар немесе топ аты бойынша слайд дайындап келу.


Көріп тамашалап болсақ кезекті әділ – қазыларға ұсынсақ, бағасын біле отырайық.


Білім деген биік шың,

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.


ІІ– бөлім. «БӘЙГЕ»

Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін «Информатика әлеміне саяхат» сөйлеміне информатикалық терминдермен сөз жұмбақ құрастырылған. Сұрақтың жауапбына шапшаң жауап берген білімалушы әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайға ие болады.


1-топ

1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).

2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).

3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).

4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).

5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).

6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).

7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).

8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).

9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).

10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).


2-топ

1. Жадтың көлемі немен өлшенеді – (байт).

2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)

3. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).

4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).

5. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады. (графиктік)

6. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).

7. Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды? (хат)

8 Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).

9 Бүкіл әлемдік желі? интернет

10. Аналық тақшада орналысатын құрылғылардың бірі – (слоттар).


Ендігі кезекте ІІ– бөлім. «БӘЙГЕ» турын қортындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.


ІІІ – бөлім. «ПОЛИГЛОТ».


Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30 ұпай, шәкірт саған несібе.


Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған топтан бастаймыз. Білімалушылар слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жаубын дұрыс айтса 30 ұпай екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына келесі топ жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны келесі топқа есептеледі.


1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.

2. Монитор; Монитор; Screen.

3. Құлақшын: Наушник; Headphones.

4. Бума; Папка; Icon.

5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.

6. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.

7. Тінтуір; Мышка; Mouse

8.Пернетақта; Клавиатура; Keybord

9. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk

10.Басып шығарғыш; принтер; printer.


Ендігі кезекте ІІІ – бөлім. «ПОЛИГЛОТ» турын қортындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.


Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап отыру жарасама.

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа – дей отырып, ойынымыздың

IV – бөлімі «Құпия алаң»


Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған топ бастаймыз. Ойынның түсіндіріп кетсем экрандағы ұяшықты таңдап сол ұяшықтың ішіндегі суретті мимика арқылы топ басшысына бир оқушы түсіндіру қажет. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе ары қарай ұяшықтарды таңдауды жалғастырады. Егер дұрыс жауап бере алмаса келесі топ жауап беріп, ойынды сол жалғастырады.


Ендігі кезекте IV – бөлім. «Құпия алаң» турын қортындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.


Ақпараттану күнбе – күн,

Тез – ақ дамып келеді.

Таппай іздер жүргенің,

Компьютерге енеді.

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрінде,

Ақпараттық заманың – дей келе сайысымыздың келесі

V- бөлімі«Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден 2 минут ішінде сөз құрау керек. (Әрбір сөзге ұпай беріледі).


Ендігі кезекте V – бөлім. «Жылдам тағыда жылдамырақ» турын қортындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.

Ойын толқын жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе сайысымызың соңғы

VI- бөлімі «Қиял әлемі» . Бұл бөлімде 2 топқа тақырып беріледі. Сол бойынша 5 минут ішінде дайындалып қорғайды.

1. Егер мен мектеп директоры болсам.........

2. Егер мен информатика пәнінің мұғалімі болсам......


Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден,

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген.

Информатикаға мың алғыс! –деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды. Жарыс соңында әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Ардақты ұстаздарға шын көңілден,

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін. Алар асуларыңыз көп болсын деген ниетпен біз сайысымызды тәмәмдаймыз. Қош, сау болыңыздар.


Осы сайыста 8«а» сынып оқушылары жеңіске жетті.


Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Научные работы
Просмотров200
Номер материала ДВ-531245
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх