Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Инклюзивті білім берудің қажеттілігі (эссе)

Инклюзивті білім берудің қажеттілігі (эссе)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ



Тәңірберген Зәуреш Тәңірбергенқызы



"Приозерск қаласының №2 МББК" КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы



"Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,

Соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек."

Неміс педагог - дефектолог П.Шуман

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогоикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында "Бастауыш мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру" тақырыбында курстан өттім. Осы уақытқа дейін "инклюзивті білім беру" дегеннің мағынасын жете түсінбеген екенмін. Курс барысында көптеген ақпаратпен таныстым,өз кәсібімді жетілдіру үшін тәжірибе жинақтадым.

Инклюзив- сөзі латын тілінен аударғанда "өзімді қосқанда,,ал ағылшын тілінен аударғанда "араластырамын" деген мағынаны білдіреді."Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық ,этникалық және дінге қатыстылықтары ,оқудағы жетістіктері,денсаулық жағдайы,даму деңгейі,ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу үдерісі,яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат."Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" негізгі міндеттерінің бірі - мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады.Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге ерекше оқу қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті оқытудың берері мол:

-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; -оқушылардың тең құғығын анықтайды;

-ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді;

-адамдармен қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар біздің қоғамда бар - бұл шындық! Және әрбір ата-ана өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Сондықтан, инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы,ата - ана арманын жүзеге асырушы -біздер, ұстаздар! Бұл эссемді Шалва Александрович Амонашвилидің "Өзіңнің жүрегіңді ашу керек. Тағы бір міндет-мұқтаж адамды шабыттандыру. Оған сенім білдіру арқылы шабыттандыру. Мұндай педагогика мүмкін, ол бар және де ол жағдайларға тәуелді емес.Жағдайларды жасаушы мен болып табыламын. Мен қайда болсам,менің педагогикам - менің жүрегім,менің санам- сонда" деген сөздері арқылы аяқтағым келеді.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров213
Номер материала ДВ-316116
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх