Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Инклюзивті оқыту» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

«Инклюзивті оқыту» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

Скачать материал

«Инклюзивті оқыту» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

 

1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Коучинг өткізу барысында  деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп, «Инклюзивті оқыту» тақырыбына шықтық.

                    Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 11 мұғалім. Екі топ құрастырылды. Себебі 4 мұғалім курста болды.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке «Инклюзивті оқыту» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.

Осы себепті назарға ала отырып,  коучинг сабағына қойған мақсатымыз -  Инклюзивті білім беру туралы мағлұмат беру. Мектептегі инклюзивті оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиындықтарына тоқталу, өз пікірлерін жеткізу, іс-тәжірибелік тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижеміз:  

Топтық жұмыс атқару арқылы инклюзивті білім берудің ерекшелігін айқындайды.

Психологиялық ахуал туғызу Мақсаты: Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және кыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.

Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.

Екінші тапсырма саптың басына туған айларының, күндерінің  ретімен тұру керек.

Үшінші тапсырма саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал  саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.

Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.

Нәтижесінде: қатысушылар көңілдерін көтерді.

Қатысушылар «Орнынды тап» гүлдердің суреттері  арқылы олар үш топқа бөлінді. Ұйымдастырылған топтар үстелге отырды.

«Ой қозғау» әдісінде бейнематериал «Мүгедектің биі» көрсетілді . 1.Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз? 2.Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы мектепте оқытуға қалай қарайсыз? 3.Сіз инклюзивті оқытуға дайынсыз ба? Сұрақтар қойылды.

 

Нәтижесінде: Мүмкіндігі шектеулі балалар мектпепке бара алса, қатысу керек деп айтты. 2 сыныпта сондай бала оқиды, бірақ ол да қиындық туғызады, себебі оған бір кісі жанына керек екенін айтты.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу» тақырыбына презентация көрсеттілді.

Тәжірибелік кезеңде тапсырма ұсынып, жұмыс тәртібімен таныстырылды да, әр топқа тапсырмалар берілді. Бірақ 2 топ орындады, себебі 3 топ ұйымдастырылған жоқ.1-топ тапсырмасы.Инклюзивті білім беруге дайынбыз ба?Қандай балалар оқытылуы қажет? Нәтижесінде:1 сұрақ бойынша: 2011-2020 жылдары қағаз түрінде шықты. Иклюзивті білім оқушыға жағдайлар жасалынған жоқ. Өзімен оқитын балалар дайын емес. Ата-аналар да дайын емес, олармен жұмыс жасау керек деп айтты. 2 сұрақ бойынша: ақыл-ойы дұрыс. Тек қана сыртқы дене бітімінен ауыртпаушылықтар бар оқушылар, қосымша жағдай жасау, жеңілдіктер жасау. Деңгейлік тапсырмалар беру және қолдау жасау керек деп жауап қайтарды.

2-топ тапсырмасы:

Сау баланың ата-анасының көзқарасы қандай?

Нәтижесінде:Сауалнама жүргізу, қорытынды шығару, ата-аналармен таныстыру, мұғалім ата-аналармен көп жұмыс жасау керек. Олар: бала құқығының сақталуы, заңмен таныстыру, жеке жұмыс жүргізу, ата-аналардың өз балаларымен жұмыс жүргізу. Психологпен бірге жұмыс жүргізу.

3-топ тапсырмасы:

Инклюзивті білім берудегі қиындықтар?

 Екінші практикалық тапсырма «Инклюзивті мектептің жобасын» жасау болды.

Нәтижесінде: Бірінші топтың жауабы: Мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыға парта мен орындыға сәйкес болу керек, саты мектептегі сай болу керек, сондай оқушының мұғалімі жеке, білімі соған сәйкес болу керек, мектеп тарапынан көмек үнемі болу керек.

Екінші топтың жауабы: пандус, лифт, арналған бөлме, арналған жиһаз, асханадағы арналған орындық, үстел, жеке тәрбиеші болу керек деген жобасын ұсынды.

Коуч бағалау түрін түсіндіреді. 1 топ 2 топты бағалады.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

ТАЛАПТАР

КОММЕНТАРИЙ

  1. Безендірілуі

жақсы

  1. Тақырыптың ашылуы

толықтай ашылды

  1. Мазмұндылығы

түсінікті

  1. Таныстырылуы

жеткілікті

  1. Қосымша мәліметтер /сұрақтарға жауап беруі/

толығымен берілді

 

2 топ 1 топты бағалады.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

ТАЛАПТАР

КОММЕНТАРИЙ

  1. Безендірілуі

орташа, жақсы

  1. Тақырыптың ашылуы

ашылды

  1. Мазмұндылығы

жақсы

  1. Таныстырылуы

керемет

  1. Қосымша мәліметтер /сұрақтарға жауап беруі/

сұрақтарға жауап берілді

 

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Коучингті қорытындысында инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Рефлексияда кері байланыс парағын толтырды.

 

 

 

 

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Инклюзивті оқыту» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2017 5822
    • DOCX 382.8 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абылова Мейрамгуль Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99028
    • Всего материалов: 43

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе