Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Инклюзивті топпен жұмыс. "Сиқыршылар еліне саяхат"

Инклюзивті топпен жұмыс. "Сиқыршылар еліне саяхат"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты МКҚК

«Балдырған» ясли бақшасының педагог – психологы

Қыстаубаева Жанат Жұмагелдіқызы


Мерзімі: 25.01.15 ж

Түрі: семинар-тренинг

Тақырыбы: «Сиқыршылар еліне саяхат»

Инклюзивті білім

берудің мақсаты:  Дамуында ауытқулары

бар балаларды қалыпты ортаға қосу.


Міндеті:  әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне

барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие

балалардың  жағымды, өзара қарым- қатынасын

қалыптастыру;

Көрнекілігі: сиқырлы кітапша.

Барысы:

Балалар – біздің болашақ!

Сүйсінеміз, сүйеміз,

Бұл болашақ тамаша –ақ!

Болашаққа иеміз.

Көтеріп жас сәбиді,

Күлші, бөпе, күл, - дейміз.

Көңіл дария шалқиды

Балалармен гүлдейміз – деп Қасым Аманжолов ағамыз

«Балалар - біздің болашағымыз!» атты өлең шумақтары арқылы адамның ең басты шаттығы – бала болып саналатын дәлелдейді.

Әр бала бір жұлдыз,

Жарқырауына жәрдем ет – ұранын ұстана отырып, құрметті ата –аналар балаларымыздың жарқырауына көмектесетін мына отырған сіздер мен біздер! Сол үшін қолдан келер көмекті аянбайық. Қазіргі таңда біздің Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты 7 балабақша мен 19 мектепте инклюзивти топтар мен сыныптар ашылып отыр.

Балаларда сөз ақауы айналадағылардың сөзін қабылдауы, сөздің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары бұзылғанда байқалады. Бала егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өтініштің, тапсырманың қайта-қайта көрсетілуіне мұқтаж болады. Сөз дамуының кідірісі (СДК) бар бала “мама”, “папа”, “баба”, “дядя”, “ляля”, “няня” деген қайталанып келетін екі буынды алғашқы сөздердің, сондай-ақ “бер”, “мә”, “бар”, “кел” сияқты қозғаушы-бұйрықты алғашқы сөздерді айтуда қиналады. Мұндай балаларда қабылдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау сияқты жоғары жүйке қызмет функциялары бұзылған, тез шаршағыштық байқалады: іс - әрекет барысында балалар бөгде шуылға оңай алаңдайды, есінейді, көздерін, құлағының ұшын уқалайды, денесімен тербеледі.Сондықтан сіздерге М.Монтосориядың ұсақ саусақ моторикасын дамыту элементтерінің бірін «Сиқырлы кітапша» арқылы көрсеткім келіп отыр.

Сиқыршылар еліне саяхат.

Ертеде бір сиқырлар елінде бір Ханзада өмір сүріпті. Бір күні Ханзада серуенге шығыпты. Жолдан мұңайып отырған бақаға кезігеді.

Ханзада: бақа сен неге көңілсізсің? Саған не болды? – дейді.

Бақа: Су ханшайымы менің әнімен би билейтін еді. Кешегі әнім су ханшайымына ұнамай қалып, «енді сені өзен суына мүлдем шомылдырмаймын» – деп, қуып жіберді.

Ханзада: мен саған көмектесіп көрейін, менімен бірге жүр – деп өзімен бірге алып, су ханшайымына қарай бет алады. Алдынан үлкен тау, үлкен ірі – ірі тастар, жүрсе аяғы кіріп кететін майда құмдарға кезігеді. Бұл кедергілерден өтуге көмектесейік балалар. Кедергілерден өтіп, шаршап – шалдығып дем алайын деп отырса, кенеттен бір «маған көмектесіңдерші» – деген дауысты естиді.

Ұлу: маған көмектесіңдерші, өтініш. Мен үлкен бір тасты жұтып қойдым, соны шығара алмай, ауырып жатырмын – дейді.

Ханзада: Жарайды, біз саған көмектесеміз деп, ұлудің иірімі бойынша тасты жүргізіп отырып, шығарып тастайды.

Ұлу: үлкен рахмет сендерге деп, өз жолымен кете береді. Алдынан алма ағашы кезігеді. Басы салбырап жерге тиіп тұр екен.

Ханзада: Алма ағашы саған не болды?, неге мұнша көңілсіз тұрсың? – дейді.

Алма ағашы: менің жемістерім пісіп, бойымды ауырлатып тұр. Маған көмек беріңдерші өтініш..

Ханзада: әрине, алма ағашы біз саған көмектесеміз. Алма ағашының жемістерін сілкілеп түсіріп, көк алманы сол жағындағы себетке, қызыл алманы оң жағындағы себетке санап салады.

Алма ағашы: Егер сендер көмектеспегенде мен бұдан ары шыдай алмайтын едім, бұтақтарым сынғалы тұр еді. Үлкен рахмет сендерге. Ханзада мен бақа жол жүріп келе жатып, алдынан тауықты көреді. Ол құр – құрқ етіп, шырылдап , жүгіріп жүр екен.

Ханзада: тауық, тауық саған не болды?, неге сонша айқайлап, жүгіріп жүрсің? – дейді.

Тауық: мен жұмыртқаларымды ашып шықтым. Бірақ бір балапанымды таппай жүрмін дейді.

Ханзада: уайымдама біз саған көмектесеміз деп, тауықтың балапанын іздеуге кірісіп ктеді. Тауық бір жұмыртқасын әлі ашып үлгермепті, ол жұмыртқа шөп арасына домалап кеткен екен. Тауықтың жұмыртқасын бауырына салып, қанатын қағып, балапандарын алдына әкеліп береді.

Тауық: рахмет сендерге. Сендер болмасаңдар мен қайтер едім. Менің бір балапаным кімге жем боларын кім білсін – деп, қоя береді.Сол мезетте кенеттен жаңбыр жауа бастайды. Ағаш бұтағының түбіне барып отырады. Ағаш түбінде кірпі жапырақтарды ары – бері шашып жатыр екен.

Ханзада: кірпі сен не істеп жатырсың? – дейді.

Кірпі: мен үйіме саңырауқұлақтар алып бара жатыр едім, түсіріп алып, таппай жатырмын.

Ханзада: біз саған көмектесеміз, саңырауқұлақтарды жапырақ астынан іздеуге кірісіп кетеді. Саңырауқұлақтарды тауып, санап, кірпі үстіне салып береді. Бір айқай шуды естіп, солай қарай бет алады. Есек, күшік, қоян, әтеш өзара жемістер мен көкністерді ажырата алмай дау болып жатыр екен. Ханзада көмектесіп, жемістерді сары себетке, көкөністерді жасыл себетке санап, салып береді. Сол мезетте су ханшайымы бақаны іздеп әндетіп жатқанын естиді. Ханзада мен бақа бірге барады.

Су ханшайымы: құрбақа сен келдің бе, мен сені қатты сағындым. Сен сияқты ешкім өзен жағалауында ән сала алмайды екен. Сен кешірші мені, өтінемін, сенің орнын бөлек екен – дейді.

Бақа: әрине, мен сені кешіремін. Бұл үлкен өзен жағалауынан бәріне де орын табылады – деп екеуі мәңгі айырылмас дос болыпты. Ханзаданың серуені аяқталып, өз еліне қайтыпты.

Балалар бәрі бірге: Ертегілер елінде

Жақсылықты іздейтін

Бөгет шықса алдынан

Максаттан қол үзбейтін

Ерке назын тыңдайтын

Әкеменен ананың

Қуанышы қайғысы

Ата менен әженің

Қуыршағы, бақ құсы

Біз бақытты баламыз



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-072286
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>