Инфоурок / Технология / Конспекты / ИННОВАЦИЯЛЫҚ КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ИННОВАЦИЯЛЫҚ КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ.


Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, З.С. Левчук, М.Р. Львова, Н.Д. Никандров, А.И. Пискунов, А.А. Толмачев, В.И. Щербина басқа да ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар маманның шығар-машылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттерді тапты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талқылай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек қана кәсіби шеберліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір авторлар (А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина) «тұлғаның кәсібилігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым - қатынасы адам қасиеттерінің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады.

Жоғары мектеп аясында жүзеге асатын шеберлік деңгейі, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін зерттеу тұлғалық бағдарға негізделген. Соның ішінде мұғалімнің әрекетінің түрткілік жағына, шығармашылығына басты орын берілетін қасиеттерге баса назар аударылады. Кәсіби түрткі мықты, тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады.

Педагогтің шығармашылық ізденімпаздыққа дайындығының диагнос-тикасының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, А.И. Кочетов [1] жоғарғы жалпы мәдениет, шығармашылық әрекет көрсеткішінің тиімділігін және мұғалім шеберлігінің өзіндік диагностикасын ұсынды.

Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы (объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғалымының даму деңгейін; жалпылама білім беру тәжірибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық, ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады.

Сөйтіп, шығармашылыққа деген жаңа тұжырымдамалық бағдарлар, шығармашылыққа дайындық түрлерін, факторларын, өлшемдерін ажырату бұл категорияның көп қырлы сипат алғанын көрсетеді. Шығармашылық қазіргі заман адамының өмірдегі әрекетінің маңызы бола бастады.

Қоғам өзінің даму тарихында адамзат мәнін толық ашып, жүзеге асыратын орасан зор әлеует жинақтады. Өкінішке орай, білім берудің дәстүрлі жүйесі әлі күнге дейін ғылымның абсолюттік шындығына, рационализмді дамытуға ықпал жасауда. Бұл үнемі артқа, бұрынғы білімге оралып отыру деген сөз.

Білім берудегі тоқырауды талдау адамның шығармашылық және рухани-лылығына бағытталған жаңа білім беру парадигмасын жасау қажеттілігін тудырды. Білім беру тәжірибесіндегі негізгі міндеттер қоғам мен табиғат заңдарын оқытып қана қоймай, «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынас ізгілігі мен шығармашылық жаңарудың әдістемесін меңгеруге көмек болып табылады. Бұндай міндетті басты мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау болып табылатын инновациялық білім беру ғана жүзеге асыра алады.

Шығармашылық қабілеттерді дамыту бұрын да білім берудің мақсатты қондырғысы ретінде қарастырылған. Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі білім беру жүйесінің тұлғаның шығармашылық әлеуетін басып тастауында болды.

Бүгінгі таңда өткен кездің қатесін біліп қана қою аз. Ең маңыздысы, қай бағыт бойынша қозғалудың дұрыс, тиімді болатыны. Осындай бағыттардың бірі инновациялық креативті білім беру. Ол ХХІ ғасыр білімі болып есептелетін педагогикалық - психологиялық білім қортпасына негізделген. Инновациялық креативті білім берудің негізгі қағидалары шығармашылыққа дайындалу; техносфера бірліктерін жобалаудан әрекетті жобалауға көшу; шешімдердің көп қырлылығына, өз әрекетіне адамгершілік жауапкерлікпен қарауға бағытталған дүниетанымын қалып-тастыру; тиянақталған білім жүйесін қалыптастыру мақсатында пәнаралық байланысты жүзеге асыру; зияттылық әрекет пен ойлауды дамыту.

Сөйтіп, инновациялық білім беру қалыптасқан жүйеге қосымша болып қана қоймайды. Ол білім беру жүйесі мен әлеуметтік құрылымдарда өз орнын тапты.

Психологиялық сөздікте шығармашылық – жаңа құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды құру процесі ретінде анықталынады. Мәдени – тарихи құбылыс бола отырып, тұлғалық және процессуалды психо-логиялық аспектіге де ие.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.

Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті [2].

Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығармашылықты оқытушы.

Жалпы педагогикалық процесте шығармашылық мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.

Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубин-штейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Слас-тенин, А.В. Крутецкий, Ю.Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М. Мұқанов, Н.Д. Хмель, С.В. Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.И. Загвязинский, В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығар-машылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Тұлғаның шығармашылығы қоршаған әлемді өзгертіп, жаңа небір құнды-лықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға формасы ретінде анықталады.

Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін анықтайды.

Д.Б. Богоявленская тұжырымдамасына сай шығармашылық адамның бастамасы бойынша кез – келген іс - әрекет түрінің дамуы мен анықталады [3].

Н.С. Лейтес шығармашылық қабілетті зият деңгейінің көрінісі ретінде тұлғаның тұтастай ойлау қабілетінің дамуы ретінде сипатталады. Зерттеуде әр жастық шақтағы шығармашылық қабілеттің өзінше көрінуі қарастырылған.

Е.М. Мазалевская шығармашылық феноменін тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.

А.М. Матюшкин зерттеушілердің (Н.С. Лейтес, Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Е.И. Игнатьев, Э.А. Голубаева, В.М. Русалов, И.В. Равич – Щербо, А.В. Запорожец, Н.Н. Поддъяков, А.В. Брушлинский, Т.В. Кудрявцев, Дж. Берлайн, Я.А. Понамарев т.б.) жұмыстарына сүйеніп, шығармашыл дарындылық тұжырымдамасын шығарған. Автордың пікірінше, дарындылықтың психологиялық құрылымы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымымен сәйкес келеді [4].

Шығармашылық әлеует – дарындылық негізінің дамуы.

А.М. Матюшкин шығармашылық дарындылықтың жасанды құрылымын бөлген, мұнда негізгі құрылымдық бөліктерге енеді.

А.М. Матюшкин дарындылық, таланттылықты шығармашылық іс - әрекеттің ерекшелігімен, шығармашылық туындауымен сипаттайды.

Теоретикалық тұжырымға сәйкес дарындылық бастысы және оның дамуын тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері құрайды.

Е.П. Торренс өзінің жұмысын көп жағдайда Дж. Гильфордтың дивергентті ойлау теориясына негіздеген. Дж. Гильфорд дивергентті ойлауды проблеманың шешімін табудағы сонылы және ерекше идеяларды құру процесімен байланыстырады.

Шығармашылық ойлауға қабілет міндетті болып табылады, бірақ адамның шығармашылық жетістігі үшін аса жеткіліксіз жағдай болып саналады.

Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық мәселесін зерттеуде шығар-машылық адамды функциялағанда тұлғалық фактор жоғары ролді ойнайды деген.

Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән. Креативті жаттықтыруға болады. Психологиялық диагностикалау лабораториясымен қатысушылардың шығармашылық ойлауы зерттелінген.

Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары түрдегі ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс - әрекет тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың міндетті шарты ретінде шығармашылық іс - әрекет деңгейіне дейін көтереді.

Педагогикалық шығармашылық – оқу – тәрбие міндеттерін мұғалімнің сонылы, жоғары тиімділікпен шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы.

Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты бірліктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәсе-лені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

1) педагогикалық ойдың пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау; 3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никан-дров);

1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, үлгілеу; 3) жетілдіру (В.И. Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, зият, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағаттануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл – ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдам-дылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г. Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс – қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекет адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және түрткі, мақсат, құрал, амал – тәсіл, нәтиже, рефлексия.

Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады» - деген К.Г. Юнгтің сөзін келтіруге болады [5]. Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің ізгілік парадигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады.

Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық процестерді өн бойына өткізеді. Өйткені кез келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педаго-гикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз, шығар-машылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекет» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. – М., 1996.

2. Фромм Э. Человек для себя. – М., 1992.

3. Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству. – М., 1981.

4. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.

5. Юнг К.Г. Психологические типы. Психология индивидуальных различий. – М., 1952.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, З.С. Левчук, М.Р. Львова, Н.Д. Никандров, А.И. Пискунов, А.А. Толмачев, В.И. Щербина басқа да ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар маманның шығар-машылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттерді тапты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талқылай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек қана кәсіби шеберліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір авторлар (А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина) «тұлғаның кәсібилігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым - қатынасы адам қасиеттерінің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады.

Жоғары мектеп аясында жүзеге асатын шеберлік деңгейі, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін зерттеу тұлғалық бағдарға негізделген. Соның ішінде мұғалімнің әрекетінің түрткілік жағына, шығармашылығына басты орын берілетін қасиеттерге баса назар аударылады. Кәсіби түрткі мықты, тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады.

Педагогтің шығармашылық ізденімпаздыққа дайындығының диагнос-тикасының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, А.И. Кочетов [1] жоғарғы жалпы мәдениет, шығармашылық әрекет көрсеткішінің тиімділігін және мұғалім шеберлігінің өзіндік диагностикасын ұсынды.

Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы (объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғалымының даму деңгейін; жалпылама білім беру тәжірибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық, ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады.

Общая информация

Номер материала: 293408
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>