Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН IT-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН IT-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Скачать материал

Инновациялық технологиялар мен it-білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау

Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

 

Үздіксіз білім беру және 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мамандар даярлауды халықаралық стандарттарға жақындата түседі. Онда білімнің бәсекеге қабілетті болуы, ғылым мен тәжірибе бірлігінің қалыптасуы, қазіргі кезеңнің ең озық инновациялық технологияларын, ақпараттық және есептеу техникаларын енгізу аса маңызды.

Қазіргі қоғамда ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамдағы ақпараттың таралу ауқымының тез өсуіне қазіргі заман адамының ақпаратпен жұмыс істей білу икемділігі оң ықпал етуде. Адам мүмкіндігінше көп мағлұмат алып, ақпаратты барынша көбірек игеруге талпынады. Сол себепті де француз дипломаты Э. Талейранның "кім ақпаратқа ие, сол әлемді билейді" деген сөзі бүгінгі таңда тек саяси мағынамен ғана емес,  экономикалық, әлеуметтік мағынамен де толықтырыла түседі. Осы тұрғыдан алғанда, болашақ мамандарды қоғамдағы ақпарат ағынын басқаруға үйретудің маңызы ерекше екені айдан анық. Ал бұл бағытта  информатика пәні оқытушысының үлесі үлкен болмақ, өйткені ол оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беріп, логикалық–құрылымдық ойлау қабілеттерін дамытады, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдейді.

Инновациялық технологиялар мен it-білім беру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгеруде. Электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер негізінде оқушының ынтасы мен белсенділігі артып, білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашылуда.

Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар ретінде өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан–жақты игерген ақпараттық құзыретті маман болуын талап етіп отыр. Бұл жағдайда болашақ маманды даярлауда жұмыстанатын колледждердің информатика оқытушылары жан-жақты жұмыстана білуі қажет. 

Болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – бұл түлектің әрекеттегі сапалық жеке қабілеттері. Ол түлектің келесі мүмкіндіктері мен біліктіліктерін қамтиды: жоғары кәсіби деңгейде өз бетімен ақпаратты іздеу, жинау, талдау, көрсету, тасымалдау, объектілер мен үрдістерді, соның ішінде өз жеке әрекеттерін және ұжымның жұмысын модельдеу және жобалау.

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы тиіс:

-          оқытушылардың ақпараттық құзыреттілігін көтеру, кадрлар құрамын жаңарту;

-          оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы түрде техникалық  қамтамасыз ету;

-          басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу;

-          оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану;

-          ғылыми және оқу ақпараттарын алу  көздерін барынша кеңейту.

Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт:

-         өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық білім алу;

-         ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық меңгеру;

-         түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру;

-         оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану;

-         ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік жұмыстарында қолдану;

-         оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану;

-         коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру;

-         тереңдетілген тілдік дайындық;

-         ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с.

Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, жаңа материалдар, техника мен технологияларды іздеуі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Ақпараттық орта жасақтау арқылы оқушының ақпараттар ағынымен тиімді жұмыстануына қол жеткіземіз. Ақпараттық орта жасақтау үшін компьютерлік сауаттылық, материалдық-техникалық база (Интернет желісіне қосылған компьютер класы, видеопроектор, интерактивті тақта т.б.), программалық жабдықтау (бақылау және тесттік программалар; жаттықтырғыш программалар; информациялық-анықтамалық жүйе-мәліметтер қоры; модельдеуші программалар; электрондық оқулықтар; мультимедиалық программалар), оқу-әдістемелік қамту (программалық және аппараттық жабдықтармен жұмыс жасау әдістемесі) болуы тиіс.

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруда келесі бағыттардың қажеттілігі аса басым: 

-         Компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;

-         жаңа материалды түсіндіруде иллюстративті құрал ретінде мультимедиа-технологиялар;

-         компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы лабораториялық практикум;

-         өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану.

Оқытушы жұмысында білімді бақылау үшін тақырыптық тесттер қолданылады. Жаңа ақпараттық технологиялар оқу материалын иллюстрациялау кезінде пайдаланылады. Бұл қажет жағдайда меңгерілетін процесті динамикалық түрде (дыбыстық және видеофрагменттерді) демонстрациялауға мүмкіндік береді. Компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды, химиялық реакцияларды, өндірістік немесе экономикалық процестерді басқаруды т.б. модельдеуге болады. Әрине, егер шын мәнінде нақты тәжірибе жасау мүмкіндігі бар болса, компьютерлік модельдеуді қолданып керегі жоқ. Ал, модельдеуде мультимедиа-технологиялардың  маңызы зор.

Жаңа компьютерлік мультимедиа оқулықтары тек жеке педагогикалық мәселелерді шешетін құрал қызметін ғана атқармайды, сонымен бірге дидактика мен әдістеменің дамуына ықпал етеді, сол арқылы оқытудың жаңа прогрессивті формаларын құруға мүмкіндік жасайды.

Жаңа уақыт жаңа шарттар және жаңа мәселелер қояды. Олардың ішінде әлдеқайда маңыздысы педагогтар мен оқушылар үшін білім ресурстарымен қамтамасыз ету және оқу материалын өз бетімен өңдеуге тиімді жағдайлар туғызу болып табылады. Осыған сәйкес Интернет-технологиялардың  маңызы зор. Бұл технологияны қолдану өз бетімен білім алу тиімділігін әлдеқайда арттырады. Оқушы Интернет және электронды почта арқылы тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар алатын жағдайда қашықтан оқыту маңыздылығы артуда. Бұл бірінші кезекте, цифрлық (электронды) түрде жазылған ақпаратпен жұмыс істеуде қажетті мәліметті автоматты түрде табу мүмкіндігінің болуына байланысты. Электронды түрге көптеген әлемге белгілі энциклопедиялар мен сөздіктер аударылған, көптеген электронды оқулықтар мен кітаптар бар. Оқушы Интернет және электронды почта арқылы тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар алатын жағдайда қашықтан оқыту маңыздылығы артуда.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта,  техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады», -  деп қарастырылған. Осы жоспарға сәйкес электронды оқыту жүйесін енгізу 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр.  Әлемнің 39 мемлекеті өз тәжірибесіне енгізген электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Электронды оқыту болашақ  маманды келешек өмірге дайындайды, онда барлық қызмет түрлері электронды болады, ал кәсіптік қызметті компьютерсіз, Интернет және әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтын болады. Электрондық оқытудың енгізілуі де қазіргі кездегі информатика пәні оқытушысы ролінің артуына себеп болары сөзсіз.

Адамның ақыл-ойы мен қабілеті шексіз дамыған, компьютер мен интернет арқылы әлемдік ақпараттар тасқыны өршіп тұрған қазіргі кезде информатика пәні оқытушысының еңбегі де күрделіленіп, қиындай түсті. Қазірде информатиктер жиі-жиі өз біліктіліктерін жетілдіріп, оқып-ізденбесе, есептеу техникасының дамуын, жаңа программалардың пайда болуын және олармен жұмыс істеудің үздіксіз өзгеретін тәсілдерін үнемі бақылап отырмаса уақыт көшіне ілесе алмай қалатыны анық. Бүгінгі жас балалардың компьютерлік, электрондық техниканы игеру қабілеті аға ұрпақтан едәуір жоғары. Сондықтан қазіргі информатика пәні оқытушысы өз шәкірттеріне тиянақты білім беріп, өзінің оқытушылық міндетін ойдағыдай атқаруы үшін қажымай-талмай ізденіп, еңбек етуі керек.

 

Ақпарат көздері мен әдебиеттер

1.     «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі», Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.

2.       «Метология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования» (доктроская диссертация), Курманалина Ш.Х., г.Алматы, 2002 год.   

3.     45minut.kz

4.     http://bilimdiler.kz

5.     http://www.inform.kz/rus/article/2326023

6.     http://www.nci.kz

7.     ustaz.kz

8.     www.nci.kz/content/elektrondyk-okytu‎

 

Ключевые слова: обучение; инновации; специалист; информационные технологии; информатика.

Keywords: educating; innovations; specialist; information technologies; informatica.

Кілтті сөздер: оқыту; инновация; маман; ақпараттық технология; информатика.

 


АННОТАЦИЯ

В статье раскрыты пути формирования информационной компетентности будущих специалистов и роль преподавателя информатики при внедрении инновационных технологии, it-образования и электронного обучения.

ABSTRACT

In the article the ways of formation of information competence of future experts and a role of the teacher of informatics are opened at introduction innovative technologies, IT education and electronic training.

 

ТҮЙІН

Мақалада инновациялық технологиялар мен it-білім беру, электрондық оқытуды енгізу жағдайында болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары және осы жағдайдағы информатика пәні оқытушысының ролі қарастырылған.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН IT-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ"

Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Сандугаш Сагиндиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 10.01.2015 1141
    • DOCX 67 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Сандугаш Сагиндиковна
    Бекенова Сандугаш Сагиндиковна

    преподаватель информатики

    • На сайте: 9 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9151
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Я, Бекенова Сандугаш Сагиндиковна, в 2000 году окончила ЗКГУ, имени А.С.Пушкина по специальности "Экономическая кибернетика", и начала свою педагогическую деятельность в педагогическом колледже имени Ж.Досмухамедова преподавателем информатики. Участвую на различных международных, республиканских, областных и городских конференциях, конкурсах, семинарах. В 2005 году заняла призовые места городского, областного отборочного туров, и заняла 3 призовое место на республиканском конкурсе информатиков "Алтын диск-2005".

Шаблон. «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: шектеулер мен мүмкіндіктер». Эссе. Портфолио. Аттестация.

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
142
17.02.2025

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 6
Покупателей: 7

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Онгарбаева Айдана Айткалиевна. Инфоурок является информационным посредником

Бұл эссе мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін педагогтерге, әдіскерлерге және білім беру саласындағы мамандарға арналған. Бұл эссе аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосына енгізуге лайық, себебі онда заманауи тәрбиешінің негізгі міндеттері, кәсіби табысқа жету жолдары және тиімді әдістер қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйым педагогі. 250-300 сөзден тұратын эссе. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтау. Портфолиоға қосуға арналған эссенің шаблоны. Аттестация. Заманауи тәрбиеші. Тәрбиеші. Портфолио.

Краткое описание методической разработки

Бұл эссе мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін педагогтерге, әдіскерлерге және білім беру саласындағы мамандарға арналған. Бұл эссе аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосына енгізуге лайық, себебі онда заманауи тәрбиешінің негізгі міндеттері, кәсіби табысқа жету жолдары және тиімді әдістер қарастырылады.

Мектепке дейінгі ұйым педагогі. 250-300 сөзден тұратын эссе

Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтау. 

Портфолиоға қосуға арналған эссенің шаблоны. Аттестация. Заманауи тәрбиеші. Тәрбиеші. Портфолио.

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 615 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 240 324 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 218 363 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Эффективный инфлюэнс-маркетинг: от стратегии к результату

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Активные методы развития критического мышления в образовательном процессе

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Биологические основы девиантного поведения

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 615 курсов