Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Скачать материал

scan0001ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Шаиева Алия Сайфеденқызы

 

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.

Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

      Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың,  тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

     Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру мұғалімнің, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты.

     ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

      Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады\:

-          оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

-          сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

-          сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

    Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

    Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.

     Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды.«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай,қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім сапасын арттыруға және нәтижеге бағытталған оқыту технологияларының бірі- деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы пайдалану оқушы белсенділігін арттырып, білімін саралап қана қоймай, қол жетімді нәтижеге жеткізіді көздейді.

Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты –білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу.

Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:

I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар
3) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, өздігімен құрастыру және оны өздігімен шығаруға бағытталған, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Ал тиімді бағалау – сапалы білім мен нәтижеге қол жеткізудің басты шарты.

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі - тек стандартта берілген білімді меңгерту ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы қалыптастыруға, шығармашылық қажеттіліктерін толықтыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.

Бұл технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: оқушыларға ізгілік тұрғысынан қарау, окыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі болып табылады.

Жаңа технология әдістерін қолданудан шығатын нәтиже:

·         оқушының окуға деген қызығушылығы артады;

·         өзіне деген сенімі қалыптасады;

·         оқушы мен оқытушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;

·         өздігіненоқып, түйінд імәселелерді іріктейді;

·         мақсатқа өз бетімен ұмтылады;

·         ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекеті қалыптасады;

·         өз білімін бағалай біледі;

·         іскерлік дағдысы дамиды.

Бұдан шығар қорытынды: жаңа технология тек білім негіздерін беріп қана қоймай, оқушыны замана жүгін арқалауға қабілетті тұлға ретінде  дайындайды.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қолжеткізер мақсаттармен ерекшеленеді. Айталық, сатылай комплексті талдау грамматикалық материалды терең меңгертіп, сөз өрнектерінің сан қилысырын әр сөздің астарын ашып көрсете отырып, өмірдегі әр алуан мәселелерге барлай-бағдарлай қарап, өзбетімен шешуге тәрбиелесе, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын дамытылар өз қабілеті мен икемін бекіте түссе, әлсіздер өзіне сын көзімен қарауға дағдыланып, сенімсіздіктен арылып белсенділігі арта түседі. Сол әдіс-тәсілдерді іріктеп алуда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деген пікіріне сүйенген жөн деп ойлаймын. Өйткені, әр әдіс-тәсілді қолдануда ескерілер жайттар да жоқ емес. Олар:

1. Мемлекттік стандарт талаптары;

2. Білімнің түпкі нәтижесі;

3. Оқушыныңжасерекшелігі;

4. Оқушының қабілеті;

5. Оқушының қабылдау деңгейі;

6. Оқушының білім деңгейі;

7. Оқу материалы мен оку үрдісіндегі үйлесімділік;

8. Жүйелілік.

Осыларды ескере отырып оқытудың жаң атехнологиясын пайдалануда кәсіби дамуды былайша жүйелегенді жөн санадым:

·         педагогикалық қызметтің өзект імәселелерін білу, жоғары мәдениетті және

білімді болу;

·         өз мамандығын педагогикалық тұрғыда толық меңгеру

·         өз жұмысын да педагогикалықозық тәжірибелерді қолдана білу;

·         оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау;

·         оқытудың жаңа әдістерін зерттеп, сабақтақа жеттісін білім және тәрбие беру тұрғысынан дұрыс таңдау;

·         оқушыға айтқанға жүретін «объект» де пқарамай, бойындағы күш-қуатын, барша қасиеті ншыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мән беру;

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Егер әрбір педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда жақсы нәтижеге жетері анық.

Тәжірибемде,Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасының стратегияларын пайдалана отырып,  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, оқушыны оқи отырып, жазуға төселдірудің жолдарын қарастырдым ,сабағыма әр қырынан қарауды үйрендім. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуымен жазуына тілдік әрекетке өзгеріс енізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың оқу деңгейі жоғарылайды. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады, кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады.

Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын    арттыру:

•               Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

•               Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

•               Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

•               Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалықтехнологиялардыталдаубарысындамынафакторларескерілуікерек:

•               Алыныпотырған технология сабақтыңтақырыбы мен мазмұнынасайболуы;

•               Тиімділігі, жүйелілігіжәнебасқа жақтары.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай, жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі  пайдалана  білу –  әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялықтехнологиялардыдиагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалыбілім. – //Қазақстанмектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның   

құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5.Көшімбетова Инновациялық технологияныбілімсапасынкөтерудепайдаланумүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

6.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 087 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2015 4164
    • DOCX 53.8 кбайт
    • 54 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаиева Алия Сайфеденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаиева Алия Сайфеденовна
    Шаиева Алия Сайфеденовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23013
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе