Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Интегрированный урок по английскому языку
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Интегрированный урок по английскому языку

библиотека
материалов

Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университеті



«Бизнес, білім, құқық академиясы» факультеті



«Педагогика және спорт департаменті» кафедрасы










Мектеп жасына дейінгі балалардың (5-6жас аралығында)

танымдық үдерістің даму денгейінің диагностикасы








Орындаған:

магистрант гр. ПиП-101 м

____________


Тексерген:

____________ Лабудько Л.В.












Павлодар, 2015

Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары туралы балалардың дүниетанымдық ұғымдарын дамыта отырып экологиялық тәрбие көзқарасын анықтау


Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларға табиғат жайлы білім беру ісінің әдістері мен тәсілдерін байқай отырып, балалардың жыл мезгілі туралы ұғым мазмұнын айқындау мақсатымен арнайы зерттеу жүргізілді. Анықтау эксперименті Павлодар облысының Екібастұз қаласының КМҚК №25 «Ақбота» бөбектер бақшасы қазыналық коммуналды кәсіпорнында ересектер тобының (5-6 жас) балаларымен өткізілді. Экспериментке 60 бала қатысты. Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын белгіленген объектінің директоры, әдіскерімен сұхбаттаса отырып, балаларға табиғат жайында ұғым беру жұмысының іс-жайымен, балабақшаның жылдық, апталық және сабақ жоспарларын талдап әдістемелік нұсқаулар мен көрнекі құралдармен . Сондай-ақ мен де зерттеу жұмысымның мақсатымен таныстырып, эксперименттік жұмысты ортаға салып талдадық. Одан кейін балалармен жүргізілетін барлық оқу-тәрбие үрдісін бақылап, талдап, қорытындылап отырдық. Балалардың психологиясын толық меңгергеннен кейін анықтау экспериментімді жүргіздім.

Зерттеу негізінде алдына мынандай міндеттер қойылды:

1) Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін зерттеу ;

2) Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлға қалыптасуына табиғат ролін ашу ;

3) Балалардың қоршаған ортамен таныстырудың жұмыс түрлері мен әдістерін зерттеу ;

4) Табиғатқа құштарлығын қалыптастыруға оның аксиологиялық негіздеріне тәжірибелік жұмысты өткізу.

Зерттеуді үш түрлі кезеңде жүргізілді:

1. Балалардың жыл мезгілі туралы ұғымын әңгіме арқылы байқау (сұрақ-жауап, әңгімелесу)

2. Балалардың білім деңгейін көрнекілік негізінде айқындау (картиналар, диафильмдер пайдалану).

3. Бейнелеу барысында жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарының негізгі ерекшеліктерін меңгергенін анықтау (табиғат көріністерін немесе жеке объектілерді сурет арқылы бейнелеу қабілетін анықтау).

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың қоршаған дүние жайында білім деңгейін анықтау үшін Е.И.Кравцованың әдістемесінің негізінде (жоғары, орташа, төменгі деңгейде) критерий жасалынды:

1. Жоғары деңгей – балалар қоршаған ортадағы заттармен құбылыстар жайында ұғымды меңгерген, жыл мезгілдерінде болып жатқан өзгерістерді, оның өлі және тірі табиғатқа, адамдар еңбегіне тигізетін әсерін түсінетін, көргенін, сезген, білгендерін байланыстырып айтып бере алатын қарапайым ой қорытындысын жасай білетін, танымдық қабілеттерінің даму деңгейі 50-60%-тен жоғары кезең.

2. Орташа деңгей - балалар заттар мен құбылыстар,қоршаған орта жайында меңгерген ұғымдары жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отыратындығын үстірт ұғынған,көргенің бейнелей білмейтін, білсе де байланыстыра алмайтын жасаған, ой қорытындыларын нәтижесі тұрақсыз, сенімсіз, аутқымалы, білім деңгейі 30-35% жасайды.

3. Төменгі деңгей – білімдері нашар немесе білмейді, көріп, білгендерін бақылауға деген қызуғышылығы жоқ, берген тапсырманы орындаудан бас тартады, танымдық қабілеттері өте төмен 5-10%-тен аспайды.

Зерттеу барысында жетекші теориялық идеяларға негізделе отырып мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру моделін құрып мотивациялық, когнетивтік мінез-құлықтық компоненттері айқындалды. Модель құрылымының мотивациялық компоненті - балалардың табиғатты танып білуге деген мотивтерінің жиынтығы, қызығуы, ынтылысы қажеттіліктерінің бірлігі. Когнетивтік компонент – балалардың экологиялық тәрбие берудің және оның аксиологиясы, табиғат аясында өзін-өзі ұстай білуі, білімі, дүниетанымы және оның саналы ұғынуы. Мінез-құлықтық компоненті – балалардың мінез-құлқының қалыптасуы, дүниетанымның кеңеюі. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиенің қалыптастырудың негізгі құрылымын жасай отырып, көрсеткіштері мен өлшемдерін басшылыққа алып эксперимент жұмысы жүргізілді.



-тірі табиғатты білуге қызығуы;

-тірі табиғатты тануға тілегі, ұмтылысы;

-тірі табиғатты қорғау қажеттілігі

-өлі табиғатты білуге қызығуы;

-өлі табиғатты білуге ұмтылысы;

-өлі табиғатты қорғау қажеттілігі


-табиғатты қорғау әрекетіне қызығуы;

-табиғат аясында әдептілікке ұмтылысы;

-табиғатты қорғауда қоғамдық мотиві

Когнетивтік

Білімі

-өсімдік туралы білімі;

-жануарлар туралы білім;

-тірі табиғаттың құндылығын ұғынуы

-өлі табиғат туралы білімі;

-өлі табиғаттың тірі табиғат арасындағы байланыс туралы білімі;

-өлі табиғат құндылығын ұғынуы

-экологиялық мінез-құлық ерелерін білуі;

-экологиялық міндеттер мен құқылары;

-табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Мінез-құлықтық

Біліктілігі

-өсімдікті күтіп-баптау біліктілігі;

-адам-қоғам-табиғат туралы дүниутанымдық ұғымы;

-тірі табиғаттың құндылығын бағалау біліктілігі

-өлі табиғат туралы білімін өмірде қолдану біліктілігі;

-ойынмен байланыстыру біліктілігі,

-өлі табиғатты бағалау біліктілігі


-экологиялық мінез-құлық ережелерін орындай білу біліктілігі,

-табиғатта әдептілікті сақтай білу біліктілігі,

-экологиялық құқыұты орындай білу біліктілігі


Анықтау эксперименттің бірінші кезеңі бойынша, балалардың жыл мезгілі туралы ұғымын әңгіме негізінде байқау үшін, арнайы (15-20) сұрақтар сараланып алынды. Сұрақтар бағдарлама талабына сай, балалардың жас ерекшеліктеріне лайықты құрылды. Мысалы:

1. Балалар жыл мезгілдерін атаңдар?

2. Жыл мезгілдерінің бір бірінен айырмашылығын айтыңдар?

3. Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?Қыстың ше?

4. Көктемнің ең басты ерекшелігі неде?

5. Жаз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар?

6. Құстардың күзгі тіршілігі туралы не білесіңдер?

7. Құстар қыста қалай тіршілік етеді?

8. Көктемде ең ерте келетін құсты атаңдар? Олар неге ерте келеді?

9. Құстар жазда қалай тіршілік етеді?

10. Жыл мезгілдеріне байланысты ағаштардың қандай өзгерісін байқайсыңдар (көктем, жаз, күз, қыс)?

11. Көктемде жасалатын жұмыс түрлерін атаңдар?

12. Жаз мезгілінде үлкендер қандай еңбекпен айналысады?

13. Күз мезгілінде жасалатын еңбек түрлерін атаңдар? Қыс кезінде ше?

14. Өздерің балабақша үлескісінде қандай жұмыс істейсіңдер?

15. Күзде қалай киінесіңдер? Қыста ше?

16. Көктем кезінде не киесіңдер?

17. Жаз мезгілінде қалай киінесіңдер? т.б.

Сонымен қатар, сұрақтың мазмұнына түсінбеген балаларға жеңілдете отырып қосымша сұрақтар берілді. Мысалы:

1. Жылдың қандай төрт мезгілдерін білесің? Оларды кезегі бойынша атап бер?

2. Күз бен қыс мезгілдерінің айырмашылығын айтшы?

3. Көктем мен жаз мезгілдерінің айырмашылығын ата?

4. Құстардың күзгі тіршілігін айтып берші?

5. Қыс мезгілінде құстар қалай тіршілік етеді? т.б.

Жыл мезгілдерін балалардың 60%-ті дұрыс атады, ал көбі күз, көктем, жаз, қыс мезгілдерін бір-біріне шатастырып, кезегі бойынша айта алмады. Мәселен: Мерейлі А. Көктем, күз, қыс сосын жаз болады – деп жауап берсе, Салтанат Б. Қыс, күз мезгілін ғана айта алды. Айдар С. жауабы: жылдың төрт мезгілі бар күз, көктем, аяз, жаз, сосын қар жауады. Жанкелді Е. Жауабы: көктем, қыс, жаз, жаз.

Жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? – деген сауалға балалардың көпшілігі дұрыс жауап берді. Ал нақты әр мезгілдің ерекшеліктерін анықтау үшін балалардан «күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?» - деп сұралды. Балалардың 35 %-ті күз мезгілінің ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерді атады: «жапырақтар сарғайып түседі», «күн суытады», «жылы киім киеміз». Аз ғана балалар «жеміс-жидектер піседі», «жануарлар қысқа даярланады», «құстар жылы жаққа қайтады» - деген сияқты ерекшеліктер айта алды. Динара а.жауабы:күзде күн суық болады,мен бетеңке киіп ойнаймын.Нұрсұлтан К. жауабы: күз болғанда жапырақтар сарғайып,жаңбыр жауады.

Балалардың 83,5%-ті басқа жыл мезгілдеріне болатын табиғат құбылыстарынын қасиеттерімен шатастырып,ешқандай дұрыс жауап бере алады. Мысалы: Арсен Ы. жауабы: күзде аяз ата бізге сыйлық әкеледі. Сәмет Т. Жауабы:күн жылы болады,біз шомыламыз,ойнаймыз.


Кесте 1

Балаларға қойылған алғашқы үш сұрақтың қорытындысы


35%


Дұрыс емес

40%

83,5%

65%


Қыстың басты ерекшеліктерін атаңдар? – деген сұраққа аз ғана балалардың «қар жауады», «күн суытады», «шанамен ойнаймыз», «аққала жасаймыз», «етік, күртеше, қолғап киеміз» - деген жауаптар қайтарды. Ал балалардың көпшілігі қате жауап берді. Мысалы: Аяулым К. жауабы: қыста жапырақтар түседі. Пернебек Т. жауабы: жаңбыр жауғанда, қолшатыр ұстаймыз.

Бағдарлама талабы бойынша ересектер тобының балалары тірі және өлі табиғат арасындағы негізгі байланыстар мен сабақтастарды (күн суыта, жапырақтар сарғайып түседі, құстар жылы жаққа қайтады т.б.) түсіне білулері керек. Осыған байланысты, құстардың күзгі тіршілігі туралы қойылған сауалға, тек аз ғана балалар жауап бере алды. Оны сызбадан көруге болады.

Балаларға құстардың күз мезгіліндегі тіршілігі туралы мынадай сұрақтар берілді: Қандай құстарды білесің?

Күз мезгіліндегі құстар қандай тіршілік жасайды?

Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

Неге оларды жыл құстары дейміз?

Ал қыстап қалатын құстарды білесің бе?

Олар қандай тіршілік етеді?

Оларға қандай қамқорлық жасайсың?

Құстар сенің досың ба?


Сурет 1

Құстардың күзгі тіршілігі туралы балалардың дүниетанымдық ұғымдарын дамыта отырып экологиялық тәрбие деңгейінің көрсеткіші


Х-балалардың жауаптарының пайыздық көрсеткіші

У-құстардың күзгі тіршілігінің белгілері


1 - құстар тоңады, 2 - жылы жаққа ұшып кетеді, 3 - қыстайтын құстар, 4 - олардың қоректенуі, 5- олардың тіршілігі, 6 – дұрыс емес, 7 – білмейді.


Сурет 2

Күз мезгіліндегі ағаштардың өзгерісі жайындағы балалардың дүниетанымдық ұғымдарын дамыта отырып экологиялық тәрбие деңгейінің көрсеткіші




Х-балалардың жауаптарының пайыздық көрсеткіші

У-ағаштардың күзгі өзгерістерінің белгісі


1 – жапырақтың түсуі, 2 – ағаштар жапырақсыз, 3 – жапырақтың түстері, 4 - олардың қоректенуі, 5- олардың тіршілігі, 6 – дұрыс емес, 7 – білмейді.


Сонымен қатар, әңгіме барысында, күз мезгілінде ағаштардың қандай өзгерісін байқайсыңдар? – деген сұраққа балалардың берген жауаптары, жоғарыдағы сызбада келтірілген. Күз мезгілінде болатын негізгі өзгерістердің бірі ағаштар мен бұталардың жапырақтарының сарғайуы, олардың әртүрлі түске боялуы, бірте-бірте жапырақтардың түсуі. Алтын күз деп аталатын мезгіл осы кезден басталады. Балалардың ағаштардың тіршілігі туралы білетін дүниетанымдық ұғымдары көмескі екеніне көз жетті.

Балалардың құстардың күзгі тіршілігі туралы және ағаштардың өзгерістері жайында дүниетанымдық ұғымдырын дамыта отырып экологиялық тәрбие деңгейінің көрсеткіші орташа деңгейде, яғни 35%- тен аспайтындығын байқалды.

Сондай-ақ балаларға көктемгі ағаш көріністерінің өзгерісі жайында қойылған сұрақтан алған жауаптар да толық болмады. Балалардың 85%-ті білмейді немесе қате жауап берді. Мысалы, Арман Қ. «жапырақтар түседі» - деп жауап берді, ал шаңжар Ж. «көктемде ағаштар болмайды» - деді т.б.

Ал аз ғана балалардың ағаштардың көктемде мынадай ерекшеліктерін ажырата алатынын байқалды: жапырақтар жаяды – 16,7%, ағаштар бүршік жарады – 13,4%, жеміс ағаштары гүлдейді – 16,0% т.б. Мысалы: Мейіргүл Т. жауабы: Көктемде ағаштар жапырақтар жаяды, күн жылы болады. Амантай С. жауабы: Қар еріп, ағаштар гүлдейді, сосын алма, өрік салады.

Әрине балалардың тақылдап, осылайша жауап бергенін естігенін көңілденіп, тіпті таңданып та қаласың, бірақ балалардың көпшілігі басқа жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен шатастырып, кейбіреулері жауап бере алмады.

Келесі қойған сұрақтарға балалардың күз мезгілінде адамдар еңбегінің түрін ажырату мүмкіндігін айқындау.

Күз мезгілінде адамдар қандай еңбек жасайды?

Еңбектің қандай түрлерін білесіңдер?

Бау-бақшадағы еңбек дегеніміз не?

Мал шаруашылығындағы еңбек дегеніміз не?

Үлкен адамдар қысқа қалай дайындалады?

Не үшін жануарларға қамқорлық жасаймыз?

Сен қандай еңбек түрлерің атқара аласың?

Ата-анаңа көмектесесің бе?


Кесте 2

Балалардың еңбек іс-әрекеті туралы дүниетанымдық ұғымдары арқылы экологиялық тәрбиенің көрсеткіші


Еңбек түрлері

Ересектер тобы

1

Егіндіктегі еңбек

5%

2

Мал шаруашылығындағы еңбек

3%

3

Бақшадағы жұмыс

5%

4

Баудағы жұмыс

10%

5

білмейді

77%


  1. Егіндіктегі еңбек: а) астық жинау, қамбаға салу, ә) жер жыртып, күздік себу, б) жерге тыңайтқыш төгу.

  2. Мал шаруашылығындағы еңбек. А) күзде шөп шабу, жинау, ә) мал қораларды даярлау (жөндеу), б) мал азығын (түрлі қосымша жемдер) даярлау.

  3. Бақшадағы жұмыс: а) көкөністер жинау, ә) олардың орның тазарту, келесі жылға дайындау, б) көкөністерді қысқа дайындау.

  4. Баудағы жұмыс: а) жемістер мен жидектер жинау, ә) ағаштарды және басқа жеміс ағаштарын, өсімдіктерді кесу, қысқа дайындау, б) жапырақтарды сыпырып, жағу т.б.

Осы аталған еңбек түрлерінің әр жыл мезгілінде өзгертіп отыруын талдаған кезде балалардың көпшілігінің түсініктері өте көмескі екені байқалады. Балалардың көбісі бұл түсініктерді айқын айыра алмайды. Әсіресе егіндіктегі және мал шаруашылығындағы еңбек туралы сөз болғанда балалардың білімдерінің таяздығын айқындалды. Мысалы: Айгерім М. Жауабы: Малшылар қой, сиыр өсіреді. Кәрім Ұ. Жауабы: егіншілер шөп орады, алма-алмұрт жинайды. Нұршада Ә. Жауабы: қойлар өздері шөп жейді, малшы атай оларға су береді. Жем береді. Санат К. жауабы: мен суреттен көрдім, балалар алма жинағанда, қыздар қауын жинайды.

Бұдан байқалатыны, қалалы жерлерде бұл еңбек түрлерін таныстыруда бақылау объектілері жоқ болғанымен, балаларға қарапайым білімді картина, диафильм арқылы беруге болады. Бірақ балалардың берген жауаптарына қарағанда, тәрбиешілердің бұл жұмысты өз дәрежесіне жүргізбейтіндігі анықталды. Балалардың көпшілігі баудағы және бақшадағы еңбек туралы өз үйлерінде, саяжайда, балабақша учаскесінде көргендері жайында әңгімелеп берді.

Сол сияқты көктемде адамдар қандай киім киеді? – деген сұраққа: «жылы киім», «бәтеңке», «күртеше» - деп қана айта алды, ал балалардың 80%-ті білмейді немесе дұрыс жауап бермеді. Одан кейін, адамдардың көктемгі тіршілігі бейнеленген картина қолдандық. Мәселен Айгеріммен болған әңгімеден үзінді келтірсек.

- Көктемде адамдар қалай киінеді?

- Білмеймін

- Ал, сен балабақшаға қалай киініп келесің?

- Білмеймін

- Картинаға мұқият қарашы, мына қаз қалай киінген?

- Әдемі

- Үстіне не киген?

- Әдемі – деп жауап берді.

Айман Б. Жауабы: көктемде жылы киінеміз, қолғап киеміз. Қайсар Ү. Жауабы: футболка, шәпке киеміз, күн ыстық болады, ойнаймыз. Алмат Е. Жауабы: көктемде жаңьыр дауады, бәтеңке киуміз, сырғанамыз.

Осылайша балалармен жүргізілген әңгіме бойынша мынадай қорытынды жасауға болады.

Балалар жыл мезгілдерінің атын айтып, кейбір ерекшеліктерін атағанымен, оларды бір-бірінен еркін ажырата алмайды. Балалардың жауаптарына қарағанда, өздерінің көріп-бақылаған табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, балабақшадан алған білімдерімен байланыстырып айтуға жаттықпағаны білінеді. Өз айтқандарын нақты ашып түсіндіріп бере алмайды. Мұнан балабақшада жыл мезгілі туралы білім беру жүйесіз жүргізілетіндігі байқалады.

Анықтау эксперименттің 2-кезеңі бойынша балалардың білім деңгейін көрнекілік негізінде анықтау үшін К.И. Серовтың «жылдың төрт мезгілі» атты түрлі түсті картинасын қолданылды. Балаларға берілген тапсырма, картина бойынша жыл мезгілдерін анықтай отырып, кезегі бойынша дұрыс орналастыру. Ол үшін әрбір балаға жекеше суреттер үлестірілді, сонан кейін картина мазмұны бойынша әңгіме жүргізген болатын. Балаларға қойылған сұрақтардың қысқаша үзіндісі: «мына картинада жылдың қандай мезгілі бейнеленген? Неге жаз деп ойлайсыңдар? Күз бен жазды салыстырыңдар? Өсімдіктер көрінісін айтып бер? Қандай жануарлар бар? Құстар туралы не білесің? Мына сурет туралы әңгіме құрастырып беріңдер т.б.».

Ал картинада бейнеленген жаз мезгілінің құбылыстарын суреттейтін болсақ: «Жаздың шуақты күнінде, жасыл шалғындықта балалар көлге шомылып, жидек теріп, асыр салып ойнап жүр. Айнала әдемі гүлдерге толы, түрлі-түсті көбелектер мен шыбын-шіркейлер ұшып жүр. «Табиғат қандай керемет!» - деп таңырқағандай тоқылдақ ағаш бұтағында қоршаған ортаны бақылап отыр».


Кесте 3

Картина бойынша балалардың жыл мезгілін кезегі бойынша орналастыруының көрсеткіші.


Ересектер тобы

Дұрыс

Дұрыс емес

60 бала

30%

70%


Балалардың 70%-ті жыл мезгілдерін дұрыс ажырата алмады. Мәселен: Салтанат Б. «Жаз», көктем бәрі бір мезгіл – деп жауап берді. Арулым К. жауабы: Мына суретте қыс салынған, балалар ... Данабек Т. жауабы: Көктем суреті, күз суретінен кейін болады, сосын жаз бен қыс. Даниал С. жауабы: Мнау көктем, қар ағып жатыр, қыстың суретінде де қар бар, бірақ балалар ойнап жүр.

Эксперименттің екінші тапсырмасы бойынша Қ.Аймағамбетованың «жылдың төрт мезгілі» атты диафильмін көрсету арқылы балалармен әңгіме жүргізу.


Кесте 4

Диафильм бойынша балалардың жыл мезгілдерін анықтауы.


Ересектер тобы

Дұрыс

Дұрыс емес

60 бала

20%

80;


Мұнан байқалғаны балаларға жыл мезгілі туралы ұғым беру тек ауызша емес, картиналарды, диафильмдерді қолдануды керек ететіні сөзсіз. Әсіресе диафильмді көрсету бағдарлама бойынша жоспарлағанымен, іс-жүзінде балабақшада қолданылмайтындығы байқалады. Балалардың көбі диафильмнің не екендігін де білмейді, ал біз қолдағаннан кейін, оны қайталап көрсетуімізді сұранды. Айтатын болсақ, балаларға табиғат жайында білім беру тек картина, диафильм арқылы жүргізілсін деуден аулақпыз. Дегенмен көрнекі, техникалық құралдарды пайдалана отырып, балаларды оның аспан аясында саяхатқа шығып, табиғат құбылыстарын өз көздерімен бақылатса іс нәтижелі болады. Бала суреттен, диафильмнен көргендерін, сабақта алған білімдермен ұштастыра отырып күнделікті қоршаған ортадан көріп – байқаған, сезген табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін салыстыруға, қарапайым ой қорытындыларын жасауға мүмкіндік туар еді.

Экспериментітің 3-кезеңі балалардың бейнелеу дағдысына жыл мезгілдерінің негізгі ерекшеліктерін қаншалықты ұғынғандығын байқау еді. Осы мақсатқа орай берілген тапсырма, әр жыл мезгілінің көріністерін балалар өз түсінігі бойынша бейнелеулері керек. Олар көп ойланбай-ақ сурет салуға бірден кірісіп кетті, кейбіреулері ұзақ отырып, басқалардың жұмыстарына қарап, тәрбиешіден тапсырманы қайта сұрап барып кірісті, ал көп балалар сала алмайтындықтарын білдірді.


Кесте 5

Балалармен жүргізілген сурет салу жұмысының нәтижесі.


60 бала

35%

37%

28%


Сонан кейін балаларға тек бір обектінің суретін ғана, яғни ағаштың әр жыл мезгіліндегі көрінісін бейнелеуді ұсындым. Бұл тапсырманы балалар тәуірірек орындады. Балалардың 25%-ті жеке объектінің суретін дұрыс салса, ал сюжетті бейнелеу, суретін өзара байланысын 75%-ті дұрыс бейнелей алмады.

Одан кейін әр баламен өзінің салған суреті бойынша әңгіме жүргіздім. Мысалы: сен ағаштың суретін неге бұлай салдың? Ағаштың мұндай күйін қайдан көрдің? Бұл қай жыл мезгіліндегі ағаш көрінісі? т.б.

Қайрат Қ. жауабы: мен күз суретін салдым, мынау ағаш, мынау гүл, гүл әдемі. Жалғас С. жауабы: Қыстың суретін салдым. Қыста ағаштар болмайды. Сәлима Ж. жауабы: Әдемі сурет. Гүлжан Ғ. жауабы: сурет сала алмаймын.

Қойылған сұраққа балалардың берген жауаптары өте мардымсыз, ал кейбіреулері салған суреттерін түсіндіріп бере де алмайды. Бұдан балалардың жыл мезгілдері туралы ұғымдарының мардымсыз, таяз екенін көруге және көріп-бақылағандары бейнелеуге тіпті жаттықпағандықтары білінді.

Балабақша балаларының жыл мезгілі туралы білім деңгейін анықтау мақсатымен жүргізілген экспермент нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім.

  1. Бағдарламада берілген материалдар балабақша жағдайында өз дәрежесіне оқытылмайды десек артық емес. Көбіне табиғатты таныстыруда тиімді әдістер (көрнекілік әдісі, бақылау, қарапайым тәжірибе, еңбек т.б.) сыртта қалып, әңгіме басым қолданылатыны байқалып отыр. Оның салдары балалардың жыл мезгілі жайлы білім дәрежесінің төмендеуіне, дүниетанымдық ұғымдарының экологиялық тәрбие берудің тяздығына әсер етіп отыр.

  2. Балалар картина мен диафильмнен гөрі ауызша әңгіме барысында біраз түсініктерді айта алды.ал бейнелеуге тіпті жаттықпаған. Бұл балабақшада жыл мезгілі туралы білім беру тек сөздік әдіс бойынша жүргізілетіндігінің кепілі. Балалардың өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты толық ажырата білмегендігінен,адам еңбегінің өзгеру себебін де біле бермейді.

  3. Балабақшада жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары арқылы баланың ақыл-ойын дамыту жағы жақсы ескерілмеген. 5-6 жаста баланың көрнекі бейнелік ойланудан логикалық ойдың элементтері қалыптасқан, нақтырақ айтқанда олар қоршаған ортадан сезіп, көріп бақылағандарын салыстырып, өздігінше ой қорытындыларын жасай білулері керек.

  4. Жыл мезгілдерімен таныстыру барысында тіл дамыту жағына көңіл бөлінген. Жаңа сөздер үйрету, сөйлем құрату жағы ескерілмей қалған. Балаларды ойландыратындай ситуациялық сұрақтар мен тапсырмалар, көргендерін әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгіме құру жүйесі мүлдем қарастырылмаған.

  5. Тәрбиешілердің жұмыс жоспарларын талдай отырып, мен педагогтардың балаларға жыл мезгілі туралы білімнің қажет екендігін бағалай бермейтіндігіне көз жеткіздім. Сонымен қатар мақсатты серуен, саяхат, бақылау, сабақ, қарапайым тәжірибе, учаскедегі еңбек, сияқты жұмыс формалары аз жоспарланған.















Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров74
Номер материала ДБ-087839
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх