Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Интелектуалды ойын "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Интелектуалды ойын "ХХІ ғасыр көшбасшысы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«ХХІ-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны

3-сынып

Мақсаты:Жарыс-ойын формасында ұйымдастыру арқылы оқушылардың

негізгі пәнге деген қызығушылығын арттыру және танымдық

қабілеттерін дамыту.Жарусуға, жарыста жеңімпаз болуға

ұмтылысын дамыту. Дарынды оқушыларға қолдау көрсету.

Ойын барысы:

  1. «Бәйге»

  2. «Тілмаш»

  3. «Көкпар»

  4. «Мақал сөздің мәйегі»

  5. «Оқушының ойы»

  6. «Жорға»

  1. «Бәйге»

Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға 3 пәннен құралған 20 сұрақ оқылады. Бірінші болып жауап берген оқушыға ұпай қосылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.

Сұрақтар:

  1. Адамдардың қатынас құралы? (тіл)

  2. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

  3. Алма ағашында 10 алма өсіп тұр, ал теректе одан екеуі кем. Теректе неше алма өсіп тұр? (теректе алма өспейді)

  4. Қайсысы жеңіл 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме? (бірдей)

  5. Қазақта неше жүз бар? (үш жүз бар)

  6. Уақыт бірліктерін ата (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)

  7. Қазақта үш бидің басын қосқан кім?(Абылай хан)

  8. Еліміздің рәміздерін ата (Ту,Елтаңба, Гимн)

  9. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата (мм, см,сд,м, км)

  10. 5 жүздік 3 ондық 6 бірліктен құралған санды ата (536)

  11. Қ.Р. тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991 жылы 1-желтоқсанда)

  12. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)

  13. Екі әкесі, екі баласы төрт жұмыртқа жеді. Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді? (1 жұмыртқадан жеді)

  14. Жанұяда 7 ұлдың 1 қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (8 бала бар)

  15. Апта күндерінің атын және реттік нөмірін атамай бес күнді айт (кеше, бүгін, ертең, алдыңғы күні, арғы күні)

  16. Қазақта тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?(Т. Әубәкіров)

  17. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз? (зат есім)

  18. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (оның қабырғаларының ұзындығының қосындысына тең)

  19. Қыркүйек айынан кейінгі айды ата (қазан)

  20. Туда нелер бейнеленген? (күн, қыран құс, ұлттық ою)

  1. «Тілмаш»

Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы тиіс. Толық жауап 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған (бор-мел)

  1. Ұрмай-соқпай жылатады (пияз-лук)

  2. Жұқа тақтай өлшемі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш-линейка)

  1. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ (кітап-книга)

  1. Болғанмен көп инесі,

Іс тікпейді оның иесі (кірпі-еж)

  1. Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады. (сағат-часы)

  1. Ти десең тимейді, тиме десең тиеді (ерін-губы)

  2. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр (от-огонь

  3. Суға түссе көбік, судан шықса кебік (сабын-мыло)

  4. Отқа түссе жанбайды, суға түссе батпайды. (мұз-лед)

  1. «Көкпар»

Бұл бөлімнің шарты: 3 пән бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі

  • Жеңіл – 10 ұпай

  • Орташа – 20 ұпай

  • Күрделі – 30 ұпай



  1. «Мақал сөздің мәйегі»

Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға мақал-мәтелдің басы оқылады, оқушылар жалғасын табуы керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Ырыс алды – ынтымақ

  2. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала

  1. Бірлік болмай-тірлік болмас

  2. Өнер алды-қызыл тіл

  3. Ақыл дос, ашу дұшпан,

Ақылыңа ақыл қос

  1. Ат айналып қазыған табады

  2. Қына тасқа бітеді, ақыл басқа бітеді

  3. Ақыл азбайды, білім тозбайды

  4. Отан үшін отқа түс- күймейсің

  5. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

  1. «Оқушының ойы»

Оқушылар ұяшықтағы тақырыптардың бірін таңдап, сол тақырып бойынша өз ойын ортаға салады. Басты назарға алынатыны-оқушының тақырыпты ашуы, сөйлеу мәнері мен сауаттылығы. Жоғары ұпай-10 ұпай

Тақырыптар:

  1. Нан-қасиетті тағам

  2. Әдепті бала-арлы бала

  3. Отан-отбасынан басталады

  4. Менің ауылым

  5. Жорға

Бөлімнің шарты: 1 минут ішінде 10 сұрақ , Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Жалпы ұпай саны 10

1-оқушыға сұрақ

  1. Конституция күні қай айда аталады? (тамыз)

  2. Бір сағатта неше минут бар? (60)

  3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

  4. Орман емшісі не? (тоқылдық)

  5. Тәуелсіздік монументінде кімнің бейнесі бар? (алтын адамның)

  6. \Көкжиектәің тұстарын анықтайтын құрал (компас)

  7. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)

  8. Иіс сезу мүшесі (мұрын)

  9. Білім ордасын кім басқарады? (директор)

  10. Қоянның баласын қалай атайды? (көжек)

2-оқышыға сұрақ

  1. Тәуелсіздік мерекесі қашан? (желтоқсанда)

  2. Бір аптада неше күн бар? (7)

  3. Сөздің басында жазылмайтын әрәп (ң)

  4. Қыста ұйқыға кететін аң (аю)

  5. Ұзындықты өлшейтін құрал (сызғыш)

  6. Жыл мезгілдерін ата (қыс, көктем, жаз, күз)

  7. Қасқырдың баласын қалай атайды? (бөлтірік)

  8. Сипап сезу мүшесі (тері)

  9. Ауданды кім басқарады? (әкім)

  10. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

Жеңіске жеткен оқушы анықталып, марапатталады.













Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-054327

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>