Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Интелектуалдық ойын, тақырыбы: Діні қуатты елдің – іргесі берік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Интелектуалдық ойын, тақырыбы: Діні қуатты елдің – іргесі берік

библиотека
материалов

Тобы:


Уақыты:


Тәрбие сағатының тақырыбы

Діні қуатты елдің – іргесі берік

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі


  • Оқушылардың діни сенім бостандығы және діни бірлестектер туралы білімдерінің ауқымын кеңейту.


  • Белгілі бір тақырыпта өз ойын жетік айта білу, сұраққа сәйкес жауап қайтару және топпен дұрыс жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынаста болу қабілеттерін дамыту.


  • Құзыретті, қабілетті маман иесі, ізденпаз болуға тәрбиелеу


Тәрбие сағатының түрі

Дөңгелек үстел

Тәрбие сағатында қолданылатын әдістер

Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алмасу, тәрбиелік жағдаяттар.

Пәнаралық байланыс:

тарих, психология, педагогика

Оқыту құралдары:

Шара құрлымы бойынша слайд, компьютер, проектор, видеоролик.



Тәрбие сағатының барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттермен амандасып, шараның мақсатын түсіндіреді. Шараға қатысты жабдықтарының жұмысқа толық дайындығын тексереді.

Ұйымдастырушы адамдар мен қатысушы қонақтармен амандасады. тыныштық сақтау, тәрбие сағатына үнемі қатысу

Тыныштық сақтай алады және қойлған мақсатты түсінеді

Кіріспе сөз

- Құрметі студенттер, ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «...» деп аталады. Жалпы, бұл шарада діни мәдениеті, әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы діни ағымдары, олардың біздің қоғамыздағы орны жөнінде біле аласыздар.




Оқушылар шараның тақырыбымен, мақсатымен және қандай жаңалықтарымен танысатыны туралы біліп, қызығушылықтарын артады.

Негізгі бөлім:

«Жанды дауыс» аудио жазба
















  • Құрметті қатысушылар, сіздерге келесі аудио жазбадағы «Жанды дауыс» монологын тыңдауды ұсынамыз.









Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады





Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

  • «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр.

  • Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.

  • Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс».

1 студент:

Дәстүрлі діндерге Қазақстанда суниттік исламның ханафи мазхабы мен православие діндері жатты. Өзге этникалық топтар үшін католицизм, протестантизмнің кейбір бағыттары (например лютеранство) және иудаизм дәстүрлі дін болып саналады. Ислам – казақтар, өзбектер, татарлар және т.б.; Православие – орыстар, украиндықтар, белорустар; Католицизм – поляктар, немістер, латыштар; Лютерандық – немістер; Иудаизм – евреилер және т.б.

3 студент:

2-  «Сәләфи» ағымы -  сәләфи алғашқылар деген мағынаны білдіреді, яғни сахабалар мен табиғиндер. Сахабалар мен табиғиндер Құранды қалай түсінген болса, солай түсіну хадисті қалай түсінген болса, дәл солай түсіну. Ислам дініне еш нәрсені қоспау, заман талабына сай оның өзгерістерін ескермей ескі бағытта өмір сүру. Олар үшін теледидар қарау, салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақтың біртуар азаматтарын үлгі тұту, олардың жырларын оқу – «харам». Тіпті, осындай кейбір жастарымыз намазға жығылмаған ата-аналарын, бауырларын құрметтемей, араласпай кеткендері де кездеседі. Әрине, бұл сипатты жалпы салафиттерге қолдануға болмайды, олардың ішінде білімділер де бар, олар өздерін жалпы қоғам алдында  әшкерелемейді, қазақтың ән жырларына әбден қанық, мазһабтарға қарсы келмейді. Бұл ағымның қауіпті топтары — «такфиршілер», олар адамдарды кішкене күнәсі үшін кәпір деп санайды, олар көп жағдайда білімсіз болып келеді.   

1 студент: Дәстүрлі емес діндерге салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ ағымдарды жатқызылады: «Иегова Куәгерлері», «Жетінші күн адвентисттері», «Кришна санасы қоғамы», «Виссарион шіркеуі», «Трансценденталді медитация», «Бірігу шіркеуі», «Грейс» («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Жаңа өмір», «Агапе», «Живая лоза». Дін жөніндегі Заң .......шыққан, оның негізгі тұжырымдамаларымен келесі слайдқа назар аударсаңыз танысасыз.

ДБ санының үштен бірінің қысқаруы өзінің заңдылығын негіздей алмаған бірлестіктердің есебінен жүзеге асты. Жарғыларында жалған ақпарат ұсынған теріс пиғылды діни құрылымдар мен бірқатар ДБ қайта тіркеуге жіберілмеді



Діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға дінтану сараптама жүргізу жөнінде слайдқа назар аударып мәлімет алуға ұсынады.







Мемлекет тарапынан діни мазмұндағы ғаламтор ресурстарына мониторинг жасап отырады, слайдқа назар аударсаңыз осы бағыттағы жасалынған жұмыстар жөнінде мәліметтер ала аласыз.



«Діни экстремизм» деген ұғымды қалай түсінесіздер? - деп қатысып отырғандарға өз ойларымен бөлісуді ұсынылады.

-Жақсы, рахмет, келесі слайдқа назар аударсаңыз мемлекет тарапынан «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары» жөнінде ақпарат ала аласыз.

hello_html_6b157fb9.gif

hello_html_m1fe16ef0.jpg

hello_html_f147cd9.jpg



hello_html_m32f7032f.png

Оқушылар слайдқа назар аударып, Елбасымыздың дін жөніндегі халыққа жолдауындағы жазған тезистермен танысып, өзіндік ойын білдіреді.

Әр тезистегі өздері үшін ең өзекті мәселелерін іріктеп, талдайды, келісетін, келіспейтін жақтарын түсіндіреді

2 студент:

1- Уахабилер ағымы – әл-Уахаб ол Аллаһтың 99 есімінің бірі, мағынасы — бәрін сыйлаушы-жарылқаушы. Біріншіден, бұл атау 18- ғасырда өмір сүрген сол кезде билік құрған Осман  Империясына  қарсы күрес жүргізген Мұхаммед ибн Абдул Уахаб есімді адаммен байланыстырады. Ол кісі жөнінде әртүрлі пікірлер бар, кейбіреулер оны  Ислам үшін, біраз еңбек еткенін ғұламалардың бірі деп санаса, енді бір ғалымдар билікке қарсы әрекет еткен саяси тұлға ретінде біледі. «Уахабисттер» деп осы тұлғаның жолын ұстанушыларды айтады. Алайда қазіргі кездегі мұсылмандар арасында іріткі салушыларды Абдулла ибн Уахабтың жолын ұстанады деп айту қиын, өйткені «уахабизм» ұғымын соңғы кездері «сәләфи» ағымының әрекеттері алмастыруда. Ұстаным, идея тұрғысында бұл екі ағым бірдей, синонимді ұғым деп айтуға болады.

4 студент:

Дәстүрлі дінімізге қырын қарайтын ақпарат құралдарының кесірінен «жиһад» сөзі теріс мағынада қолданылып жүр. Көпшілік жиһадты қолға қару алып соғысу ғана деп ойлайды. Жиһадтың шын мәнісін түсінбегендер Исламды тек жиһад, шахид болу деген ұғымдармен ғана түсіндіріп, хақ дінге күйе жағып жүр. Кейбір адамдардың санасында «мұсылман болу - қолға қару алып, кәпірлерге қарсы соғысып өлу» деген түсінік қалыптасып үлгерсе, оған таңданбайтын болдық. Шын мәнінде, жиһад - өте кең мағынаға ие ұғым. Ол дін үшін бір іс-қимыл жасау деген мағынаны білдіретін сөз. Ал іс-қимыл дегеніміз тек соғыс емес, сіздің біреуге жақсылық жасауыңыз, өзіңіздің біліміңізді арттыруыңыз, жақсы бағытқа қарай өзгеруіңіз, өз нәпсіңізді тыюыңыз, кемшіліктеріңізбен күресіңіз - бәрі де жиһад.

hello_html_m6ef82a92.gif

hello_html_m3de18946.gif

hello_html_6854f1b.gif

hello_html_m7095e198.gif

hello_html_640d76a4.gif

hello_html_m223f0cd.gif

Оқушылар ұсынылған аудиожазбаны тыңдап, мазмұнын түсінеді, бүгінгі шараға қызығушылықтары артады.









Қарап отырған таныстыру слайдтар бойынша өздері үшін мәлімет алып, «религия», «дін» мағынасымен танысып, осы бағыттағы білімдерін кеңейтеді.









Қазақстан мемлекетіміздің дін мәдениеті жөнінде қандай бағытта жұмыс жасайтыны, қандай ұстанымдарды алға қоятындығы жөнінде ақпарат алып, өздерінің көз қарастарын қалыптастырады.





Тәрбие сағаты туралы өз ойларын ортаға салып, қандай жаңа ақпараттар алғандығын айтады.





hello_html_55530b2c.gif



hello_html_m4d9e9bd1.gif

hello_html_3876bfac.gif

hello_html_m499e94dc.gif



Студенттер жалпы әлемдегі ең көп кездесетін дәстүрлі діни ағымдар жөнінде білімдерін кеңейтеді.

Діннің халық үшін маңыздылығын, олардың әр елдегі орнын, сонымен бірге кері әсері жөнінде өзіндік ой қалыптастырады.





Берілген мәліметтер бойынша бойынша өз ойларын анық, нақты айта алады, мысалдармен дәлелдеуге үйренеді.



Дін Заңның тұжырымдамасымен танысып, тыңдап, жаңадан алған ақпараттарды өздеріне есте сақтауға тырысады. Түсінбеген жерлерінде сұрақ қойып анықтайды.



Оқушылар «Діни бірлестіктерді қайта тіркеу» ерекшелігін түсініп, діни мәдениеті артады.











Дін жөнінде Заңды жүзеге асыру мақсатында дінтану сараптамасына қатысты 6 актінің мазмұнын, маңыздылығын, жүзеге асыру жолдарын мегереді.



Оқушылар ғаламтордағы діни ағымдардың жөнінде ақпарат алып, олардың қажетті және қажетсіз бағыттарын түсінеді, өз ойларын нақты айтып, дәлілдей алады.





Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарының халық үшін маңыздылығын, олардың әр елдегі орнын, сонымен бірге кері әсері жөнінде өзіндік ой қалыптастырады.

Қорытынды бөлім.




Студенттерге пікір алмасу мақсатында келесі сұрақтар ұсынылады: «Егер менің досым белгісіз бір дін жолына түссе онымен қалай араласуым қажет?» «Намазды оқу қажет пе? Қажет болса қай уақыттан бастап оқуға болады?» «Бір адам бірнеше дінді ұстаса күнә бола ма?» «Халық емшілеріне сенуге бола ма?» «Оқу орындарда хиджап киіп, немесе орамал тағып келуге бола ма?» 

Рефлексия

Видеороликтер көрсету. Видеоролик жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісу және сұрақтар қою. 

Сектаға түспеу амалдары”
(кеңес ретінде)

  1. Бейтаныс адамдармен көшеде, қоғамдық жерлерде сөлеспеңіз

2. Діни әдебиетті алмауға тырысыңыз, қолыңызға түскен жайда оны ата-анаңызға, мұғалім, психологқа көрсетіңіз

3. Бейтаныс адамдар дінді уағыздайтын жиналыстарға шақырса бармауға тырысыңыз

Қорытынды: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» 

hello_html_m4d708270.gif

Студенттер берілген сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі, өзге студенттердің ойларын тыңдайды.











4. Бейтаныс адамдарға өзіңіз туралы мәлімет бермеңіз

5. Сізде дін туралы сұрағыңыз туындаса ата-ана, мұғалім,

психологтардан жауап алыңыз

6. Сіз дінге бейім адам болсаңыз ата-анаңыздың дініне сеніңіз. Ұлттық әдеп-ғұрып ғасырмен тексерілген тәжіребиелер сізді қателіктерден сақтайды.

hello_html_mf84bdfa.gif























Студенттер бейнероликтерді көре отырып, өзіндік ойларымен нақты және толық бөліседі.



Осы тәрбиелік шарадан алған әсерлері жөнініде нақты, толық ой-пікірін айта алады.







Өзге оқушылардың алдында нақты және мәдениетті сөйлеуге үйренеді.













Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж



«Педагогика, психология» кафедрасы



Тақырыбы: «Діні қуатты елдің – іргесі берік»





Өткізген: «Жас тәрбиеші», «Жас психолог»

үйірме мүшелері

Жетекшілері: Сарсенгалиева А.Б., Р.М.Ғалымова

Краткое описание документа:

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: Діні қуатты елдің – іргесі берік

      Мақсаты:

     Оқушылардың діни сенім бостандығы және діни бірлестектер туралы білімдерінің ауқымын кеңейту.

      Белгілі бір тақырыпта өз ойын жетік айта білу, сұраққа сәйкес  жауап қайтару және топпен дұрыс жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынаста болу қабілеттерін дамыту

          Құзыретті, қабілетті маман иесі, ізденпаз болуға тәрбиелеу

     Тәрбие сағатының  түрі: дөңгелек үстел

     Тәрбие сағатында қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгімелесу, пікір алмасу,тәрбиелік жағдаяттар.

     Оқыту құралы: шара құрлымы бойынша слайд, компьютер, проектор, видеоролик.
 

     

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1084
Номер материала 309958
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх