Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Интеллектуалды ойын " Қазақ тілінің білгірі"

Интеллектуалды ойын " Қазақ тілінің білгірі"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қазақ тілінің білгірі ( Интеллектуалды ойын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой- өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшандыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтеуге,ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын-сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, жұмбақтар. Үлестірмелі қима қағаздар

Ойын барысы:

1.Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда. Дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни бүгін біз 3 сыныптар арасында «Қазақ тілінің Білгірі» атты интеллетуалды ойынын өткіземіз.

Ойын V айналымнан тұрады.

1.Бірінші айналым: «Тездет, бірақ қателеспе!» ( 10 минут)

2.Екінші айналым: « Тіл өнері» ( 3минут)

3.Үшінші айналым: « Ойлы болсаң, озып көр» ( 15 минут)

4.Төртінші айналым: « Тапқыр болсаң, талас жоқ» ( 2 минут)

5.Бесінші айналым: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау ( 5 минут)

Қорытындылау. ( 5 минут)

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.

Ойынға 3 топ қатысады.Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап,өздерін таныстырып шығады.

I- « Білімділер» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: « Білімдіге- дүние жарық, білімсіздің күні- кәріп»

II- « Ойшылдар» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: « Оқу- білім бұлағы, білім -өмір шырағы»

III- « Болашақ» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: « Болашақтың ұл -қызымыз,көркейтеміз елді біз».

Енді ойынымыздың I- айналымын бастаймыз.

I-айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі. Үш топтың да жауабы тыңдалады.

«Білімділер» тобы.

1.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді.)

2.Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)

3.Жалқы есімдер кіші әріппен жазылады. (жоқ. Бас әріппен )

4.Аласа сөзіне қарама-қарсы сөз биік .( иә)

5.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау деп аталады. (иә)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады (жоқ. нүкте)

« Ойшылар» тобы.

1.Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.( жоқ. Кім? Не?)

2.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөз сұлу ( иә)

3.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. (иә)

4.Қазақ тілінде 40 әріп бар. ( жоқ. 42 әріп бар)

5.Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би,Төле би. (иә)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына нүкте қойылады (жоқ)

« Болашақ» тобы

1.Етістік кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап береді. ( жоқ. Не істеді? неғылды? Қайтты? )

2.Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (иә. Жуан және жіңішке)

3Сөйлем әріптен құралады (жоқ. Сөзден)

4.Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. (иә.)

5. Тұрлаулы мүшеге бастауыш пен баяндауыш жатады.( иә)

6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз адам ( жоқ)

II- айналым «Тіл өнері »

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін айтуларын керек. Әр топ кезекпен бір жұмбақты оқып, шешуін айтады.

I-топ.Қолы менен қаламы жоқ.

1.Бірақ сурет салады көп. (аяз)

Болса да көкте мекені,

2.Кездеспейді екеуі. (ай, күн)

Қоймасын қыс ақтарып,

3.Жерді жапты ақ мамық. (қар)

4.Бірін- бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос -жаран.(әріп)

II-топ. 1.Жүқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. ( сызғыш)

2.Қалқиып екі құлағы,

Елендеп,қорқып тұрады. (қоян)



3.Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды ( мысық)

4.Бір қораға қамалғандар

Жану үшін жаралғандар ( сіріңке)

III-топ 1.Бұландаған құйрығы,

Бір алдарлық құлығы.( түлкі)

2.Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп.( кітап)

3.Кіп-кішкентай екі көз,

Қалай көреді өзі?

Қолы екен ұзын мұрны,

Сол мұрнымен

4.Тамақ тауып жүреді өзі ( піл)

Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. ( пияз)

Дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі.

Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңына айтады. Келесі айналымға өтелік.

III- айналым «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезенде екі негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10,20.30,40.50.60 ұпайларымен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде.






10

20

30

40

50

60

Әдебиеттік оқу







Қазақ тілі









1.Әдебиеттік оқу.

10- ұяшық: Төрт түлікті ата ( жылқы, сиыр. қой, ешкі)

20- ұяшық: Әліппенің атасы кім?( А. Байтұрсынов)

30- ұяшық: Абай Құнанбаевтың шын аты кім?

40- ұяшық: Мәншүктің соғыстағы қаруы? ( пулемёт)

50- ұяшық: Тұнғыш ұстаз, ағартушыны ата? ( Ы.Алтынсарин)

60- ұяшық: Отан, туған жер туралы екі мақалды айт

  1. Қазақ тілі.

  2. 10- ұяшық: Кейде дауысты,кейде дауыссыз болатын дыбыс.

  3. 20- ұяшық: Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір

  4. 30- ұяшық: Мәтіннің неше түрі бар?Қандай?

  5. 40- ұяшық: Сөз құрамына не жатады?

  6. 50- ұяшық: Қатаң дауыссыз дыбыстарды атап шық.

  7. 60- ұяшық: Қанша дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс бар? (15,25)



IV- айналым « Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Шрифтограмма шешу.10 ұпай

«Білімділер» тобы «ойшылдар» тобы «Болашақ» тобы

Пан-ба-ла те-ма-ка-ти-ка-ма тоқ –сан- жел

тап-ха-на-кі қу-о-шы тік- е - тіс

ған-бал- дыр ле-ди-те-дар ла-ба-пан

Ойынымыздың соңғы айналымы « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп аталады.

Жарнама жасау. 10 ұпай

«Білімділер» тобы

«Сүйікті оқулығым» жарнама

« Ойшылдар» тобы

« Менің мектебім» жарнама

«Болашақ» тобы

« Менің сыныбым» жарнамалау

Осымен сайысымыздың бес айналымы аяқталды. Әр топтың жинаған ұпай сандары әділқазылар есептелініп бүгінгі сайыс сабағымыздың қорытындысын шығарайық.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділқазылар алқасына береміз.

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазымен табыс етеді. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады.

Осымен « Қазақ тілінің білгірі» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен көп рахмет айтамын!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров303
Номер материала ДВ-362777
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх