Инфоурок Начальные классы КонспектыИнтеллектуалды ойын: "Білікті мыңды жығар" 3 сынып

Интеллектуалды ойын: "Білікті мыңды жығар" 3 сынып

Скачать материал

Білімді мыңды жығар

Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Көренкілігі: топ аттары, сайыс түрлері, қима қағаздар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

Кіріспе сөз. Бүгін біз сендермен «Білікті мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.

Оқушылар асық арқылы топқа бөлінеді.

1.топ Алғырлар

2. топ Білімділер

3.топ Ойшылдар

Әр топ ұрандарын атап, өздерін таныстырады.

  1. Қызықты пәндер

1 топ Алғырлар

  1. Мәтін нешеге бөлінеді? (3)

  2. Адам немен тыныс алады? (ауа)

  3. Санды өрнек неден құралады? (саннан)

  4. Қойдың төлі? (қозы)

  5. 9-бен 5-тің көбейтіндісі? (45)

  6. Қара алтын деген не? (көмір)

  7. Ұлттық аспап не? (Домбыра)

  8. Көкжиектің негізгі тұсы нешеу? (4)

  9. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? (3)

  10. Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (піспеген)


2 топ Білімділер

  1. 3 сағат 2 минутта неше минут бар?

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

  3. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)

  4. Ешкінің төлі? (лақ)

  5. Дауысты дыбыстыардың түрлері? (2)

  6. 8-бен 7-нің көбейтіндісі? (56)

  7. Тас көмір қайда көп? (Қарағанда)

  8. Үш биді ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

  9. Есту мүшесі (құлақ)

  10. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)


3 топ Ойшылдар

  1. 1 сағатта неше минут бар? (60мин)

  2. Аяқталған ойды білдіреді? (сөйлем(

  3. Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа, су, жарық)

  4. 3 дм неше см (30 см)

  5. Сиырдың төлі? (бұзау)

  6. Адам денесінің тірегі (қаңқа)

  7. 7-мен 6-ның көбейтіндісі? (42)

  8. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2)

  9. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

  10. Екі адам 4 сағат жол жүрді. Әрқайсысы неше сағат жүрді.


II. Ой толғаныс. Берілген суреттерден айырмашылықтарды 3 минут ішінде табу. Әр топтың айырмашылығын табуына байланысты қазылар алқасы баға береді.

1 топ.

Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл күшті.

100 ден 1еу – шешен, 1000 нан 1еу – көсем.

Өнерлінің қолы 6н.


2 топ.

50 жылда ел жаңа, 100 жылда – қазан.

Ер жігіт 1 сырлы 8 қырлы болсын.

Ел құлағы – 50.


3 топ.

Ер жігіт 1де 1 кісілік, 1де 1000 кісілік.

Ер қаруы – 5 қару.

  1. ет өлшеп – 1 рет кес.


ІІІ. Мақалдар сайысы.

Жалғасын тап.

1топ:

  1. Отан оттан да ыстық, (Жалыны бар шоқтан да ыстық)

  2. Ел іші – береке, (Көп ісі - мереке)

  3. Ер туған жеріне келер,

(Ат тұрған жеріне келер)

  1. Еңбек етпей елге өкпелеме, (Теріңді төкпей жерге өкпелеме)

  2. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп )


2 топ:

  1. Өнер – ағып жатқан бұлақ, (Білім – жанып жатқан шырақ)

  2. Отансыз адам – (Ормансыз бұлбұл)

  3. Әр елдің заңы басқа, (Иттері қара қасқа)

  4. Болат қайнауда шынығады, (Батыр майданда шынығады)

  5. Еңбегіне қарай – құрмет, (Жасына қарай - ізет)


3 топ:

  1. Отан үшін күрес, (Елге тиген үлес)

  2. Ағайын тату болса ат көп, (Абысын тату болса ас көп)

  3. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, (Еменнің иілгені сынғаны)

  4. Еңбегің егіз болса, (Байлығың сегіз болады)

  5. Ақылдыға жан қымбат, (Ақылсызға мал қымбат)


Мақалмен жауап.

1 топ:

  1. Қар жанады ма? (Қалауын тапса, қар жанады)

  2. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

  3. Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)

  4. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)


2 топ:

  1. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)

  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

  3. Шошқа үре ме? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)

  4. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)


3 топ:

  1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

  2. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

  3. Ер қаруы нешеу? (Ер қаруы – бес қару)

  4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі)


Мақал-тест.

1 топ:

  1. Туған жердің .... күйесіз.

А) үйі ә) түтіні б) ары

2. Кәсібі бардың ..... бар.

А) нәсібі ә) ақшасы б) бағы

3. Ерінбеген ..... су ішеді.

А) електен ә) құдықтан б) шелектен

4. Кітап ......, білім тоқығандікі

А) алғандікі ә) оқығандікі б) сатқандікі

5. Кісі аты тершіл, кісі киімі .....

А) ақшыл ә) қалың б) кіршіл


2 топ:

1. Ата-анаң отырған .... төбесіне шықпа.

А) үйдің ә) дөңнің б) төбенің

2. Әкенің қадірін ..... болғанда білерсің

А) қарт ә) бастық б) балалы

3. Жығылып жатып ..... күлме

А) сүрінгенге ә) жүгіргенге б) тұрғызғанға

4. ...... уақыт соққан желдей тез өтер

А) тығыз ә) жақсы б) бақытты

5. Шын жолдас .... берік, ерге серік

А) болаттай ә) жауға б) сөзге


3 топ:

  1. Сәуір болмай ..... болмас

А) тәуір ә) күн б) жаңбыр

2. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде .... боларсың

А) ақылды ә) суық б) мылжың

3. Бір аштықтың, бір .... бар

А) тоқтығы ә) тамағы б) берері

4. Анасын сүйгеннің .... сүй

А) өзін ә) баласын б) анасын

5. Отан .... басталады.

А) уйден ә) қаладан б) отбасынан


Көрермендермен жұмыс.

Көрсетілген суреттерге мақал айту (гүл, қыз, ана, кітап, батыр)


Кім тапқыр?

Мақалды қимылмен, ым-ишарамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.

  1. Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.

  2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  3. Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер

  1. Таспен атқанды аспен ат

  2. Отан оттан да ыстық


Қорыту.

Мұғалім: Міне «Білімді мыңды жығар» атты сайыстан сайыскерлерімізді анықтайтын кезге жеттік.

Алдағы уақытта тек білімнің биігінен көріне беріңдер деген тілекпен сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Сайысқа қатысқан оқушыларымызды мадақтап, марапаттаймыз.


















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуалды ойын: "Білікті мыңды жығар" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 1230
    • DOCX 23.8 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыдырсихова Балбопе Утеугалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3803
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе