Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Интеллектуальды ойын" Брейнг -ринг" бастауыш сынып

Интеллектуальды ойын" Брейнг -ринг" бастауыш сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Ойынның тақырыбы: Брейн-ринг

Ойынның мақсаты:

  • Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту;

  • Оқушыларды өз Отаны,туған жеріне деген сүйішпеншілігін арттыра отырып отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: «Брейн-ринг» слайд, жануарлар суреттері, сұрақтар, топ аттары жазылған плакат

Ойынның барысы:

Сыныптағы оқушылар 7 оқушыдан екі топқа бөлінеді.

І топ: «Жас ұлан»

ІІ топ: «Жас қыран»

(Топтар өздерінің қысқаша сәлемдерін жолдайды)

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу

І топ: «Жас ұлан»

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты «Жас ұлан»

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ топ: «Жас қыран»

Біз «Жас қыран» қарсыластан қалмаймыз,

Әрқашанда тек биікке самғаймыз.

Мұғалім: Енді ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар

І бөлім: «Блиц-турнир»

ІІ бөлім: «Брейн-ринг» ойыны

ІІІ бөлім: Көрнекі-бейнелеп ойлау

IV бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау

V бөлім: Қисынды ойлау

Мұғалім: Олай болса, құрметті қонақтар, оқушылар жарыс ойынымызды бастаймыз.

І бөлім: «Блиц-турнир»

«Менің елім Қазақстан»

Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

І топ сұрақтары:

1. ҚР-ның мемлекеттік тілі? / қазақ тілі/

2. Қазақстан Республикасының астанасы /Астана/

3. Қазақстан Республикасының рәмiздерi қашан қабылданды? / 1992жылы/

4. Еліміздің президенті кім? / Н.Ә.Назарбаев/

5. Қазақша жыл басы? (тышқан)

6. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? /Т.Әубәкіров/

8. ҚР-сы Тәуелсіздігі қашан жарияланды? /1991 ж, 16 желтоқсан/

9. 16- желтоқсан қандай күн? /Тәуелсіздік күні/

10. Тудың авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/


ІІ топ сұрақтары:

1. ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата / ту, елтаңба, әнұран/

2. Еліміздің бұрынғы астанасы /Алматы/

3. Елтаңба авторы кім? /Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков/

4. Қазақстанның жер көлемі? (2 млн 724 мың км)

5. Еліміздің тәуелсіздігіне биыл неше жыл болды? /21 жыл/

6. Лондонда ауыр атлетикадан алтын медаль алған жігіт / И.Илин/

7. 9 мамыр қандай күн? / Жеңіс күні/

8. VII Қысқы Азия ойындары қайда болды? /Алматы-Астана/

9. ҚР-ның “Ата Заңы” қашан қабылданды? / 1995ж, 30 тамыз/

10. ҚР-ның Ұлттық валютасы қашан енгізілді? / 1993ж,15 қараша/

Мұғалім: Сайысымыздың бірінші бөлімі аяқталды. Ұпай сандарын анықтап, келесі бөлімді бастаймыз.


ІІ бөлім: «Брейн-ринг»

Әр топқа бастауыш сынып мұғалімдері берген сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 3 пән бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады.

І топ: «Жас ұлан»

Ана тілі пәні бойынша: Амирханова Әбзалия Қарабекқызы

1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде өмірге келген? / 1845ж,Семей облысы/

Қазақ тілі пәні бойынша: Исабекова Еркеназым Сатыбалдықызы

2. Балықшылар деген сөзді сөз құрамына талда

Математика пәні бойынша : Бакирова Қауынкүл Еркінқызы

3. Көлден ұшқан 40 қаз

Қайтып қонды 15 қаз.

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез табады? /25 қаз/

ІІ топ: «Жас қыран»

Ана тілі пәні бойынша : Жұмажан Риза Әділжанқызы

1. Төле би бабамыз қай құсты киелі құс деп санаған? / қарлығаш/

Қазақ тілі пәні бойынша: Кенжебекова Мейрамкүл Әділқызы

2. Оқулықты деген сөзді сөз құрамына талда /оқу-лық- ты/

Математика пәні бойынша: Кемешов Шалқар Төлеубайұлы

3. Кітапханада 3 бөлме

Әр бөлмеде 10 шкаф.

Әр шкафта 5 сөре,

Санай алсаң егерде

Айтып берші анықтап? /3*10*5=150/

Мұғалім: Жарысымыздың екінші бөлімін бағалап, келесі бөлімге көшсек.


ІІІ бөлім: Көрнекі – бейнелеп ойлау

Бұл бөлім бойынша ұпай санын (10,20,30) кезектесіп таңдау арқылы әр тарау бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

ӨСІМДІКТЕР

Денесін жерге тығатын,

Шашы жерден шығатын,

Қызғылт - сары қазықты

Кім бар кәне ұғатын? /сәбіз/


Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы, мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр,

Оның аты не? /қияр/


Жерде жатып желіндейді

Күз түскенше желінбейді. /қарбыз/

ЖАНУАРЛАР

  • Оның денесі ірі, жүні бір түсті болып келеді. Ол- маймақ, жыртқыш аң. Қыс бойы өз денесіндегі маймен қоректенеді. Ол қандай аң? / Аю/


  • Ол –сиырға ұқсас мал.Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Оларды көлік ретінде пайдаланылады.Ол мүк пен қына жейді. / Бұғы/


  • Ол орман-тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Оның жауы көп, қорқақ.Бірақ өз өмірі үшін шайқаса біледі. / Қоян/


  • Ол - кішкентай құс, таңертеңнен ағашқа қонып алып сайрайды, үні құлаққа өте жағымды. Адамдар оны” әнші құс” деп атайды. /Бұлбұл/


  • Үй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс.Үсті –басы қара,қоңыр, қызғылт, ақшыл дақтары мен жолақтары көп. Қардың арасында тығылып жатады. /Шіл/

  • Ол – пайдалы құс. Оның көзі бақырайған, қауырсыны әдемі.Ол Қазақстанның таулы жерлерінде жиі кездеседі. Бұрынғы кезде оның қауырсынын сәндік үшін қыздардың бас киіміне таққан. /Үкі/


IV бөлім: Қисынды ойлау

«Кішкентай көрермендер ойыны»

Бұл бөлімде үй жануарлары туралы жұмыс жүргізіледі.

- Қандай үй жануарларын білесіңдер?

Қазір геометриялық фигуралардан әр топ үй жануарларын құрастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

Мұғалім: Төртінші бөлімді бағалап, келесі бөлімді бастаймыз.


V бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау

Бұл бөліміміз көп ойлануды талап етеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Ребустарды дұрыс шешсеңдер 10 ұпай аласыңдар


І топ: «Жас ұлан» тобына тапсырма

ІІ топ: «Жас қыран» тобына тапсырма

Жауабы: «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»

Мұғалім: Біздің жарыс-ойын сабағымыз аяқталды. Қай топ жеңгенін анықтаймыз. Екі топты ортаға шақырып, жеңімпаздарды марапаттаймыз.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-548412

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>