Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Интеллектуалдық ойын сабағы.математикалық сайыс

Интеллектуалдық ойын сабағы.математикалық сайыс

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Ильичевка орта мектебі



" Математикалық сайыс"интеллектуалдық ойын-сайысы.

(5-6 сыныптар аралығында)





hello_html_6586ff49.jpg


Математика пән мұғалімі:Калымова Ж.Б






2014- 2015 оқу жылы



5-6 сыныптар арасында " Математикалық сайыс" интеллектуалдық ойын-сайысы.
Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда логикалық есептердің маңызын ашу;

Дамытушылық: Математикалық ізденістерінің шыңдай түсуіне, мәселеден шыға білудің, шешімін табудың жолдарын анықтау

Тәрбиелік: Есеп шығарудың тиімді тәсілдерін ұқыпты пайдалана білуге үйрету;

Көрнекілік: интерактивті тақта , плакаттар, ұпайы жазылған парақшалар, таратпа материалдар, таблолар, тапсырмалар.


Сайыстың барысы:

  1. Бәйге...

  2. Үздік алтылық...

  3. Сұрақ бізден, жауап сізден...

  4. Есеп білген - өсер...

  5. Басқатырғыш...

  6. Бәрі бір әріптен...

  7. Рефлексия

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөздеріне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз



І.  Сайыскерлерді топтарға бөлу: Таныстыруы.

« Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!

Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.

« Тапқырлар » тобы:
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Ұраны: Білім қару етіп, серік етіп,

Болашақтың есігін біз ашамыз!

  1. «Бәйге..."(сұрақтарға жауап беру).


1. Санның бөлігін табу ережесі...
2.
Бір бүтін затты немесе санды бірнеше тең бөлікке бөлгендегі шыққан оның бір бөлігі..........деп аталады.

hello_html_798f973e.gifhello_html_m7360063d.gifhello_html_4ce1b9be.gif

3. жай бөлшектерін ондық бөлшекке айналдырып, оқы....

4. Жай бөлшектерді қосу және азайту үшін........


hello_html_m206a5b4c.gifhello_html_6baacb92.gif5.  санын бұрыс бөлшекке айналдырып, бөлшегімен салыстыр...


6. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру үшін..................


  1. Үздік алтылық кезеңінде әр топқа сұрақ беріледі, алдарындағы қағазға жауабын белгілеп көрсетеді....

1. Ең үлкен үш таңбалы санды ата:

А) 969; В) 999; С) 996;

2hello_html_388e8c77.gif. Амалды орында:

А) 10; В) 1; С)

3hello_html_5f1a1662.gifhello_html_b5ba5af.gifhello_html_518ec2c5.gif. Дұрыс жай бөлшекті көрсет:

Аhello_html_m343ea3ef.gif) ; В) ; С)

4hello_html_a59a81a.gifhello_html_6a0bc720.gif. 2 - = ?

А) В) 1; С) ;



5. Ең кіші жай сан:

Аhello_html_1574be9c.gif) 3; В) 2 ; С) 1;

6. 100 санының неге тең?

А) 100; В) 1 ;С) 10;

IІІ.   Сұрақ бізден, жауап сізден...

  1. Теңізде қандай тастар табылмайды?

  2. Елеуішпен (сүзгімен) су әкелуге бола ма?

  3. Дайындайға болады, бірақ жеуге болмайды....Ол не?

  4. Мұнарадан үлкен, бірақ қауырсыннан жеңіл нәрсе не?

  5. Ең үлкен натурал сан?

ІV. Есеп білген - өсер.

Екі топқа амалды орындау есебі... Есепті шығаруға 2 минут уақыт беріледі

1hello_html_6aac7921.gif - топқа...



2hello_html_39f2012a.gif - топқа...





Көрермендермен ойын

  1. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

  2. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?(

  3. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?

  4. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?

V.Басқатырғыш

Екі топқа да бірдей сұрақ қойылады... Орындау уақыты 2 минут...

Үш ағайынды Иван, Дмитрий, Сергей Мәскеу, Санктпетербург және Киевтің әр түрлі университеттерінде әр түрлі пәндерден сабақ береді. Иван Мәскеуде емес, Дмитрий Санктпетербургте емес, Мәскеудегі тарихтан бермейді. Санктпетербургтағы химиядан береді. Дмитрий биологиядан бермейді. Қайсысы қай жерде қандай пәннен сабақ береді?

Жауабы :

Иван – Санктпетербургте - химиядан,

Дмитрий – Киевте - тарихтан,

Сергей – Мәскеуде - биологиядан

VІ. Бәрі бір әріптен

П және С әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер құрастыру

VІІ. "Рефлексия" математикалық символды пайдаланып тілек жолда...

Қорытындылау: сайыс соңында жеңімпаз оқушылар анықталып, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.


























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.09.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров266
Номер материала ДA-037316
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх