Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Интеллектуалды ойын "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" 4 сынып

Интеллектуалды ойын "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" 4 сынып



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интелектуалды ойын

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Пәндік сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту.

Сабақтың жүрісі

І.Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.

«Атомдар мен молекулалар»

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен білім сайысына қатысушы оқушылар. « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » атты кешіміз сайыс түрінде өтеді. Жарысқа 4 сынып оқушылары қатысады. Сайысқа қатысушы оқушылар үш топқа бөлініп отыр.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасынмен» таныстырып өтейік.

1. Сауле апай

2. Айжан апай

3 Лейла апай

Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

2. « Кім шапшаң?»

3. «Жеті жұрттың тілін біл»

4. «Ғажайып үштік»

5. «Тез айт,бірақ қателеспе»

6. «Қас – қағым сәтте»

Жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Енді сайысымыздың бірінші бөлімі « Таныстыру » кезеңін бастаймыз.

1 топ « Тапқырлар »

Біздің тобымыздың аты: « Тапқырлар »

Біздің тобымыздың ұраны: «Білікті бірді жығады

Білімді мыңды жығады»


Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2 топ « Алғырлар»

Тобымыздың аты: «Алғырлар»

Біздің тобымыздың ұраны : « Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.»


Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Жүргізуші:

Бізде жоқ па талапкерлер?

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші сайысымыздың екінші бөлімі «Кім шапшаң ?» ойынын бастаймыз.

(Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.)

1 топ

1. ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

2. Тұңғыш қазақ ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Жыл мезгілдерін ретімен ата? (Қыс, көктем, жаз, күз)

4. Мысықтың неше аяғы бар?(4)

5. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)

6. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз)

2 топ

1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс? (У)

2. Сөйлем неден құралады? (Сөзден)

3. ҚР рәміздерін ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)

4. Күз айларын ата? (Қыркүйек, қазан, қараша)

5. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)

6. Бір таңбалы сандарды ата? (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)

3 топ

1. Тұңғыш ғарышкер кім? (Юрий Гагарин)

2. Түйенің сүті? (Шұбат)

3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

4. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары)

5. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

6. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)

3.«Жеті жұрттың тілін біл»

Жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың шешуін қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтуы тиіс.

1) Мұртын сипап күн бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тырсылды аңдып күн бойы,

Тышқанды көп қуады. (мысық –кот - cat)

2) Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама (Кітап-книга -book)

3) Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. ( қуыршақ –кукла - dool)

4.«Ғажайып үштік»

Біздің сайысымызда негізгі пән қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі.

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

Математика:

1. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?(ұзындығы мен енін көбейтеміз және ұзындығын еніне қосып 2-ге көбейтеміз)

2. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )

3. Ешқашан қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)

Қазақ тілі:

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)

2. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)

3. Күрделі етістігі бар сөйлемді тап.

Айнұр кітап оқыды. Дәурен ертегіні қызыға тыңдап отыр.(тыңдап отыр)

Дүниетану:

1. Жаңғыш пайдалы қазбаларды ата? (таскөмір,мұнай,газ)

2. Таңғы бесте оянып, күндізгі сағат екіде ұйқыға кететін қандай гүл. (бақбақ)

3. Күн жүйесіне нелер кіреді? Оларды ата (меркурий,шолпан,жер,марс,юпитер,сатурн,уран,нептун)

5.«Тез айт,бірақ қателеспе» логикалық сұрақтар.

1. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )

2. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)

3.Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )

4. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан, Екі қой мен бір түлкі,Бәрі нешеу кім білді? (сегіз)

5. Анаңның анасы саған кім болады? (нағашы әже)

6.«Қас – қағым сәтте»

Жауап аталған әріптен басталуы шарт.

«Білім» тобына: А әрпінен бастау.

1. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана қаласы)

2. Қадірлі жан. ( Ана )

3. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (Ата )

4. Оқулықтың аты? ( Ана тілі)

5. Алфавиттің бірінші әрпі? (А )

«Болашақ» тобына: Қ әрпінен бастау.

1. Біздің ұлтымыз? (Қазақ)

2.Ең суық жыл қай мезгілі? (Қыс)

3. Жылқының сүті? ( Қымыз )

4. Біз қай ауылда тұрамыз? ( Қаракеткен )

5. Қорқақ аң? ( Қоян )

«Достық» тобына: Ж әрпінен бастау.

1. Күзде не сарғаяды? (Жапырақ)

2. Ағаш неліктен қозғалады? ( Желден)

3. Не жауса жер суланады? (Жаңбыр)

4. Түнде аспанда не пайда болады? (Жұлдыз)

5. Ең ыстық жыл мезгілі ? (Жаз)

Жүргізуші:

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң, шығарсың.

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жеңімпаз топты анықтау,мақтау қағазын табыс ету.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров27
Номер материала ДБ-251041
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх