Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Интеллектуалды сайыс

Интеллектуалды сайыс

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

4 «Шұғыла» балабақшасы












hello_html_m626aa73f.gif


hello_html_m2211f15e.gif












Орындаған: Орыналиева Алтын











Тапқыр достар

Ойынның мақсаты:

Балалардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, өтілген ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерден алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,ұйымшылдыққа баулу.

Ойынның көрнекілігі: 1) Компьютер

2) Проектор

3) MK Роwer Point бағдарламасы

4) Таратпа қағаздар, суреттер.

Сайыстың жоспары:

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген әріптен басталатын сөз құрау)

  2. «Ойлан, тап!» (Берілген суретті ыммен түсіндіру)

  3. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» (Сұрақ – жауап)

  4. «Тапқыр аудармашы»

Ойынның барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік сынайық,

Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді болып тарқайық!

Армысыздар, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаматтық пен білім қажет» - деп Ш. Уалиханов атамыз айтып кеткендей, еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер екені даусыз.

Осы мақсатпен бүлдіршіндер арасынан суырылып шыққан «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! Алдымен қатысушы бүлдіршіндерімізді таныстырып өтейік.

Алдарыңызда «Тапқырлар» және «Алғырлар» топтарының мүшелерімен танысайық.

(Балаларын өз аттарын, жастарын, болашақ болғылары келетін мамандықтарымен таныстырып өту)

Баға беріп топтарға,

Қара қылышпен қылды қақ жаруға

Әділқазы алқасын біз сайлайық

Жүлдегерлерді таңдап бүгін алуға

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

(Әділқазы алқасымен таныстыру)



  1. - бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Бұл бөлімде балалардың алдына әріптер беріледі. Солардың ішінен бір әріпті таңдап алып, сол әріптен келетін сөздер құрау керек. Қай топ көп құраса, сол топ жеңіске жетеді.

  1. - бөлім. «Ойлан, тап!»

Слайд арқылы сурет бейнеленеді, оның атын айтпай өз команда мүшелеріне түсіндіру қажет.

3 - бөлім«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»

Сұрақтары:

  1. Аспанда қанша күн бар? (Бір)

  2. Қандай құстар бұл өзі,

Жетіден ұшып жүреді

Шұбырып тізбек құрады

Қайрылмай артта ұзады (Апта күндері)

  1. Бір қолғапта неше саусақ бар? (Бес)

  2. Онға дейін тура және кері сана

  3. Бағдаршамның неше көзі бар? Түстерін атап беріңіз

  4. Айжанның қолында 3 алма бар еді. Оның екеуін ағасына берді. Айжанда неше алма қалды? (Бір)

  5. Төртбұрышта 4 бұрыш бар, үшбұрышта 3 бұрыш бар, ал дөңгелек те ше? (Бұрыш болмайды)

  6. Тоқта бар, тазда жоқ

Шоқта бар, отта жоқ. Бұл қай әріп? (Қ)

    1. - Бөлім «Тапқыр аудармашы»

Бұл бөлімде көп нүктенің орнындағы түсіп қалған санды 3 тілге аударып мақал – мәтелді толықтыр.

  1. Жеті жұрттың тілін біл

........ түрлі білім біл (Жеті – семь – seven)

  1. Білекті ......... жығар,

  2. Білімді мыңды жығар (бір – один – one)

  3. Ер кезегі ............ дейін (үш – три - three)

  4. ............... түгел болса төбедегі келеді,

Алтау ала болса ауыздағы кетеді (төрт – четыре - four )

  1. Жігіттің ........ сөйлені - өлгені (екі - два - two)

  2. Білгенің бір ............

Білмегенің тоқсан тоғыз (тоғыз – девять - nine)

8.............. саусақ бірдей емес (бес – пять - five)

9. Алдыңа бір қарасаң – артыңа ........... қара (он – десять - ten )


(Сайысты қорытындылап жеңімпаз топты анықтау)

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Ұпай санын көп жинаған топқа сыйлықтар беріледі.

Құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер, ата – аналар! Осымен «Тапқыр достар» сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Тапқыр достар

Ойынның мақсаты:

Балалардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, өтілген ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерден алған білімдерін тиянақтау,бекіту. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,ұйымшылдыққа баулу.

Ойынның көрнекілігі:1) Компьютер

2) Проектор

3) MK Роwer Point бағдарламасы

4) Таратпа қағаздар, суреттер.

Сайыстың жоспары:

1.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген әріптен басталатын сөз құрау)

2.«Ойлан, тап!» (Берілген суретті ыммен түсіндіру)

3.«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» (Сұрақ – жауап)

4.«Тапқыр аудармашы»

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров438
Номер материала 293892
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх