Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Интеллектуалдық сайыс « Білімді ұрпақ - болашақ тірегі» 2 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Интеллектуалдық сайыс « Білімді ұрпақ - болашақ тірегі» 2 сынып

библиотека
материалов



Тақырыбы: « Білімді ұрпақ - болашақ тірегі»

Мақсаты:Оқушылардың сыныптан тыс шараларға белсене қатысуы мен ұжымдық жұмыс жасауын нығайту,ой шапшаңдығын байқау,пәндерді игеруін анықтау және танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру. Әдеп – ғұрыпты насихаттауға, сөз мәнерлерін сақтауға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке , адамгершілігі мол тұлға болуға тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ – жауап

Көрнекілігі:қалташалар,шарлар,нақыл сөздер.


Барысы: Ұйымдастыр кезеңі
Армысыздар жиналған қауым!

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын,сырын білуге

Көқрегіңде болсын көз –дей, келе « Білімді ұрпақ- болашақ тірегі» тақырыбындағы сайысымызды бастаймыз.

Сайыскерлерімізбен таныс болайық.

«Қыран» тобы.Топ лидері Бақытбек Ақнар

1. Бақытбек Ақнар

2.Базархан Ақерке

3.Дінмұрат Арнұр

4.Жиенбекова Дильназ

5. Құрманбек Ернар

6.Бегалинова Ақерке


«Тұлпар» тобы.Топ лидері Мейрамбеков Нұрсұлтан

1. Мейрамбеков Нұрсұлтан

2.Кәдірқан Інжу

3.Қабдеш Сұлтан

4.Құмархан Еркежан

5.Ганиев Бекнұр

6.Өміржанқызы Іңкәр


Әділ қазы – ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл дей ,- келе әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Байдусенова Бақыт Жеңісбековна
2. Бастауыш сынып мұғалімі Құдайбергенова Гүлмаржан Бақбергеновна

3.Мектеп психологы

4.Ата-ана Қайнар Қайрат

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. «Ұшқыр ой»

2. «Ғажайып төрттік»

3. «Ата салтым-қазынам»

4. «Егер де мен Президент болсам ...» топ лидерінің сайысы

5. «Полиглот»

6. «Сиқырлы жәшік»

Оқушылардың басты назарларында ұстайтын нәрсе жылдамдық, шапшаңдық, тез ойлап, уақытты ұтымды пайдалану, жауаптары жинақы, нақты болуы керек.

1-кезең «Ұшқыр ой»

Шарты: Мен әр оқушыға 2 сұрақтан қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1 – топ «Қыран»

1. Футболда бір командада неше адам болады ?

2. Мұртты балық? –Шортан

3. Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т.Мұсабаев,А.Айымбетов)?

4. Қызыл планета қалай аталады ?

5.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздарын ата?

6. Бокс үшін алаң? -Ринг

7.Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толды?

8. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табын ата?

9. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады ?

10. Бір жылдағы күн саны-365

11. Қай құста мүлде ұя болмайды?.

12. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

2 – топ «Тұлпар»

1. Республика күні? (25 қазан)

2.Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)

3. Жер бетіндегі ең ірі жануар?(Піл)

4. Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл тойланды?

5. Өрмекшінің аяғы нешеу? - 6

6. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)

7. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)

8. Ертегідегі айдаһардың басы -7

9.Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

10.Қазақстанда неше қорық бар? -9

11. Негізгі нота сызығында орналасқан кілт қалай аталады? (скрипка кілті)

12. 16 желтоқсан қандай мереке?


2-кезең «Ғажайып төрттік»

Бұл кезеңде 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі.Әр ұяшықтағы сұрақ күрделене түседі.

Математика Әдебиеттік оқу

10 10

20 20

30 30

Дүниетану Қазақ тілі

10 10

20 20

30 30

Математика:

10. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

20. Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3-і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті?

30. Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере бар?

Қазақ тілі:

10. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)

20. Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табуЗдбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас

30.Қатесін түзет.

Ерте, ерте, ертеде бір аншы болыпты. Ол қайрымсыз екен. Аң құстардың бәрін ата берген. Атпағадарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі, айу, қоян, торғайларды, қасқырды қамап тастапты. Түлкі өзнің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да, одан ештеңе шықпапты. Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғрып:

— Туған жердін күні де ыстық, түні де ыстық болады екен, — дейді. Сонда аю айтады:

— Иә, түлкжан, ел іші… алтын бесік деген рас екен. Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті. Торғайлар:

— Отансыз адам… ормансыз бұлбұл. Біз де өз орман… тоғайымызды қаты сағындық деп шиқылдайды.

Дүниетану:

10. Көктемнің жеті белгісін жаз.

20. Кірпіде неше ине бар деп ойлайсың? (6000-7000 ине)

30. Жер бетіндегі ең биік өсімдікті ата. (Секвоя, биіктігі 120 метрден асады, 40 қабатты үйдің биіктігіндей).


Әдебиеттік оқу:

10. Т.Айбергеновтің  «Ақ қыс» өлеңінде қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?

20. «Нағыз» адам мәтінінде  үшінші адамды неге нағыз адам деп санады?

30.  Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырып қойып, сәйкес мақал - мәтел жазу.

Қайсар жасынан тіл алғыш болып өсіп келеді. Үлкеннің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өзінің киімдерін бір жерге қойып дағдыланды. Ойыншықтарын да белгілі жерге жинайтын болды. Ойыншықтың сынғандарын жөндейді. Өз төсегін өзі жинауды үйренді. Төсектің үстіне киіммен отырмайды. Бөлмесін таза ұстайды.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойныңа кірер денең»,-деп ұлы Абай айтқандай, шыр етіп дүниеге келгеннен бастап басталған салт-дәстүріміз жер қойнына кіргенге дейін жалғасады екен.Салт-дәстүрімізді қалай біледі екенбіз?

Ендеше, 3-кезең «Ата салтым-қазынам» деп талады.

Сандықтан тапсырма алып,дайындалу.Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.

1. Байғазы беру.

2. Тұсау кесу туралы не білесің?Тұсау кесетін жіп неге ала? ( Жақсылыққа жақын, жамандықтан алыс болсын. Ешкімнің ала жібін аттамасын)

3. «Тоқым қағу» туралы не білесің?

4. «Бесікке салу» дәстүрі туралы әңгімеле.

4-кезең «Егер де,мен президент болсам...» топ басшыларының сайысы.Топ басшыларының сөйлеу мәнері,сөз саптауы,тіл байлығы ескеріледі.

5-кезең «Полиглот»

Бұл кезеңде тапқырлық пен қанша тілді жетік білетіндерің шыңдалады.

Жұмбақ-сұрақ тез шешіп,

Тек жауабын беріңдер.

Дұрыс тауып жауапты

Ұпай жинап көріңдер,-деп мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 3 тілде айту керек: орысша, қазақша және ағылшын тілінде.

Берілген жұмбақтың шешуін тауып үш тілде айту керек.

1.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,

Тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (сағат-часы__________________)

2.Сақталады алты ай жаз

Сандығымда сары аяз (тоңазытқыш-холодильник___________________)

3. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық (қар-снег ________________)

4. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян-заяц __________________)

5. Ауаға шықса ауырады

Су ішінде сауығады (балық-рыба___________________)

6. Мұрны насос, кран да

Таң қаламын бұл аңға (піл-слон ______________________)

7.Жолбарыстан аумайды

Пеш түбінде аунайды (мысық-кошка_________________)

8.Бұлаңдаған құйрығы Бір алдарлық қулығы (түлкі-лиса _____________________)

6-кезең «Өнерлі өрге жүзер»

До,ре,ми,фа,соль,ля,си ноталарының біреуін таңдап,берілген тапсырманы орындау.

До-ұстаз туралы ән айту.

Ре- Әр топ адамның бет әлпетін жапсырмалап,салып жасауы қажет.Шар,желім,қайшы,фломастер беріледі.Бет мүшелерінің бқліктерін ұқыпты жасаған топ жеңіске жетеді. 5 минут уақыт

Ми-Қошақаным әнін қозының дауысымен орындау.

Фа- Айгөлек әнін мысықтың дауысымен айту.

Соль- Абайдың бір өлеңін жатқа айту.

Ля- Би билеу

Си- Ұнатқан әншісінің пародиясын салу.

7 – кезең « Е р т е г і л е р е л і н д е » Ертегі «Бір үзім нан»

( Ертегіні тыңдау арқылы , сондағы айтылған оқиғаны , негізгі ойды қағаз бетіне суреттеп түсіру) Оны қорғау қысқаша

Осы кезде Қайнар Зәмзәмнің орындауында Ән « Отаным» орындалып жатады.

Барлығы хормен:

Талаптанып

Қанаттанып

Өмір сырын ұғамыз

Білім алып

Тұлғаланып

Азамат боп шығамыз

ІІІ. Қорытындылау.

Жеңімпаз болу шарты сол:

Еңбектену,жалықпау!

Жарыс заңы ежелден:

Жеңімпазды анықтау! (Әділқазылар сөз алады.)

Білікті бірді

Білімді мыңды жығады - дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Марапаттау.Екі топқа мақтау қағаздары беріледі және оқушыларға сыйлықтар тапсырылады.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-523677

Похожие материалы