Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Интеллектуалды сайыс сабақ "Кәсіптік пән көшбасшысы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Интеллектуалды сайыс сабақ "Кәсіптік пән көшбасшысы"

библиотека
материалов

Ф-БЕ-10/9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ








ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ


(Интеллектуалды сайыс сабақ)








Орындаған: Кушерова Т.М.







Жалпыкәсіптік (пәндік) циклдік

комиссиясында талқыланып,

қаралған.

Хаттама №____ «____»___20__ж.

Төраға: ________Кушерова Т.М.







Шымкент 2015-2016 о.ж.


Күні: 21.12.2015ж ТМ9-141 оқу тобы

Сабақтың тақырыбы: «Кәсіптік пән көшбасшылары»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тақырыпқа сай оқушылардың біліктілігін арттыру, кәсіптік пәндердің қажеттілігіне көз жеткізу.

2. Дамытушылық: оқушыларға барлық техникалық білімі бар мамандар – ертеңгі күні күнделікті өмірінде қажетті кәсіби пәндермен кездесетіні туралы бағыт беріп, олардың пікірін тыңдау. Сөздік қорын, шығармашылығын дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге, сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, шыдамдылыққа, қоршаған ортада өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс сабақ



Сабақтың әдісі:



Пән аралық байланыс: Сызу, электротехника, информатика, техникалық механика, металдар технологиясы, стандарттау және метрология негіздері, математика, физика және арнайы пәндер т.б.



Сабаққа қажетті материалдар:

А) сабақтың көрнекілігі: тесттік тапсырмалар, слайд, абревиатуралар, пәнге қатысты сұрақтар.

Ә) үлестірмелі материалдар: топтастыруға қажетті кеспе қағаз;

Б) оқытудың техникалық жабдықтары: компьютер, проектор, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайдтар.

В) оқыту орны: 306 кабинет







Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Қатысушы оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, тақырыпқа байланысты кіріспеге шолу жасап, оқытудың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының бірінші топтастыру стратегиясын пайдаланып, топтар құру.

ҚР білікті, білімді, мамандармен ерекшеленуі тиіс, заман талабына сай қазіргі таңда кәсіптік мамандарға сұраныс жоғары көрсеткішті көрсетеді. Бұл дегеніміз – жылдан жылға кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарына талап жоғары.

Бізге сапалы бәсекеге қабілетті, өз еліміздің мамандары қажеттілігін талап етеді. Кез – келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің даму технологиясымен анықталмақ. Бұл экономикасы күшті дамыған елдің елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетеді. Яғни ол дегеніміз сол елдегі жұмыс орындарындағы мамандардың сапалылығымен, сапалы өнімдерімен анықталады. Ал өндірістік зауыттарда, жол қатынасында және т.б жұмыс орындарында техникалық білімі бар мамандармен жұмыс орындары қамтылады. Осы техникалық білімі бар мамандардың білімі сапалы бәсекеге қабілетті болу үшін кәсіптік пәндерді жетік меңгеру қажет. Кез-келген техникалық білімі бар мамандар – ертеңгі күні болашақ маманның қызметінде , күнделікті өмірінде кәсіби пәндермен кездесіп отырады. Яғни кәсіптік пән техникалық білімнің негізін қалаушы фундамент болып табылады.

Кәсіптік пәндер – техникалық механика, жалпы электротехника, сызу, стандарттау және метрология негіздері, информатика, қолданбалы информатика, металдар технологиясы. Осы аталған кәсіптік пәндердің арнайы пәндермен байланысын ашу және оқушылардың кәсіптік пәндер бойынша білімін анықтау мақсатында қатысушы оқушылар топтастырылады.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «Кәсіптік пән көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс сабағымызды бастауға рұксат етіңіздер.

Бүгінгі интеллектуалды сайысымыздың ерекшелігі «Жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясының» құрамына кіретін 5 пән бойынша өткізіледі.

Бұл сайыста колледжіміздің 2 курс студенттері бақ сынасады. Ойынға қатысатын 12 студентке құрмет көрсетіп сәттілік тілейік.

1.Топтастыру стратегиясында тақырыпқа байланысты қатысушы оқушыларды төменде көрсетілген топ тақырыбы бойынша топтастырылады. Топта 6 оқушыдан қатысады.

  • Зерек

  • Алғыр

Кеспе қағаздар оқушылардың барлығына таратылады, оқушылар кеспе қағаздардың бөлігін жалғастыра отырып топқа бөлінеді.

Топтарға берілген топ атауы бойынша өздерін таныстыруға 2 минуттан уақыт беріледі.

1.Электротехника – электр және магнит құбылыстарын зерттейтін ғылым....

2. Металдар технологиясы – металл алу, металдарды өңдеуді зерттейтін ғылым....

3. Сызу – барлық техникалық білімнің негізі болып табылады....

4. Информатика – қазіргі таңдағы информациялық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларын зерттеу.....

5. Техникалық механика –материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым....

Қызығушылықты ояту стратегиясында топтарға түрлі төмендегідей тапсырмалар беріледі.

Графикалық тапсырма бойынша тапсырма тақтада көрсетіледі, оқушылар пәнге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдарды берілген пәндермен байланыстырады.

  1. Галелео Галелей – Техникалық механика

  2. Металдар технологиясы – Томес Мартен

  3. Б.Н.Менделеев – Стандарттау және метрология негіздері

  4. Ф.К. Богалюбов – Сызу

  5. И.Ф.Усагин – Электротехника

  6. Ада Лавлейс Бэббидж – Информатика



  • Абревиатуралар тапсырмасы

Электротехника - ТТДУБЗарядБҚӨТА – тұрақты ток дегеніміз уақыт бойынша зарядталған бөлшектердің қозғалысы өзгермейтін токты айтамыз.

Металдар технологиясы – ШӨПДомнаП – шойын өндіретін пеш домна пеші

Техникалық механика – НьютонКӨБ- Ньютон күштің өлшем бірлігі.

Стандарттау және метрология негіздері - ТЖӨҚұралдарыныңКФШСМАӨДА –тәжірибе жасап өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шаманың сан мәцнін анықтау өлшеу деп аталады.

Информатика – МКЭкранғаАШҚ – монитор компьтердің экранға ақпарат шығаратын құралы.

Сызу – ТЖіңішкеСЖКҚҚКДА – тұтас жіңішке сызықпен жүргізілетін кескінді қабаттасқан қиманың кескіні деп атаймыз.





Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1 кезең «Бәйгеде» сұрақтар берілген оған бірінші болып тетікті басқан топ жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі топ оқушылары жауап бере алады. Әр жауап 5 баллдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы есептеліп отырады.


2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал.

3 кезең «Ғажайып алаңда» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.

4 кезең «Жорғада» Топ басшылары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсыңдар демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.

Әр бір толық жауапқа 5 балл беріледі, толық емес жауапқа 2 балл беріледі.


1 кезең БӘЙГЕ


  1. Қазіргі заманауи техниканың №2 металл атағына ие болған металды атаңыз. (алюминий)

  2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

  3. А4 пішімі қалай орналасады? (Тігінен)

  4. Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті элементтерді атаңыз? (Катушка мен конденсатор)

  5. Машина жасау саласындағы тежеуіш барабандар, поршенді сақиналар, гильзалар неден жасалады? (сұр шойын)

  6. Деформацияның түрлері? (серпімді және пластикалық)

  7. Статор дегеніміз не? (электр машиналарының қозғалмайтын бөлігі)

  8. Фронталь проекциялау жазықтығындағы кескін детальдың қандай көрінісіне сәйкес келеді?(Алдыңғы көрінісіне)

  9. Термиялық өңдеу түрі шынықтыруда салқындату орталарын атаңыз. (су, ауа, май)

  10. Латынның «information» сөзі нені білдіреді? (ақпарат)

  11. Сыртқы күштердің түрлерін атаңыз. (қадалған және таралған)

  12. Физикалық шамалар неше топқа бөлінеді? (3, заттық, энергетикалық, уақыттық процестерді сипаттайтын)

  13. Тік бұрышты изометриялық проекцияда 120 0 бұрышпен орналасатын осьтер қалай аталады? (Изометриялық осьтер)

  14. Электр энергиясын өндіру үшін механикалық энергия қажет, сол механикалық энергияның қызметін не атқарады? (табиғи энергия)


2 кезең Полиглот


1. Металдың деформацияға, бұзылуға қарсылық көрсету қабілеттілігі? (қаттылық – твердость- solidity)

2. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)

3. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)

5. Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан (пайда болған) детальдың кескінін қалай деп атаймыз? (тілік-разрез-cut)

6. Күнделікті тұрмыста қолданылатын тиындар, алқалар неден жасалады? (қола-бронза- bronze)

7. Үш күйде болатын зат. (су-вода-water)

8.Температурада вектор болады ма? (жоқ-нет-no)

9. Атом электростанциясында электр энергиясын қандай радиоактивті элементтен алады? (уран-уран- uranium)

10. Металдың сұйық күйден қатты күйге өту процесі. (кристалдану-кристализация- crystallization)

11. Бір сызықтың екінші бір сызыққа, үшінші сызықтың (түзу, қисық) көмегімен біртіндеп өтуін қалай деп атаймыз? (түйіндесу-сопряжение-junction )

Электр энергиясын өндіретін машина қалай аалады? (генератор –генератор- generator)


3 кезең ғажайып алаң


Жалпы электротехника және электроника негіздері

сызу

информатика

стандарттау және метрология негіздері

металдар технологиясы

техникалық механика

10

10

10

10

10

10

20

20

20

20

20

20

30

30

30

30

30

30


Жалпы электротехника және электроника негіздері

10 - Механикалық энергия, күн энергиясы, химиялық энергия, атом энергиясы және жарық энергиясы қандай топқа жатады? (Табиғи энергия)

20 – Кернеу трансформаторларының екінші реттік орамасында ЭҚК қалай пайда болады? (Бірінші реттік орамадағы магнит ағынының әсерінен)

30 –Айнымалы ток электр тізбегіне реактивті элемент катушка қосылғанда, ток пен кернеудің арасындағы векторлық диаграмма қанша градусқа ығысады? (кернеу токтан 90 С қа озып отырады)

сызу

10- Көз мөлшерімен, масштабсыз, құрал-жабдықсыз қолмен орындалған сызба түрін атаңыз? (эскиз)

20 – Қабаттасқан қиманың кескіні қандай сызықпен кескінделеді? (Тұтас жіңішке сызықпен)

30 –Сызбаның штрихталған жеріндегі өлшемдер (сандар белгілер) қалай қойылады немесе көрсетіледі? (Өлшем сандар –белгілер қойылған жерге штрихтау және осьтік сызықтар сызылмайды.)

ИНФОРМАТИКА

10 – Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

20 – Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

30 – Операциялық жүйенің қызметі? (Компьютерлердің бүкіл жұмысын, пайдаланушы мен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, сұрату бойынша түрлі қызметтерді атқарады)

стандарттау және метрология негіздері


10 – Стандарттауда қандай әдістер қолданылады? (Стандарттаудың 6 әдісі бар:стандарттау объектілерін ретке келтіру, кешенді стандарттау, параметрлік стандарттау, агрегаттау, өнімді сәйкестендіру, стандарттаудың болжауға негізделген әдісі)

20 – ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда СИ Халықаралық бірліктер жүйесін қолдану қай уақыттан бастап міндеттелді? (1980 жылы)

30 –Мемлекеттік метрологиялық қызмет қай заңның негізінде іске асырылады? («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы)


металдар технологиясы


10- Болат пен шойынның айырмашылығы неде? (көміртегінің мөлшерінде)

20- Болат өндірудің Мартен әдісін кім және қай жылы ойлап тапқан? (Пьер және Эмиль Мартендер)

30- Металдар технологиясы пәнінің жол машиналары және автомеханика мамандығымен байланысын айтып беріңіз. (Автомобиль бөлшектері көптеген материалдардан жасалады. Соған сәйкес оларды қалпына келтіру кезінде әртүрлі жөндеу материалдары пайдаланылады. Керекті немесе басқа материалдарды сауатты түрде қолданып пайдалану үшін олардың негізгі қасиеттері мен сипаттамасын білу қажет.Металдарды ұтымды таңдай білу құрылманың беріктілігін қамтамасыз етеді.Өзіндік құнын арзантады, еңбек өнімділігін арттырады).



техникалық механика

10- Подшипниктердің түрлері. (сырғанау және домалау)

20-Қос күш дегеніміз не? (бір-біріне параллель , бағыты қарама қарсы, модулі тең екі күш)

30-Ажырамалы қосылыстардың түрлерін ата. (болт-гайка, шпонкалы, шлицті, винтті қосылыстар)


Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.


4 кезең ЖОРҒА


Әр бір нақты жауапқа 1 баллдан беріледі.


1-ші топ сұрақтары:


  1. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

  2. Шойынды қайта балқыту кезінде қандай қорытпа алуға болады? (Болат)

  3. Сызба орындалатын негізгі пішімдерді (форматтарды) атаңыз (А4, А3, А2, А1, А0)

  4. Ішкі күштер қалай анықталады? (қима әдісімен)

  5. Сызба қаріптерін жазу барысында, олардың горизонталь сызыққа орналасу бұрышы қанша градусқа тең болады? (750)

  6. Төрт бұрыштың ортасы қалай анықталады? (диогональ жүргізу арқылы)

  7. Оңай балқитын металл. (қалайы)

  8. Күнделікті тұрмыстық техникада және өндірісте кең қолданысқа ие болған мыс қорытпаларын атаңыз.( жез және қола)

  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

  10. Ең зиян элемент. (уран)

  11. Диаметр өлшемінің жартысына тең өлшем қалай аталады? (радиус)

  12. Тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды не деп атаймыз? (өлшеу)

  13. Жеңіл көліктердегі генератор кернеуінің шамасы қандай болады? (12 В)

  14. Айнымалы токтың жиілігі қанша? ( 50Гц)


2ші топ сұрақтары:

1 Диаметр дегеніміз не? (тесіктің, жұмыр заттардың, шеңбердің өлшемі.)

2. Шығарма сызық стрелканың шетінде қандай ұзындыққа шығуы керек? (2...3 мм)

3. Генератордың қызметі? (Электр энергиясын өндіру)

4. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

5. Трансформаторды ойлап тапқан ең алғашқы ғалым (Яблочков)

6. Тірек реакциясын анықтау шарты. (тепе-теңдік теңдеуді құру)

7. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

8. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)

9. Шойын өндіретін пешті атаңыз. (Домна)

10. Электр локамативтеріндегі қозғалтқыштардың қуаты қанша? (450-550 кВт)

12. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

13. Екі нүкте аралығында неше сызық жүргізуге болады? (1)

14. Жартылай көрініс пен жартылай тіліктібөлуді сызықтың қай түрімен кескіндейміз?(Үзік нүкте)



Сабақты қорытындылау.

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды сайысы «Кәсіптік пән көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз

Құрметті оқушылар болашақта сапалы бәсекеге қабілетті техникалық білімі бар маман боламын десеңіздер бүгінгі сабақта көрсетілген кәсіптік пәндерді жетік меңгеру қажеттігін айта отырып, сіздерді аталған пәндер бойынша сапалы білім алуға шақырамыз.



Қолданылған әдебиет:

  1. М.Қ.Қайырбаев, В.И.Полищук «Электротехника негіздері және жалпы автоматика» Алматы – 2007ж

  2. В.Е.Китаев, «Жалпы электротехника және электроника негіздері» Алматы 1991ж

  3. П.М.Иванов, И.А.Данилов «Общая электротехника с основами электроники» Москва, высшая школа 1986г






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров248
Номер материала ДВ-325601
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх