Инфоурок Другое Другие методич. материалыИнтеллектуалды сайыс "Жастар және интеллект"

Интеллектуалды сайыс "Жастар және интеллект"

Скачать материал

          «Жастар және интеллект»  тақырыбында  интеллектуалды  ойын

Мақсаты: Екі топты жарыстыра отырып, Қазақстан тарихынан өткен материялдарын қайталату,тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,еркін сөйлеуге ,еркін ойлауға,өздігінен және топпен жұмыс жасата отырып,бәсекеге қабілетті білімді, мәдениетті азамат етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: Халық қаһарман портреттері, компьютермен слайдтар дайындау, аудио және видео жабдықтар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Бұл білім сайысына 1 курс оқушылары қатысқалы отыр. Яғни С-15-9, Э-15-9, Қ-15-9, Тж-15-9,Мк-15-9 оқу топтары.  Олар өздерінің білімдерін ортаға салмақшы. Ойынымызға әділқазылық ететіндер:

Ойынның бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. «Тарих әлемі» (10 сұрақ)
2. «Сандар сыры»
3. Қарсыластың сұрағы (қарсыластар бір-біріне бес сұрақтан қояды)
4. Портрет және бейне сұрақ (портретте халық қаһармандарды тану )
5. «Эрудит» (әділқазылар алқасының сұрағы)
1-бөлім.  «Тарих әлемі»
Бұл бөлімде әр топқа 2 минут көлемінде сұрақтар қойылады, мұнда әрі дұрыс жауап саны және уақыт ескеріледі.
«Болашақ» тобына берілетін сұрақтар:
Ал ойынға қатысушыларға қойылатын алғашқы сұрақ?
1. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары //Үңгірлер
2. Жер бетінің күрт суый бастауы басталды // 100 мың жыл бұрын
3. Ғалымдардың айтуы бойынша бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы. // 2км.
4. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы: // "Шаньюи"
5. Ғұн державасының негізін қалаған // Мөде
6. XIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: // Монғол шапқыншылығы
7. 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа // Қарлұқ
8. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан // Абылай
9. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр // Сырым
10. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл: // 1841 жылы

«                 » тобына берілетін сұрақтар:
11. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық // Шаңырақ салығы
12. 1931-1933 жылдары республикада аштықтан қырылған адам саны: 2,1 млн
13. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: // 1867 ж. 11 шілде
14. ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана // Семейде
15. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған: // Әл-Фараби
16. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір //Тесіктас
17. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл // 1949 ж
18. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған // Д.А.Қонаев
19. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны // Өзен
20. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды //«Достастық» сөзімен

«Қыран» тобына берілетін сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар // 1845-1904 жж
2. Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала // Ырғыз
3. “Диуани лұғат ат-түрік”кітабының авторы // М.Қашғари
4. Белгілі ғалым, “Әлемнің екінші ұстазы” Әл Фараби өмір сүрді: // 870-950 жылдары
5. "Отырар апаты” // деген: 1218 ж. Шыңысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі
6. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:// Анна Иоанновна
7. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: // Құндағұлұлы, Қоштайұлы
8. Бөкей Ордасының территориясы: // Еділ мен Жайықтың аралығы
9. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл: // 1841 жылы

«              » тобына берілетін сұрақтар
10. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: // Облысты
11. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: // Ш.Уалиханов
12. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс: // Түркістан
13. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: // Қашғар сапарынан туған еңбегі
14. 1867 ж.11 шілдеде ІІ Александр патша бекіткен ереже: // «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже»
15. «Ұлы жұт» жылдары: 1930-1932 ж.ж
16. Соңғы Президент жолдауы қашан жарияланды?
17. Жолдау неше бағыттан тұрады
18. Қуғын-сүргін уақытында халықты қоныс аудару, қуу деген сөздердің мағынасын анықтайтын термин // депортация.
19. М. Әуезовтың «Абай» романының II томы // 1947 жылы жарық көрді.

20.

2-бөлім «Сандар сыры»
Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды. Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
3 саны
 Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
Ø
 Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
Ø
 Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
Ø
 Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
Ø
 Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/
Ø
4 саны
 Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
Ø
 Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
Ø
 Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
Ø
 Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
Ø
 Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/
Ø
5 саны
 Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
Ø
 Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
Ø
 Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
Ø
 Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
Ø
 Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/
Ø

7 саны
 Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
Ø
 Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
Ø
 Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
Ø
 Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
Ø
 Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/
Ø

3-бөлім «Қарсыластың сұрағы»
Мұнда әр топ қарсыластарына 5 сұрақтан қояды
4-бөлім Портрет және бейне сұрақ
Әр топқа 3 каһарман портреттері беріледі. Сол тұлғалар жайында мәлімет бересіздер
Болашақ тобына-Мәншүк Маметова, Талғат Бигельдинов, Сағадат Нұрмағанбетов.
Қыран тобына-Әлия Молдағұлова, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов
Ойлануға 1-2 минут беремиз (клип «балапан каз», келші-келші)
5- бөлім «Эрудит»
(әділқазылар алқасының сұрағы).
Мысалы:
1.Оқу орнымыздың  қай жылы құрылды? (          ж).
2. Қанша және қандай мамандық бойынша студенттер білім алады?
3.

4.

5.

6.
«Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»,-деп Әл Фараби айтқандай, тарихшы болу міндетті емес ал кез келген азамат өзінің тарихын білу міндетті. Біздің өткен өміріміз кешегі күніміз – Тарих. Олай болса бәсекеге қабілетті егеменді еліміздің азаматтарына лайық болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Құрметті топ жетекшілері  колледжде  ақпан айында

«Жігіт сұлтаны -2016» байқауы өткізіледі.  Байқау шарттары:

1 бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

2 бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

3 бөлім «Спорттық жарыс» (қол күрес)

4 бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

5 бөлім Сұрақ жауап  және  мақал мәтелдерден сайыс.

 Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

          Құрметті топ жетекшілері  колледжде  ақпан айында

«Жігіт сұлтаны -2016» байқауы өткізіледі.  Байқау шарттары:

1 бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

2 бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

3 бөлім «Спорттық жарыс» (қол күрес)

4 бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

5 бөлім Сұрақ жауап  және мақал мәтелдерден сайыс

 Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

                            

Тақырыбы:  «Жігіт сұлтаны»

1 – жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз..

2 – жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы  ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі  «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған.

1 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайып қырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

1)     Ахметжан Ардақ –С-15-9 оқу тобы

2)     Айдархан Сұңғат – С-14-9 оқу тобы

3)     Доскадиров Қайрат – Қ-15-9 оқу тобы

4)     Сартай Бағдаулет – Э-15-9 оқу тобы

5)     Маханбетали Нұршат – Қ-14-9 оқу тобы

6)     Мырзағали Дулат – Э-13-9 оқу тобы

7)     Сарсенбай Айбек – Г-13-9 оқу тобы

8)     Мәділханұлы Нұрәмірхан – ТЖ-15-9 оқу тобы

9)     Ишанқұл Муслім – Г-14-11 оқу тобы

10)Айтбай Қылышбек- Тж-13-9 оқу тобы

2 -жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,  дей келе с
айысымызды бастамас бұрын колледж директоры техника ғылымдарының кандидаты Исаев Мейрамбек ағайға сөз кезегін береміз.

1 –жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. «Жастар ресурстық орталығы» -ң аға кеңесшісі  Досмаханов Жанболат ағай

2. М.Ералиева атындағы Мәдениет Үйінің  үйірме жетекшісі  Нарымбетов Айтуған ағай

3. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тоқтамысова Дина апай

2 – жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1 бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

2 бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

3 бөлім «Спорттық жарыс» (қол күрес)

4 бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

5 бөлім «Сұрақ жауап  және мақал мәтелдерден сайыс»

2-жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын  Ерболат Айсұлудың тамаша әнін тыңдап алайық.

1 – жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

2 – жүргізуші:

Ей такаппар дүние

Мағанда бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы – деп, ақын ағамыз жырлағандай сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен  жігіттер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін. Ортаға бірінші номнрлі жігітімізді шақырамыз.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бірінші бөлімнің қорытындысын айтып өтсеңіздер.

1 – жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, екінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз

2- жүргізуші:

Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы - дей келе 3-бөлім «Пародия» сайысы . Ортаға жігіттерді кезекпен шақырайық.

1 – жүргізуші:

Ер өнері білінбес

Қоян қолтық алыспай

Күш өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай – дей отырып, сайысымыздың «Спорттық жарыс» деп  аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында қол күрес сайысы. - Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

Ән: Құдайберген Нұрым

2 – жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп  «Сұрақ жауап және мақал мәтелдер сайысы»  деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы бойынша сұрақтар беріледі. Кеспе қағазға сұрақ беріледі. (Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,  қыздарының қазақ биін қарсы алыңыздар.)

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бесінші бөлімінің қорытындысын айтып өтсеңіздер.

1– жүргізуші:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.

ӘН: Мырзағали Дулат

БИ:

2 – жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне  тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп колледждің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.( әділ қазы келеді)

1 – жүргізуші:

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған жігітті

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

2– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

 

 

Тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.

Байқауға қатысатындар: оқушылары

Байқау барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

1 – жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

2 – жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайып қырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

2 –жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

1 – жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1 бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

2 бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

3 бөлім «Спорттық жарыс» (қол күрес)

4 бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

5 бөлім «Сұрақ жауап  және мақал мәтелдерден сайыс»

2 – жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен  жігіттер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бірінші бөлімнің қорытындысын айтып өтсеңіздер.

2 – жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, екінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз

1- жүргізуші:

Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы - дей келе 3-бөлім «Пародия» сайысы . Ортаға жігіттерді кезекпен шақырайық.

1 – жүргізуші:

Әй, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт.

Атыңа ерік бер, жігіт.

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Спорттық жарыс» деп  аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында қол күрес сайысы. - Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

2 – жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Сұрақ жауап және мақал мәтелдер сайысы»  деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы бойынша сұрақтар беріледі. Кеспе қағазға сұрақ беріледі. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,  қыздарының қазақ биін қарсы алыңыздар.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бесінші бөлімінің қорытындысын айтып өтсеңіздер.

1– жүргізуші:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.

2 – жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп колледждің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

1 – жүргізуші:

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған жігітті

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

2– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны – 2016ж»

2. «Дарынды жігіт»

3. «Сегіз қырлы, бір сырлы - жігіт».

4. «Өнерпаз жігіт»

5. «Шешен жігіт»

6. «Алғыр жігіт».

7. «Шымыр жігіт».

 

 

 

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Мақсаты:

  1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
  2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
  3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.

 

Байқау барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады

1 – жүргізуші:

Құрметті  оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтпекші.

 

2 – жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

 

1 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!

 2 – жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1

1 – жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

 І бөлім «Тегімді менің сұрасаң…» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім «Құралайды көзге атқан»  мергендігін сынау  сайысы.

ІV бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.

 2 – жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, — дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

 1 – жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Өзін таныстыру

2 – жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді!» деп шіркінге, — дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

Өз өнерін көрсету

1 – жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.

Сұрақ-жауап сайысы

2 – жүргізуші:

Би болатын Жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар Жігіттің,

Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.

 Мерген

2 – жүргізуші:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, «Қаражорға» биін билейік.

 1 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

 2 – жүргізуші:

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

  1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
  2. «Дарынды жігіт»
  3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
  4. «Өнерпаз жігіт»
  5. «парасатты жігіт»
  6. «Алғыр жігіт».
  7. «Шымыр жігіт».
  8. «Шешен жігіт»

9.«Батыр жігіт»

  1. «Биші жігіт»
  2. «Әнші жігіт»

 

 

1– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» байқауы Жүргізуші: Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым! Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз. Музыка. Жүргізуші: Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін Сезімтал мен зерегін таразылап көретін Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін. Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1. 2. Жүргізуші: Арыстандай бабалар жолын қуған «Баба жолын – ұлылық» деп ұғындырған Сұлтандарға қарасаң елестейді Айбарлы да айбатты Абылайхан,- деп құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттерімізбен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Күй «Адай». 1 - нөмірлі Қожабаев Жандос 9в 2 - нөмірлі Акешев Имәнәлі 8а Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен таныстыра кетейін: Сайыскерді таныстыру. Сұрақ-жауап. Өнер Үйге тапсырмасы Сән үлгісі Кір тасын көтеру. Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 3 - тік жүйемен белгіленеді. Бастайық, сынайық біз тарландарын Әр сыныптың сымбатты арландарын Таныстыру ретімен бола берсін Кезек күтіп, дайындал, қалғандардың!,- деп жігіттерді сахнадан қошеметтеп шығарып саламыз. Ортаға білім сайысына түсуге барлық сайыскерлерді шақырамыз. /Конверт таратылады/. Ойлануға 1 минут уақыт берілді. Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек,- дегендей ендігі кезекте үй тапсырмасы - қолөнер сайысы. Әр сайыскер өзінің қолдан жасаған бұйымын көрсетіп, қорғайды. - Тарландарымыз келесі сайысқа түсуге дайындала берсін, құрметтеп шығарып салайық. Музыка Жүргізуші: Күлкі жайлы көп айтылады. Дегенмен оның адам өмірінде алар орнына қарай әділ бағаланса ләзім. Ол көңіл көтере отырып, ой тастайтын болса тіпті керемет емес пе?. Ендеше, сахнаға Еркін мен Мадиярды шақырамыз. Көрініс. Сайысымыздың келесі бөлімі «Сән үлгісін көрсету». Жүргізуші: 1. Мына алдарыңыздағы сән үлгісі «Дүниенің төрт бөлігін кезіп, жерұйық іздеген Қорқыт бабаның» бүгінгі ұрпағының образы. Қазақ елінің қайтсем жақсы өмір сүруге жетелеймін деген салиқалы ойдан туындаған сән үлгісі - түлкі, қарсақ терілерін қиюластыра әсемдеп жасалынған, әрі жылы, әрі қонымды. 2. Алдарыңызда қазақтың шабандоз жігітінің киімі. Қазіргі заманда спорттық жарыстарға шыққанда киюге қолайлы. 3.«Қазақ осы биік тұлғалы» деген, Есік қорғанынан табылған Алтын адам бейнесі. Жақұттай жалтылдаған бас киім, ақ түсті жейде, жайлы да төзімді өкшесіз мәсі тектес етік. Бұл сән үлгісі - әлемнің әр түкпірінде өз маңызын жоймайды. Жүргізуші: Көп рахмет. Енді әділ қазылар алқасынан сұлтандардың ұпайының санын сұраймыз. 1 - нөмірлі Жандостың ұпайы Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер Жүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді. Сахнада 1 - нөмірлі Қожабаев Жандос, 2... Жүргізуші: Дархан, Рустам, кел бері, Ортаға шық, ілгері! Шырқаңдар да билеңдер, Жастық шақтың гүлдері! Музыкалық номер: Қалалық «Замана бұлбұлдары» байқауының жүлдегері - Желібаев Дархан мен Ахметов Рүстем Енді қазылар алқасы сұлтандардың бағасын берсе. ... Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың ең соңғы шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер. Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жігіттері кәміл шықты Білім мен тапқырлықтың сайысында Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, алдарыңызда Ғалымбек Сабина өнерін көрсетеді. Жүргізуші: «Батыр болған бабамнан Ел қорғауды үйренген Ару болған анамнан Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз. Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. (Сегіз қыз лента алып шығады) Жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасын Қанаттарың талмасын Жаман адам кез келмесін Аяқтардан шалмасын Жігер болсын көздеріңде Қатардан еш қалмаңдар Шат заманда, сүйікті елде Биіктерге самғаңдар!

Шығыс Қазақстан облысы,Риддер қаласы
«№14 орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып м
ұғалімі:
Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
ІІ-санатты.

«Жігіт с
ұлтаны »
Ма
қсаттары: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру.
Аналар к
үніне орай 3-сынып ұл балалар арасында сайыс өткізіп,сезімін ояту, дарындылығын дамыту.
Ту
ған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап онан әріқарай жалғастырып тәрбиелеу.
К
өрнекілігі : Суреттер,шар,гүл,көгершін,қанатты сөздер,төсбелгілер.
Т
әрбие сағатының барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Кіріспе с
өз.
ІІІ. Сайысты
ң барысы (Сайыс-байқау)
1. Таныстыру
2.
Үй тапсырмасы
3. Ата-аналар сайысы 3 слайд
4. Ой тол
ғау
5.
Өнер сайысы
6. Спорт сайысы
І
Ү.Қорытындылау кезеңі.
І.кезе
ң:Ұйымдастыру:Оқушылар мен ата-аналарға амандасу. Орын орындарына отырғызу.
ІІ кезе
ң: Кіріспе.
Құрметті ата-аналар сіздерді 8 наузыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймызүгін біздің жігіттеріміз өз бақтарын сынауға сайысқа түскелі отыр.Сайыста 6 кезең бойынша сыналатын болады.
Сайыс
қорытындысында нағыз «Жігіт сұлтаны - 2012»номинациясына лайықты ұлдарымызды және ата-аналарымызға « Шебер отбасы »номинациясын әділқазы алқалары анықтайды.Әділқазылар алқасы:
1 сынып.
2 сынып
Мектеп
әкімшілігінен:
.
ІІІ.кезе
ң: Жүру барысы.
1-бастаушы:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныбының «Жігіт сұлтаны» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!
1-ж
үргізуші: Уа,халайық,халайық.
М
ұнда назар салайық
Ата-жолын жал
ғайық
Ел д
әстүрін қолдайық.
Ұлдар шықсын ортаға
Б
үгін сұлтан атанбақ.
2-бала Береке де осында,
Мереке де осында.
Болыпжатыр той-думан
Қырандардыңқосында.
Ән: 1. Туған жер (5 слайд)
1-ж
үргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-сайыскер – __Ас
қарұлы Дүсіпхан Әлішер
2-сайыскер - __Жарыл
қасынұлы Бауыржан
3-сайыскер –Ержан
ұлы Рақымжанов Айдос
4-сайыскер- _________________Кандалинов Диас 6 слайд
5-сайыскер- ___Азамат
ұлы Ізбасаров Әнуар
6-сайыскер-___
Құндызбекұлы Пушанов Ислам
7-сайыскер- ____
Әсетұлы Ерасыл
8-сайыскер- Айт
қазы Жаннұр
3- бала : А
қыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отыр
ған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып
өтеді.
1-ж
үргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.
1.Таныстыру кезе
ңі:(7-8-9 слайд)
Ән: 2. Ертегілер
4-бала. Жылда-жылдар тарихты
ң мол беттері,
Сен
әкелген жақсылықтар көп тегі,
К
өңілді шат сезімге баурайды.
Хал
қымыздың өткені мен ертеңі, дей отырып 3-кезең Үй тапсырмасына кезек беріледі..
М
ұғалім:Үй тапсырмасына отбасылық буклет берілген екен олай болса қорғап шығайық.
2.
Үй тапсырма кезеңі: (10 слайд)
М
ұғалім: кезекте әсем әнмен тәтті күй құлақтан кіріп бойды алар
Ән:_3.Саржайлау
1-ж
үргізуші: Әдемі әннен кейін ата-аналарымызда құр отырмасын олай болса,ата-аналар кезегі.
3.Ата –аналар сайысы:1.Т
үрлі түсті қағаздан кол өнерін көрсету.Шеберліліктерін таныту.
Би:
Қыздар тобы. (1 слайд)
2.. Сызы
қ бағытымен екі әріп тастай отырып,
ма
қал құрастыр.
Жа
қсы ата орман, жақсы бала қорған
5- бала Ей жігіттер!
Сендергеартарміндетк
өп.
К
өтербиікатасалтынқұрметтеп
А
қтайбілсеңата-баба үмітін
Әрбірсөзі – тәлімі мол бірмектеп.
1-ж
үргізуші: Келесі
4. Ой тол
ғау кезеңі: Ұлдарымыз таңдаған суреттері бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Т
өрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Т
үйе – Ойсылқара
2. Жыл
қы – Қамбар ата
3.
Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зе
ңгі баба
2. Атты
ң ер-тұмандарынанелержатады?
Ж
үген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
.3.
Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1.
Қаңтар 7. Шілде
2. А
қпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9.
Қыркүйек
4. С
әуір 10. Қазан
5. Мамыр 11.
Қараша
6. Маусым 12. Желто
қсан
4.
Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық,
Бесікке салу,
қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар
5.Т
өрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жыл
қы - құлын
ІІ. Сиыр - б
ұзау
ІІІ.
Қой – қозы
І
Ү. Ешкі – лақ
6. Жырт
қыш құстардың атын ата.
Б
үркіт, лашын, қыран, қырғи.
7. .
Үш ұғым туралы сұрақтар
1.
Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2.
Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3.
Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
8.
Қазақша аптадарды ата.
Д
үйсенбі бейсенбі
Сейсенбі Ж
ұма
С
әрсенбі Сенбі
М
ұғалім: Жақсы бірінші тапсырмамыз орындалды енді аналарымыздың жауаптарын тыңдайық.
6 -бала. Ас
қақтаған ән дайын,
К
үмбірлеген күй дайын.
Ал,
қанеки, қырандар
Бос
қа қарап тұрмаңдар
9-бала. Мы
қты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тап
қырлықты танытар
Б
ұл сыннан өтсең егер сүйінші
Ж
үлдесенде,қуанаберкүлімде – деп
Келдікезектап
қырлықтытанытар.
(13 слайд)
Әртүрлі сұрақтар
Ән: 4._Айналайын
5.
Өнер сайысы: (15,16,17 слайд)
7-бала. : Ат
өнері білінбес,
Б
әйгеге түсіп жарыспай. 18 слайд
Ер
өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
6. Спорт сайысы: 1. Білекк
үшінсынау.
М
ұғалім: Шаршағанымызды әуезді әнмен басып алайық.
Ән:_Ана туралы жыр Хор (19 слайд)
(
Ұлдар мен қыздар аналарына сыйлықтарын табыстайды.Содан кейін қыздарға сыйлықтарын береді)
10-бала. : Жылдар-жылдар тарихты
ң мол беттері,
Сен
әкелген жақсылықтар көп тегі.
К
өңіліңді шат сезімге баурайды.
Домбыра:_К
үй
(4
ұл әділқазыларға сыйлық табыстайды.)
(
Әділқазылар бағасын шығаруға уақыт беріледі.)
Ата-аналарды
ң баласына деген жақсы тілектері:______________________
Балаларыны
ң ата-анасына айтар лебізі._______________Слайд
Әділқазы алқасына сөз кезегі._______________________________
І
Ү.кезең. Қорытынды.
)
М
ұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды.

 

 

 

 

 

Менің көмекшілерім 1-жүргізуші Пирназарова Дана мен 2-жүргізуші Арыстанбекова Айнұр.
1-ж
үргізуші: «Әлем аруы», «Азия аруы», «Қазақтың аруы» тағы басқа әр түрлі сайыстардың дағдыға айналуы өте қуанарлық нәрсе.Бұл сайыстардың мақсаты қазақ қыздарына тән қадірлі қасиеттер; әдептілік,ізеттілік, сыпайылық,ұстамдылық пен инабаттылықты дәріптеу, жастарға үлгі –өнеге ету еді.Ал,бүгінгі кезек жігіттерімізге берілгелі отыр.
2-ж
үргізуші:Сыналар, ер жігіттер,келді кезің,
С
әулең болса,бермен кел,талапты ерің.
Жан
құмары дүниеде немене екен
Соны білсе
ң,әрнені білдіргенің-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,
б
үгінгі «Бала сұлтанына» қатысқалы отырған жігіттеріміз әдеп-ғұрып төңірегіндегі біліктілік,ақыл-парасаттылық,өнер-жігерлік пен батырлық саласында күш сынасып,тапқырлық көрсетуі керек және де ана тілін қастерлейтінін байқау.
1-ж
үргізуші:Орысты да,татарды да туыс ет,
Ж
ұрттың саған болмасыншы бірі шет.
Ұлы Абайдың уланбасаң жырына
Онда
қазақ болмағаның інішек.
Болаша
ққа батыр керек сенімді,
К
өгертетін көсегеңді,жеріңді
Тілді
ұмытсаң ,ұқпағаның еліңді,
Тілді
ұқпасаң,ұқпағаның анаңды.-деген ақын Тұманбай Молдағалиевтың бұл шумақтары сайыскер жігіттерімізге арналады.
2-ж
үргізуші: Ал, енді мейрамның қонақтары!
Сайысымызды бастамас б
ұрын кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1-ж
үргізуші:1-ші кезең «Таныстыру» Жігіттер өздерін таныстырады.
2-ж
үргізуші:2-ші кезең жігіттеріміздің білімділігін байқау. «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.
1-ж
үргізуші:3-ші кезен «Атадан қалған асыл сөз» яғни, мақал-мәтел сайысы
2-ж
үргізуші:4-ші кезең «Қазақтың тыйым сөзі»
1-ж
үргізуші:5-ші кезең «Күш сынасу»
2-ж
үргізуші:6-ші кезең жігіттеріміздің байқампаздығын анықтау ойын-сайысы
1-ж
үргізуші:7-ші кезең «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету.
2-ж
үргізуші: Құрметті достар! Сайысты сарапқа салып бағалау ұшін, әділ-қазы алқасымен таныстырайын.
1-ж
үргізуші:Абдубайтова Фарида апай тәрбие ісінің орынбасары
Ембергенова Балжан апай бастауыш сынып м
ұғалімі
2-ж
үргізуші:Болатбекова Салтанат апай кітапхана меңгерушісі
К
үзербаева Эльмира апай өзін өзі тану пәнінің мұғалімі
1-ж
үргізуші:Ал,енді сахна төріне сұлу да сымбатты,сыпайы да ұстамды,өрелі де өнерлі жігіттерімізді шақырамыз.
2-ж
үргізуші:Көрсең біздің Алматты,
Спортшы
өзі жан-жақты.
«Гол со
ғам» деп қуалар,
Жел айда
ған қаңбақты-деп 1-ші нөмірлі Куантай Алматты ортаға шақырамыз.
1-ж
үргізуші:Назарбай әнші жезтаңдай,
Орта
ға шығар жасқанбай
Ты
ңдайды жұрт ынтығып,
Құмары қанып,ес қалмай- деп ортаға 2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайды шақырамыз.
2-ж
үргізуші: Біздің Арман інісін,
Тым жа
қсы көреді.
К
үн сайын есебін,
Шы
ғарып береді-деп ортаға 3-ші нөмірлі Сейтназар Арманды шақырамыз.
1-ж
үргізуші:Бағалауда әр рет,
Талайдан озды
Ғалымжан.
Ретті,таза ,
қадірлеп
Ұстайды кітап,дәптерді-деп ортаға 4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанды шақырамыз.

2-жүргізуші: Қазақ елін тәуелсіз боп танылған,
Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.
Көрерменге көрсететін өнерін,
Сайыскердің бірі ортада Абылайхан –деп ортаға 5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханды шақырамыз.
1-жүргізуші: Асылбек үйінің,
Үлкені перзенттің
Сабақтан кейде «5» алып
Қуандырып жүреді-деп ортаға 6-шы нөмірлі Асан Асылбекті шақырамыз.
2-жүргізуші: Су да құйып көшетке,
Жем де берер көжекке
Анвар біздің елгезек,
Жарағалы әжетке.-деп ортаға 7-ші нөмірлі Араббаев Анварды шақырамыз.
1-жүргізуші:Бірінші партада отырып ап,
Тынышсыз еді бұл бала.
Сабақты жаһқсы оқиды,
Дауранбек деген ұл бала.-деп ортаға 8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбекті шақырамыз.
2-жүргізуші: Жолдарың болсын!Сәт-сапар жігіттер!
1-жүргізуші:Сайысымыздың 1-ші кезеңі Таныстыру
1-ші нөмірлі Куантай Алматтың таныстыруы:
Бас иіп сәлем берем баршаңызға,
Бас ию ежелден болған халқымызда .
Куантай Алмат мен боламын,
Руым Есенгелді, шыққанбыз кіші жүзден.
Әрқашан әділдікке басымды ием,
Бәйтерегім саялы Галия анам.
Алтынбек асқар тауым,аяулы әкем,
Қатысамын «Жігіттер сұлтаны» байқауына.
2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайдың таныстыруы:
Ізетпен сәлемдесу адамдыққа бастайды,
Жаратқан ұрпағының адал ісін қостайды.
Басымды иіп сәлем бердім бәріңе,
Әділ қазы шын жүйріктің бұл бәйгеде растайды.
Джолдасбаев Назарбай мен боламын,
Жарық күнде сәуле қуған мен балаң.
Ұстаздарым үмітіңді ақтармын,
Сіздерге де көкте өшпес жол салам.
3-ші нөмірлі Сейтназар Арманның таныстыруы:
Сейтназар Арман мен боламын,
Биыл мен тоғыз жасқа толамын.
Әкем Жаңабай мен шешем Еркінайдың,
Сүйікті ұлы болу бір қалауым.
Бұл сайысты көптен мен күткен едім,
Қырдың қызғалдағы мен көктеммін.
Мақсатым биіктен көріну
Мен сол үшін маңдай терін төкекенмін.
4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанның таныстыруы:
Ассалаумағалейкум,дана халқым!
Құрметтеген халқымның ата салтын.
Ізетпенен бас иіп сәлем берем,
Тілеймін болсын мәңгі жүзің жарқын.
Таныстырып кетейін мен өзімді,
Тыңда халқым құлақ сал сөзімді.
Қанатұлы Ғалымжан мен боламын,
Болсам деймін нағыз жігіт қиындыққа төзімді.
5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханның таныстыруы:
Таныстырып өтейін мен өзімді,
Құлақ салып тыңдаңыздар сөзімді.
Мен боламын Өмірбекұлы Абылаймын,
Топқа түсіп бағым сынар, төзімді.
Білім нәрін тамызуда ұстаздар,
Ұстаз ұлы, ұстазымда ұстам бар.
6-шы нөмірлі Асан Асылбектің таныстыруы:
Жігіт сұлтаны сайысына келіп тұрмын,
Бойымда бар өнерді беріп тұрмын.
Ассалаумағалейкум жиылған жұрт,
Көзіңнен қуанышты көріп тұрмын.
Атым менің Асылбек
Қойған болсын асыл деп.
Неге асыл болмасқа?
Шыққан тегім асыл тек.
Ел үмітін ақтаймын
Қарап тыныш жатпаймын.
Айгүл апайдың әр сөзін
Жүрегімде сақтаймын.
7-ші нөмірлі Араббаев Анвардың таныстыруы:
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Амандасу сөз басы салтым менің.
Сәлем бердім қазылар алқасына
Әділ баға берсін деп баршасына.
Атым менің Анвар
Шыққан тегім тәжікті.
Айгүл апай үйреткен
42 әріпті.
Ұлтым басқа болса да,
Қазақ тілін оқимын.
Қазақтың салт –дәстүрін
Көкейіме тоқимын.
8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбектің таныстыруы:
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар аға-әпке,құрдастар
Жігіттің сұлтаны сайысына қатысқан жігіттердің,
Сөзіне құлақ салып тыңдаңыздар.
Қазақ батырларының жолын қудым,
Мәнін ұқтым қайсарлық пен батырлықтың.
Азатбаев Дауранбек мен боламын,
Алла бұйыртса ұстазымның төккен терін ақтармын.
2-жүргізуші:Қазылар алқасы ,таныстыру кезеңінің бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші: «Еңбек –ердің санаты,Білім-ердің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу,ақылды жігіт ата-ананың жанып тұрған шырағы емес пе?Олай болса келесі кезеңіміз «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап. Кезекпен қоржыннан асық алыңдар .Нөмірленген асық бойынша конвертті алады Конверттің ішінде 2сұрақтан бар.Ойлануға 3 минут.Дайын жігіттер жауап берулеріңе болады.
1 сұрақ:1.Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық»өлеңінің бір шумағын жатқа айт.2.1 км-де неше метр бар?
2 сұрақ: 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы,қай күні қабылданған? 2.1 жылда неше ай бар?
3 сұрақ: 1.Елтаңбаның авторы кім? 2.Зат есім деген не? Мысал келтір.
4 сұрақ: 1.Тудың авторы кім? 2.Неше тұс бар? Атап шық.
5 сұрақ: 1.Гимннің сөзін кім жазған? 2.1 т-да неше кг бар?
6 сұрақ: 1.Гимннің сөзін кім жазған? 2.Еңбек туралы екі мақал-мәтел айт.
7 сұрақ: 1.Т.Әубәкіров ғарышқа қай жылы,қай айда ұшты?
2.Ауаның қасиеттерін ата.
8 сұрақ: 1.А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5асыл. 5дұшпанды атап шық.2.Тірі табиғатқа не жатады? Оларға не қажет?
2-жүргізуші:Қазылар алқасы,сұрақ-жауаптың бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші: Утепберген Динараның тақпағын қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: «Атадан қалған асыл сөз» яғнй,мақал-мәтел сайысы.(жігіттер түгел шығып мақал-мәтел айтудан сайысады)
1-жүргізуші: Қазылар алқасы,мақал-мәтел сайысының бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Қазақтың тыйым сөзі,ұлттық тәрбие көзі»
.(жігіттер түгел шығып тыйым сөз айтудан сайысады)
1-жүргізуші: : Қазылар алқасы,тыйым сөз сайысының бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Күш сынысу» (күш сынасып болған соң)
1-жүргізуші: : Қазылар алқасы,күш сынасу сайысының бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Ер балалардың «Матростар биін» тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жігіттеріміздің байқампаздығын анықтау сайысы. (табиғат құбылыстарының белгілерін көрсету)
2-жүргізуші: : Қазылар алқасы,байқампаздығын анықтау сайысының бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші: «Жігітке жетпіс өнер аз»-дейді халқымыз.Өнерпаз болсаң-өр бол!Яғни,өнерлі болсаң таланты,мәртебең биік болсын деген ұғым бұл.
2-жүргізуші:Дауысың қандай сырлы еді.
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан,
Өнеріңді кәне,бүгін көрсетші-деп ,ең соңғы сайысымыз «Өз өнерлерін көрсету» сайысы.Ал,жігіттер, кезекпен өнерлеріңді көрсетіңдер.
1-жүргізуші:1-ші нөмірлі Куантай Алматтың «Анадай асыл мектебім»атты әнін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:2-ші нөмірлі Джолдасбаев Назарбайдың «Солдат болам мен ертең» әнін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:3-ші нөмірлі Сейтназар Арманның «Астана»өлеңін тамашалаңыздар
2-жүргізуші:4-ші нөмірлі Маденбай Ғалымжанның «Тамашадан үзіндіні» тамашалаңыздар
1-жүргізуші:5-ші нөмірлі Доксабинов Абылайханның «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:6-шы нөмірлі Асан Асылбектің «Отан туралы» өлеңін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:7-ші нөмірлі Араббаев Анвардың «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:8-ші нөмірлі Азатбаев Дауранбектің «Туған өлкем» өлеңін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Құлақтың құрышын қандырып,жүрегімізді әнмен,бимен тербеген өнерлі жігіттеріміздің бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша кезекті Жакупова Мерейлінің тақпағын тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:Келді бүгін ұлдарымыз байқауға,
Сыналып,үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы орында,
Берер деп әділқазы әділ баға,-деп жеңімпаздарды атау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.(әділқазы сөз сөйлеп болған соң,сайыскерлерді марапаттау)
Мұғалімнің сөзі: Осымен ашық тәрбие сағаты аяқталды.Қош,сау,болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

Жалғыз – жарым жігіттің шығар –шықпас жаны бар.

Адам болар жігіттің,

Жары өзіне лайық.

Керуен бастар жігіттің,

Нары өзіне лайық.

Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.

Шабан жігіт дегенше, жаман жігіт десеңші.

Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Шіренген жігіттің үйін көр.

Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

Есі бар жігіт елін табар,
Ессіз жігіт жаттың отын жағар.

Өзім білем жігіттің
Басына ойран салғаны;
Көп біледі деген жігіттің
Басына қорған салғаны.

Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады.
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап құртады.

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Жайсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал сап қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.
Жолдасы жігіттің, олжасы жоқ.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуалды сайыс "Жастар және интеллект""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 127 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2016 3788
    • DOCX 66.5 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсалбаева Нуркул Аманкелдикызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18761
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой