Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Интеллектуальды сайыс "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Интеллектуальды сайыс "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

библиотека
материалов

ХХІ ғасыр көшбасшысы


Мақсаты : 1) Оқушыларды өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.

2) Ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

3) Әр пәннен алған білімдерін дамыту.

4) Көшбасшы шығару.


Көрнекілігі : Плакаттар, қанатты сөздер, шарлар.

Барысы :


І. Ұйымдастыру

Жарысқа қатысатын оқушыларды тұрғызу.

Әділқазыларды тағайындау.


ІІ. Кіріспе

Жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және

сайысқа қатысушы сайыскерлер ! Бүгінгі « ХХІ ғасыр көшбасшысы » атты, білімді оқушы анықтайтын сайысымызға қош келдіңіздер !

Ал, келіңдер, келіңдер

Бір – біріңе еріңдер

Біліміңді тексеріп

Ойынға қатысып көріңдер,- деп бүгінгі ойынға қатысатын оқушыларды қарсы алайық.


1) Аружан біздің ақылды

Болған бізге шамшырақ,

Әлемге сен атыңды

Жарқырат, қызым, жарқырат.


2) Әрбір тілде адамдарды таң қылып

Сөйлеу білу ақылдығы заңдылық

Болсаңдағы Гүлназ біздің еркеміз

Жұлдызы бол өз халқыңның мәңгілік.


3) Адамдық борыш ар үшін,

Елдің мынау қамы үшін,

Парасат үлес қосқайсың

Болашақ елдің таңы үшін.

4) Лаула, балам Аманнұр сен де жарқыра,

Пайдаң тисін қазақ деген халқыңа.

Сегіз қырлы жігіт болып өскейсің,

Дәріптейтін ата – баба салтында.


Сайысымыздың жүрісі :


1) « Бәйге » ( ауызша сұрақтарға жауап ), ( 15 сұрақ – 5 ұпай)

2) « Көкпар » ( ауызша есептерге жауап ), ( 10 сұрақ – 5 ұпай )

3) « Дода »

4) « Қызықты сұрақтар » (20,30,40 ) ұпайына қарай

5) « Тамаша бестік » (1 сұрақ – 5 ұпай )

6) « Полиглот » ( жұмбақ шешу, қазақ - орыс тілдеріне аудару)

7) « Көшбасшы » ( жеке сұрақ ).

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз !


І – айналым « Бәйге »


( Мен сұрақ беремін, кім бұрын қолын көтерсе, сол жауап береді).

1) « Аққұс туралы аңыздың » авторы кім ? ( Шәмші Қалдаяқов )

2) Құстар қалай көбейеді ? ( жұмыртқа салу арқылы)

3) Ләззат Асанова кім ? ( Желтоқсан батыры )

4) Ахмет Байтұрсынұлы кім ? ( ақын, ағартушы ғалым )

5) « Өнер білім бар жұрттар » өлеңінің авторы кім ?

( Ы.Алтынсарин )

6) Абай аударған « Шегіртке мен құмырысқа » мысалын жазған кім ?

( Крылов )

7) Уақыт өлшем бірліктері қандай? ( секунд, минут, сағат )

8) Алфавитте қанша дыбыс, қанша әріп бар ? ( 42 әріп )

9) 1 метрде қанша дм бар ? ( 10 дм )

10) Қандай кенді « қара алтын » дейміз? ( мұнай )

11) ҚР – ның әнұранын жазған кім ? ( Ш.Қалдаяқов )

12) М.Мақатаевтың « Үш бақытым » деп отырғаны не ?

( Отан, халық , тіл).

13) 17+х=47 бұл не ? ( Теңдеу )

14) Жеңіс туын тіккен кім ? ( Р.Қошқарбаев )

15) Тұңғыш әліппе жазған кім ?( А.Байтұрсынұлы )



ІІ– айналым « Көкпар »


1) Түзу бойында 7 нүкте, сонда неше кесінді шығады ? ( 6 кесінді )

2) 3 тоннада неше кг бар ? ( 3000 кг )

3) Бір аптада неше күн бар ? ( 7 күн )

4) Жеті жүздік, бес ондық, тоғыз бірлік – қандай сан ? ( 759 )

5) Бір мүшел неше жас ? ( 13 жас )

6) Қабырғасы аз көпбұрыш атауы ? ( үшбұрыш )

7) Отбасында 4 ұл бала бар, апасы мен қарындасы бар. Отбасында

неше адам бар ? ( 6 )

8) 60 және 40 сандарының қосындысының 5 – ке бөліндісін есептеп

тап ? ( 20 )

9) Кез келген сан мен 0 –дің көбейтіндісінің мәні нешеге тең болады ?

( 0 – тең )

10) а + 3 бұл қандай өрнек ?( санды өрнек ).

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.


ІІІ– айналым « Дода »


Сары түс – гуманитарлық ғылымдар

Жасыл түс – жалпы ұғымдар

Қызыл түс – нақты ғылымдарға сұрақтар берілген.


Сары конверт :

1) Бір өркешті түйе қалай аталады ? ( нар )

2) Жұмыртқа баспайтын құс ? ( көкек)

3) Абай қай жерде туылды ?( Семей )

4) « Балалар журналы » не? ( балдырған )


Жасыл конверт :

1) Маңғыстаудың теңізін айт ? ( Каспий )

2) Жұмадан кейін қандай күн ? ( Сенбі )

3) Елтаңбадағы « Отан от басынан басталады » деген киелі ұғым

не арқылы бейнеленген ? ( Шаңырақ )

4) Ұлы Жеңіс күні қай күн ? ( 9 мамыр)


Қызыл конверт :

1) Ең үлкен үш таңбалы сан ? ( 999 )

2) Бір сағатта неше минут бар ? (60 минут )

3) Тоқтар Әубәкіров кім ? ( тұңғыш ғарышкер, ұшқыш )

4) Телескоппен нені зерттейді ? ( жұлдыздарды ).



ІV – айналым « Қызықты сұрақтар »


Екеуі арнайы сұрақтар, қалғаны бағдарламаға сай сұрақтар ұяшықтарда берілген. Ұпай саны ұяшықтарға қарай беріледі.( Бұл ойынды ұпайы аз ойыншы бастайды ).


20



20


20



30



30


30



40



40


40












Оң жақтағы 20 – қазақ билерін ата ? ( Әйтеке ,Қазбек, Төле би )

Сол жақтағы 20 – бір нүктеден сызылған түзу ( кесінді )

Ортадағы 20 – қазақтың батыр қыздары ? ( Әлия, Мәншүк )

Оң жақтағы 30 – құстарға қарап адамдар не ойлап тапты ?

( ұшақ)

Сол жақтағы 30 – ҚР – сы қай жылы тәуелсіздік алды ?

( 1991 жылы, 16 желтоқсан )

Ортадағы 30 – арнайы сұрақ. Бұл сұрақты сендерге қазақ радиосынан Жұмбақбай ата жіберіпті.

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның үзіліп,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі ( 4 жапырақ )

Оң жақтағы 40 – Екі қыз екі сағат тенис ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат тенис ойнады ? ( 2 сағат )

Сол жақтағы 40 – ҚР – ның Елтаңбасының авторы кім ?

( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов )

Ортадағы 40 – бұл сұрақты бізге мектебіміздің завучы Райса апай жіберіпті.

Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп:

- Мына бөшкенің ішінде не бар? – деп сұрады

- Немересі үңіліп қарап:

- Еш нәрсе жоқ қой, - деді

- Жоқ, балам, мұнда бәрімізге керекті зат бар.

Атасы нені жұмбақтап тұр. ( ауа )

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.


V – айналым « Тамаша бестік »


Қаза тілі : Етістіктің түрлерін ата ? ( негізі және туынды)

Математика : Мұз айдынында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы бар баланың

Санын айтшы ойланып. ( 9 бала )

Ана тілі : « Бір бала бар – атаға жете туады

Бір бала бар атадан туады

Бір бала бар кері кете туады »

Осы сөз қай бидікі ? ( Төле би )

Дүниетану : Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге

ауысуын не деп атайды ? ( жел ).

Бейнелеу өнері : Иллюстрация дегеніміз не ?

( кітапты безендірген сурет).


VІ – айналым « Полиглот »

( Жұмбақты шешіп, орысшаға аудару )


1) Тіршілік сыйлаған ,

Баршаға сыйлы жан. ( ана – мама )

2) Өзі сондай аппақ

Жесең оны тәтті – ақ . ( қант - сахар)

3) Жарқылдаған қос қылыш,

Қол тисе, жоқ тыныш. ( қайшы – ножницы )

4. Ақ көбік боп көпірген

Кепексізді кетірген. ( сабын – мыло )

5. Асты тас, үсті тас,

Арасында піскен ас. ( нан – хлеб )

6. Дөп – дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай

Дәмін татып көрсең

Одан дәмі жоқтай. ( алма )

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.


VІІ – айналым « Көшбасшы »


1) Денсаулық - зор байлық.

2) Табиғатты қорғау.

Осымен ойынымыз өз мәресіне жетті.

Қорытынды : Әділқазылар сөзін тыңдау. Ойыншыларды марапаттау.

« Көшбасшы » шығару.

Көрермендер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.

Қош сау болыңыздар.

Оқушыларға тілек : « 5 »- болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз, - деп сіздерге, білімдеріңізді сынап, ойынға қатысқандарыңызға көптен – көп рахмет.

Краткое описание документа:

                  ХХІ  ғасыр  көшбасшысы

 

Мақсаты :   1)  Оқушыларды  өз  бетінше  ізденуге  тәрбиелеу.

                      2)  Ой - өрісін,  ойлау  қабілетін  дамыту.

                     3)  Әр  пәннен  алған  білімдерін дамыту.

                    4)  Көшбасшы  шығару.

 

Көрнекілігі :  Плакаттар,  қанатты  сөздер,  шарлар.

 

                                Барысы :

 

І. Ұйымдастыру 

Жарысқа  қатысатын  оқушыларды  тұрғызу.

Әділқазыларды  тағайындау.

 

ІІ. Кіріспе

Жүргізуші  : Армысыздар  құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар   және

сайысқа  қатысушы  сайыскерлер ! Бүгінгі  « ХХІ ғасыр  көшбасшысы » атты, білімді  оқушы анықтайтын  сайысымызға  қош  келдіңіздер !

Ал,  келіңдер,  келіңдер

Бір – біріңе  еріңдер

Біліміңді  тексеріп

Ойынға  қатысып  көріңдер,- деп  бүгінгі  ойынға  қатысатын  оқушыларды  қарсы  алайық.

 

 

Автор
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров221
Номер материала 397047
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх