Инфоурок Дошкольное образование КонспектыИнтеллектуальная игра "Елім менің!" (Работа с родителями)

Интеллектуальная игра "Елім менің!" (Работа с родителями)

Скачать материал

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтарына арналған «Мәңгілік ел» бағдарламасы тақырыбында қашықтықтан өткізілген байқауға өтініш

 

Қатысушының толық аты –жөні:

 

Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы

Облыс,қала, ауыл

 

Семей қаласы

Номинация

 

Ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ата-аналардың қатысуы (ата-аналармен жұмыс)

Білім беру ұйымының толық атауы

ЖШС «Yu kids Island»

«Zhuldiz-Аrdak» балабақшасы

 

Ұялы телефон

 

8 777 994 11 94

Электронды пошта

 

toktarova.bakytgul@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интеллектуалдық ойын: «Елім менің»

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету. 

         Ойынның барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті педагогтар, балалар және қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елім менің» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

Ортаға ойынға қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырайық.

                                       Ойыншылар ортаға шығады.

 

Ойыншыларды екі топқа бөлу үшін, қызыл және көк фишкаларды қолданамыз.  Қызыл фишка алғандар 1-топ, көк фишка алғандар2-топ.

 

Психологиялық этюд: Екі топ шеңбер құрып ортаға тұрады. Бір топ шеңбердің ішінде, екінші топ шеңбердің сыртында. Музыка ойнап тұрады. Музыка тоқтаған кезде, екі топ амандасудың түрлерін мимикамен көрсетеді.

 

Әділ қазылар мүшелерімен таныстыру.

Жүргізуші екі топтағы ойыншыларды орындарына жайғасуларын сұрайды. (Алдын ала «Қырандар» және «Ұландар» деп екі топтың атаулары жазылып тұрады). Ойынға қатысушылар өздерін қысқаша танысытырып өтеді.

Жүргізуші: Ойынымызды бастайық. Ойын 6 бөлімнен тұрады.

(Тақтада алдын ала ойынның бөлімдері жазылып тұрады).

1-Бөлім. Тапқырлар. Онда Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерден сұрақтар қойылады. Жүргізуші мақалдың басын оқиды, ал қатысушылар соңын жалғастыру керек. Екі топқа бес-бестен сұрақтар қойылады. (Егер қойылған сұраққа қатысушылар жауап бере алмаса, қарсылас топтың қатысушылары жауап беруге болады).

 

«Қырандар» тобына сұрақ:

1.     Ел ұлсыз болмас, жер ... (гүлсіз) болмас.

2.     Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл).

3.     Ел ағасымен жарасады,

Киім ... (жағасымен) жарасады.

4.     Адам елінде көгерер,

Қоға ... (көлінде) көгерер.

5.     Әркімнің өз жері - ... (жұмақ).

 

«Ұландар» тобына сұрақ:

1.     Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының ... (тасы) болайын.

2.     Туған жердің күні де ыстық, ... (түні) де ыстық.

3.     Ел болам десең, ... (бесігіңді) түзе.

4.     Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген ... (қаз) болмас.

5.     Жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің ... (сақшысы) бол.

2-Бөлім. Құрастыру. Екі топқа бірдей бір сөз беріледі. Сол сөздегі берілген әріптерден Отан, туған жер, отбасы т.б. тақырыбындағы сөздерді құрау керек. Берілген сөз: «Отандастар».

Жауап: Отан, Отана, ана, от, дана т.б.

Ән: «Мен елімнің ертеңі» («Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілерінің орындауында)

 

3-Бөлім. Шашыраңқы әріптер.

Жүргізуші: Топ мүшелеріне  әріптер беріледі. Сұрақтар оқимын. Сол сұрақтардың жауабын берілген әріптермен көрсетесіздер.

«Қырандар» тобына сұрақтар:

1.     Балалар қыста қардың бетінде немен сырғанайды? (шана);

2.     Ең суық түс (қар);

3.     Нәрестені тағы да қалай атауға болады?(бала);

4.     Үйдің қоршауын қалай атайды? (қаша);

5.     Өскемен, Семей, Астана ... (қала);

6.     Қиын жағдайда іс- ... (шара) қолдану;

7.     Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. қатысқан партия атауы (Алаш);

8.     Жоғалып бара жатқан теңіз атауы (Арал).

         

«Ұландар» тобына сұрақтар:

1.     Төрт түлік малдың бірі (сиыр);

2.     Тауарды несіне қарап таңдаймыз? (сапа);

3.     Егістікте өсетін дәнді –дақылдардың бірі (арпа);

4.     Әркімнің өз үйі өзіне (пана);

5.     Жеміс түрі (анар);

6.     Жемқорлық (пара);

7.     Үсеннің серігі (Асан);

8.     Адамның ойлау қабілеті (сана).

 

4-Бөлім. Сұрақ-жауап.

Жүргізуші: Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.

«Қырандар» тобына сұрақ:

1.                     Халқымыздың қастерлі тойларының – бірі. Той қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта, ата-ана қуанышының айғағындай болған ... осы той өткізіледі.

Сұрақ: Бұл қандай той?

Жауабы: (Шілдехана).

 

2.                     Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып, сыйлы мүшелер салынып, ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең – жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

Сұрақ: Бұл дәстүр қалай аталады?

Жауабы: (Тоқымқағар).

 

3.            Үш санына байланысты не білесіздер?

Жауабы: Үш жүз – ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз – күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам – ой, ақыл, шешім. Үш із – бала, байлық, бақыт. Үш қадірсіз – жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі – ырыс, бақ, дәулет.  Үш тәтті – жан, мал, жар. Үш қуат – ақыл, жүрек, тіл.

 

«Ұландар» тобына сұрақ:

1.                 Сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр қалай аталады? Қалай рәсімделеді (қысқаша).

Жауабы: (Тұсау кесу).

 

2.            Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы ...  мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп,  ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың сол құрметіне байланысты шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Сұрақ: Салт-дәстүр қалай аталады?

Жауабы: (Атқа мінгізу).

 

3.     Жеті санына байланысты бірнеше атауларды атаңыздар.

Жауабы: Жеті жұрт – Үрім, Қырым, Қытай, тұран, шам, Мысыр, Шын-Машын.

Жеті қызына – ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйірік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық.

Жеті жетім – тыңдалмаған сөз, иесіз жер, киюсіз киім, басшысыз ел, жерінен айырылған ер, замандасы жоқ адам, аққу-қазсыз көл.   

Жеті ата – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті қат жер – тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көк өгіз, жер.

Жеті қат көк – Ай, Күн, Меркурий, Шолпан, Сатурн.

Жеті жұт – құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су, зілзала.

Жеті жоқ – жерде өлшеуіш, аспанда түйруіш, тасбақда талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ.

Табиғаттағы жеті қызына – көк аспан, Күн, от, су, ит, Жер, Ай.

Жүргізуші: «Сәулетай» ортаңғы тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Бүгін бізде мереке» атты әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: 5-Бөлім. Ойлан да тап. Ойында екі топтың қатысушыларына жеке сөздер беріледі. Әр топтың қатысушысы өз тобына берілген сөзді қимыл-әрекетпен көрсетеді. Топ мүшелері қандай сөз екенін жауабын айтулары керек.

Берілген сөздер:

«Қырандар» тобына сұрақ:

Бұлт. Арыстан. Блокнот. Мөр (Печать).

 

«Ұландар» тобына сұрақ:

Салют (от шашу). Флешка. Скейтборд. Тышқан (компьютерлік).

 

 

Жүргізуші: 6-Бөлім. Саз әлемі.

Бұл бөлімде өлең жолындағы сөздер шашыраңқы беріледі. Сол сөздерді құрастырып, қай өлең екенін айтып, топпен бірге әуендетіп орындау керек.

«Қырандар» тобына берілген өлең шумағы:

Нұрын төккен маған,

Шуағымсың – сен.

Құттықтаймын сені

Туған күніңмен.

 

«Ұландар» тобына сұрақ:

Анашым, шалқып күлсем,

Алдыңда ұзақ жүрсем.

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

 

Жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңнын жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

              Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Менің елім!» атты интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазы алқалары топтардың бағасын бергенше, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» атты әнімен ойынымызды аяқтайық.

              Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

              Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуальная игра "Елім менің!" (Работа с родителями)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.10.2016 514
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токтарова Бакытгуль Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токтарова Бакытгуль Кенесовна
    Токтарова Бакытгуль Кенесовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23033
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Создание музея в образовательной организации: теория и практика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательная система образовательной организации в современных условиях

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 862 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность повара в дошкольном образовательном учреждении

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе