Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Интеллектуальная игра "Менің Отаным Қазақстан"

Интеллектуальная игра "Менің Отаным Қазақстан"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың өз Отаны-Қазақстан Республикасы туралы туралы білімдерін ойын түрінде жетілдіру,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

-Оқушылардың өзінің ой пікірлерін сауатты түрде жеткізе білуі

-Оқушылардың Қазақстан Республикасы тіліне ,мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

-Оқушылардың ойлау, зейін қою,баяндай білуқабілеттерін дамыту.

-Оқушыларды тілді құрметтеуге ,туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Ойынның барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар,әріптестер,оқушылар!Бүгінгі наурыз мерекесі қарсаңында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың : «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да таза,білімді,жан-жақты мәдениетті,патриот азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»,-деген сөздерінен ғибрат алып, жасап жатқан жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыра берейік әріптестер!

Бұл ойынға әр мектептен білімі жағынан ең мықты,ең күшті деген оқушылар келіп отыр,біз оқушыларға сәттілік тілейміз!

I тур. «Бәйге»

Байқау 12 тест сұрақтарынан тұрады,әр оқушы тест сұрақтарына жауаптарын алдарында жатқан бетке жазады.

1.Өскемен қаласы қай облыста орналасқан?

А)ШҚО В)ОҚО С)БҚО Д)СҚО

2. «Ақ киімді денелі ,ақ сақалды....» кімнің өлеңінен үзінді

А) Ы.Алтынсарин В)А.Құнанбаев С)С.Сейфуллин Д)М.Жұмабаев

3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

1) 7 2) 3 3) 9 4) 2

4. –ға,-ге;-қа,-ке; қандай септіктің жалғаулары?

А) Атау септігі В)барыс септігі С)жатыс септігі Д) шығыс септігі

5. «қайда?» сұрағы қай сөз табының сұрағы?

А) етістік В)сан есім С)сын есім Д) үстеу

6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы?

А) бірінші В)үшінші С)төртінші Д)бесінші

7.Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

А)1941 В)1991 С)2013 Д)2030

8.Наурыз мерекесінің басты тағамы:

А) бауырсақ В) қазы С)бидай Д)наурыз көже

9.Қазақстандағы ең ұзын өзен?

А) Ертіс В)Есіл С) Іле Д) Жайық

10.Түйенің сүті қалай аталады?

А)Қымыз В)Айран С)Сүт Д)Шұбат



Оқушылар жауаптарын әділ қазылар алқасына өткізеді.

Мектебіміздің 7 сынып оқушысы Чернова Лиза «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін қонақтарға орындап береді.

(Бұл кезде оқушылардың жұмыстары тексеріледі)

II тур. «Жорға»

Әр оқушы 3 сұраққа жауап береді.

1оқушы.Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар?

Ауыз әдебиетінің түрлері

2 оқушы.Қазақ тілінде неше буын түрі бар?

Тұрмыс салт жырларының қандай түрлері бар?

3 оқушы. Б,в,г,ғ,д,ж,з қандай дыбыстар?

Төрт түлік малға не жатады?

4 оқушы. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?

5 оқушы.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

Қазақ ертегілері қандай топқа бөлінеді?

6 оқушы.А,О,Ы,Ұ қандай дыбыстар?

Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері кімдер?

7 оқушы.Ә,Ө,І,Е,Ү қандай дыбыстар?

Ыбырай Алтынсариннің қандай еңбегін білесің?

8 оқушысы.К,Қ,П,С,Т,Х,Ч,Ш,Щ ҚАНДАЙ дыбыстар?

Абай Құнанбаевтың өмір сүру жылдары қандай?

9 оқушы. Үнді дыбыстарды ата

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері қандай?

10 оқушы. Ұяң дыбыстарды ата

Бауыржан Момышұлы кім?

11 оқушы.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

«Кел ,балалар,оқылық!» кімнің өлеңі?

12 оқушы.Бітеу буынға мысал келтір

«Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?

Мектептің бишілерінің орындауында би.

2 ойынның қорыитындысы бойынша ұпай саны аз 6 оқушы ойыннан шығады.

III тур. «Полиглот» Мақалды толықтырып,керекті сөзді 3 тілге аудару (қазақтілі,орыс тілі,ағылшын тілі)

1. Ас атасы-..........

2. ......кеме,білім теңіз.

3. ......етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

4. .....теңгең болғанша,........досың болсын.

5. ... .-білім бұлағы,білім –өмір шырағы.

Отан туралы тақпақ. (6 сынып оқушысы)

3 турдың қорытындысы бойынша 3 оқушы ойыннан шығады.



IV тур. «Шешендік өнер»

Оқушылар өздері таңдап алған тақырыптары бойынша мәтін құрастырады.

Тақырыптары: «Менің Отаным-Қазақстан», «Астана-бас қала», «Шығысым –шұрайлым», «Риддер –менің қалам», «Наурыз-жыл басы», «Мемлекеттік тіл-менің тілім»

Қыдыр атаның батасы

Қорытынды















































«№16 орта мектебі» КММ







Қалалық



«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны









Ұйымдастырушылар: «№16 орта мектебі» КММ,қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері.



















2012-13 оқу жылы


Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-152527
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх