Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Интеллектуальная игра по математике на тему "Математика және Қазақстан тарихы" (11 классы)

Интеллектуальная игра по математике на тему "Математика және Қазақстан тарихы" (11 классы)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 9-10 сыныптар

Тақырыбы: «Математика және Қазақстан тарихы» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушыларға математика мен Қазақстан тарихы пәндерін байланыстыра отырып, еліміз тарихынан мағлұмат беру; жас жеткіншек бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру; оқушылардың белсенділіктерін арттырып, ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу; сөйлеу, логикалық ойлау, білгендерін айтып жеткізу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: парақ, проектор

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына орай мектебімізде 9-10 сыныпоқушылары арасында өткелі отырған «Математика және Қазақстан тарихы» аттты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Ойынға екі топ қатысады (ойыншылармен, қазылар алқасымен таныстыру)



Сергіту сәті

«Графикалық диктант»

Ойыншыларға сұрақтар қойылады. Ойыншылар параққа «иә» немесе «жоқ» деген жауаптардың орнына «^» және «_» белгілерді қою арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы – гипотенуза (ия)

  2. Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр (ия)

  3. tg x = cos x/sin x (жоқ)

  4. тақ сандар 2-ге бөлінбейді. (ия)

  5. Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. (ия)

  6. a2 + b2 = ( a –b) (a + b) (жоқ)

  7. 289 санының арифметикалық квадрат түбірі 17 – ге тең (ия)

  8. Sin 300 = 3/2 (жоқ)

  9. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда – диаметрі (ия)

  10. 1 – ге және өзіне бөлінетін сандар – жай сандар (ия)

Алынағн графиктегі әрбір шың ойын кезеңдерін білдіреді. Әр шыңның басында ойын кезеңінің бірінші әрпі жазылған. Ойын барысында командалар осы шыңның толық атауын тауып, тарихына тоқталады.

І. «Т» шыңы – Тәуелсіздік күні (16.12.1991ж)

Шыңның басындағы әріптен басталатын сөзді анықтау үшін ойыншыларға сұрақтар қойылады. Ойыншылар алынған жауаптардан күннің жадын құраулары тиіс.

.... – ең кіші натурал сан (1)

.... – ең үлкен екі таңбалы сан (99)

.... – ең кіші жай сан (2)

.... – ауданы 36 м2 болатын шаршының қабырғасы (6)

.... - = sin2 + cos2 ( 1)

.... – tg 450 (1)

Қазақстан – көпұлтты , тәуелсіз мемлекет. ҚР өз тТәуелсіздігін 1991 жыл 16 желтоқсанда жариялады. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер бекітілді. ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі.



ІІ «Р» шыңы – Рәміздер (04.06.1992ж)

  1. ҚР Әнұраны неше жолдан тұрады? (24 жолдан)

  2. ҚР Мемлекеттік Туында неше күн шапағы бейнеленген? (32)

  3. Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.



  1. Қара шаңырақ – ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

... – елдігім,

Елдің тыныш тірлігі. (Елтаңба)



Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көпұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.

ҚР Әнұранының авторлары: Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов

Мемлекеттік рәміздер бір жағынан – жас, тәуелсіз мемлекетті бейнелесе, екінші жағынан – тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті Отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.

ІІІ. «В» шыңы – Валюта (15.11.1993 ж)

Бұл ойын кезеңінде командалар кезекпен жауап беріп, шың атауын анықтайды.

  1. 1 $ = 120 теңге болса, 5$ қанша тұрады? (600)

  2. Ал 500$ неше теңге? (60 000)

  3. Қырғызстанның ұлттық валютасы? (сом)

  4. Мен Ресейге баруым керек. Егер 1 рубль = 5 теңге болса, 60 000 теңгеге қанша рубль сатып ала аламын? (12 000 рубль)

  5. Украинаның ұлттық валютасы? (гривен)

  6. 600 рубльдің 10% - і қанша теңге? (300 теңге)

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан тарихында ерекше күн деп айта аламыз. Себебі, ұлтымызды айғақтайтын тағы бір белгі теңгеміз айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды. Әр мемлкеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін айқындайтын нышан. Төл теңгемізге ұлттық қайраткерлерінің, батырлардың суреттері салынды. 1 теңгелікте – Әл-Фараби, 3 теңгелікте – Сүйінбай, 5 теңгелікте – Құрманғазы, 10 теңгелікте – Шоқан, 20 теңгелікте – Абай, 50 теңгелікте – Әбілхайыр хан, 100 теңгелікте – Абылай хан бейнесі салынған. Қазіргі күні бұл қағаз ақша металл түріне ауыстырылды. Ал, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 теңгелер қолданысқа енгізілді. Бұл теңгелерде Әл-Фарабидің суреті бейнеленген.



1995 жылы 19 мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ұлттық банктің банкнот фабрикасының ашылуы болды.

Өткен жылдың 11 қарашасында Астанадағы ұлттық банк VII қысқы Азиада ойындарына арнап монеталардың үш түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі ең үлкені салмағы 1 кг, диаметрі – 100 мм, 925 сынама күмістен жасалаған монета болып табылады. Бұл монета 225 дана етіп шығарылған.

Тағы бір типі 1,25 гр, диаметрі – 13,92 мм, 999 сыныма алтыннан жасалаған 8000 дана етіп шығарылған 100 теңгелік монета.

Монетаның 3-ші типі 12 жақты күмістен жасалған 500 теңге монета.



ІV. «К» шыңы – Конституция (30.08.1995 ж)





































































К

О

Н

С

Т

И

Т

У

Ц

И

Я





















































































































  1. Айналу денесі (конус)

  2. Нүктенің екінші координатасы (ордината)

  3. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (планиметрия)

  4. Тригонометриялық функция (синус)

  5. Негізгі геометриялық ұғым (түзу)

  6. Жазықтықтағы нүктенің бірінші координатасы (абсцисса)

  7. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  8. Жұп функция (косинус)

  9. Шеңберсызар (циркуль)

  10. Әлемнің жеті кереметінің бірі (пирамида)



Әр елдің ел екенін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Тәуелсіз мемлекетіміздің ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. ҚР-ның қазіргі Ата заңы 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. Ата Заң 9 бөлім, 98 баптан тұрады.



V «А» шыңы – Астана (06.07.1997ж)



Бұ л кезеңде ойыншыларға чайнворд шешу тапсырылады.

Чайнворд ағылш – chain – «шынжыр», word – «сөз». – алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатын етіп, бірінің соңына бірін тізбектей орналасқан сөздерді торкөздерге толтыру керек.





  1. a : b = c, мұндағы b - ...

  2. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер орны.

  3. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді.

  4. Дөңгелектің екі радиусының арасындағы бөлік.

  5. Санның жазылуындағы цифрдың алатын орны.

  6. Бір ғана шаманың әр түрлі сандық мәндерін көрнекі етіп көрсететін бағандар немес сектеорлар

  7. а-b=c, мұндағы с - ...

  8. а-b=c, мұндағы b - ...

  9. Ұзындық өлшем бірлігінің қазақша атауы

  10. Сызбада келтірілген өлшемнің нақты өлшемге қатынасы

  11. Бөлшектің жазылуындағы толық шаманың нешеге бөлінгенін көрсететін және бөлшек сызығының астына жазылатын сан

  12. Ауырлық өлшем бірлігінің қазақша атауы

  13. Көлемнің өлшем бірлігі

  14. Белгілі бір тәртіппен орналасу

  15. Теңдік емес

  16. Параллелепипедтің үш өлшемінің көбейтіндісі

  17. ... – ның негізгі өлшем бірлігі ретінде килограмм қабылданған.

  18. Ойын заты

  19. Екі орынды сан

  20. Ауырлық өлшем бірлігінің қазақша атауы

  21. Ұзындық өлшем бірлігінің қазақша атауы

  22. Заттарды санау

  23. Судан мұз пайда болатын құбылыс

  24. S=vt, мұндағы t - ?

  25. Теңсіздік емес.



















Жауаптары:

  1. Бөлгіш

  2. Шеңбер

  3. Радиус

  4. Сектор

  5. Разряд

  6. Диаграмма

  7. Айырым

  8. Азайтқыш

  9. Шақырым

  10. Масштаб

  11. Бөлім

  12. Мысқал

  13. Литр

  14. Рет

  15. Теңсіздік

  16. Көлем

  17. Масса

  18. Асық

  19. Қырық

  20. Қадақ

  21. Қарыс

  22. Санақ

  23. Қату

  24. Уақыт

  25. Теңдік























































5






21







11


12















22

4



















20





6















13




23





10







3








19









14




24


















15


18














2


7


9






25




















17

























1


8





16








Қазақстанның алғашқы астанасы болған Орынбор қаласы қазіргі таңда Ресей Федерациясының құрамында. 1925 жылы астана Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді. Астана қаласы ресми түрде 1998 жылы 10 маусымда ҚР астанасы деп жарияланды. Астанамыз күннен күнге көркейіп қарыштап дамып келеді. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» атағын алды және де әлемнің ең үздік 30 қалалаларының құрамына енді.



VІ «Е» шыңы – ЕҚЫҰ

Бұл кезеңде ойыншыларға логикалық тапсырмалар беріледі.

  1. «Бастаманың» авторы? (Евклид)

  2. 12+8 өрнегінің мәні қалай аталады? (Қосынды)

  3. «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ыбырай Алтинсарин)

  4. Самарқанда үлкен обсерватория салған, «Білім алу – әрбір мұсылманның басты парызы» дегенді айтқан кім? (Ұлықбек)



Саммит дегеніміз – жоғары деңгейдегі кездесу. Қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіп тұратын кездесуі.

Саммитте сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар және қарулануды бақылау мен адам құқықтары мәселелері қаралды. Осы ұйымға 56 мемлекет мүше.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны: «Сенім – Дәстүр – Ашықтық - Төзімділік»

ЕҚЫҰ саммитінің өтуі – барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы.

Саммит жұмысына ЕҚЫҰ-ға мүше және серіктес елдерден 73 ресми делегация қатысты. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаев Саммитке қатысушы делегация жетекшілерін қарсы алды. Жоғары деңгейдегі кездесуді ҚР Президенті құттықтау сөзбен ашты.

Дүниежүзінің беделді мемлекеттерінің басшыларын Астанаға жинап, Қазақстанның атын әлемге әйгіледік. Осынша ел басшыларының бір мезетте елге қадам басуы – тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға.

Астана саммиті сарабдал сананы салтанатына, еліміздің кемелденуінің келісті көрінісіне айналып, Елбасының ерен еңбегін дүние дидарына таныта түсті.

VІІ «А» шыңы – Азиада

Тапсырма: Берілген фигуралардан (танграм)мысық сұлбасын құрастыру.

Сұрақ: Әлемдік қоғамдастық санасында Тәуелсіз Қазақстанның күші мен беделін білдіретін белгі ретінде қалыптасқан және еліміздің бірегей рухын таныту үшін және қазақ елінің атақ-даңқын дүниежүзіне мәшһүр етсін деген ниетпен тұмарға салынған мысықтұқымдас жыртқыш аң? Бұл символ қайда қолданылды? (Ақ Азиаданың символы – қар барысы (ілбіс))

Ақ Азиада тарихы 1982 жылдан басталады. Араға 4 жыл салып Азия ойындары 1986ж , 1990ж Жапонияның Саппоро қаласында, 1994ж Қытайдың Хирбин, 1999ж Оңтүстік Кореяның Кангвон, 2003ж Амориде, 2007 ж Чанчунде өтті. Ал 2011ж кезекті Азия ойындарын өткізху біздің елге бұйырды.

Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет алау эстафетасы ұйымдастырылды. Азиада алауын 40 градус аязға, нөсер жауынға және қарлы боранға төзімді етіп жасады. Құтының сырты күміс және алтын түсті бояулармен көмкерілген. Сыртқы келбеті көненің көзін көрсетсе, факелдің ішкі жағы жаңа технологиялық құрылымдардан тұрады. Түрлі-түсті металдан құйылған құтының салмағы – 1,700 кг, ұзындығы – 65-66 см.

11-қаңтарда Әл-Кувейт қаласында VII қысқы Азия ойындарының алауы тұтанды. Азияның олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Сабах салтанатты түрдек оны Темірхан Досмұхамедовке табыс етті. Министр алауды мәнерлеп сырғанаудың үздігі, Ванкувер олимпиадасына қатысушы Абзал Рахымғалиевке ұстатты. Көп ұзамай Кувейт, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапонияның өкілдеріне кезек келді. Алқызыл алау Алматыға ұшақпен жеткізілді. Бірер уақыт әуежайда тұрақтаған алаудың ел ішіндегі саяхаты басталды. Алаугерге 6 сақшы мен 13 көліктен құралған колонна ілесіп жүрді. Алауды алып жүру құрметіне республикамыздың 1020 азаматы ие болды. Ақ Азиада алауы әр аймақта үлкен салтанатпен жүргізіліп, 29-қаңтарда Елордаға жеткізілді.

Азиаданың девизі: «Мақсаты бірдің – рухы бір»

Нәтижесінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен топтық сайыста жеңіске жеттік.

Келесі VIII қысқы Азия ойындары 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өтеді.





VІІІ Қорытындылау

Әр бөлім сайын топтардың ұпайлары есептеліп отырады. Соңғы турдан кейін жалпы ұпай саны шығарылып, ең көп ұпай жинаған топ марапатталады.























































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-114768
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх