Инфоурок Всеобщая история КонспектыИнтеллектуальная игра «Золотое руно»

Интеллектуальная игра «Золотое руно»

Скачать материал

«АЛТЫН ЖАБАҒЫ»

ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Әлменова Нұргүл Айкөргенқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің екінші санатты тарих пәні оқытушысы


Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің қадір – қасиетін ұғындыра отырып, олардың білім дәрежелерін анықтау; шапшаңдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.

Көрнекілігі: безендірілген зал, қанатты сөздер, плакаттар,

«Қазақстан тәуелсіздік жолында» атты кітап көрмесі т.б.


Өту барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және жақсы ниетпен келген қадірлі қонақтар!

Тәуелсіздік алып келген өзгерістер өте көп. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Ендеше, құрметті оқушылар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер!

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ата – бабамыздың ерен еңбегімен келген, қасиетті тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткізілетін «Алтын жабағы» тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса, бүгінгі додаға қатысушылармен таныс болыңыздар!

Додаға қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.


  1. «Қандай сынақ болса дағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске» атты ұранымен келіп отырған №90 топ оқушысы Құдайберген Болат

  2. «Досқа жан – тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білім де керек» атты ұранымен №90 топ оқушысы Әнапия Қанат

  3. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» атты ұранымен

90 топ оқушысы Нұрғали Ғабидулла

  1. «Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын тәуелсіздік таңы үшін» атты ұранымен №90 топ оқушысы Ілекеров Дастан

  2. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты ұранымен

90 топ оқушысы Қарабек Бекжан

  1. «Білімдінің жолы ақ, болашағы нық» атты ұранымен №90 топ оқушысы

Тілеулесов Қасым

  1. «Білімнен асқан қазына жоқ. Қазына қүұпия. Ол ақыл, біліммен ғана ашылады» ұранымен №90 топ оқушысы ___________________________________


  1. «Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң жығарсың» атты жұмбақты ұстанымымен №90 топ оқушысы

Сағатдинов Оразбек


Жүргізуші: Ойыншыларымызбен таныс болдық, әрі қарай сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. «Ой - толқын, білім - теңіз» (тікелей сұрақ)

  2. Тарихи көмбе

  3. Тарихи тұлғаны таны

  4. «Білгенге маржан» (мақал – мәтелдің жалғасын табу)

  5. «Дода» (ұяшық сұрақтарына жауап беру)

  6. «Болашақ жастар көзімен...» жобасын қорғау

Жүргізуші:Енді сайыскерлерімізге әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Дүзбай Сәлия - Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

  2. Жаңылова Гүлазат –Математика пәнінің оқытушысы

  3. Мұстафаев Ербол – Тарих пәнінің оқытушысы

Жүргізуші: Ендеше, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың І кезеңін бастаймыз. Мұнда тікелей сұрақтар қойылады, қолдарыңдағы белгілерді көтеру арқылы жауап бересіздер. Шапшаңдық қажет.


  1. «Қалмақ қырылған» оқиғасы қай жылы болды? (1726 жылы)

  2. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өлке? (Жетісу)

  3. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс қай жылы болды? (1836 – 1838жж)

  4. Парсылар мен соғысқа басшылық жасаған сақтардың әйел патшасы кім? (Томирис)

  5. Қазақ хандығын тұңғыш құрған кімдер? (Керей мен Жәнібек)

  6. Аңырақай шайқасы қай жылы болды? (1729 ж)

  7. Ұлттық валюта – теңге қай жылы енгізілді? (1993ж 15 қараша)

  8. Абылай хан қай жылдары билік етті? (1771 – 1781жж)


Жүргізуші: Білімдеріңді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтіп оралмайтын күн деп есептеңіз. Ендеше, білімімізді одан әрі толықтыра түсу үшін сайысымыздың келесі шартына кезек берейік. Бұл кезең «Тарихи көмбе» деп аталады, яғни сіздер ескі сөздердің мағынасын ашасыздар. Әр сайыскерге бір сөзден беріледі. Егер сайыскеріміз ол сөздің мағынасын білмесе, келесісі айтуға болады.


  1. Жарапазан – діни мейрамдар күні үй иелерінің тұсында келіп айтылатын мадақтау өлеңі

  2. Қалан – жердің көлеміне қарай төленетін салық

  3. Бақсы сарын – қазақ бақсыларының ауырған адамдарды емдеу үшін айтқан сарыны

  4. Балала – ежелгі адамдардың аң аулау тәсілі

  5. Жаназа – қазақ болған адамның жанын рухтандырып, о дүниеге аттандыру

  6. Зекет – малға салынған салықтың бір түрі

  7. Сауыт – батырдың денеге киетін қорғанышы

  8. Әмеңгерлік


Жүргізуші: Ұпайы аз 2 ойыншымен осы жерден қоштасамыз. (Әділқазылардан сұрайды)

Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!

Тәуелсіздікке дейінгі жылдар зұлмат соғыс жылдары тізбек болып тарих парақтарында қалды. Ол парақтар сарғайса да, сол күндер есте мәңгілік сақталады. Ендеше, сол жылдардан сыр шерту үшін «Тарихи тұлғаны таны» кезеңіне кезек берейік.


  1. 13 жасында әкесінен айырылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан қашып құтылып, Түркістан жеріне келген. 15 жасынан Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене қатысқан. Бұл жерде кім жайлы сөз болып отыр? (Абылай хан)

  2. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына бас болған, қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білген билеуші. 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза болды. Бұл кім? (Әбілхайыр хан)

  3. Ол Байбақты руының старшыны. Оны «қара сүйектен» шықты деу қиын. 1802 жылы ол белгісіз себептерден қайтыс болды. Кім жайлы сөз қозғалып отыр? (Сырым Датұлы)

  4. Бұл тұлға орысша да, ана тілінде де сауатты болған. Біраз жерлерді аралаған, соның ішінде Хиуаны көрген, езілген еңбекшілердің ауыр өміріне налыған. Алғашында хан сарайына жақын жүрген ол шаруалардың қапас өмірін көріп, шешен, суырып салма ақындық өнерін шонжарларды түйреп, сынауда шебер пайдаланған. Бұл кім жөнінде айтылған? (Махамбет Өтемісұлы)

  5. 1802 жылы дүниеге келген жерлесіміз. Ол бала кезінен батырлығымен, ақылдылығымен, әділдігімен ерекшеленген. Оның көзқарастарының қалыптасуына әкесі елеулі ықпал етті. Ол түрік, араб, өзбек, татар, орыс тілдерін білген. Бұл кім? (Кенесары Қасымұлы)

  6. Қазалы уездік кеңесі атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Самархан өлкелік комсомол комитетенің 1 –ші хатшысы болып істеді. Жастардың коммунистік атқару комитетенің мүшесі, 1923 жылы Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. 2002 жылы оның туғанына 100 жыл толу құрметін атап өтті. Бұл кім?

(Ғани Мұратбаев)


Жүргізуші: Бұл кезеңнен де өттік, келесі кезеңіміз «Білгенге маржан» деп аталады. Мұнда сендер мақал – мәтелдің жалғасын табасыздар. Қолдарыңыздағы белгіні көтеру арқылы.

  1. Жас адам күшін салады. Кәрі адам ......................................... (ақылын салады)

  2. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың ........................................... (жаны тәтті)

  3. Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім - ..................................... ... (жанып тұрған шырақ)

  4. Отан оттан да .......................................................................... (ыстық)

  5. Қына тасқа бітеді, .................................................................. ( Білім басқа бітеді)

  6. Ата көрген оқ жанар, ............................................................ (Ана көрген тон пішер)


Жүргізуші: Бұл сыннан да сүрінбей өттіңіздер, бірақ тағы да біз ұпайы аз 3 оқушымен қоштаспақшымыз. Олар _____________________________________________________. Сіздер жақсы өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер, білімдеріңізді одан әрі шыңдай беріңіздер!

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Дода» деп аталады. Мұнда ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап бересіздер.


10


20

30

10


20

30


10 – Қазақстанның тұңғыш астанасы (Орынбор)

10 – Ақмоланың атауы қашан Астана болып өзгертілді? (1998 жылы 6 мамырда)

20 – Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

20 – Елтаңбаның авторы (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

30 – Тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)

30 – Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясы қашан қабылданды?

(1995ж, 30тамыз)

Жүргізуші:

Ұпай аздау ____________________. Жартылай мәреге дейін жетіп, өз білімділігіңмен көзге түсе білдің. Рахмет, біз осы жерден сенімен қоштасамыз. Сайысымыз әрі қарай қалған 2 мықтымен жалғасады.

«Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, күш қолдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік – жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат жолында Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруге мүдделіміз» деп елбасы Н. Ә. Назарбаев айтпақшы еліміз гүлдену үшін бірлік керек. Олай болса, келесі кезең «Болашақ жастар көзімен...» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз болашақ Қазақстанды қалай елестетеді және қандай үлесін қосатыны туралы өз ойларын айтуы керек.


Би: «Қара жорға»


Жүргізуші:

Өте тамаша

Бәрін де түсінем

Бәрін білем

Бірақ білмеппін мен әлімді – деп М. Мақатаев жырлағандай «Алтын жабағы» тарихи танымдық ойынының көшбасшысын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

(қорытындысын айтады)

Бұдан да үлкен білімнің шыңына шыға беруіңе тілектеспін!


Егеменді Қазақстанның тізгіні жастардың қолында. Тарихшы болу міндет емес, ал кез келген азамат өзінің тарихын білуге міндетті. Жас жүрегімізге «Елім» деген сөзді ұялатып, елге адал қызмет етейік! Осымен «Алтын жабағы» тарихи танымдық ойыны аяқталды. Алтын уақыттарыңызды сарп етіп, келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет. Сау - саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интеллектуальная игра «Золотое руно»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 1373
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алменова Нургуль Айкоргеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алменова Нургуль Айкоргеновна
    Алменова Нургуль Айкоргеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8098
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе