Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Интеллектуальный игра "Өнер алды -қызыл тіл"

Интеллектуальный игра "Өнер алды -қызыл тіл"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_60925af5.gif


Тақырыбы: «Өнер алды-қызыл тіл»

(сыныптан тыс пәндік сайыс)
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер, шарлар, тапсырмалар,гүл күлтелері

Барысы:
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Бүгінгі жас өрен-ертеңгі ел болашағы»атты апталық барысында оздырылып отырылған «Өнер алды-қызыл тіл» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Сайыс мақсаты-оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыру.

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Өнер-білім шыңымен алысуға.

Бар білімді салайық ортамызға,

Қанекей,кім озады бұо сайыста -дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. Бүгінгі сайысқа «Өрен», «Жігер», «Талап», «Болашақ » топтары қатысып отыр. Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


____________________________________________________________________________,

Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру.
ІІ. «Деген екен» (шешендік сөздердің мағынасын меңгерту мақсатында көрініс көрсету)
ІІІ. «Ұшқыр ой-жылдам жауап» (сұрақ жауап бөлімі)
ІҮ. «Тіл өрнегі» (бір суретті топ мүшесі көрсетеді, қалған бір ойыншы оның не екенін сөзбен түсіндіріп береді.)
Ү. «Мақал сөздің –азығы, жұмбақ ойдың қазығы» (суретті таңдап, мақал, жұмбақ құрастыру)

ҮІ.Анаграмманы шеш.

Өнер алды-қызыл тіл.
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.
- Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады. 

ІІІ. «Ұшқыр ой-жылдам жауап» (сұрақ жауап бөлімі)

Әр топқа үш сұрақ қойылады.

1-топқа:

1)Тіл мерекесі қай күн? (22-қыркүйек)
2)Сөйлем неден құралады? ( сөзден)
3)Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап бертін сөз табы ?(Зат есім)

2-топқа:

1)Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді және оларды ата? (3, қатаң ұяң, үнді)
2)Биік-аласа, қатты-жұмсақ, жақсы-жаман бұл мағыналары қандай сөздер? ( қарама-қарсы сөздер)
3) Не істеді? Не қылды?Қайтті? сұрағына жауап беретін сөз табы ?(Етістік)

3-топқа:

1)Қазақ тіліндегі жуан дауыстылар нешеу және ата? (4, а,о,ұ,ы)
2)Көркем, әдемі , сұлу. Бұл қандай сөздер? ( мәндес сөздер)
3) Оқып отыр, барып, келді, айтып берді.Бұл қандай етістіктер? ?(күрделі етістіктер)

ІҮ. «Тіл өрнегі» (таңдап алған бір суретті топ мүшесі көрсетеді, қалған бір ойыншы оның не екенін сөзбен түсіндіріп береді.)

Ү. «Мақал сөздің –азығы, жұмбақ ойдың қазығы» (суретті таңдап, мақал, жұмбақ құрастыру)

1. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян)

Мақал: Қоянды қамы, ерді намыс өлтіреді.

2. . Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық)

Мақал: Өлі арыстаннан тірі мысық артық.

3.Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай. (қарлығаш)
Мақал: Қарлығаш көктем жаршысы.
4.Желден желігеді,

Судан шегінеді. (от)

Мақал:Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

5. Төрт аяқты шалғы,

Қырып кетер малды. (Қасқыр)

Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де – қан.

ҮІ.Анаграмманы шеш.: «Өнер алды-қызыл тіл»

Омар Қиманов «Тіл туралы» ткрмесінен үзінді оқылады.

Ердің құнын екі ауыз

Сөзбен шешкен –ұлы тіл.

Жатпасам десең көміліп,

Намыстың үрле төрінен.

Ойламаса бөлмайды

Ертеңгі тілдің өмірін.

Төл тіліңді таза біл:

Абайдан қалған асыл сөз,

Жамбылдың жауһар жырлары,

Қасымның қайсар ызғары,

Төлегеннің жыр бағы,

Мұқағали сырлары,

Жұмекеннің жыр нәрі,

Фаризаның мақалы,

Қадірдің шыққан қырлары,

Тұманбайдың тыңдары,

Мұхтардың маңғаз нұрлы әні,.

Қалмасын десең тыңдаусыз,

Түсінемін десең ымдаусыз,

Тіліңді білгін, бұл даусыз.

Қорытынды.

Жарыс заңы ежелден:

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол:

Еңбектену, жалықпау.

(Сайыс жеңімпаздарын қазылар анықтайды)



«Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп–балабақшасы»

коммуналық мемлекеттік мекемесі
















(пәндік сайыс)








Мұғалім: Қоңыршиева А.Х.














Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров152
Номер материала ДВ-191202
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх