Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Интеллектульная игра по математике. 7-11 кл

Интеллектульная игра по математике. 7-11 кл


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Математикадан зияткерлік сайыс

9-11 сынып оқушыларына арналған

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын,зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық:Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



1-жүргізуші: Армысыңдар,ағайындар,

Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші: Бармысыңдар бауырлар

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар

2-жүргізуші: Ізетке ие інілер ,

Інілер, еті тірілер

1-жүргізуші: Кешке келген сайланып,

Отырам деп жайланып

2-жүргізуші: Көрермендер аман ба,

Отырған анау ойланып

Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.

1-жүргізуші: Енді кешті бастайық

2-жүргізуші: Екеуміз енді саспайық

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.

1-жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

2-жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық

1-жүргізуші: Ашық жарқын жүзді

Әділқазылар біздің,

Әділ баға берерге,

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ қазылар алқасын сайлау

2-жүргізуші: Бүгінгі сайсымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс жеті кезеңнен тұрады. Таныстыру, бәйге, көкпар, ғажайып жетілік, тіл-өнер, жорға, және жекпе-жек. «Бәйге» кезеңінен кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушы, «жеті жұмбақ» кезеңінен кейін бір оқушы, «тіл өнер»кезеңінен кейін бір оқушы, «Жорға» кезеңінен кейін бір оқушы ойыннан шығады. «Жекпе-жек» кезеңіне екі оқушы қалады.

2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім біріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені көріңіз.

ІІ. Бәйге

    1. санының75 пайызын табыңыз:

А) 40 В) 42 С) 44 Д) 46 Е) 48

2)12-ні 10 есе арттыр (120)

3) 62-6 неге тең? (30)

4)Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

5)Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10)

6)Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

7) «Математика-ғылымдар патшасы, ал арифметика-математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

8)Бір жазықтықта жатпайтын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер (айқас)

9) Минуттың алпыстан бір бөлігі (секунт)

10) Кері сандардың көбейтіндісі (1)

11) Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

12) Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)

13) Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

14) Ең алғашқы әйел математик (С.В.Ковалевская)

15) 52-5 неге тең (20)





16) 25 пайыз санның қандай бөлігі (төрттен бір бөлігі)

17) Бір жазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)

18) 1 саны қандай сандардың көбейтіндісі (кері сандардың)

19) Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұлама ғалымы кім? (Әл-Фараби)

20) Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

х+у=7

Х-у=1

А) (6;1), В) (5;2) С) (4;3) Д) (3;4) Е) (2;5)

Тұлғалар

20

30

40

50

Қазақтың байырғы есептері

20

30

40

50

«Ақбота» есптері

20

30

40

50

«Кенгуру»есептері

20

30

40

50

Математикалық сөздік

20

30

40

50

Ең, ең ...

20

30

40

50

Логикалық сұрақтар

20

30

40

50



21)Көбейткіштерге жікте: х(р-а)+у(а-р)-z(р-а)

А) (р-а)(х+у+z) B) (p-a)(x-y-z) C) (p+a)(x-y-z) D) (p+a)(x+y+z) E) (p-a)(x-y+z)

22) Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыз.

А) 500 В) 600 С) 700 Д) 300 Е) 400

23) Есептеңдер: 982-98*88

А) 1000 В) 99 С) 98 Д) 980 Е) 990

24) 18 пайызы 9 болатын санды табыңдар.

А) 50 В) 60 С) 65 Д) 70 Е) 75

1-жүргізуші:

Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

2-жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді

Мықтыларды қалыпты жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрыпқалма

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.



ІІІ. Көкпар

Тұлғалар

20 ұпай Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған.Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

30 ұпай. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950 ж.ж. өмір сүрген ғалым. (Әл-Фараби)

40 ұпай. «Математика-ғылымдар патшасы, ал арифметика-математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

50 ұпай.Тұңғыш қазақ геологы, Қазақ ССРҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы (Қ.Сәтбаев)

Қазақтың байырғы есептері.

20 ұпай Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады (бір пұт)

30 ұпай.Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)

40 ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (төрттен бірін)

50 ұпай.Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап қанша асық ұттың деді ол.Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты,-деді. –Онда сендегі асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді үшінші бала

Асықтарын түгендеп тұрып. Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,-дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асық? (4,8,18)

«Ақбота» есептері

20 ұпайАрман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес.Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? (Аян, Абзал,Арман)

30 ұпай.Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген? (7)

40 ұпай. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші қабырғасы натурал санмен өрнектелсе қанша болады? (5)

50 ұпай.Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты.Кітапта неше бет болған? (180)

«Кенгуру» есептері

20 ұпай«Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті? (19)

30 ұпай.Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген. (28)

40 ұпай. Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды текен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (32)

50 ұпай.Бір дорба конфет 10 евро тұрады, бірақ әр дорбаның ішінде купон бар. Ал үш купонға қосымша конфет дорбасы беріледі. 150 евроға қанша дорба конфет алуға болады? (22)

Математикалық сөздік

20 ұпай Квадарат .... (шаршы)

30 ұпай. Куб ....(текше)

40 ұпай. Дискриминант .... (айқындауыш)

50 ұпай.Биссектриса ....(жарма)

Ең,ең....

20 ұпай Ең кіші жай сан (2)

30 ұпай. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

40 ұпай. Ең алғашқы математик әйел (Ковалевская)

50 ұпай.Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? (Р.Декарт)

Логикалық сұрақтар

20 ұпай Бөлмеде төрт бұрыш.Әрбір бұрышта мысықтар отыр.Әрбір мысық алдында 3 мысық.Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)

30 ұпай.Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сіріңкені)

40 ұпай. Жыл он екі ай ішінде 30 және31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі. (барлық айда)

50 ұпай.5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек (Төрт алманың әрқайсысын беске бөлу керек)

1-жүргізуші:

Әділқазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

2-жүргізуші.

Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз екі оқушы ойыннан шығады. Сіздерге рахмет!

1-жүргізуші:

Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгілеген.

2-жүргізуші:

Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.

1-жүргізуші:

Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, тағы жеті күннен кейін түгел толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып. Ал келесі жетә күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр апта жеті күннен «ай» деген ұғым пайда болды.

2-жүргізуші:

«Бұл жерге кемейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

ІV. Жеті жұмбақ

  1. Күшіне сенген бір мықты,

Жығып салып сегізді. (Шексіздік)

2. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады. (Дәреже)

3. Егіз тұған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Бір мәреге келмейді. (Паралель түзулер)

4. Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамына.

«Теңдеудің түбірлері нешеу?» -деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)

5. Оң сандарға қолшатырдай,

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны. (Квадрат түбір)

6. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай. (Натурал сан)

7. 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген. (Жыл,12ай,52апта,7күн)

8. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан рамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не? (0мен 9 арасындағы сандар)

1-жүргізуші:

Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан шығады. Сізне рахмет!

1-жүргізуші:

Ал енді «Тіл өнер» деп аталатын бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде оқушылардың ойының жүйріктігін және қазақ,орыс,ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Әр дұрыс жауап үшін 10ұпай, әр аудармаға 10 ұпайдан беріледі.

V. Тіл өнер

1).Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім болды. (сегіз, восемь,eight)

2.)62-6= (отыз, тридцать, thirch)

3)Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсең өліп жатыр. (сіріңке, спички, match)

4)Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай? (жүз алты, Сто шесть,one hundred and six)

5) 72= (қырық тоғыз, сорок девять, forty nine)

6) 121 қай санның квадраты (он бір, одиннадцать,eleven)

7) Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (киіз үй, юрта, yurta)

8) Мың кісіге бір белбеу. (сыпырғыш., веник, broom)

1-жүргізуші. Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан шығады.Сізге рақмет!

1-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып сайысымыздың келесі «Жорға» бөліміне көшейік. Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұраққа тез, әрі нақты жауап берулеріңіз керек.Бір минут ішінде қанша сұрақ тыңдап, нешеуіне дұрыс жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

VI. Жорға

А-нұсқасы

1) Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан (қарама-қарсы сан)

2) Нөлден үлкен сандар (оң сандар)

3) Қарама-қарсы сандардың қосындысы (нөл)

4) 9-ға кері сан (тоғыздан бір)

5) Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

6) Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

7) Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (Аксиома)

8) сos00-та неге тең (бірге)

9) Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (360 градус)

10) Бір жазықтықта жатпайтын түзулер (айқас)

11) Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (нөл)

12) а22=c2 кімнің теоремасы (Пифагор)

13) 75 пайыз санның қандай бөлігі (төрттен үш)

14) бестің квадарты (25)

15) 11 жай сан ба? (ия)

Б-нұсқасы.

1)Бір нәрсені санау үшін қажет сандар (натурал сандар)

2)Нөлден кіші сандар (теріс сандар)

3) Кері сандардың көбейтіндісі (1)

4) Жарты түзу (сәуле)

5) 9-ға қарама-қарсы сан (-9)

6) Бағытталған кесінді (вектор)

7) Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)

8) tg450-та неге тең (бір)

9) Үшбұрыштыі ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

10) Қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)

11) ах4+вх2+с=0 қандай теңдеу? (биквадарат теңдеу)

12) sin2α+cos2α неге тең? (бірге)

13) 100 санының төрттен бір бөлігі неше (25)

14) Тоғыздың квадараты (81)

15) 13 құрама сан ба ? (жоқ)

В-нұсқасы.

  1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі (процент)

  2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

  3. Пифагор теоремасы (а22=c2)

  4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)

  5. Ах2+вх+с=0 қандай теңдеу (квадарт теңдеу)

  6. Кесінді деген не? (екі нүкте арасындағы түзу)

  7. Квадарттық функцияның графигі (парабола)

  8. Sin00-та неге тең (нөл)

  9. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

  11. Шешімдері бірдей теңсіздік (мәндес теңсіздік)

  12. Tgx*ctx неге тең (бірге)

  13. 100 санының төрттен үш бөлігі (75)

  14. Үштің кубы (27)

  15. 15 жай сан ба (жоқ)

1-жүргізуші.

Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыңыздар.

2-жүргізуші.

Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан шығады. Сізге рақмет!

1-жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жекпе жек» бөліміне көшейік.

2-жүргізуші:

Бұл бөлімде екі оқушыға бірдей тапсырмалар беріледі. Қайсысы бірінші әрі дұрыс орындаса жеңімпаз юолып «Математика көшбасшысы» атанады.

1-жүргізуші: Қытайдың көне «Же-ким» деген кітабында қасиетті тасбақа туралы аңыз бар. 4000 жыл бұрын император Ню өзен бойынан қасиетті тасбақаны көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет бар. Әр фигураны дөңгелектер санына қарай сандармен ауыстырса кесте шығады. Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 шығады. Қытайлықтар бұл суретті ло-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадарат деп атаған.

1-тапсырмалары:1

2


3






4

9

2

3

5

7


4

5

6

8

1

6

7

8

9

2-тапсырмалары:

1) Герон формуласы қай фигураның ауданын табу үшін қолданылады? (үшбұрыш)

2) Орта сызығы табандарының қосындысының жартысына тең болады? (трапеция)

3) Табаны параллелограмм болатын призма қалай аталады? (параллелепипед)

4) Барлық қабырғалары бір-біріне тең төртбұрыш қала йтаталады (квадарт)

5) Пифагор теоремасы қай үшбұрышқа пайдаланылады? (тікбұрышты үшбұрыш)

Көрермендермен жұмыс

Цифрларға байланысты мақал-мәтелдер айту

1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас

2. 5 саусақ жиналса, жұдырық болады.

3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.

6. Ат баспаймын деген жерін 3 басады.

7. 5 саусақ бірдей емес.

2-жүргізуші:Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша , жанкүйерлердің дайындаған музыкалық өнерлерін тамашалайық

1-жүргізуші: Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына

Математиктер жасасын!-дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

2-жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты,

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям,әл-Фараби жолын қума.

Елімнің болашағы гүлденеді,

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні.

Сіздермен кездесеміз біздер әлі,

Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

2-жүргізуші:Осымен «Математика көшбасшысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздыр!


Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров100
Номер материала ДВ-418106
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх