Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнтерактивті тақта оқытудың ең озық техникалық құралы. ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламаларымен танысу.

Интерактивті тақта оқытудың ең озық техникалық құралы. ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламаларымен танысу.

Скачать материал

Интерактивті тақта оқытудың ең озық техникалық құралы.

ACTIVstudio,  Activinspirе бағдарламаларымен танысу.  

А.Қ.Берниязова – ББҮҰҚ зертханасының әдіскері

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік беруде. Интерактивті құралдар көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер жасайды. Бұл оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Қарапайым құралдар мен көрнекіліктерден бастап интернет желісіне дейінгі сабаққа қажетті барлық материалдардың шоғырланған жері- интерактивті тақта және ол уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Сондықтанда интерактивті тақтаның дидактикалық мүмкіндіктері шексіз. Бұл жерде сіздердің назарларыңызға интерактивті тақтаның соңғы бағдарламасы туралы ақпарат ұсынбақпын.

Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Егеменді еліміздің мектептері, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының мектептері интерактивті тақтамен 2007 жылдан бастап  жабдықталуда. 2008 жылы Интерактивті тақтамен жабдықталған физика, химия, биология және әмбебап кабинеттер жалғасын тапты.  

Облыс бойынша 233 мектепте 771 Интерактивті тақта бар.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу  жасайық.

        ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламалары арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.


          Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам
(ACTIVwand указкасы) – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.


          ACTIVwand
указкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма т
ышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.


           ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.


            ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.


  ACTIVote қолдана отырып:
          «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio,
Activinspirе бағдарламаларында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
            
            ACTIVstudio,
Activinspirе бағдарламалары арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама
          ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio,
Activinspirе бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

       Тақтамен жұмыс істеуде негізінен екі сұрақ туындайды:,біріншісі тақтаны не үшін пайдалануға болады?екіншісі қалай пайдалануға болады?

  Не үшін пайдаланылады дегенде:

-үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады;

-жазба, сызбаларды флипчарт ретінде сақтап, келесі сабақтарға, басқа сыныптарға пайдалануға болады;

-сабақ жазылған флипчартқа бейнефильм, суреттер және аудио дыбыстар қосуға болады;

-Microsoft Word –тан немесе тура Интернет желісінен де мәтін көшіріп алуға болады. Сол сияқты кез келген жазуыңызды өзі түсінігі бойынша баспа мәтінге айналдырады және қажет болған жағдайда қателерін түзетуге де мүмкіндігіңіз болады;

-флипчарттарыңызды интернетке жариялауға болады, сол сияқты жарияланған флипчарттарды пайдалануға болады;

-барлық оқушылардан алдын ала дайындалған сұрақтарға бір мезгілде жауап алып, оның қорытындысын дереу шығарып, сараптама жасап береді;

-қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;

-қарапайым құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады .

  Екінші сұраққа көшетін болсақ, алдымен тақтаға калибровка жасап тұру керектігін айту керек, қаламның қызметі  компьютердегі тышқанның қызметімен бірдей.

Тақтамен жұмысты бастау.

Тақтаны ашқанда бірден «Басқару панелі» және «Аспаптар панелі» шығады. «Басқару панелі» жұмыстың басталуын тездету үшін ыңғайлылыққа жасалған. «Аспаптар панелі» профессионал түрінде шығады, оны қолданушы өзіне ыңғайлап, персонал түрге келтіруге болады.  Енді ретімен панельдегі аспаптармен танысайық.

Бас мәзірде 6 бөлім бар: 1)Файл ,2)Редакциялау, 3)Көру, 4)Қою, 5)Аспаптар, 6)Анықтама.  Әрқайсысына тоқталайық:

 І. Файл.Компьютермен жұмыс істейтін мұғалімдердің бәрі де файлдың не екенін біледі.Тақтадағы флипчарт дейтініміз сол файлдар. Флипчарттар саны шексіз болады. Флипчартқа дыбыс,анимация,қимылдарды қоса алған интерактивті функцияларды орындайтындай түрлі объектілерді жазуға болады.

2) Бір мезгілде бірнеше флипчартпен жұмыс жасауға болады.

 3)Кез келген қалтарыста флипчарт құруға болады.

4)Флипчарттарды импорттауға да,экспорттауға да болады.

ІІ. Редакциялау.Атынан-ақ атқаратын функциясы белгілі болып тұр.Не өзгерткіңіз келсе,соны орындай аласыз.

ІІІ. Көру.Көрініске не қойғыңыз келсе,соны қоюға болады.

ІV. Қою.Флипчартқа не шығарып қою керек болса,соны қоюға болады.

V. Аспаптар.Аспаптар қалай жұмыс істейтіндігіне толығырақ тоқталайық.

- жұмыс столында белгілер қалдыру;

-жұмыс столының құралдары;

-екі қалам;

-экспресс-опрос;

-қалам;

-маркер;

-өшіргіш;

-бояу;

-сиқырлы сия;

-қолмен жазуды  мәтінге айналдыру;

-фигураларды түзету;

-шымылдық;

-прожектор(дөңгелек,квадрат және біртекті прожекторлар,яғни бір облысты жасырады және бір облыстан басқаның бәрін жасырады);

-камера;

-математикалық құралдар:сызғыш,транспортир,циркуль,калькулятор,ойын   сүйегі; 

-қосымша құралдар:дыбыс жазу,экранды жазу,экрандық клавиатура, сағат,телеграф лентасы,интернет,флипчарттағы грамматикалық кеткен қателер болса,түзету,мұғалімнің құлпы,тест құрылғыларын  тіркеу, пайдаланушының таңдаған кнопкаларын редакциялау.

         Осы жерде тағы да 5 профиль бар: авторлық, математикалық, мультимедиалық,тақтада және тілдер. Әркім өзіне ыңғайлы профильде жұмыс істейді.

    Тақтаның сол жақ бұрышында шолушылар жеке орналасады.Олар:беттер шолушысы,қорлар шолушысы,нысандар шолушысы,ескертпелер шолушысы, қасиеттер шолушысы,амалдар шолушысы,дауыс беру шолушысы.

-  Беттер шолушысында барлық флипчарттар слайдтағыдай көрініп тұрады.

- Қорлар «менің» және «жалпы» болып 2-ге бөлінеді.Бұл жерде пәнге керектінің бәрі бола алады.

 

- Нысандар шолушысы олардың орналасу тәртібін реттейді.

- Ескертпелер шолушысы жаңа редакцияларды орналастыру үшін пайдаланылады.

-  Қасиеттер шолушысында құрамында контейнер,шектеушілер болатын қасиеттер түріне,орналасуына қарай топталған.

-   Амалдар шолушысында алдында аспаптар туралы айтылғандардың бәрі қайталанады.

-  Дауыс беру шолушысында «экспресс-опростағыдай» Activoteге қатысты керектің бәрі осы жерден табылады.Олар: оқушылар туралы мәліметтер базасы,сұрақтар шебері, тестілеуші қондырғыларды тіркеу, жауап беру нұсқасын таңдау, жауап беру, жауаптарды қорытындылау және сараптау.

       Аспаптар панелін персонал түрге келтіру үшін амалдар шолушысындағы құралдардың бәрін де осы панельге орналастыруға болады.Сонымен тақтаның ActivInspire бағдарламасының жетістігі - барлық құралдардың және барлық амалдардың кез келген жерден табылатындығын көрдіңіздер,сондай-ақ қазіргі тақталар дыбыс шығарушы қондырғылармен толықтырылған. Тақтаның пультінің де бірнеше функциялары бар.Олар дыбыс реттегіш,уақытқа таймер болуы мүмкін,сол сияқты тақтаның бетіне фиксация жасауға болады,осы уақытта компьютерде  басқа жұмыстар істеуге мүмкіндік туады.Тақтамен толық танысып шықтыңыздар.

 Назарларыңызға рахмет! 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Интерактивті тақта оқытудың ең озық техникалық құралы. ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламаларымен танысу."

Настоящий материал опубликован пользователем Берниязова Айнагул Кайрмухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 09.01.2015 2858
    • DOCX 1.5 мбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Берниязова Айнагул Кайрмухановна
    Берниязова Айнагул Кайрмухановна

    Методист

    • На сайте: 9 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22083
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен Берниязова Айнагул Кайрмухановна1996 жылы орал қаласындағы А:С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетінің физика-химия-информатика факултетін бітірдім. 1996 жылдың сентябрь айынан жәнібек ауданы жақсыбай орта мектебінде физика-информатика пәнінен сабақ бердім. 2005-2007 жылдары М.Б.Ыхсанов атындағы жалпы орта білім беретін мекбебінде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып, және информатика пәні мұғалімі болып жасадым. 2007-2011 жылдары экономика және ақпараттық технологиялар колледжде оргонизатор және информатика-физика пәні оқытушысы болып жұмыс жасадым. 2011 жылдың ақпан айынан бастап күні бүгінге дейн «Батыс Қазақстан облыстық бiлiм беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскер болып жасаймын.

Додекаэдр по казахскому языку по темам Танысу-Знакомство. Сәлемдесу. Қоштасу -Приветствие. Прощание

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
3777
13
12.09.2024

Материал разработан автором:

Tепаева Mария Юрьевна

Педагог-Психолог, Кризисный Психолог , Психолог -Перинатолог,Нутрициолог

Разработок в маркетплейсе: 151
Покупателей: 1 589

Об авторе

✨Мария Юрьевна ✨ ✨Педагог-Психолог. Прошла курсы проф переподготовки и получила соответствующую квалификацию по следующим специальностям: -Кризисный Психолог -Психолог-Перинатолог - Нутрициолог -Контент Менеджер ✨ ✨ Автор методических разработок : Ознакомиться с моими методическими разработками вы можете здесь : ✨https://infolesson.kz/magazin-materialov/komplekt-nadpisej-na-dosku-universalnyj-328374 ✨Методические материалы для педагогов, психологов, врачей✨ ✨Образование и здравоохранение✨ ✨СПО и ВУЗЫ✨ ✨Психологическое сопровождение в выборе профессии✨ ✨Психологическая консультация✨ ✨Индивидуальные программы психологических тренингов✨
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Tепаева Mария Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником

Додекаэдр по казахскому языку по темам Танысу-Знакомство. Сәлемдесу. Қоштасу -Приветствие. Прощание Позволяет ознакомиться с основными разговорными вопросами, по данным темам. Додекаэдр позволяет в игровой форме. -Запустить речь. -Познакомиться с новыми словами. -Развить логическое мышление. Формат додекаэдра pdf - не редактируемый файл. pptx-редактируемый файл.

Краткое описание методической разработки

Додекаэдр по казахскому языку по темам Танысу-Знакомство. Сәлемдесу. Қоштасу -Приветствие. Прощание

Позволяет ознакомиться с основными разговорными вопросами, по данным темам.

Додекаэдр позволяет в игровой форме. 

-Запустить речь.

-Познакомиться с новыми словами.

-Развить логическое мышление. 

Формат додекаэдра pdf - не редактируемый файл. 

pptx-редактируемый файл.

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 615 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі уақытта интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік беруде. Интерактивті құралдар көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер жасайды. Бұл оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Қарапайым құралдар мен көрнекіліктерден бастап интернет желісіне дейінгі сабаққа қажетті барлық материалдардың шоғырланған жері- интерактивті тақта және ол уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Сондықтанда интерактивті тақтаның дидактикалық мүмкіндіктері шексіз. Бұл жерде сіздердің назарларыңызға интерактивті тақтаның соңғы бағдарламасы туралы ақпарат ұсынбақпын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 247 127 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по информатике "Перевод десятичных чисел в другие СС" (10 класс)
  • Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
  • Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
  • 01.10.2020
  • 1863
  • 81
«Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 223 779 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Искусство как фактор формирования культурных идентичностей

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Ароматерапия в работе психолога и психотерапевта

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 9 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек
Смотреть ещё 5 615 курсов
Сейчас в эфире

Занимательная квантовая механика

Перейти к трансляции