Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Интересные задачи на казахском языке
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Интересные задачи на казахском языке

библиотека
материалов



2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі

Физика және астрономия

7 – 8 сыныптарға арналған есептер жинағы






hello_html_m4107173e.jpg







hello_html_5d49fe4.gif
















Құрастырған: физика пәні мұғалімі

Мамбетова Г.М.





Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін

дамытудағы шығармашылық жұмыстың мәні.


Мамбетова Гүлсім Мадениқызы

Павлодар облысы, Ертіс селосы

2 Ертіс ЖОББМ-нің физика пәні мұғалімі.


Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды, сапалы, терең білім мен іскерлікті талап етеді. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру, шығармашылықпен жұмыс істету және кеңінен ойлауға қабілетті болуы н дамыту - мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға байланысты. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі мен іздемпаздығы артады.

Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

Танымдық шығармашылықты дамытуды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - ойлаудың өз бетінше белсенділігі, шығармашылық қабілетіне қолайлы жағдай жасау. Оқушының сабақты қабылдауы, зейін, есте сақтау қабілеттері.

Екінші кезең – жаңа ұғымдарды қалыптастырумақсатында ой қызметін ұйымдастыру. Бұған жаңа сабақ бойынша нақты түсініктеме, анықтама, формула, тұжырымдама кіреді.

Үшінші кезең – түсіндірілген тақырыптың практикалық мәнін ашып көрсету немесе түсіндіру. Оны ғылыммен байланыстыра тұрып, ғылымның соңғы жаңалықтарын, жетістіктерін баяндау.

Оқушылардың оқу-таным белсенділігін арттыру оқу жүйесін олардың өз бетінше танымдық ынтасы мен шығармашылық қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру деген сөз. Шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы қажет. Шығармашылық қызметке жататын жаңа білім алуға бағытталған зерттеушілік қызметінің нәтижесі – зерттелінетін объекті немесе оның аралық объектілері. Зерттеушілік процес барысында оқушылар белгілі бір фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Оқу зерттеушілік қызметте оқушылар тапсырманың орындалуына және орындауға қажетті білім деңгейіне жеткілікті екендігіне сенімді болады. Оқу зерттеушілік қызметінде сонымен қатар ынталандырушы қосымша себеп бар. Ол – есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ляззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болу. Оқу материалының маңыздысын бөліп алу, дәлелдеу және т.б. үйрету оқушылардың маңызды ой қорытуларды жасай алуына тәрбиелейді.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін танымдық іздемпаздығын қалыптастыру қажет. Танымдық іздем паздық деп – әрбір оқушының танымға деген тұрақты құлшынысын, демек бар күшін, ынтасы мен жігерін өз білім дәрежесін көтеруге жұмсауын айтамыз.

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі мқғалім айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және де есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын физика туралы қызықты материалдар, деректер жинақтау, сөзжұмбақтар, ребус, мақал-мәтелдер, сканвордтар құрастыру. Оқушыларға тапсырманы сабақтан тыс уақытта, үйірме жұмыстары кезінде, қосымша сабақтарда берген тиімді. Себебі, оқушы өз бетімен жұмыс жасап ізденеді.

Теория мен практиканың өзара әсерін танымдық әрекетке сай толықтырып отыру үшін есептерді өз бетінше танымдық мақсатта құрамын. Сонымен қатар оқушылардың ынтасын физика пәніне бұру үшін пәнге деген қызығушылығын оятатындай, ізденушілікке жетелейтін қызықты фактілерге негізделген 7 – 8 сынып оқушыларына арналған есептер жинағын ұсынып отырмын.


МЕХАНИКА. ҚОЗҒАЛЫС.

  1. Қазіргі кездегі қысқа қашықтыққа жүгіретін чемпиондардың жылдамдығы 100 м-ді 10 с жүгіріп өтеді. Белгілі қазақстандық спортшы А. Тұяқов 100 м қашықтықты 9 с-та жүгіріп өтіп әлем чемпионы болды. Оның жылдамдығын км/сағ түрінде көрсетіңдер.

  2. 2011 жылдың желтоқсаны. Қазақ география қоғамының бес адамдық экспедициялық тобы оңтүстік полюске автокөлікпен жетті. Олар  2308 шақырым жолды машинаның бензинін қатырмай, 108 сағатта жүріп өткен. Бұл экспедиция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Осы орташа жылдамдық қандай?

  1. hello_html_3ab34ace.jpgБүгінде елу жасқа толған Марат Жыланбаев Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан. 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен. Осы жылы бұл жетістігімен шектеліп қана қоймай,  мың жарым шақырымдық Үлкен Виктория шөлін де бағындырды. 1994 жылы он бес күннің ішінде  Мохава шөлін (1218 шақырым) шарлап шықты. Міне, осы жетістіктерінің арқасында қазақ марафоншысының есімі «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті мәрте жазылған. Қазір Марат Жыланбаев Екібастұз қаласында тұрады. Оның барлық өткен жолының ұзындығы қанша?

  1. 1977 жылы Нидерландыда 1 км дистанцияда жарысуда екі мотоциклші жылдамдықтан Дүниежүзілік рекорд орнатқан. Жарысу 16,68 с-қа созылса, орташа қозғалыс жылдамдығы қандай болған?

  1. 1937 жылы Кеңес ұшағы АНТ-25 (Чкалов экипажы) Мәскеуден АҚШ-қа қонбастан ұшып барды. Ол 63 сағ 16 мин ішінде 9130 км жер ұшты. Ұшудың орташа жылдамдығын табыңдар.


  1. Кеңестік ғарыштық ракета Жерден Айға дейін ұшқанда 410 000 км арақашықтықты 38,5 сағ ұшқан. Ғарышкеменің орташа жылдамдығын табыңдар.


  1. 1884 жылы АҚШ-та «Вашингтон» ескерткішінің құрылысы аяқталғанда биіктігі 169 м болған. Содан бері ол 12,7 см/жыл орташа жылдамдықпен жерге батып бара жатыр. Қанша уақыттан соң ол жермен бірдей болып тегістеледі?


  1. Дүниежүзінің бірінші ғарышкері Ю.А.Гагариннің «Восток» ғарыш кемесімен ұшуы 89,1 минутқа созылды. Егер осы ғарышкемесі 28 000 км/сағ жылдамдықпен ұшқан болса, осы уақыт ішінде қанша жол жүреді?

  1. Ең ұзақ қонусыз рейсті авиамаршрут Лос-Анжелс – Сидней 12 050 км-ді құрайды және 14 сағ 50 мин созылды. Орташа жылдамдық қандай болған? Англиядағы ең жедел өрт сөндіруші машинасының жылдамдығы 20,13 км/сағ, осы аралықты тез өтерме еді?

  2. Совет Одағының конькишісі И. Железовский 1987 жылы 1500 м-ге жүгіруден, сол аралықты 1 мин 52,5 с-та өтіп, дүниежүзілік рекорд жасады. Оның жүгірген кездегі орташа жылдамдығын есептеңдер.

  1. Бірінші ғарыштық жылдамдық 8 км/с-қа тең. Осындай жылдамдықпен ұшқан ракета 1 мин ішінде қандай қашықтықта болады?


  1. АҚШ-та дирижабльдің ең ұзақ ұшуы 264 сағ 12 мин созылған. Ол 15 205 км-ді ұшып өткен. Жылдамдығы 270 км/сағ шапшаң-сұңқар мәреден бірге ұшырылса, оны қуып жете алар ма еді?


  1. 1987 жылы Токиода жалғыз аяқты велосипедпен жылдамдықтан әлемдік рекорд орнатылған. Егер спортсмен 100 м дистанцияны 13,7 с өтетін болса, ол қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?


  1. Қазақстандықтар К. Орлов және С. Макаренко Оңтүстік полюске  автомобильмен тез жету жылдамдығынан жаңа әлемдік рекорд орнатты. Қазақстандық команда 2 308 км маршрутты 108 сағатта өткен болса, олардың орташа жылдамдығы қандай болған?

  1. Ең ұзын темір жолды ЛЕГО-дан Роскилле қаласының тұрғыны Хенрик Людвигсен салған. Оның ойыншық жолының рельсінің ұзындығы 4 000 м, мини-поезд осы жолды 3 сағатта өтеді. Мини-поездің орташа жылдламдығы қандай?


hello_html_m9766141.jpghello_html_m16b9e67e.jpg

Ең ұзын ойыншық темір жол – 4 км Ең ұзын көпірдің ұзындығы – 42,5 км

  1. Қытайда Әлемдегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталды. 4 жыл бойы салынған көпір Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласын Шығыс Қытайдың Хуангдао ауданымен қосады. Жаңа көпірдің ұзындығы – 42,5 км, ол Лондондағы Темза өзенінің Тауэр көпірінен 174 есе ұзын. Тауэр көпірінің ұзындығы қандай?


  1. Ең жылдам жүгіретін жыртқыш аң – геопард. Қысқа қашықтықта ол жылдамдығын 112 км/сағ-қа дейін арттыра алады. Геопардтың жылдамдығын 30 м/с жылдамдықпен қозғалатын автомобильмен салыстырыңдар.


  1. Нүрек су электр станциясында су 275 м биіктіктен құлап ағады. Әрбір секунд сайын ГЭС-тің бір турбинасынан 155 м3 су ағып өтеді. Бұл турбинада 1с ішінде қанша энергия жұмсалады?

КҮШ. ҚЫСЫМ КҮШІ.

  1. 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған ауыр атлет Илья Ильин 418 келілік зілтемірді көтеріп, әлем рекордын орнатқанын білеміз. Сол нәтиже әлемдік көрсеткіш деп рекордтар кітабына енді. Ильиннің өзіне арнайы сертификат тапсырылды. Оның көтерген жүгінің салмағы қандай? Илья Ильиннің массасы 70 кг болса, өз салмағынан қанша есе артық жүк көтерген?

hello_html_1c524f4c.jpg

  1. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бірінші жаттығуда 233 кг зілтемірді серпе көтеріп әлемдік рекордты жаңартса, жұлқа тартуда 185 кг зілтемірді көтерген. Оның көтерген зілтемірлерінің салмағы қандай?

  2. Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза 2010 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 келілік зілтемірді серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Оның көтерген зілтемірлерінің салмағы қандай?

  3. Дүние жүзіндегі ең ірі құс – Африка түйеқұсы, оның массасы 90 кг-ға дейін болады. Түйеқұстың салмағын анықтаңдар және оны салмағы 2 г-ға тең ең кішкентай құс колибраның салмағымен салыстырыңдар.

  4. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

  5. Гиерон патшасының алтын тәжінің ауадағы салмағы 20 Н, ал судағы салмағы 18,75 Н болсын. Тәж затының тығыздығы қандай? Алтынға тек күміс қосылған деп болжап, тәждің құрамында қанша алтын, қанша күміс барын табыңдар. Алтынның орташа тығыздығы 2·104 кг/м3, ал күмістікі 1·104 кг/м3.

  6. Массасы 5,84 Мегатонна Хеопс пирамидасының фундаменттінің ауданы 5 га. Фундаментке түсірілетін қысым қанша?


  1. Ең қуатты жерқазғыш құрылғы Нидерландыда 35 м тереңдіктен 20 000 т құмды 1 сағ шығарады. Оның қуаты қандай?

(1,9 МВт)

  1. Ең қуатты буксир, 1989 жылы СССР-де жасалған, ол 2500 кН тарту күшінде 24 480 ат күшіне тең қуат өндіреді. Оның қозғалыс жылдамдығы қандай?


  1. Ең ауыр француз танкісінің экипажы 13 адамнан тұрады. Танктің екі двигателінің қуаты 250 ат күшіне тең және 12 км/сағ жылдамдық өндіреді. Оның тарту күші қандай?

(110,4 кН)


  1. 1990 жылы Францияда бір адам тісімен массасы 281,5 кг жүкті 17 см биіктікке көтерген. Осы кезде қанша жұмыс істелген?

(479 Дж)


  1. 1989 жылы Ұлы Британияда рекордсмен жалпы массасы 367,7 т жүкті 2 м биіктікке 24 сағатта шығарғаны тіркелген. Оның өндірген орташа қуаты қанша?

  2. Ең биік қозғалғыш кран «Розенкранц К-10001» 30 т жүкті 160 м биіктікке 7,2 км/сағ жылдамдықпен шығара алады. Ол қандай жұмыс атқарады және қанша қуат өндіреді?

(47 МДж, 588 кВт)


  1. Ең үлкен майшам 1987 жылы Стокгольмде жасалған. Оның диаметрі 2,59 м және массасы 89 867 кг. Егер балауыздың тығыздығы 700 кг/м3 болса, оның биіктігі қандай болған?


  1. Ең ұзын телефон кабелі Канада мен Австралия арасына тартылған, оның ұзындығы 15 151 км. Егер оның өткізгішінің көлденең қимасы 7,3 см3 болса, оны дайындауға қанша мыс кеткен?


  1. Москвадағы ең үлкен мұз айдыны «Олимпийский»-дің ауданы 8 064 м2. Оған 1 млн литр су құйғанда, қандай қалыңдықтағы мұз қабатын алуға болады?


  1. Әлемде ең бірінші радиограмманы 1896 жылы орыс өнертапқышы А.С. Попов 250 м қашықтықтан жіберген. Осы арақашықтықты радиосигнал қанша уақытта өткен?


  1. Ең кішкентай реактивті АҚШ ұшағының массасы 196 кг, жылдамдығы 450 км/сағ. Егер Атлант мұхитының үстімен 7 сағ ұшқанда оның орын ауыстыруы қандай болады? Оның ұшу кезіндегі кинетикалық энергиясы қандай?

(жауабы: 3150 км, 1,5 МДж)















Энергия. Кинетикалық және потенциялық энергиялар.

  1. Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңестер Одағының Батыры атағын екі мәрте алған әуе полкның командирі Талғат Бигельдинов басқарған шабуылдаушы – штурмовик «ИЛ-2» -нің жалпы массасы 2000 кг, ұшу биіктігі 5 км, жылдамдығы 360 км/сағ. Ұшақтың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы және көтеру күші неге тең?

Батырдың массасы т =70 кг болса, Жермен және өз ұшағымен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы қандай?

2. 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып, сол кемеден әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы ерлігі үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды. Сонымен қатар дыбыстан да жылдам ұшатын қазіргі «Су-27» және «МиГ-15» истребитель ұшақтарын кемеге қондырды және 50-ден астам жаңа ұшақтарды сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

hello_html_m7a6be90a.png


Талғат Әубәкіров.

3. «Су-27»-нің жалпы массасы 10 000 кг, ұшу биіктігі 20 км, жылдамдығы 3600 км/сағ. Ұшақтың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы және көтеру күші неге тең? Егер ұшқыштың массасы т =70 кг болса, Жермен және өз ұшағымен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы қандай?


4. 1988 жылы жасалған өте жеңіл АҚШ ұшағының массасы 111 кг, жылдамдығы 305,8 км/сағ болған. Оның ұшу кезіндегі кинетикалық энергиясы қандай болған? Ені 7335 км Тынық мұхитты қанша уақытта ұшып өтеді?


5. 1989 жылы СССР-де жасалған массасы 508 т ең үлкен ұшақ 156,3 т жүкті 12,41 км биіктікке көтере алатын болған. Осы биіктікте ұшақтың потенциалдық энергиясы және көтеру күші неге тең?

(жауабы: 6,5 МН, 80873 МДж)

6. Ең кішкентай реактивті АҚШ ұшағының массасы 196 кг, жылдамдығы 450 км/сағ. Егер Атлант мұхитының үстімен 7 сағ ұшқанда оның орын ауыстыруы қандай болады? Оның ұшу кезіндегі кинетикалық энергиясы қандай?

(жауабы: 3150 км, 1,5 МДж)

7. 1989 жылы Ұлы Британияда рекордсмен жалпы массасы 367,7 т жүкті 2 м биіктікке 24 сағатта шығарғаны тіркелген. Оның өндірген орташа қуаты қанша?

8. Ең биік қозғалғыш кран «Розенкранц К-10001» 30 т жүкті 160 м биіктікке 7,2 км/сағ жылдамдықпен шығара алады. Ол қандай жұмыс атқарады және қанша қуат өндіреді?

(47 МДж, 588 кВт)





Жылу мөлшері.

  1. Кремльдің Алмаз фондында «Аттың басы» деп аталған таза алтын тас сақтаулы. Егер оны толық балқытуға 938 кДж жылу қажет болса, онда ол алтын тастың массасы қандай?


  1. Массасы 9,3 кг, 15 0С темпертурадағы «Түйе» деп аталған таза алтын тасты қайта балқытуға 1892 кДж жылу қажет болса, алтынның балқу температурасы қандай?


  1. 1990 жылы Алушта қазба жұмыстарында жалпы массасы 3,5 кг 17 күміс құйма табылған. Бастапқы температурасы 5 0С деп алып, оны балқытуға қажетті энергияны анықтаңыз.


  1. 1968 жылы Благовеценскіде ең ірі бұршақ жауған, оның 0 0С температурадағы массасы 400-600 г. Одан 200С су алу үшін қанша спирт жағу керек? Спирттің меншікті жану жылуы 27 МДж/кг.





































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Гиннес рекордтар кітабынан – интернет материалдары

  2. Л. А. Горев., «Занимательная физика» М., Просвещение.,1985

  3. Голованов А.С., «Қызықты физика» М., Просвещение.,1989

  4. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д., «Физика және астрономия» Алматы: «Атамұра» - 2012

  5. А.В. Перышкин., Н.А. Родина., «Физика-7» Алматы: Рауан -1992

  6. И.Я. Ланина., «Не уроком единым» развитие интереса к физике

  7. А.Т. Глазунова., В. Г. Разумовский., «Физика и научно-технический прогресс», Москва -1988





hello_html_m66aa5031.png



















Мазмұны


Түсінік хат.....................................................................................................................................................1

Механика. Қозғалыс.....................................................................................................................................2

Қысым. Күш..................................................................................................................................................5

Энергия. Кинетикалық және потенциялық энергиялар.............................................................6

Жылу мөлшері................................................................................................................................7

Пайдаланған әдебиеттер................................................................................................................8







hello_html_241439dc.png



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров416
Номер материала ДВ-342197
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх