Инфоурок Начальные классы Конспекты"Интернат наны " Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

"Интернат наны " Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

                                                                                                                                                                   Сабақтың  тақырыбы:  Шерхан Мұртаза «Интернат  наны»
Мақсаты
:

1.Білімділік: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру.Мәтінді оқып, мазмұндау.
2. Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға  дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:   Кейіпкер бойындағы  батылдыққа,  алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі:  жаңа  білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндіру ,сұрақ – жауап, тізбектеп оқу, топтастыру стратегиясы, болжау, талдау, жинақтау.(СТО  жобасы)
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Жамбыл Жабаев,Сүйінбай Аронұлының  портреті, флипчад,маркер,оқулық.

Сабақтың  құрылымы:

І.  Қызығушылықты  ояту

II. Мағынаны  тану

III. Ой  толғаныс

 

 Үй  тапсырмасын  тексеру

Жамбыл  Жабаевтың «Менің  өмірім » мәтіні туралы әңгімелеу.

«Мен саған , сен маған» ойыны.

1.Жамбыл Жабаев қай жерде , қай жылы дүниеге келген?

2.Жамбыл » есімінің қойылу себебі неде?

3.Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?

4.Әкесінен қай кезден бастап айырылады?

5.Жамбыл Жабаев кімнен бата алды?

   Сүйінбай Аронұлынан бата алады.

   d0b0d0bbd0b0d182d0b0d183            СУЮНБАЙ Аронулы — казахский акын, непревзойденный мастер айтыса.

http://im1.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/tjwqP12T0h9sAV05A5wP5plYjmziCB.jpgСүйінбай Аронұлы -1815-1898 жылдар арасында өмір сүрген.  Ол 13 жасында ақындық  жолға түскен жыршы ,қобызшы, күйші,ақын және де Жамбылдың ұстазы.Сүйінбайдың ақындық өнері арғы атасы Күпестен мұра болған.Балалық  шағында байдың малын баққан.  Жаңа  сабақ : «Ой  қозғау»  стратегиясы.  Шерхан Мұртазаның өмірі.

      Шерхан  Мұртаза  1932 жылы Жамбыл  облысының Жуалы      ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге  келген. Онжылдықты  бітірген  соң, М.В.Ломоносов  атындағы Мәскеу  мемлекеттік  университетінің    журналистика         факультетіне  оқуға  түседі.Шерхан  Мұртазаның  балалық  бал  дәурені  соғыспен  тұспа- тұс  келіп, шығармаларында қоғамның  ащы  шындығын кестелеп, соғыс  жылдарындағы  қиыншылықтар мен ауыл  адамдарының  әр  алуан  тағдырларын  баяндап,  ел  басына  қаралы  қасіретті  күн  туған, сүттей  ұйыған  өмір  жарастығын алай-дүлей  бұзған, бақыттыны  бақытсыз  еткен  соғыс  жылдарындағы  қазақ  ауылы  мен тұрмысын аянышты  тағдырын  әңгімелейді. Бүгін еліміздің көрнекті жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 83 жылдық мерей тойы.                   

                              Жазушының шығармашылық  жолы…

Бұл   туындыларының  қатарына «41-жылғы  келіншек», «Мылтықсыз  майдан» повесі,  «Бір  нәзік  сәуле», «Жүз  жылдық  жара»,  «Аманат, «Қызыл  жебе»  романдарын, “Сталинге  хат”, “Бесеудің  хаты” пьесаларын  жатқызамыз.                                                  

                                Мәтінмен  жұмыс :   ІІ. Мағынаны  тану

-Бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз Шерхан Мұртазфның «Интернат наны» мәтінімен танысамыз.  Мәтінді бөліктерге  бөліп, сұрақтар  арқылы   жұмыс  жүргізу.

                                  «Болжау  кестесі» стратегиясы

Не  болады  деп  ойлайсыз?

     Оған  қандай  дәлеліңіз  бар?

   Шын  мәнінде  не  болды?

 

 

 

 

                                                      Интернат наны

1-    бөлік

Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Кезекші су мәселесін шешкен соң, картоп аршуға кіріседі. Одан кейін ұзыннан-ұзақ созылған үстелге  екі қатар қалайы тәрелкелерді, қисық-қыңыр қалайы қасықтарды қойып шығады. Содан соң барып әрбір тәрелкенің тұсына тілдей-тілдей кесілген қара нан қояды. Бұл кезде Әлтайдың қасына тәрбиеші өзі ілесіп жүреді. Соның өзінде де Әлтай олардың қырағы көзін ала беріп, бірер кесегін томпақ ауызға бұралақтап ұрып жібереді. Тәрбиеші оның аузына күдіктене қарар еді. Бірақ Әлтай сыр бермейтін. Сірә, нанды шайнамай жұтып жіберетін шығар.

Флипчадпен  жұмыс:

2-бөлік
Кезекшілік күні өткен соң, Әлтайдың көңілі той тарқағандай құлазып қалады.
Балалар ұйқыға кетеді. Бір бөлмеде он бала  жатады. Бәрі әскер балалары. Бәрі де ауылдан келген. Соғыстан соң жаңадан ашылған интернат-пансионда жатып оқиды. Майданнан әкесі қайтпағандар, соғыстан ағасы келмегендер, ашқарын ұйқыда түстерінде ауылдың нарт қызыл таба нанын көріп, тамсанып жатады.Осы кезде Әлтай басын көрпемен жауып алып, нан жейді. Біреу естіп қоймасын деп, дымын шығармауға тырысады.

3 – бөлік
Бір күні Әлтай әшкереленіп қалды. Сәттіғұл дейтін бала оның түнде нан жеп жатқанын
біліп қойыпты.
-   Палундра! - деп Сәттіғұл айғай салсын. Балалардың бәрі үй өртеніп бара жатқандай орындарынан атып-атып тұрсын.
-   Не боп қалды?
-   Әлтай нан жеп жатыр!
-   Нан?!
«Нан» деген сөзді естігенде, ұйқы шайдай ашылады. «Нан» деген сөз - алыстағы ауылдан апаң келіп тұр дегенмен бірдей. Сәттіғұл барып Әлтайдың үстінен көрпені жұлып алады. Әлтай қақпанға түскен қасқырдай ақсиып айбат шегеді.Бірақ өзінің кінәсі басым екенін сезіп жаси бастайды.

4- бөлік

   -  Мә, — дейді аң-таң болған жолдасына Әлтай бір тілім нан ұсынып. Нан жетпегендерге бір уыс талқан немесе бір түйір құрт тиеді. Бөлме іші мейірімге толғандай. Сол сезімнің әлдилеуімен он бала тәтті ұйқыға кетеді.Түстерінде бір қанар нан арқалап, балаларға үлестіріп жүрген дәу ағайды көреді. Жаңа жыл екен дейді. Интернат асханасының қақ ортасына үлкен шырша орнатылған екен. Шыршаның әрбір бұтағынан қызыл-күрең бөлке-бөлке нан салбырап тұр екен. Сол бөлкелердің қақ ортасына Әлтайды да салбыратып іліп қойған екен.Дәу ағай Аязата болған екен.Жаңа жылда кәмпит орнына бір-бір бөлке нан сыйлап жүр екен.

Нұр жаусын саған, интернаттың қара наны!

Дәптермен  жұмыс:     

Сандықшаның  ішіндегі  сөздердің мағынасын ашып жазу.Мәтін ішінен іздеп табу.

Сөздік жұмысы

Ебі  келсе -  ыңғайы , реті келсе

Интернет – ауылы алыстағы балалар жатып оқитын орын

Жаси бастайды жуаси  бастайды

Палундра Аттан!

Қанар қап

                     ІІІ. Толғаныс : «Еркін жазу» стратегиясы

«Жаңа   жылдық   жаңаша түс » деген тақырыпта ешкімнің ойына келмейтін қызық оқиғалы  мәтін құрастырып жаз

                                « ИНСЕРТ »   стратегиясы

 

         Білем 

      Мен   үшін

       жаңалық

     Білдім

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

- Мәтіннің  тақырыбы  не  жөнінде?

- Мәтін  қалай  аяқталатын  еді?

- Интернат  деген не?

- ИНТЕРНАТ – ауылы  алыстағы  балалар  жатып  оқитын  жер.

-Интернат балаларының өмірі неліктен қиын  болды?

-Жаңа жыл қарсаңында балалардың түсіне ойыншық ,кәмпит емес ,неліктен

нан кіреді ?

Үйге  тапсырма:   бөлімдерін  мазмұндау.

Бағалау: Оқушылар бір –бірін бағалайды, мұғалім баға қояды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Интернат наны " Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 2683
    • DOCX 194.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахметова Дина Ибрагимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахметова Дина Ибрагимовна
    Рахметова Дина Ибрагимовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8850
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе