Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Интернет бум шоу" внеклассная разработка урока по информатике
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Интернет бум шоу" внеклассная разработка урока по информатике

библиотека
материалов

Пәні: Информатика





Сабақ тақырыбы: «Интернет БУМ ШОУ» іскерлік ойын

Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Түсіндіре – баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Сайыскезеңдерімен таныстыру.

  3. Ойын кезеңдері.

  4. Қорытынды.

  5. Бағалау және марапаттау.

І. Ұйымдастыру.

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Экономика информатика апталығына орай ұйымдастырылған «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынынақош келдіңіздер. Біздіңіскерлік ойынымызинформатиканыүйренушілерге, информатиканыүйретушілерге, информатиканысүйетіндергежәне де информатиканыәлі де білмейтіндергеарналады.

ПОВТ-21 тобынанқұралғанүш топ «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлікойынында өз біліктіліктерінкөрсетеді. Біздіңбүгінгіөткізілгеліотырғаніскерлікойынымызоқушыларының білімдеріменбайланысты. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңізкөріпотырғандай әр тобымызішіндебірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Іскерлік ойынымызда бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтапалайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.

Топты таныстыру кезеңі

І топ: «Информатика» топ басшысы: ..................................................................

ІІ топ: «Компьютер» топ басшысы:.............................................................

ІІІ топ: «Интернет» топ басшысы:..........................................................



Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Меруерт Берікханқызы

  2. Колледждің әдіскері Айнагүл Капшукерқызы

  3. Экономика және информатика ПЦК-ның төрайымы Венера Дәулетбекқызы



Енді бүгінгі ойынға қатсушы топтардыойын кезеңдерімен таныстырып өтейн:

І – кезең: «Ақылдассаң шешерсің...»

ІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз»

ІІІ-кезең: «Ойлан, тап!»

IV – кезең: «Шешімін тап!»

V– кезең: «Кім жылдам?»

І-кезең:«Ақылдассаң шешерсің»жалпы 15 сұрақ қойылады.

Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

  1. Теңізде қандай тacтap табылмайды?

  1. Су; ә) Құрғақ; б) Ешқандай mac болмайды; в) Барлық жауап дұрыс емес;

  1. Компьютердің ақылшысы.

  1. Процессор; ә) Жады; б) Винчестер; в) Компьютер;

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

  1. Болады; ә) Болмайды; б) Болады, тек....; в) Болмайды, себебі....;

  1. Компьтердің экранынаақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?

  1. Монитор ә) Баспа қүрылғысы б) Сканер в) Пернетақта

  1. Кім барлықтілде сөйлейді?

  1. Адам; ә) Жәндік; б) Жанғырық; в) Аң;

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранынашығаруға арналған құрылғы.

  1. Монитор; ә) Баспақұрылғысы; б) Сканер; в) Пернетақта;

  1. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік багдарлама.

  1. Вирус; ә) Архиватор; б) Антивирус;в) Бағдарлама;

  1. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшінқолданылады.

  1. Босорын; ә) Болдырмау; б) Өшіру; в) Енгізу;

  1. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?

  1. Елес; ә) Көлеңке; б) Сурет; в) Ешқайсысын да;

  1. Өшірілген файлдар қайда сақталады?

  1. Себет; ә) Жады; б) Менің қүжаттарым; в) Сдискісінде;

  1. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысынбасқаратын арнайы бағдарлама.

  1. Операциялық жүйе;ә) Бағдарламалар; б) Офис; в) Стандартты бағдарлама;

  1. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.

  1. Пернетақта; ә) Дисплей; б) Принтер; в) Сканер;

  1. Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма?

  1. Төменгі жағында; ә) Жоғаргы жагында; б) Екі жағында да бірдей; в)Дұрыс жауап жоқ;

  1. Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?

  1. 30 см; ә) 50 см; б) 70 см; в) 100 см;

  1. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердіңжиынтыгы.

  1. Интернет; ә) Жергілікті желі; б) Желі;в) Модем;


ІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз». Тапқан сөзді үш тілде айту керек.

  • Ақпарат – Информация - Information

  • Көшірме – Копия - Copy

  • Терезе – Окно -Windows

  • Телефон – Теледыбыс - Telephone

  • Тінтуір – Мышка - Mouse

  • Кітап – Книга - Book

  • Диск –Диск -Disk

  • Желі – Сеть -Net

  • Батырма – Кнопка - Button

  • Камера – Бейне бақылағыш –Camera

ІІІ-кезең:«Шешімін тап!». Бұл кезеңде оқушылар компьютердің құрылғыларына арналған жұмбақтарды шешеді.

Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті. (Пернетақта)


Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен он екі ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «F» (эф) әріпнен басталады. (Функционалдық пернелер)


Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер)


Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (Терезе)


Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрыңы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (Тышқан)


Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)


Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (Кактус)


Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай аталады? (Принтер)


Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (Бит)


Егер білсеі айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді. (сканер)


IV – кезең:«Ойлан, тап!»Бұл кезеңде әр топқа символдармен жасырылған бір сөйлем беріледі, топ мүшелері сол сөйлемді табады. Сонымен қатар көрермендерге ребустар беріледі. Ребусты шешкен көрермен өз ұпайын өзіне ұнаған топқа сыйлайды.

  1. топ:Дүниежүзілік компьютерлік желі – интернет

Ω⁞ έ Ϛ♯ ⃰⁞ ᴥ ᴕ ‴ᴕ ⅎ ⅎ≈ ᴓ›ʹ⌂ ʬ♯۸‴ ᴕ ⅎ ⃰♯‴ ᴕ - Ϛ έ ʬ♯۸ έ♯ ʬ

2 – топ:Ақпаратты өңдеу құрылғысы - процессор

∞◊›∞۸ʬ ʬ ͻ ● ɮ Ω♯∑ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ ψ ͻ - › ۸≈≡♯ ψ ψ ≈۸

3 – топ:Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы – пернетақта

∞◊›∞۸ʬ ʬ ͻ ♯ έ҂ ᴕ ᴥ∑҂♯ ∞۸ έ ∞‴ ʭ ∞ έ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ - › ♯۸ έ ♯ ʬ∞◊ ʬ∞

Көрермендерге:

hello_html_2f489269.jpg(клавиша)

hello_html_38cb96d8.png(курсор)

hello_html_754af4ed.png(сканер)

hello_html_m49779029.png(дисплей)

hello_html_m1d0b7cfd.jpg(информатика)

hello_html_16e706dc.png(процессор)



V– кезең: «Кім жылдам?».Бұл кезеңде әр топ басшыларына 2 минут ішінде 15 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап есептелір отырады.



«Информатика» тобы

  1. Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді қалай атайды? Программалау тілдері

  2. Паскаль программалау тілінің авторы кім? Никлаус Вирт

  3. Паскаль тілі қай жылдары жасалды? 1968-1971 жылдары

  4. «Алгоритм» атауы қай тілден енген сөз? Латынның Algorithmi сөзінен

  5. Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды? Шеңбер, үшбұрыш

  6. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын атаңыз. CONST

  7. Sqrоператорының қызметі. Санның квадраты

  8. Var қызметші сөзі не үшін қолданылады? Айнымалыларды сипаттау

  9. Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар? Екі

  10. Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады? ;

  11. Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады? BEGIN

  12. Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет. READ

  13. Бір жолға неше символ жазуға болады? 255

  14. Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады? Іnteger

  15. Write операторының қызмет? Шығару операторы


«Компьютер» тобы

  1. Ақпараттықпроцестердізерттейтінғылым?Информатика

  2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын  негізгі құрылғы?Компьютер

  3. «Компьютердіңмиы» депненіайтады? Процессор

  4. Мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы қалай аталады? Принтер

  5. ЭЕМ – ның даму тарихы неше кезеңнен тұрады? 5-кезең

  6. Пернетақтада неше батырма бар?101-103

  7. Пайдаланушы мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?60-70 см

  8. Интернет деген не?Бүкіл дүниежүзілік байланыс.

  9. Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы?Монитор

  10. Меңзердегеніміз не?Экранда жыпылықтап тұратын символ 

  11. 1 және 0 сандарымен  бейнеленетін  ақпарат саны    тізімі қалай аталады?Байт

  12. Үлкен әріптерді   басуда  қандай  түймені қосамыз? CapsLock     

  13. Paintқандай редактор? Графикалықредактор

  14. Вирусқа қарсы арнайы программалар қалай аталады? Антивирус

  15. Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microcoft Office құрамына кіретін программа қалай аталады?MS Excel

«Интернет» тобы

  1. Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы қалай аталады?Колонкалар

  2. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы?Қатты дискі

  3. Файл дегеніміз не?Белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны

  4. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа?Операциялық жүйе

  5. Компьютерде деректерді уақытша сақтау жады?Жедел жады

  6. Ең ерте заманғы есептеу құралы?Есепшот

  7. Пернелердің ішіндегі ең ұзын перне?бос орын (пробел)

  8. Компьютер мен адам арасындағы қарым- қатынас қалай аталады?Интерфейс

  9. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? Терезе

  10. Paint қандай редактор?Графикалық

  11. Нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер?Таңбашалар

  12. Әлемдегі ең ауқымды компьютерлік желі? Интернет

  13. Антивирус қандай программа?Вирусқа қарсы аранайы программалар

  14. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?Delete

  15. Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсыну қалай аталады?Кодтау

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Бағалау

Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.

Марапаттау:

Жоғары ұпай алған топты – «Үздік информатиктер», орта ұпай алған топты – «Тапқырлар», аз ұпай алған топты – «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.

Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады.Командаларға әр бөлімбойыншакөрсеткенбілімдерінеқарайұпайберіліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларынқұттықтаймыз!













ХАТТАМА

Сыныптантыссабақтақырыбы: «Компьютер БУМ ШОУ»

Қатысушылар: ПОВТ-21 тобы

Ұйымдастырушы:Нұртаева Құралай Мұратқызы

Қатырқандар:

Бекмухамбетова М.Б.

Дюсембекова А.К.

Танина А.К.

Тукенова В.Д.

Матенова Б.А.


Сөйлегендер:

Нұртаева Қ.М.:«Компьютер БУМ ШОУ»іскерлікойынныңмақсаты оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Бүгінгі іскерлік ойын арқылы оқушылар ойлау, жауапкершілік,ізденіс, бір-біріне көмек көрсету арқылы жақсы жақтарынан көрсете білді. Бүгінгі іскерлік ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

Танина А.К.: «Компьютер БУМ ШОУ»тақырыбындаөткеніскерлікойын өз деңгейіндежақсыөттідепойлаймын. Оқушыларбелсене ат салысып, берілгентапсырмалардыбірігіпшешімінтауып, өз топтарыүшінтырысыпбақты. Жалпыіскерлікойынмағанұнады.

Бекмухамбетова М.Б.: ҚұралайМұратқызыныңұйымдастырыпотырғаніскерлікойыныжақсыдеңгейдеөтті. Ойынныңьтақырыбынашып, оқушыларғадеңгейлітапсырмаламменсұрақтарқойылдыжәнебағаланды. Іскерлікойында слайд, сұрақ-жауап, таратпа материалдар, көрнекілік құралдар қолдана ала білді.

Тукенова В.Д.: Іскерлік ойын жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары көрінді. Оқушының және оқушылардың үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұр. Сабақ деңгейлі өтті.







1 - топ: «Информатика»



Ω⁞ έ Ϛ♯ ⃰⁞ ᴥ ᴕ ‴ᴕ ⅎ ⅎ≈ ᴓ›ʹ⌂ ʬ♯۸‴ ᴕ ⅎ ⃰♯‴ ᴕ - Ϛ έ ʬ♯۸ έ♯ ʬ









2 – топ: «Компьютер»



∞◊›∞۸ʬ ʬ ͻ ● ɮ Ω♯∑ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ ψ ͻ - › ۸≈≡♯ ψ ψ ≈۸









3 – топ: «Интернет»



∞◊›∞۸ʬ ʬ ͻ ♯ έ҂ ᴕ ᴥ∑҂♯ ∞۸ έ ∞‴ ʭ ∞ έ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ - › ♯۸ έ ♯ ʬ∞◊ ʬ∞






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-060494

Похожие материалы