Инфоурок Информатика Конспекты«Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»

«Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»

Скачать материал

Пәні

Жаңа педагогикалық технологиялар

Тобы

3б КШИ, 3 б КШО

Уақыты

19-20.01.2017

Сабақтың тақырыбы

«Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат -міндеттері

А) Ақпараттық: Интернет технологиясы, интернет өорлары туралы ақпарат беру. Интернетке қосылу жолдарын меңгерту

Ә) Коммуникативтік: Нақты өмірлік жағдайларда өз міндетін шешу үшін компьютерлік коммуникацияның  құралдарын қолдану

Б) Проблеманы шешу: Әртүрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу

Сабақтың түрі

дәріс

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар

Әңгіме, түсіндіру, баяндау, салыстыру

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Сұхбат, сұрақ-жауап, жабдықтау.

Пән аралық байланыс

Ағылшын.

Оқытудың құралдары

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, ACTIVpen электрондық қалам, ACTIVote құрылғысы

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар т.б.

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу

2.Студенттерді түгендеу

 

Сәлемдесу

Орындарына отыру

 

 

Балалардың сабаққа дайындығы

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру

   Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үдерісінде пайда болған интеллектуалдық ортада адамға өмір бойы өз білімін жетілдіріп отыруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Бұл мүмкіндік жаңа білім беру жүйесі құрылған жағдайда іске асырылмақ. Демек, ақпараттық қоғамда жаңа заманға лайықты білім беру жүйесін қалыптастыру білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) ендірумен тікелей байланысты. АКТ құралдары өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше  жұмыс істей алу қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді. Мұндай АКТ құралдарының қатарына Интернет-технологияларды жатқызуға болады.

Зерттеуші ғалымдар интернет-технологияларға түрліше анықтамалар береді. Мысалы, Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады. Ал, З.Р.Девтерева интернет-технологияларға Интернет желісіндегі әртүрлі ақпараттық ресурстарды: сайттарды, блогтарды, форумдар мен чаттарды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды, интерактивті оқулықтарды құру және олардың қызметін үйлестіру технологияларын жатқызады.

Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз. Дидактикалық ұстанымдар оқу үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін және білім алушының психологиясын ескеретін, оқыту үдерісін ұйымдастыру еркешеліктерін бейнелейтін нормативті  негіздер болып табылады.

Жаңа материалды игеріп, сабақты  қызығушылықпен тындап, әр оқушы өз түсініктерін айтты.

Ақпаратты өндейді, талдайды. Қарым-қатынастағы адамды тыңдай, сыйлай біледі.

 

Берілген ақпараттарды талдайды, модульдейді, жіктейді.

 

Ұсынылған ақпаратты белгілі мен белгісізге ажыратады

 

АКТ құралдарын оқытуда пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа материалды  бекіту

·         Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияға қандай анықтама берген?

 

 

 

 

 

·         Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары дегеніміз не?

 

 

 

 

 

·         Интернет-технологиялар оқыту үдерісін қандай дидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз етеді?

 

 

 

 

 

 

 

·         Интернет-технологиялардың компоненттеріне атаңыздар.

·  Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады.

·  Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз.

·    Интернет-технологиялар оқыту үдерісін мынадай дидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз ете алады:

- Web-технологияларды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды тиімді пайдалануға бағыттау арқылы білім алушыны өзіндік ізденіс жұмыстарына бейімдейді, соның негізінде оның зерттеушілік дағдысын қалыптастырады;

- ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыны нақты бір нәтижелі іс-әрекетке тарту арқылы оның тұлғалық сипаттарын дамытады;

·  Интернет-технологиялардың компоненттеріне мыналарды жатқызуға болады:

-   оқытатын компьютерлік интернет-бағдарламалар (интернеттегі электрондық оқулықтар, тренажерлік, тестілік жүйелер);

-   мультимедиа технологиясының базасында құрылған оқыту жүйелері;

-   интеллектуалдық және эксперттік жүйелер;

-   тармақталған желілік мәліметтер қоймасы;

-   электрондық пошта, телеконференция секілді телекоммуникация құралдары;

-   электрондық кітапханалар.

Ақпаратты талдайды, шығармашылықпен жұмыстанады, өзіндік даму жүзеге асады.

 

Интернет технология ұғымымен таныс болады.

 

Интернет технологияны білім беру үрдісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдарын біледі.

 

Интернет технологияның компоненттерін біледі.

 

Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьеваның интернет-технологияға берген анықтамасын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет технологияның компоненттерін біледі.

 

IV.Үйге тапсырма

Білімдерін әрі қарай дамыту және әрі қарай оқуға бағыталған үй тапсырмасын хабарлау, оны орындау әдістемесін түсіндіру.

Үйге: тақырыпты оқып, түсінгенін айту.

Үй тапсырмасын жазып алу, оны орындау әдістемесін түсіну.

Үйге берілген тапсырманы ойша айқындайды, қарым-қатынастағы адамның коммуникативті әрекетін қабылдау мәдениеті артады.

 V. Қорытынды

Кемшіліктерді ашып, олардың алдын алу жолдарын көрсетеді, бағалайы.

Сабақты қорытындылайды.

Сау болыңыздар.

Оқытушы сөзіне назар аударады. Жетістіктермен кемшіліктерді қабылдайды .

Жұмыс орнын жинайды. Оқытушымен қоштасады.

Сау болыңыз.

 

Сабақта жіберген өз қателіктерін, кемшіліктерін мойындау, сынды қабылдау арқылы өзіндік даму жүзеге асады, өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Интернет технология»

Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үдерісінде пайда болған интеллектуалдық ортада адамға өмір бойы өз білімін жетілдіріп отыруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Бұл мүмкіндік жаңа білім беру жүйесі құрылған жағдайда іске асырылмақ. Демек, ақпараттық қоғамда жаңа заманға лайықты білім беру жүйесін қалыптастыру білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) ендірумен тікелей байланысты. АКТ құралдары өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше  жұмыс істей алу қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді. Мұндай АКТ құралдарының қатарына Интернет-технологияларды жатқызуға болады.

Зерттеуші ғалымдар интернет-технологияларға түрліше анықтамалар береді. Мысалы, Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады. Ал, З.Р.Девтерева интернет-технологияларға Интернет желісіндегі әртүрлі ақпараттық ресурстарды: сайттарды, блогтарды, форумдар мен чаттарды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды, интерактивті оқулықтарды құру және олардың қызметін үйлестіру технологияларын жатқызады.

Зерттеуші А.А.Андреев жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі білімдер мен дағдылардың өзгеру динамикасының қарқындылығы және интернет-технологияларды өз қызметінде жоғары деңгейде пайдалана алатын кәсіби мамандарға деген сұраныстардың артуы мен оны тиімді қолдана алатын мамандардың аз болуы, соның салдарынан оқу орындарындағы компьютерлік парктердің тиімсіз пайдаланылуы арасындағы қарама-қайшылық оқыту құралы ретіндегі интернет-технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үдерісінде толығымен қолдануға  кері әсерін тигізіп келе жатқандығын атап көрсетеді.

А.А.Андреев пен Ю.Б.Рубиннің анықтамасы бойынша Интернет-технология деп, білім беру қызметінде оқу-әдістемелік материалдармен пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін Интернет желісін пайдалануға неізделген технологияны айтамыз. Ол ашық білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісінің негізгі ядросы болмақ.

Интернет желісін пайдалануға негізделген технологиялар білім жүйесінде үлкен табысқа ие болуда. Білім берудегі Интернет-технологиялар ұғымын С.Ю.Губин, В.Т.Мотчин және Б.А.Мордвинов толық, кеңінен ашуға тырысады: «Білім берудегі Интернет-технологиялар – кешендік, заманауи, бүкіл әлемде бір компьютерлік, желілік құрал-жабдықтар жиынтығынан тұратын, сондай-ақ, әмбебап бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуден тұратын, ең бастысы, оқу үдерісін бұрын соңды болмаған ақпарат көлемімен қамтитын, саны бойынша да, қол жетімділігімен де, пайдалану және табу жылдамдығымен де ерекшеленетін, ақпараттың бүкіл әлемдік массивінен тұратын көп қырлы көлемді ақпараттық  орта».

Ғалым Л.И.Бородкин берген анықтама біршама интернет- технологиялар ұғымын нақтылай түседі: «интернет-технологиялар деп, адамның шығармашылық ізденісін жетілдіруге, оның әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін дамытуға септігін тигізетін, ақпаратты іздеу, жинақтау,  сақтау, өңдеу, жіберу, ұсыну, қабылдау секілді қызметтерін іске асыратын әдістер мен техникалық құралдар жиынтығын айтамыз».

Өз кезегінде Интернет-технологиялар оқу үдерісінде  ең жетілген құрал-жабдық, кең көлемді ақпараттық орта, сонымен бірге, ақпараттық алмасудың жаңа ұйымдастыру-әдістемелік инфрақұрылымы болып табылады. Сондықтан да, Интернет-технологиялар құралдары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сонымен бірге,  оны үйрену – барлық оқу үдерісіне қатысушылардың, атап айтқанда, білім ұйымдарының басшыларының, профессор-оқытушылардың, технологтар мен әдіскерлердің, студенттер мен магистранттардың маңызды кәсіби қажеттілігі болып саналады.

В.П.Тихомиров айтқандай, Интернет-технологиялар қалыптасып келе жатқан күрделі ғылым саласы, оны терең ұғыну үшін интернет желісін табысты пайдалануға қажетті кәсіби шеберлікті қалыптастыру мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілуі керек.

Интернет-технологиялар оқу үдерісінің болмысын да өзгертеді:

- ақпараттық қор және әдістемелік тәжірибе бүкіләлемдік компьютерлік желілер арқылы таралады және де оқу дәрісханасына ғана сиятын мазмұнмен шектелмейді;

- дәстүрлі «сызықтық» оқыту әдісіне қосымша болып, интернет «тармақталған» оқыту түрін жасайды, мұндағы online- байланыс қаншалықты студент пен оқытушы болса, соншалықты көп бағытқа шығуы мүмкін;

- студенттер және оқытушылар ақпаратты «тұтынушыдан» өзіндік online-ақпаратты «өндірушіге» айналады және де олар барлық әлемді қамтыған білім құрамасының қатысушылары болады;

- интернеттің ақпараттық және коммуникациялық күші, дәстүрлі оқу құрылымдарын және жаңа білім бағыттарын ( мысалы, қашықтықтан оқыту) жаңартады.

Интернет-технологиялар оқытудың жаңа әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін, соның негізінде білім беру сапасының артуына жол ашатын бірден-бір технология. Жетекші педагог ғалымдардың пікірлерін негізге алатын болсақ, интернет-технологиялар үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін әрбір оқытушының дидактикалық-әдістемелік құралына айналуы тиіс.

Біздің ойымызша, Интернет-технологияны оқу үдерісіне, ғылыми жұмыстарға, ұйымдастыру жұмыстарына және тұлғалар қарым-қатынасына  енгізу, оларды пайдаланудың шынайы қажеттілігімен анықталады, кәсіби іс-әрекеттің дұрыс дамыған жағдайында ғана қалыптасады. Әлемдік желі ресурстарымен байланысқан тек осы қажеттілік қана қазіргі заман маманының артықшылығы болып табылады.

Интернет-технологияны кәсіби білім беру үдерісіне енгізу, бірнеше педагогикалық жағдайларға және дидактикалық ұстанымдарға байланысты. Педагогикалық жағдайлар деп сапалы тұлғаны қалыптастыруды қамтитын заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып, тәрбие - білім  үрдісінің мақсат бағдарын детерминациялаудың өзара байланысқан факторлар жиынтығын айтамыз. Мұндай жағдайда, болашақ  мамандардың Интернет-технологияны пайдалану дайындығын айтуға болады.

Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз. Дидактикалық ұстанымдар оқу үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін және білім алушының психологиясын ескеретін, оқыту үдерісін ұйымдастыру еркешеліктерін бейнелейтін нормативті  негіздер болып табылады.

Біз өз зерттеуімізде ғалым П.И.Образцов ұсынған жоғары оқу орындарының ақпараттық технологияны қолдану шарттарына сәйкес келетін дидактикалық ұстанымдарды негізге алдық. Олар:

1. Дидактикалық үрдістің және дидактикалық жүйенің оқыту заңдылықтарына сәйкестілік ұстанымы білім алушылардың оқу-танымдық  іс-әрекетінің объективті заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру қажеттілігіне бағытталған спецификалық байланыстар, сондай-ақ, білімнің мазмұны және оқытылуы арасындағы нақты тәуелділік болып табылады.

Оқытушының бұл ұстанымды сақтамауы оны өзіндік конструктивті іс-әрекеттегі басты бағдардан айырады, өзіндік конструктивті іс-әрекетте Интернет-технологияны қолданғанда дидактикалық үрдіс оқыту заңдылықтарына сәйкестіктен және де оқытудағы мақсатқа жетудің нақты жолынан тұрады.

2. Білімді нақты ойлауға негіздеу ұстанымы, яғни, әрбір құбылысты өзінің тарихи дамуында қарастыру, сол құбылыстың генезисін табу, оның дамуының, заңдылықтарының әрбір сатысын бақылау. Интернетте орналасқан бастапқы мәліметтер (құжаттар, сақталған материалдар, заң актілері, іс-өндіріс көздері, т.б.) көзімен жұмыс жасау қарастырылып отырған ұстанымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

3. Теориялық білімнің негізгі жетекшілік рөлі ұстанымы оқу материалының, мәселен, тақырыптың жеткілікті үлкен мәнді жерін қарау үшін Интернет-технологияны қолданып дидактикалық үрдісті ұйымдастырудың мақсаттылығына негізделеді, ол былай жүзеге асырылады: теориялық білім алудың бастапқы кезеңдерінде білім алушылар тақырыптың жалпы теорялық мазмұны туралы түсінік алады, содан соң, аралық кезеңдерде әрбір сұрақтың мазмұнының басқа түрлерін түсінуге әрекет жасайды, ал қорытынды кезеңде барлық тақырыпты талап етілетін қабылдау деңгейіне жеткізуге тырысады.

4. Оқытудың біліми, тәрбие және даму функцияларының бірліктері ұстанымы өз атауында көрсетілген барлық функциялардың өзара заңдылығын байланыстырып бейнелейді. Бұл ұстаным интернет-технологияны пайдалануда оқытудың дидактикалық үрдісі тек білім алу функциясын ғана емес, сонымен қатар тәрбие және даму функцияларын орындайды.

5. Білім алушының оқуға деген мотивациясын, оң қарым-қатынасын дамыту ұстанымы оқу-танымдық іс-әрекет пен мотивациялық қызығушылықтың өзара байланыстарының жетістіктерін бейнелейді. Ол оқыту мазмұнын меңгеруді үздіксіз меңгеруге ұмтылу қажеттілігін көрсетеді. Бұл ұстанымды орындау  интернет-технологияны тиімді қолданудың маңызды шарттарының бірі.

6. Күрделі мәселелік ұстаным шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қабылдауға байланысты заңдылықты бейнелейді, сонымен қатар, білім мен әдістерді шығармашылық түрде қабылдау іс-әрекетіне негіз болады. Бұл ұстанымның негізі мынада: оқыту мазмұны және шығармашылық қабылдаудың түрлері ретінде тәжірибені игеру оқу субъектісін мәселелер жүйесіне тікелей қатыстырмай мүмкін емес

7. Оқытуда коллективті оқу жұмысын жеке тұлғаға қатынаспен біріктіру ұстанымы оқытушыдан оқытудың сәйкес үлгілерін мақсатты келістіруді талап етеді. Бұл ұстаным Интернет-технологияның білім берудегі мүмкіндіктерін дәрісханалық сабақтарда пайдалануда, басқару субъектісі ретіндегі оқытушынің жетекшілігіндегі өзіндік жұмыста, сонымен бірге студенттің оқытушысыз өзіндік жұмысында есепке алынады.

8. Абстрактілі ойлауды көрнекілікпен үйлестіру ұстанымы оқу материалының әр түрлі қабылдауы мен бірге оны ұғыну, есте сақтау, қолдану мүмкіндіктері арасындағы заңды байланысты бейнелейді. Бұл ұстанымнан мынадай талап туындайды: оқыту үдерісінде көрнекіліктің барлық түрін пайдалануды үйлестіреді.

9. Тұлғаның белсенділігіне байланысты оқыту ұстанымына сәйкес жоғары кәсіби білім беру саласында интернет-технологияны пайдалану ең алдымен тұлғаның дамуына, оқыту субъектісі ретінде білім алушылардың  ерекшіліктерін анықтауға, оның жеке тәжірибесін өзіндік бағасы және ерекшелігі ретінде қабылдауға, педагогикалық әсерді осы тәжірибеге сәйкес құруға, оқу жұмыстары әдістерін талдау арқылы білім алудың жолдарын ашуға мақсатталуы керек.

10. Оқу-ақпараттық қорын оқыту мазмұны мен дидактикалық жүйеге сәйкестендіру  ұстанымы оқытушы мен студенттің тиімді еңбегінің оқу-ғылыми жағдайына деген талаптарын бейнелейді. Бұл ұстаным, егер оқу-ақпараттық қор оқытушыларға қойылған ғылыми-педагогикалық талаптар негізінде жинақталған болса, онда оның практикалық тұрғыдан жүзеге асуы қамтамасыз етіледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 895 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2017 10886
    • DOCX 410.5 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдушева Мейрамгуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52580
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 575 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе