Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Статьи / Интернеттің зияндығы туралы жадынама

Интернеттің зияндығы туралы жадынама


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Біліп жүру – міндет!

Құрметті оқушылар қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігіде артатыны анық. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін бізге ұялы телефон немесе компьютер керек.Ал, әр күніңді компьютер мен телефонмен өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына қатты әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып сөйлесу, баланың айналадағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етіп, түрлі көз аруларына шалдығатыны тағы бар.Ал ең сорақысы ұлттық, адами қасиеттерге нұсқан келтіретін материалдың интернет бетінен орын алуы өз бетімен шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылардың болуына әкеліп соғуда. Ал бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар мен әлеуметтік желілерде отырып, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы болып табылады. Интернетте отырып, әлеуметтік желілер мен ойындар ойнайтын балалардың бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейді.Өзіңнің бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жазылып, көркем әдебиеттер оқып білімің мен сауатыңды арттырған абзал.Ал енді әлеуметтік желіге жеке тоқталып кетсек, әлеуметтік желі арқылы сіз таныстарыңызды, достарыңызды тауып, олармен байланыста бола аласыз. Сондай-ақ желідегі әр түрлі топтарға тіркеліп, өз қызығушылықтарыңызбен, көзқарастарыңызбен бөлісе аласыз.Тіпті қазір әлеуметтік желі арқылы кімнің қайда, кіммен отырғанына дейін біле аламыз, қайда, кімге қарамасаңда телефондарына телміріп отырғанын да байқаймыз.Ал осылай отыра беру адамдарды шынайы өмірден аластататынын байқамаймыз. Көптеген жастар сыңырын табу мақсатымен бейтаныс адамдармен танысып, бармақ тістеп қалатын кездері де аз емес.Бейтаныс адам сіздің өміріңізге теріс өзгерістермен, үлкен зиян келтіруі әбден ықтимал.Дәл сол әлеуметтік желінің бір тобында отырып, екінші топқа тіркел деген нұсқауды басу арқылы өзіңіздің түрлі діни ағымдарға қалай кіріп кеткеніңізді байқамай қалуыңызда мүмкін.Түрлі жарнамалар мен агенттіктердің алдауына түсіп, қалталарыңыздағы ақшадан да қағылу тағы бар.Қорыта келгенде әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар. Біз тек пайдасын алып, зиянынан алыстап, сауатты пайдалана білуіміз қажет.

Дайындаған мектеп психологы Жұмақан Салтанат


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Статьи
Просмотров78
Номер материала ДВ-468209
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх