Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Уразалиева Аида Турганбаевна

Открытое мероприятие - вожатая

Тақырыбы: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты мерекелік жиын. 

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

БАРЫСЫ:
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар! 
2 - жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
2 - жүргізуші: Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды.

1 – жүргізуші: Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алса, бүгінде біздің мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы іс - шарамен өз жалғасын табуда.

2 - жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

1 - жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2 - жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

1 - жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

ҚР Гимні орындалады.

2 - жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бәкір Уалишер ағайға беріледі.

1 - жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

2 - жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 – жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың жыр – шумақтарын қабыл алыңыздар.

1 – оқушы: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2 – оқушы: Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.


3 – оқушы: Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

4 – оқушы: Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

5 – оқушы: Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


6 – оқушы: Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

7 – оқушы: Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

8 – оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

8 – оқушы: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

 

9 – оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

 

10 – оқушы: Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша- бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз! 


(Шыңырақ астында барлық ұлт өкілдері жиналып келеді)

Барлығы бірге: Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Ән: «Мереке»

Орындайтын: 8 «Б» сыныбының оқушысы Қази Әсел

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Бүгінгі мерекемізде біз 10 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді қай кезде де ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.

Орындайтын: 8 «А» сынып оқушылары Серікқыздары Дария мен Сания

1 - жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, 5 «А» сыныбынан құрылған Орыс мәдени орталығының өнерін тамашалаймыз.

2 - жүргізуші:  Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                         Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                         Елім менің биіктігі шарайнам,

                         Қыран құсы көгінде мың самғаған!

1 - жүргізуші: 6 «Б» сыныбының оқушыларынан құрылған Өзбек мәдени орталығына береміз.

2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Солардың бірі – 5 «Б» сыныбынан құрылған Ұйғыр мәдени орталығының өкілдеріне кезек береміз.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті 6 «А» сыныбынан құрылған Қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

2-жүргізуші:  Республикам менің,

                       Республикам менің,

                       Абатым!

                       Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

                      Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

                       Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

1 - жүргізуші: 7 «Ә» сыныбынан құрылған Украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.

2 - жүргізуші: Тілегі бір,

                         Жүрегі бір.

                         Достармен біз біргеміз.

                        Туыс барда құрыштан да,

                      Берік біздің іргеміз!

1 - жүргізуші: Ортаға 5 «Ә» сыныбынан құрылған Шешен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

2 - жүргізуші:  Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

                       Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

                       Қайталанып, жаңарып айтылады,

                   Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1 - жүргізуші: 6 «Ә» сыныбынан құрылған Қытай мәдени орталығына беріледі.

2 - жүргізуші:  Ағайын - туған – бар адам,

                        Адалдық үшін жаралған.

                        Бар қымбат туыстық,

                         Баянды болсын тыныштық!

1 - жүргізуші: Ортаға 5 «В» сыныбынан құрылған көршілес Түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

2 - жүргізуші:   Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

                         Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

                         Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

                         Арғы тегі Алаштан тараған,

                       Керегесін ағаштан құраған елміз!

1 - жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

2 - жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

1 - жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

2 - жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Ән: «Жаса, Қазақстан»

Орындайтын: Жантөре Данияр

1 - жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Құттықтау сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бәкір Уалишер ағайға беріледі.

(Бүгінгі мерекелік жиында өнер көрсеткен ұлт өкілдерін марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты мерекелік жиын.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

БАРЫСЫ:
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров496
Номер материала 275294
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх