Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» (атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» (атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші)

библиотека
материалов

Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы КММ









«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» (атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші)





Мұғалімі: Г.Х.Изахунова























2015-2016 оқу жылы

«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер

БАРЫСЫ:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:


Биыл мемлекетте ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлыстар достығын нығайта түседі деген ойдамыз.

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобаланда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

ІІ жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.


ІІ жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Д.Е.Ешкенов. Ендеше, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.


І жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегемде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегем күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.


І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ән «Менің өлкем»

1-ученик:

Мы благодарны  за солнце и свет,

Спасибо, что есть у нас много побед.

За радость, уверенность в завтрашнем дне,

За счастье мы скажем спасибо тебе.

Давайте все вместе скажем друзья.

Спасибо, что есть у тебя, у меня

За чистое небо, леса и поля

За космос, где вертится наша земля!

2-ученик

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

3-ученик

«Сіз», «біз» деген жылы сөз –

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі  тілекті.

Біреуге  біреу жақсылық,

Тілесе әркез  жаны  ашып,

Осы  бір  шырын – тәттілік,

Тұрмай ма  жанға  жарасып

Баршаға  керек  жақсылық!

Қызғанбай  бөліп алыңыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жақсылықтың  мейірі.

Бір-біріне болып  кез,

Кең  болсын адам пейілі.

4-ученик


Орыс, ұйғыр, неміс те

Үміт қосып жеңіске!

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске!


Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа, суың да!

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

5-ученик


Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,

6-ученик


Ақ, кара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз

Туыскан, татумыз

Биіктерге өрлейміз.


Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!


7-ученик


Ата-бабам ежелден-ақ ДОС қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 


Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!


 8-ученик

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

 

9-ученик


Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


10-ученик

 

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған

Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

 

11 – оқушы


Қазақ жері достықтың гүлстаны 

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


11 – оқушы


Қазақ жері достықтың гүлстаны 

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән «Дос болайық бәріміз»

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

  1. Ұлттық би

  2. Көрініс

  3. Ойся ты ойся

  4. Би

  5. Қазақ елі осындай

  6. Би

  7. Жаса Қазақстан


І жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!


ІІ жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!


І жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»


ІІ жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!


І жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.


ІІ жүргізуші: Ендеше, ынтымақтастық жасасын!


І жүргізуші: Қазақстан жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

І жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.


І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!









Автор
Дата добавления 02.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров214
Номер материала ДБ-062542
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх