Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" мерекелік концерті

"Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" мерекелік концерті

Скачать материал

 

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Мерекелік концерт

2б, 5а, 10а-сыныптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшілері

 Ш.Б.Джанзакова, Г.А.Аменова, Э.А.Ишангалиева, А.Р.Бисеналиев

 

 

 

29.04.2017 жыл

 

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Мерекелік концерт

29.04.2017 жыл

2б, 5а, 10а-сыныптары

Сынып жетекшілері Ш.Б.Джанзакова, Г.А.Аменова, Э.А.Ишангалиева

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
БАРЫСЫ:


Нұртөре:
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!


Балым: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Нұртөре:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Аяулым:

Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Балым: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Нұртөре:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Аяулым:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Балым: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Нұртөре: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.


Балым: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Нұртөре:

Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.


Аяулым:

Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

 


Балым
:

Мы дружной семьей живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов
.

Сөз кезегін орыс ұлтының өкілдеріне берейік.

Нұртөре: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.

Нұртөре:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!


Балым: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілдері келіп отыр. Олай болса, сөз кезегі кешіміздің қонақтарына беріледі.

Нұртөре: Өзбек биін тамашалаңыздар!

Нұртөре:

Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!


Аяулым
:

Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

 


Балым: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілдеріне сөз кезегін береміз.

Нұртөре: Сахнамыздың төріне татар әнін орындау үшін 2б-сыныбының оқушыларын шақырамыз.

Аяулым:

Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!

Аяулым: Сахнада 5а-сынып оқушысы Елтайұлы Нұрдәулет . (Өлең)

Аяулым: Мерекелік кешімізге арналған би шашуды қабыл алыңыздар!

(2б- «Стюардесса»)

Аяулым:

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, ағылшын тіліндегі әнге  кезек береміз.

Қазақ биі.

Музыка. Ұлттар шеруі.

Аяулым: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

Балым: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған, ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

Аяулым: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанның ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.


Балым: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларымыз табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Нұртөре: Хор «Атамекен»

Балым: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Аяулым: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!


Нұртөре: Ендеше, бейбітшілік жасасын!


Балым: Ынтымақтастық жасасын!


Аяулым: Қазақстан жасасын!


Нұртөре: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!


Балым: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.


Бірге: Сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 


1. Ұлттық би (2б).

2. Орыс ұлтының өкілдері (5а).

3. Орыс биі (10а).

4. Өзбек ұлтының өкілдері (5а).

5.  Өзбек биі (2б)
6. Татар ұлтының өкілдері (5а).

7. Татар әні (Зарина, Сабина).

8. Елтайұлы Нұрдәулет (Өлең).

9. Би-шашу («Стюардесса» биі, 2б).

10. Ағылшын әні (2б, 5а)

11. Қазақ биі (10а).

12. Ұлттар шеруі.

13.  Хор «Атамекен»

 

 

 

ТАЛДАМА

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Мерекелік концерт

29.04.2017 жыл

2б, 5а, 10а-сыныптары

Сынып жетекшілері Ш.Б.Джанзакова, Г.А.Аменова, Э.А.Ишангалиева, А.Р.Бисеналиев

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың қатысулары, белсенділіктері өте жақсы. Әзірлік жақсы деңгейде өткен.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Гумаров.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" мерекелік концерті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 614 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 823
    • DOCX 601 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аменова Гулнур Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аменова Гулнур Аманжоловна
    Аменова Гулнур Аманжоловна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25310
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой