Инфоурок Начальные классы ПрезентацииЫнтымақ- достық кепілі

Ынтымақ- достық кепілі

Скачать материал

Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

 

Мақсаты: адамның бойындағы – ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылық, ар - ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы, ой бөлісу.

Түрі: тәрбие сағаты

көрнекілік: кітаптар көрмесі, суреттер, слайдтар.

Барысы.

Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылардың көңіл күйлеріне назар аудару.

Кіріспе

Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек.

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар бас назарымызды тақтаға аударайық, адамгершілік, мейірімділік сөзіне ой жүгіртейік. Мейірімділік деген не? Мейірімділік туралы біздің көз қарасымыз қандай?

Мейірімділік қандай қасиеттерден тұрады. Алдымыздағы параққа өз ойымызбен мейірімділік ұғымына жаттататын қасиеттерді толтырайық:

 

Міне, оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық

Сонымен сабақтың тақырыбы: Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

 

«Мейірімділік»- адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Бүгін біз сабақта жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.

Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.

 Олай болса мына сұрақтар бойынша ойымызды ортаға салайық.

1. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болуы керек?

2. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

3. Шаттық шеңбері

Балалар, барлығымыз « шаттық шеңберіне» тұрайық

Бір бірімізге мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз.

Ойын «Күннің мейірімді шуағы»

Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден ата - аналарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік. Бірақ не тіледік, кімге тіледік ол жөнінде ешкімге айтпайсыңдар.

Қазір мына жүректі бір бірімізге ұсына отырып мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мәселен, мен «Гүлнұр, саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, жүзіңнен күлкі жүрегіңнен мейірім нұры кетпесін» деймін. Келесі оқушы әрі қарай өз ойымен сабақтайды.

Балалар, тақтадағы қанатты сөздерге назар аударып мәнін ашайық.

Қанатты сөздер

Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

 

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».

Жүсіп Баласағұни.

Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Ғабиден Мұстафин.

Бала болсаң болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Нұржан шешен.

Үлкенді ізетте,

Кішіні құрметте.

Бауыржан Момышұлы.

Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

 

Алтын ақыл

Үйде, мектепте, «Сәлем», «Сәлеметсіз бе», «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.

Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.

Мұны есте сақта

Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе.

Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.

Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.

Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.

Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.

Қорытынды

Мейірімді, қайырымды сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесін байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі мейірімділік арқылы жүзеге асады. Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды. Әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!

 

 

 

 

 

Асыл қазынаға тұнған жер.

Тақырыбы:                     Асыл қазынаға тұнған жер

 

                        (Берекелі Бейнеудің 40 жылдығына арналады)

 

Мақсаты:

 

Оқушыларды туған жері  Бейнеудің географиялық орнымен,тарихымен таныстыру.

 

Шығармашылық  зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту.

 

Туған  жерін мақтан тұтуға, өз жерінің, өз ұлтының  иесі болуы үшін патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

 

  слайд, буклеттер, сурет көрмесі, кітап бұрышы, талапқа сай безендірілген сахна.

   көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс жұмысы

 

І     Жер кіндігі атанған өлке

 

ІІ    Ақыл-парасат

 

ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

 

ІV    Жыр шашу

 

V   Сурет көрмесі

 

VІ  Музыкалық  бөлім

 

      VІІ   Қорытынды

 

 

 

Мұғалім: «Қазақ деген мал баққан елміз,

 

                 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

 

                 Жерімізді жау баспасын деп,

 

                 Елімізден құт – береке қашпасын деп,

 

                 Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

 

Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала  - қазаққа қымбат дала.

 

                 Жүрегім, жырым сенікі,

 

                 Кеңісті далам, кең далам.

 

                 Тудым, өстім есейдім...

 

                 Ен далам – анам, мен балаң!-демекші,  бұл өлең  шумақтары не туралы айтылған?

 

 

 

Туған жер

Әрине, олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз  туған жеріміз Берекелі Бейнеуге арналады. Биыл  ауданымызға 40 жыл толатынын естеріңе салып кетейін және де  қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

 -Домбаяқов  Ахметжан  Хадисұлы- мұражай қызметкері

-Айнахан  Есет - жергілікті ақын, Маңғыстау газетінің редакторы

 

 

 

                        І   «Жер кіндігі аталған өлке» бөлімі

 

                                          Ой қозғау

 

Мұғалім:

 

- Балалар,   «Ауыл»,  «Алтын бесік», «Туған жер»  дегенді қалай түсінесіңдер?  Ауыл кімдердің мекені?  Осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

 

(Оқушы ойлары тыңдалады)

 

Ия ,дұрыс айтасыңдар!

 

          Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

 

          Көк түріктің туы қалды құламай.

 

          Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,

 

          Ашық аспан астындағы мұражай,-деп ақындар жырлағандай  кең-байтақ қазақ  даласында осы бір қасиетті өлкенің орны ерекше.

 

    Тарихының  тамыры  тереңге  тартқан  Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының  тарихымен  танысамыз.

 

 

 

     - Бейнеу Адайға сегізінші ұрпақ болып келеді. Бейнеу атамыз Бекет ата Мырзағұлұлымен тұстас өмір сүрген. Екеуінің арасында көп жас айырмашылық жоқ. Үлкендердің айтуы бойынша   1830 жылдары қайтыс болған Атақозы батырдың қасына жерленген. Бейнеу атамыз Қыдыр көрген, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты адам болған дейді. Отырған жері Ескі Бейнеу. Бес құдығы болыпты. Көшпелі ел жаз жайлауға кеткенде, қыстық жиһаздарын Бейнеу атамызға қалдырып кетіп отырған. Ел "Бейнеуде қалды", "Бейнеуден аламыз" дейді екен. Міне содан бері жеріміздің Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады.

 

Тарихы тұнған шежіре мекен -Бейнеуім,

 

Атадан қалған мұра деп басым иемін.

 

Тау –тасың сырға тұнып бір жатқан сиқырлы,

 

Сені жырласам шабыт пен шалқып кетемін.

 

 

 

Қойныңда жатыр не бір ақын мен асылдар

 

Біздерге мұра боп, әрқашан жебеп жатыңдар.

 

Сан жылдар өтіп халқын да сенің көбейді.

 

Жасырған әлі қандай сырлар бар айтыңдар.

 

 

 

Атам Бейнеуден басталған сенің тарихың,

 

Сол күнен бүгін 40жыл өтті танығын.

 

Киелі мекен кішкене ауыл бүгін де

 

Аудан боп дамып, көбейді бүгін халқың.

 

 

 

Ендеше туған жеріміз туралы қысқаша мәліметті тыңдайық.

 

 

 

                          Бейнеу ауданының жалпы мәліметі

 

Бекзат :

 

  Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973  жылдан бері  аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760-1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Бейнеу ауданында  теміржол және автомобиль жол қатынастары, сондай-ақ  телекомуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамыған.

 

                                                           Халқы

 

Дана :

 

        Село халқы табиғи өсім мен көшіп келушілердің есебінен  6 пайызға өсті. Бұл аудан халқының  70 пайызын құрайды. Селоға көрші шетелдерден   бірнеше  отбасы  көшіп  келді. Оларға  әлеуметтік  көмек көрсетілді. Селода  2028  зейнеткер  бар,  оның  бесеуі  Ұлы  Отан  соғысының ардагерлері. Ауған  соғысының  ардагерлері  38  адам.

 

                                                        Өнеркәсіп

 

Ерлан :

 

   Селода  бірден-бір  өндіріс  орындары  болып  саналатын  ұлу  тас  карьерлерінің  2002 жылы 1, 2003 жылы 2  ұлу тас өндіру карьерлері  жаңадан ашылып, олардың саны 29-ға  жетті.  

 

 Селода іркіліссіз теміржол, мұнай, газ тасымалдау мекемелері  жұмыс жасап келеді.

 

                                             Шағын және орта бизнес

 

Мағжан:

 

   Село бойынша шағын және орта бизнеспен 706 адам айналысуда.  Село халқын азық-түлікпен және күнделікті ұсақ-түйекпен, үй жиһаздарымен, құрылыс жабдықтармен, автобөлшектермен қамтамасыз ететін 43 дүкен бар. 2009 жылы тәулігіне  5  тонна  сүт  өнімдерін  шығаратын  «Бейнеу  сүт  зауыты»  ашылды. Аудан  тұрғындарының  сүт  өнімдеріне  деген  сұранысының  76%-ін  қанағаттандыратын  бұл зауыт жақын уақытта іске қосылып, өнім шығаруға кіріскелі тұр.

 

 

 

Мәдина :

 

«Бейнеу  сервистік  дайындау  орталығының»  тәуліктік  қуаттылығы  2  тонна  ет  дайындайтын  мал  сою  пункті  іске  қосылып,  өнімін  сататын  дүкені  жұмыс  істей  бастады.  Аудан  халқының  жартысын  етпен  қамти  алатын  бұл  кәсіпорында  қазір  24  адам  жұмыс  істейді.

 

 

 

Фарида:

 

Аудандық  әкімдіктің  «Бейнеубизнессервис»  кәсіпорны  жылына  85  тонна  өнім  беретін  5  жылыжай  алды.  Аудан  халқының  көкөніске  деген  қажеттілігінің  13%-ін  өтейтін  бұл  жылыжай  іске  қосылғалы  6,1  тонна  өнім  шығарды. Қуаттылығы  90  мың  тонна  ұн  мен  30  мың  тонна  жем  шығаратын  цехы  бар  «Бейнеу  астық  терминалы»   жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде   аудан  аймағында  ұнның  бағасы  тұрақтандыруға  мүмкіндік  туды.

 

 

 

                                      Коммуналдық шаруашылық

 

Қаламқас:

 

  Бейнеу селосында коммуналдық қызмет атқаратын «Бейнеусусервис»,  «Бейнеуэнергосервис», «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Теміржолсу-Маңғыстау»  ЖШС–гі, аудандық электр жүйесі мекемелері сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырса, тазалық жұмыстарымен «Бейнеу мехтранссервис» ЖШС, «Қаратау», «Болат жол» ПИК мекемелері айналысады.

 

 

 

                                                         Мәдениет

 

Шаттық :

 

  Селода   1  кітапхана,  1  телестанция  орталығы, 1мәдениет үйі,  1  пошта,  2  байланыс  үйі, 2 ұялы телефон станциясы  жұмыс  жасайды. Тұрғындар  теледидардан  Хабар,  Евразия,  Қазақстан-1  және  Еларна  каналдарын  көріп  тамашалайды.  2011 жылдан бастап отандық «Отау ТВ» ақылы каналы қосылды.

 

                                                           Білім беру

 

Жалид :

 

     Бейнеу селосында 10 орта мектеп, өнер және спорт мектептері, гимназия, лицей, политехникалық  және  гуманитарлық  колледж, балабақшалар бар.Биыл өзіміз білім алып жатқан  Бейнеу гимназиясына 15 жыл болады. Осы уақытқа дейін  алған жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік.Ауданымыздың одан қала берді облысымыздың намысын қорғап  талай додаларда  алдыңғы қатардан көрініп келеді.

 

                                             Денсаулық  сақтау

 

Сандуғаш :

 

        Село тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы мен аудандық емхана және оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. Бейнеу селосында 2012 жылы  туберкулез  ауруханасы мен  перзентхана пайдалануға берілді.

 

 

 

 

 

                                   ІІ  «Ақыл-парасат»  бөлімі

 

                 (оқушылардың  білімі мен біліктілігін  байқау)

 

«Кім тапқыр?» ойыны

 

Ойынның шарты: Орналасу ретіне қарай сұрақтар беріледі.Сұрақтарға жауап беріп, Бейнеу ауданындағы  киелі  орындар  мен  қасиетті жерлерді табу.(барлық  сұрақтарға  дұрыс  жауап  берілсе  Бейнеудің ақын –жазушыларының суреті   шығады.)

 

10. Бейнеудегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?

 

10. Туған жеріңде өсетін қандай өсімдіктерді білесің?

 

(Бейнеудің өсімдіктер дүниесі жайылымдылық шөбінің өнімділігі ерте  кезден зеттелген. Үстіртте сексеуіл, жыңғыл, баялыш, қоранғыл, жантақ, адыраспан өседі.)

 

10. Үй жануарларынан төрт түліктің қай түрі өсіріледі?

 

20. Жабайы жануарлардың қай түрі кездеседі?

 

20. Бұл қандай киелі орын? (Бекет ата мешіті)

 

(Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі -Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мешіті . Бейнеу өңірінің қадір қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да осы мешіттің арқасы)

 

20. Бейнеу ауданының әкімі кім?

 

(Биыл  2013 жылы  Бейнеу  өз алдыны дербес аудан болғанына 40 жыл толады. Осы уақыт ішінде Бейнеу ауданы көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда мұнай мен газ өнімдері дамыды. Бейнеу Астық терминалы іске қосылды бірнеше құрылыс материалдары өндіретін карьерлер қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бейнеу -Жезқазған темір жолыда өз жұмысын бастады. Халықтың әлуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл игі істердің бастамасында ауыл азаматтары мен ауданымыздың әкімі Басшы Айжанақұлының  еңбегі мол. )

 

30. Бейнеу гимназиясы қашан құрылды?

 

30. Гимназия директорының аты-жөнін білесің бе?

 

30. Бейнеуде туып-өскен ақын,жазушы,мәдениет қайраткерлерін білесің бе?

 

 

 

Мұғалім:  Бейнеу мекенінде туып өскен тұлғалар  Әли Балта палуан,  Жылкелді, Тұрсын, Досат, Әділ, Шолтаман , Қайыптардың ізін басқан Қаржаубай Жылқыбайұлы, Уәйіс Қайралапов  ағаларымызбен мақтана  аламыз.

 

 

 

                                   ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

 

Мұғалім:

 

-Домбаяқов Ахметжан Хадисұлы  Қазақстанның бүкіл тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із-өрнектері сайрап жатыр.Осы құтты, қасиетті туған жеріміз туралы оқушыларға әңгімелеп берсеңіз. (Мұражай қызметкеріне сұрақ қою)

 

-Айнахан Есетқызы, тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші-өнер кеніші» дегендей Сам құмында,Сыңғырлау мен Үстіртте талай-талай арынды ақындар мен дарынды күйшілер өткен.Осы туралы айтып беріңізші.(ақын,журналист Айнахан апайға сұрақ қою)

 

 

 

                            ІV     Мен ... атындағы көшеде тұрамын.

 

Тапсырма. Оқушыларға  өздері  тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.

 

 

 

                                       V      Жыр шашу

 

 Әр топ оқушылары «Берекелі  Бейнеу» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың  Бейнеу туралы өлеңдерін оқиды.

 

 

 

                                            VІ  Сурет көрмесі

 

Тапсырма. «Кешегі, бүгінгі  және  ертеңгі  Бейнеу» тақырыбына  суреттерден  үш топ  оқушыларына  коллаж жасау, оны қорғау

 

 

 

                                       VІІ  Музыкалық  бөлім

 

       «Жастар биі» күйі   орындайтын  Умашев Ерлан

 

«Жаса Қазақстан»          орындайтын  Тұралина Алтынай

 

«Қазақ биі»   қыздар тобы

 

 

 

Алтынай

 

Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,

 

Ел дегенде ет-бауырың езілсін.

 

Ел дегенде көкірегің сөгіліп,

 

Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.

 

Ел дегенде асау жүрек ұрғылап

 

Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!

 

 

 

Нұрболат

 

Туған Отан-абыз Атаң тұғырың,

 

Ғазиз Анаң сарқылмайтын шым бұлақ,

 

Еліңді сүй, сүй еліңді есті ұлан,

 

Қия көкке бастайсың сен жас қыран.

 

 

 

 

Әр таңың арайланып атады екен,

 

Батқан күн бағын тілеп жатады екен.

 

Бейнеуім береке мен ырыс қонған

 

Әрқашан әнім болған  Атамекен

 

 

 

Ән : «Бейнеу бағым»  орындайтын «Арай» ансамблінің жетекшісі, әнші ,құрметті ата-ана  Бакотбаев Тұралы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өнер - тәрбие негізі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.

Жоспары:

І. Таныстыру

ІІ. «Туған жер» тақырыбына сурет салу

ІІІ.. Қағаздан ою - өрнек қию

ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру

Ү. Мүсіндеу

ҮІ. Эстафеталық жарыс

ҮІІ. Жұмбақ шешу

ҮІІІ. Суреттер туралы не білеміз?

Армысыздар, Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебі - міздің 8 - 10 сыныптар оқушыларының арасында болатын «Ұлттық өнер - тәрбие негізі» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыс сендерді жылдам сурет салуға, ой - қиялдарыңды дамытуға, танымдық қабілеттеріңді арттыруға, әсемдікті көре білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, енді екі топтың сайысын тамашалайсыздар.

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді,- деп кезекті таныстыру бөліміне береміз.

І. Таныстыру

а) Топпен таныстыру;

ә) Төсбелгімен таныстыру;

Екі топ:

І топ

ІІ топ

ІІ. «Туған жер» тақырыбына әр топтан бір оқушыдан акварель бояуымен сурет салады.

Сурет нұр, сурет сыр,

Тілсіз сырды ақтарып қарап - ақ тұр.

Туған жердің тасы мен топырағын,

Кірсек дейміз ішіне аралап бір - деп кезекті сурет сайысына береміз.

ІІІ. Қағаздан ою - өрнек қию

Ою - өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысына қарасаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық қол керек – деп ою - өрнек сайысына іске сәт тілейміз.

ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру

Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып алыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты.

Келесі сайыс қағаздан құрақ құрастыру сайысы.

Ү. Мүсіндеу

Қайсысы епті, қайсысы мықты,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам

Талабымен бағалайық,- дей келе, келесі сайысымыз берілген заттардан аққу жасау

ҮІ. Эстафеталық жарыс

Ұстазы шәкірті үшін қуанады,

Өнерін жасырып кім тұра алады.

Эстафеталық жарысқа даярланған.

Өнерлі өрендер қаламдарын қолға алады.

ҮІІ. Жұмбақ шешу

Зерделі атанатын кез де келді,

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.

Қанеки, жұмбақтың шешуін тез,

Жылдам дұрыс кім шешеді?

1. Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды,

Аман есен сақтайды. (сандық)

2. Бір итім қабаған

Аузына темір жалаған. (әбдіре, кебеже)

3. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған. (домбыра)

4. Беті үлкен тым - ақ өзге денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.

Ішіне қарын - қарын суды құйып,

Шығады сүңгіп - сүңгіп денесімен. (ожау)

5.Қорытынды.

«Ұлттық өнер - тәрбие негізі» атты 8 - 10 - шы сыныптар арасындағы жақсы шебер суретші оқушылар қатысып, өз білімдерін, шеберліктерін ортаға салды. «Шебер көп жерде - өнер көп» демекші, оқушылар өнерлерін бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Кері қайту

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ынтымақ- достық кепілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ынтымақ - достық кепілі.
Тәрбие сағаттың Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.

Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Оқушы:
Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.»
Оқушы:
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.
Республика халқының саны 15 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
Оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы: Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі. (1-сынып оқушыларының орындауында би)
Оқушы: Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Оқушы: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Оқушы: Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, Қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Оқушы: Белоруссия – жайқалған жасыл орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған.
Оқушы: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Оқушы: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Оқушы:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық»
Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 402 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 1274
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жамантаева Зәуреш Рахметуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9628
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов