Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ынтымақ түбі - береке
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ынтымақ түбі - береке

библиотека
материалов

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №27 Мерзімі: №16-17 сабақтар

Тақырып: Ынтымақ түбі - береке

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйласымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалім: Сынып – 6 сынып Оқушылар саны -

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ынтымақ бар жерде өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етуге тәрбиелеу.



Міндеттері:

  • Оқушылардың «ынтымақ», «бірлік» туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу;

  • Оқушыларды татулыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;


Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Риясыз жанашырлық жасау» тақырыбына шығарма жазып келіңдер.



  1. Дәйексөз.

Игілік – басы ынтымақ,

Ынтымақты елде күн шуақ.

Мақал



Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.



  1. Әңгімелеу.

Жастық

Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды.



  • Мәтіндегі адам мен өсімдіктер ұқсастығы.



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал – мәтелдер ойдан құрастырып жазу.



  1. Топпен ән айту.

Бейбітшілік сақталады

1.Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік – ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар,

Бейбіт елдің біз ұланы.

Қайырмасы:

Халықтар өмірді қорғайды,

Әділет ұранын қолдайды.

Шырқаңдар, кел достар, әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!

2.Ел ұраны мәңгі анық,

Әр жүректе жатталады.

Қолға алса барлық халық,

Бейбітшілік сақталады.



  1. Үй тапсырмасы.

«Ынтымақ түбі – береке» тақырыбына шығарма жазып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!






Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров397
Номер материала ДВ-568555
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх