Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем—Қазақстан" (6 сынып)

"Ынтымағы жарасқан, туған өлкем—Қазақстан" (6 сынып)

библиотека
материалов

6-сынып жетекшісі: Қ.Б.Умбетова

Сынып сағатының тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем—Қазақстан».

Мақсаты: Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, өзара достыққа, Отанын, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы слайд.

Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, шығармашылық жұмыс, өзге ұлт өкілдерінің қойылымы.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.

Арайланып таң атты.

Алтын шапақ таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жадырайды жанымыз.

-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл-күйімізге байланысты. Бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге жылы лебізімізді арнайық.

-Балалар, қазір «Ынтымақ», «Бірлік» болып екі топқа бөлінеміз. Қанеки, кім осы сөздердің мағынасын түсіндіріп жібереді екен?

-Біз қандай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлттар тұрады?

-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

-Дұрыс, балалар, біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады. Біз қазақ елі олармен әрқашан достық қарым-қатынастамыз. Олар біздің елде тұрса да, өз тілдерінде сөйлеуге, салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен, менің елім Қазақсатан деп айта алады. Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта, ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

Слайдқа назар аударайық:

ҚР рәміздері туралы дерекке тоқталамыз. Елтаңбамызда не суреттелген? Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деген не екен?

Мұғалім сөзі: Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды.

Шығармашылық жұмыс: «Туған еліме тілегім» Қазақстан картасыныың суретіне оқушылар өздері таңдаған гүл, күн, көгершін суреттерін жапсырады. Ол суретті не үшін таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

 "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Осының айғағы ретінде бүгін бізде қонаққа орыс, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері келіп отыр. Қонақтарды қарсы алуға қазақтың салт-дәстүрімен қазақ қыздарын ортаға шақырамыз. Би «Қаражорға». Кезек қонақтарға беріледі.

Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір-бірімен дос, жолдас және тату-тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны-Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты.

-Қане, балалар, қонақтармен бірігіп бәріміз ортаға шығайық.

Дөңгелене тұрайық.

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп,

Достық үйін құрайық.

Қорытындылау: «Ұлы достық» (Махмет Қажиахметов) өлеңін мәнерлеп оқу.

 Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

 

Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

 

Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуда.

 

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

 

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!



Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-031592

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG