Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЫнтымақты отбасы 3 сынып

Ынтымақты отбасы 3 сынып

Скачать материал

Ынтымақты отбасы

 Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.

Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: Ата – аналар мен балалармен айыс түрлері өтеді.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар.

Барысы:Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі №9 «Балауса» балабақшасы «Балдырған» тобында өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

-Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

І – бөлім . Отбасы өз- өзін таныстыру

ІІ – бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.

І тапсырма

1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар едіңіз?

2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз - өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?

3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай?

4. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?

ІІ тапсырма

Мақалдың мәнін ашу

1. «Тұлпар тайдан өседі»

2. «Ана- балаға жастық , әке көрпе»

3. «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»

4. «Бала – отасының айнасы»

ІІІ тапсырма. Жағыдаятттар

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

Балаларға суретті тест беру.

ІІІ – бөлім. «Көңілді жарыс»

А) Өз баласын иісінен айыру.

Б) картоп аршудан жарыс.

ІУ - бөлім . «Көңілді аспаздар»

Әкелер картоп аршудан жарыс

Аналар : Менің баламның сүйікті асы.

У- бөлім. Өз өнерлерін көрсету

әр отбасы ән айту, би билеу т б

УІ – бөлім.  А) Мен баламды қалай еркелетемін Б) Алтын балыққа тілегіңіз.

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

 

 

 

 

Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.

 Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі және слайдтар таныстырылады.

Барысы:

«Қарт пен бала әңгімесі» (аңыз әңгімеден қойылым)

Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-

Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.

Қарт:-Балам, мен 47 мектепте болғалы жатқан «Ынтымақты отбасы » атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, — дей бергенде:

Бала:— Ата маған сұрақ қойыңызшы, — деді бала.

Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.

Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.

Бала: Ата, әке сонда кім?

Қарт: «Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»деген. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

Мұғалім: «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ «Ба+ла –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ана-бала, бала-ана бір ұғым     Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты

Ана – бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары санасы

дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз ата- аналарымен келіпті.

Олай болса бүгінгі 5а сыныбында өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.

 Бүгінгі сайыскерлерімізді қошаметпен ортаға шақырамыз.

1. Әмірхановтар жанұясы.

 2. Рахимовтар жанұясы.

 3. Төлеуішовтер жанұясы.

 4. Жұмағұловтар жанұясы.

 Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.

 1. Ата – аналар комитеті төрайымы Тоғысова Айна

 2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ботамқұлова А.Б

 3. Бастауыш сынып мұғалімі Жетібаева Ж.

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

І – бөлім . «Кел, танысайық!» Отбасы өз- өзін таныстыру

ІІ – бөлім. «Ойланайық, пікірлесейік» Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.

III – бөлім. «Шешімін тап» видеоролик талдау

IV– бөлім. «Көңілді сайыс»

V– бөлім. «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)

VI– бөлім. «Өнерлінің өрісі кең»

Сайыс түрлері бес балдық жүйемен бағаланады.

Мұғалім:

І бөлім. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ? — деген тақырыпқа жоба қорғау.

Сайыскерлерге плакат, фломастерлер таратылып ойлануға бес минут беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.

Әділқазыларға сөз беріледі

Мұғалім:

«Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді залдағы ата аналармен оқушылармен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі.

Өз жұрттың — күншіл,

 Нағашы жұрттың – сыншыл,

 Қайың жұрттың міншіл келеді.

 Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

 Өз балаңды өскенше бағасың,

 Немереңді өлгенше бағасың.

 Тату үйдің тамағы тәтті.

 Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.

 Әдепті бала – арлы бала,

 Әдепсіз бала – сорлы бала

 Ағасы бардың жағасы бар,

 Інісі бардың тынысы бар.

 Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол

 Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

 Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады,

 Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

 Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

 Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.

Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

Ата-балаға сыншы

Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Ата-анаң бар болса, бала кезде жар болсын.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

Атаңа не қылсаң ,балаң соны қылар

Ананың сүті бал, баланың тілі бал

III – бөлім. «Шешімін тап». Сайыскерлерге «Бір келіншек және отбасы» бейнекөрініс ұсынылады. «Бақытсыз отбасының » себептерін анықтау

ІV – бөлім. «Көңілді жарыс»

 А) Әкелер ләңгі тебу бір минут уақыт беріледі.

Б) Аналар «скакалка секіру » бір минут уақыт беріледі.

В) Балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу екі минут беріледі.

Мұғалім:

Білем деме балам

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам ,дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған

Көп нәрсені тоқиды.-дей келе келесі тәлім-тәрбиесі мол сайысымызды бастаймыз.

Әділқазыларға сөз беріледі .

Ата аналар туралы өлең тақпақтар айтылады.

V – бөлім«Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (ситуациялық сұрақтар)

 1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

 3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

 4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ….. деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

6. Ана мен математикадан есепті сіз шығарып берсеңізде екі алдым?Апай есеп дұрыс шығарылған деді

7. Әке, мамам мен ойнауға жібермей жатыр,сабағыңды оқы дейді.Мен оқи -оқы шаршадым,оқығым келсе де миыма қонбайды.Айтыңызшы мамама.

8.Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып берші .

Ата аналарға сұрақтар беріледі.

VI – бөлім.«Өнерлінің өрісі кең» Өз өнерлерін көрсету. (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз.

1.Қорытындылау

2.Марапаттаулар. Жүлделер: “Ынтымақты отбасы”

“Өнерлі отбасы”

“Көңілді отбасы ”

“Салауатты отбасы”

Мұғалім: Құрметті ата аналар бүгінгі мерекеге сынып оқушылары сіздерге арнап “Анашым — әкем” әнін орындайды. (Хор)

Соңынан оларға жүрекке жазған тілектерін сыйлыққа ұсынады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.

Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.

 

Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің  отбасым» тақырыбындағы  шығармалар көрмесі  және слайдтар таныстырылады.

 

Барысы:

«Қарт пен бала әңгімесі»   (аңыз  әңгімеден  қойылым)

          Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-

           Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.

Қарт:-Балам, мен 47 мектепте болғалы жатқан «Ынтымақты отбасы » атты тәрбие сағатына  бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:

Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.

Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.

Қарт:--Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.

Бала:   Ата,  әке  сонда кім?

Қарт: «Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»деген. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

 

 

 

 

Мұғалім: «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ  «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты

Ана –  бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары санасы

дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз ата- аналарымен келіпті.

Олай болса бүгінгі 5а сыныбында  өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошаметпен ортаға шақырамыз.

 

1. Әмірхановтар   жанұясы.

2.   Рахимовтар   жанұясы.

3.  Төлеуішовтер  жанұясы.

4.  Жұмағұловтар   жанұясы.

Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.

1. Ата – аналар комитеті  төрайымы   Тоғысова Айна

2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары   Ботамқұлова А.Б

3. Бастауыш сынып  мұғалімі  Жетібаева Ж.

 

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

І – бөлім . «Кел, танысайық!» Отбасы өз- өзін таныстыру

ІІ – бөлім. «Ойланайық, пікірлесейік» Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін,  сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.

III –  бөлім.  «Шешімін  тап»  видеоролик  талдау

IV–  бөлім. «Көңілді  сайыс»

V–  бөлім. «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)

VI–  бөлім. «Өнерлінің  өрісі кең»

Сайыс түрлері бес балдық жүйемен бағаланады.

Мұғалім:

І бөлім.  Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

 

ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ? - деген    тақырыпқа  жоба  қорғау.

Сайыскерлерге плакат, фломастерлер  таратылып ойлануға  бес минут беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.

Әділқазыларға  сөз беріледі

Мұғалім:

 «Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді  залдағы ата аналармен  оқушылармен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны  жүргізіледі.

Өз жұрттың - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді өлгенше бағасың.

Тату үйдің тамағы тәтті.

Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

 

Ағаның үйі – ақ жайлау.

 

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады,

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.

Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

Ата-балаға сыншы

 Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Ата-анаң бар болса, бала кезде жар болсын.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

Атаңа не қылсаң ,балаң соны қылар

Ананың сүті бал, баланың тілі бал

  III –  бөлім. «Шешімін тап».  Сайыскерлерге «Бір келіншек және отбасы» бейнекөрініс  ұсынылады. «Бақытсыз отбасының » себептерін анықтау

ІV – бөлім. «Көңілді жарыс»

 А) Әкелер ләңгі тебу    бір минут  уақыт  беріледі.

 Б) Аналар  «скакалка секіру » бір минут  уақыт  беріледі.

 В) Балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу екі минут беріледі.

Мұғалім:

Білем деме балам

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам ,

дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған

Көп нәрсені тоқиды.-дей келе келесі тәлім-тәрбиесі мол сайысымызды бастаймыз.

Әділқазыларға  сөз беріледі .

Ата аналар туралы өлең тақпақтар айтылады.

 

V –  бөлім «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (ситуациялық сұрақтар)

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

 

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3. Мектептен  келген балаңыз. «Мен ертең мектепке  бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Мектептен  келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте   ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

 

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

6. Ана мен математикадан есепті сіз шығарып берсеңізде екі алдым?Апай есеп дұрыс шығарылған деді

7. Әке, мамам мен ойнауға жібермей жатыр,сабағыңды оқы дейді.Мен оқи -оқы шаршадым,оқығым келсе де миыма қонбайды.Айтыңызшы мамама.

8.Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып берші .

Ата аналарға  сұрақтар  беріледі.

VI   – бөлім. «Өнерлінің өрісі кең» Өз өнерлерін көрсету.  (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)

 Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында

 

 

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес,  жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз.

1.Қорытындылау

2.Марапаттаулар. Жүлделер:  “Ынтымақты  отбасы”

                                                      “Өнерлі  отбасы”

                                                      “Көңілді отбасы ”

                                                      “Салауатты  отбасы”

Мұғалім: Құрметті  ата аналар бүгінгі  мерекеге сынып  оқушылары  сіздерге  арнап “Анашым - әкем” әнін орындайды. (Хор)

Соңынан  оларға  жүрекке  жазған  тілектерін сыйлыққа ұсынады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,  оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР   (9- сынып оқушылары(5-оқушы тақта алдына шығып жатқа айтады)

1.Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!

Н.Ә.Назарбаев

2.Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.

Н.Ә.Назарбаев

3.Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.

Н.Ә.Назарбаев

4.Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. Абай

 

5.Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

А.С.Макаренко

6.Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.    Б. Момышұлы

 

7.Әйел-Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.                                                                                М. Жұмабаев

8.Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

Ғ.Мұстафин.

9. Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. А.С.Пушкин                    

10. Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап-соры.

В.А.Сухомлинский

11. Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ы.Алтынсарин

12. Ұлым, саған  айтам...

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.

Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.

С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»

 

13.Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

С.В.Михалков

 

14....Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.

В.А.Сухомлинский

 

Мұғалім: Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

Олай болса жас ұрпақ сендерге жарқын болашақ, Қазақстанымыздың бірлігі мен ынтымағы жарасқан , мықты да бақытты отбасында өмір сүретіндеріңізге сенімдіміз.

Осымен сабағымыз аяқталды.

 

Қосымшалар:

 

 

1.Көрнекіліктегі мақал- мәтелдер.

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

 

Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

 

Әкесін сыйламаған кісіні,

Баласы сыйламайды.

 

Інісі бардың тынысы бар

Ағасы бардың жағасы бар.

 

Өз үйім - өлең төсегім.

 

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

 

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

 

 

2.Хатқа түйген сыр .Болған жайдың ізімен...

      

Кесапат келін»

Ол үйдің иесі Отан соғысының ардагері, совхозда көп жыл еңбек озаты болған еліне қадірменді қарт еді. Бәйбішесі де жылы жүзді, жайдары мінезді ақжарқын кісі. Бұлардың екі ұл, бір қызы бар болатын. Қызы күйеуге шығып кеткенде де, үлкен ұлы үйленіп, өз алдына отау болып отыр. Ал кіші баласы келіншегімен ата-анасының қолында тұрады екен.

     Осы кіші келіннің мінезі шәлкес, тілі «ұзындау», қалай болса солай сөйлей салатын, үлкенді сыйлап, кішіні аялай білмейтін дөрекілеу адам сияқтанды. Бірақ та, енесі келінінің «жақсысын асырып, жаманын жасырып» дегендей, «қарағым-шырағым» деп еппен ұстап отырғандай көрінді. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дейді ғой халқымыз. Мен барған күні-ақ сол келіннің «кедір-бұдыр» сөйлейтінін атасына «сөйлемей отыр!» деп жекіп тастауы мен енесіне де бір сөз арасында «жап аузыңды!» деп әкіреңдеуінен, күйеуінің де аузын қақпайлап, сөйлетпей отырғанынан сезген едім.

      Арада екі-үш күн өткеннен кейін әлгі ағамыз сырттан аптыға кіріп, «Қарағым-ай, әлгі екі ит төбелесіп жатыр, маңайларына баруға қорықтым. Сен шығып қой деші, мүмкін сенен ұялар, түге» деді. Есік алдына шықсам, қарттың келіні мен баласы шынымен-ақ төбелесіп жүр екен. Келін деген күйеуінің шашынан қос қолдап ұстап алып, сүйреп барады. «Әй, не болды сендерге» деп едім, жігіт ұялды –ау деймін, әйелдің екі иығынан ұстаған қолын тартып ала қойды. Ал келіншегі долданып, «Қолында өлем осы иттің, қолында өлем !» деп өршелене түсті. Қойшы, әйтеуір сол арада көрші-қолаңнан адамдар жиналып, екеуін әрең ажыратып алдық.

Кейіннен бұл ұрыстың неден шыққанын сұрастырып байқасақ, жігіт жұмысқа бару үшін ат ерттемекші болып жатып, «Әй, Зылиқа, анау қасыңда жатқан тоқымды әпере қойшы маған » десе, Злиқасы оған : «Үрме!» депті. Міне ұрыстың басы осыдан шығыпты.

     Содан кейін жігіт: «Злиқаны тастаймын , мен оның алдында ит болып, құйырығымды бұлғаңдатып тұра алмаймын, адамша сөйлей білмейді, бір сөз айтсаң «үрме» дейді, мұнымен мен қалай өмір сүрмекпін»,- деп, бұлан-талан болды.

 

«Бақыт құсымды өз қолыммен ұшырдым»

    Менің күйеуім оқыған-тоқыған, білімді адам еді. Біз бір-бірімізді құлай сүйіп қосылдық. Маған оның бір үйдің жалғыз ұлы болғаны ғана ұнамады. Қара шаңыраққа келін болуды қаламаушы едім. Алты жыл ата-енеммен бірге тұрдым. Үйге қонақтар көп келді. Оның бәріне дастарқан жайып, күту маған оңайға түспеді. Бірақ бәріне шыдап бақтым. Алты жылдан соң күйеуіме бөлек шығайық деп қиғылық сала бастадым. Ол ешқашан ата-анасын тастап кетпейтінін айтты. Әкесі жазушы, анасы ұстаз еді. Содан бір күні мен киімдерімді салып алып, ұлымды ертіп бөлек шығып кеттім. Мен осылай кетсем, жолдасым соңымнан келер деп күткенмін. Бірақ олай болмады. Ол менің соңымнан келмеді. Кейін ол баласын көруге келгенде маған үйге қайт дегенді айтты. Мен ерегісіп бармаймын дедім. Содан кейін ол ондай өкініш білдірмеді. Бір жылдан соң соттан ажырасу туралы қағаз келгенде ғана мен не бүлдіргенімді бір-ақ білдім. Ол кезде бәрі кеш еді. Еріксіз ажырасуға қол қойып бердім. Ол баласын көргісі келгенде көріп, алып кеткісі келгенде алып кететін болып шешілді.

     Қағаз жүзінде ажырасқанымызбен, онымен қайта қосылатындай сезініп жүрдім. Бір күні баласын алуға келгенде маған үйленгелі жатқанын айтты. Төбемнен жай түскендей күй кешкеніммен оған білдірмеуге тырыстым. Көзіме жас тұнды. Қолыма қонған бақыт құсын өзім ұшырғанымды сонда ғана білдім. Сол қателігіме бүгінде қатты өкініп жүрмін.

   

«Өкініш өксігі»

    «Күйеуі құрысын, байға тиіп не опа тауып жүрсіңдер. Бала тауып, байға қарап, ауылдың салпы етек, тарам қол боп жүрер жайым жоқ. Жалғыз жүріп те жерде қалмаймын. Атым шығып, атағым аспандап, еліне еңбегім сіңген әйел атансам, одан басқа арманым жоқ. Қалғанын қолмен-ақ жасап алам» деп, әзіл-шыны аралас атқақтайтын, ақылы аз қыздың бүгінде ол қарқынының тамтығы да қалмаған

    Осы жасқа келгенше еркек затын мойындамай, жан адамды місе тұтпай келген соқыр көңіл енді-енді оң-солын танып, сабасына түсіп, пана іздегендей. Қырық сегіз жыл ғұмырының баянсыз өткеніне өкініштен өзегі өртенердей. Өкінбек түгілі жарылып кетсе де енджі не пайда? Бетін әжім басып, шашын ақ шалған ол өкінді екен деп, сонау баяғы бақытты күндерде «сен үшін өлем» деп отқа да, суға да түсіп соңынан қалмай жауыр қылған жігіттердің қайсысы келіп бүгін «екі жарты бір бүтін» болайық жеп жүрегін ұсынар екен.

    «Жалғыз қыздан жан пида, қыз болғанда да қыздың құты» деп әке-шешесі бір жағынан өрекпітсе, бі жағынан, «тұңғыш немереміз, біздің көзіміздей көріңдер» деп атасы мен әжесі қолдарынан келгеншееркелетіп, дандайсытып өсірді. Ішкені алдында, ішпегені артында, жасынан байлыққа жақын болды. Мектеп қбырғасында жүргеннің өзінде жанына қалталылардың қыздарын ғана жинап, битін сығып, саусағын сорып жүргендердің қыздарын маңайлатпайтын. Мектебін тамамдап, өзі қалаған қаржы мамандығы бойынша оқуға түсті.

     Еһ, шіркін-ай десей-ші! Ол замандарда бұл уылжып, он төртінен толған айдай толықсыған қол-аяғы балғадай ғажап әдемі еді. Ер жігіттер түгілі, қатар жүрген құрбыларының өзі жүзіне бір зер салмай өтпейтін. Бәлкім, сол сұлулықтың буына мастанып, дүниені ұмытты ма, кім білсін? Сөз салып, жүрек жарыстырар оймен келген ұзынды-кішілі, көріктісі- көріксізі бар жігіттердің санында шек болған жоқ.

    Кімге керек мына зәулім үй, кімге, не үшін керек? Жек көрем бәрін. Жалғыз жүріп тапқан атағым құрысын, жалғыз жүріп жинаған малым құрысын. Өзге түгілі өзімді жек көріп барамын. Шынымен-ақ өмірден осылай жар құшағын көрмей, ана болып бала сүймей өткенім бе? Әйел адамның ең басты мақсаты жар құшып, сәби сүю екен. Өмірдің де бар мәні мен сәні осыған келіп тіреледі екен ғой.

 

 

Жапырақ тамырдан нәр алады

 

Мақсаты:

 

1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

 

2.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.

 

3.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

 

Көрнекілігі: "Тәрбиесіз берілген білім, білім емес..."Әл-Фараби.

 

"Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады..." Ы.Алтынсарин. Бала тәрбиесі туралы тірек-сызба.

 

Тренинг ережесі:

 

1.Тыңдай білу.

 

2.Сөзді бөлмеу.

 

3.Белсенділік.

 

4.Шығармашылық.

 

5.Төзімділік.

 

6.Сыйластық.

 

7.Түсіністік қарым-қатынас.

 

8.Шкафтан түсіп қалмау.

 

Тренинг барысы:

 

Танысу: Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейірлан, әдемі Айдана.

 

1.Тренинг мақсатын түсіндіру.

 

Тренердің кіріспе сөзі

 

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Жапырақ тамырдан нәр алады".

 

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

 

"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

 

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

 

Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

 

2.Бала тәрбиесі туралы тірек сызбамен таныстыру.

 

Қоғам талабына сай тәрбие -мектепке дейінгі, яғни бала бақшадағы тәрбие,мектеп қабырғасындағы тәрбие т.с.с.

 

Жеке бас тәрбиесі - өзін-өзі тәрбиелеу.

 

Осының ішінде ата-ана тәрбиесіне кеңінен тоқталайық.

 

Баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады.

 

Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек ,халқына адал,бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай,үнемі көңіл бөліп отыруы қажет-ақ.

 

3. Ата-аналарға сауал

 

1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

 

2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

 

 

4.Ситуациялық жағдайлар.

 

1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?

 

2.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?

 

3.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?

 

 

5. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

 

Жауаптар:

 

А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.

 

Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.

 

Б)қолымнан келмейді.

 

Сұрақтар:

 

1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

 

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

 

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

 

4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

 

5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

 

6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

 

7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

 

8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?

 

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

 

10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

 

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

 

12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

 

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

 

 

Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.

 

 

16 ұпайға дейін------- Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке,не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

 

 

16-30 ұпайға дейін----Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлайсыз.

 

 

30-39 ұпайға дейін----Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

 

 

6. Ата мен әке тәрбиесі

 

Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.

 

Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.

 

Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.

 

Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.

 

Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.

 

 

7. Психологиялық зерттеу қорытындысы.

 

Баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын зерттеу мақсатында психолог "Үлкен үй" психологиялық тренингін өткізді. Ата-аналарға

 

қорытындысын айтып өтті.

 

Барлық отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста 12оқушы.

 

Анасымен жақсы қарым-қатынаста 7 оқушы.

 

Әкесімен жақсы қарым-қатынаста 5 оқушы.

 

Балалардың көбі үлкен үйге ең алдымен анасын әкеледі екен.

 

Баланың жерге шырылдап түскеннен - ақ ең бір жақыны,ең бір досы, ең бір ұстазы ол - ана. Қара жерді баспай жатып,есін білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатыны, шырылдап қуанбай, жылап іздейтіні ол -ана. Балаға бәрінен қымбат,жалпақ дүниеден де үлкен ол - ана. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Ананың жүрегі нәзік,ананың махаббаты балаға тіл жеткісіз биік.

 

Ана - біздің күніміз,

 

Ананың біз - гүліміз.

 

Бізді, ана қуантып,

 

Аман-есен жүріңіз.

 

Ендеше бүгінгі тренингке келіп отырған аналарға көптен көп рахмет! Психолог: Ана мен бала арасындағы жағдайларды қарастырды.

 

8. Қорытынды:

 

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

 

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.

 

"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

 

"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

 

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

 

Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.

 

 

Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.

 

Күніміз ашық болсын,

 

Түніміз тыныш болсын,

 

Ауамыз таза болсын,

 

Суымыз мөлдір болсын,

 

Ұл-қызымыз аман болсын!

 

 

Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ынтымақты отбасы 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 681 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 1464
    • DOCX 40.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажибаева Жазира Жанайдаркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажибаева Жазира Жанайдаркызы
    Тажибаева Жазира Жанайдаркызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6136
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции