Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Ьиология пәнінен "Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі" (9 сынып)

Ьиология пәнінен "Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі" (9 сынып)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_7c1e5f63.gifhello_html_m170571a7.gifhello_html_m477f0572.gif

Күні: 19.02.2016 ж.

Сынып: 9 “ә”

Сабақтын тақырыбы: §41. Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Бейімделушілік» туралы түсінік беру. Эволюциялық нәтижелердің бірі – бейімделушілік түрлерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

  • білімділік – оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.

  • дамытушылық – оқушыларға түрлі деңгейлі тапсырмалар бере отырып, ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттырып, дамыту.

  • тәрбиелік – оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, достыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақққа қажетті материалдар:

Құралдар: интерактивті тақта, компьютер

Қөрнекіліктер: слайд көрнекіліктер, суреттер

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады

  • алған білімін жүйелей алады

  • оқушының ізденіс нәтижесі анықталады

  • өз ойын, пікірін ашық айта алады

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу

  • Топқа бөлу

II.Үй тапсырмасын тексеру

  • Алтын қақпа ойыны

  • Біліміңді сынавиктариналық сұрақтар


Эволюция ілімі - тіршіліктің тарихи дамуын, өзгеруін, өрлеуін және мұның себептерін, заңдылықтарын және қозғаушы күштерін зерттейтін ғылым.

  1. Тас қақпа сұрақтары:

Эволюция идеяларының дамуы.

1-топ. Карл Линней (1707-1778) тірі табиғатты жүйелеуде еңбек сіңірген швед ғалымы.Ол табиғаттың құдай тарапынан жаратылғанынына сенген.Ол өсімдіктер мен жануараларының систематикасын және түрді қос атпен атауды енгізген.Түрлердің шағылысу және сыртқы орта жағдайларының әсерінен түзілуі мүмкін деген ойда болды.

2-топ. Жан-Батис Ламарк (1744-1829) эволюциялық ілімінің негізін қалаушыларының бірі.Оның ойынша эволюцияның қозғаушы күші-ағзалардың қарпайымнан күрделене түсуге ұмтылысы.Ол жақсы жұмыс істеген мүшелер жаттықпағандықтан біртіндеп жойыла береді деп санаған.

3-топ. Чарльз Дарвин (1809-1882) негізінде тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпалу бар эволюциялық ілімді ұсынды.Ч.Дарвинның ілімнің дамуына себеп болған алғышарттарға сол кезге дейін палентология, география, геология, биологияғылымдары бойынша жиналған үлкен материалдар және ғалымның өзінің «Бигль» кемесінде жер шарын айналу саяхатында жинақтаған зерттеулер нәтижелері жатады.

Тұқымқуалаушылық- деп ағзалардың ұрпақтан-ұрпаққа өз белгілерін беру қабілетін айтамыз.

Өзгергіштікағзалардың жаңа белгілердің бейімделуі.

Карл Линней

(1707-1778)

Жан-Батист Ламарк

(1744-1829)

Чарлз Дарвин

(1809-1882)






1. Швед жаратылыс зерттеушісі.

2. Ең көрнекті трансформист – 17 ғасырдың.

3. “Табиғат жүйесі” еңбегін жарыққа шығарды.

4. “Зоология философиясы” еңбегін шығарды.

5. Алғашқы эволюциялық теорияны жасады.

6. Дұрыс эволюциялық теорияны жасады.

7. “Ботаника философиясы” еңбегін жазды.

8. Түр ұғымын жетілдірді .

9. Барлық жануарларды омыртқалы және омыртқасыздар деп екіге бөлді.

10. Ғылым тарихына жүйелеу атасы ретінде енді.

  1. Күміс қақпа сұрақтары

Тірішілік үшін күрес-қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым-қатынастың жиынтығы.

Тіршілік үшін күрестің түрлері:

1-топ. Түраралық күрес

2-топ. Түрішілік күрес

3-топ. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес.


Тіршілік үшін күрес, оның түрлері.

(Дұрыс тұжырымдаманы табыңыз)

1.Әр бір тірі ағза шексіз көбеюге бейімделген +

2.Түрішілік күреске мысал бола алады: бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйелеу бәсекелестігі+

3.“жыртқыш-олжа” түраралық күреске мысал бола алады. +

4.Қарағайлы ормандардағы өсімдіктер бір түрінің арасындағы күрес – түрішілік күреске мысал бола алмайды -

5.Түрішілік күрес тек қана аумақ үшін болады -

6.Түрішілік күрес негізінен үш бағытта іске асады. +

  1. Алтын қақпа сұрақтары

Оқшаулау – тірі ағзалар арасында туындайтын және оларды жанасуына кедергі жасайтын тосқауылдар.

Оқшаулаудың түрлері:

1-топ. Биологиялық оқшаулау

2-топ. Географиялық оқшаулау

3-топ. Экологиялық оқшаулау

Оқшаулау, оның түрлері

(Сәйкестендір)

Биологиялық

Бір түр популяциясын бөлетін көптік айқын кедергі

Физиологиялық

Бір түр популяциясын белгілі аумаққа бөлетін мекен ету жағдайының кешені

Экологиялық

Дербес түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын тетік

Географиялық

Жыныс мүшелер құрылысының сәйкес келмеуі

Анатомиялық

Көбею мерзімдегі айырмашылық


III.Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Бейімделгіштік

  2. Қорек талдауға бейімделу

  3. Климаттық бейімделу

  4. Қорғаныш реңдер

  1. Бүркемелеу реңі

  2. Бөлшектену реңі

  3. Көлегейлену реңі

Бейімделушілік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез – құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

Ж.Б.Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды, эволюциялық нітижелердің бірі – тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайына бейімделгіштігі.

Қоршаған табиғат тек өлі табиғат қана емес, сонымен бірге өзара күрделі әрекеттесіп, біріне – бірі өзара ықпал көрсететін тірі және өлі зерзаттардың барлық құрамдас бөлігі. Мысалы: шөлде өсетін өсімдіктердің жапырақтары өте ұқсас немесе тікен тәрізденіп өзгереді. Бұл булаудан сақтап, ылғал сақтайды.

    1. Қорек талдауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысады. Үлкен шымшық ірі бунақденелермен қоректенеді. Көкшіл шымшық ағаш қабты астындағы ұсақ бунақденелілермен жейді.

2. Климаттық бейімделу. Ағзаларда төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу пайда болады. Жануарлар мен өсімдіктер солтүстіктің суығына, ал шөлде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің ылғал және жоғары температураның тапшылығына бейімделуін жеке анықтап зерттеуге болады.

3. Қорғаныш реңдер.

Қорғаныш рең

3 типі бар:



Қорғаныш реңі

Көрнекілеу реңі




Еліктеу

реңі






Қорғаныш реңі мынадай түрлері бар:

1. Бүркемелеу реңі – қоршаған ая түсіне ену (жасыл шөптегі жасыл шекшек).

2. Бөлшектену реңі – денедегі рең тұтастығы жойылады (жолат және жолбарыс денесіндегі жолақтар; теңбіл барыс және бұғы).

3. Көлегейлену реңі – жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі (балықтардың көпшілігінде бауыры – ақ, ол аспан түстес, ал жоны – қара, су түбінің реңіне ұқсас).

Еліктеу реңі – қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышты бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі. Қосқанаттылар отрядына жататын көктерекшіл шыбын шаншарлы жарғақ қанаттылар – әрене, балара және түкті аралардың реңіне ұқсас болып келеді. Қарала балшықшының жұмыртқасы шауқарғаның жұмыртқасының реңі мен пішініне ұқсас. Өсімдіктерде де еліктеу реңін көрсететін мысалдар бар. Бунақденеқоректі өсімдіктер шыңкетпес және шықшылдықтың аулағыш мүшесі өсімдіктің гүліне өте ұқсас болғандықтан, бунақденелерді өзіне тартады.

Көрнекілеу реңі – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. Мұндайда реңі теңбілді немесе өзге өрнектерді қарама-қарсы ашық түсті болып келеді. Кеңалқым және күлпарасын жайып жіберетін құлақты батбат осылай әрекет етеді.

Бірақ, осылай бола тұра бейімделудің барлығы салыстырмалы. Дұрысырақ айтқанда бейімделу оның қалыптасқан жағдайларында ғана дұрыс. Сары шекшекке қарағанда жасыл шекшектер шөп сарғайғанға дейін ғана тіршілігін жақсы сақтап қалады. Бұдан соң оларды құстар оңай байқайды. Сөйтіп мамырдағы жақсы жағдай маусым-тамызда жаман жағдайға айналады. Орта жағдайлары өзгерген кезде ең жақсы бейімделудің өзі пайдасыз, тіпті зиянды болады.

Кез-келген бейімділік салыстырмалы түрде ғана, олар тек қана қалыптасқан жағдайларда болымдық білдіреді. Бірақ олар жағдай өзгерген кезде пайдасыз болып қалады немесе тіпті зиянды болады. Егер қайтадан көндігудің сәтә түспесе, онда дарақтар өлімі үдерісінде толық өліп бітеді.

IV.Жаңа сабақта бекіту

Тест

(Бағдаршам әдісі арқылы)


  1. Тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр болады ” деп тұжырымдаған ғалым:

  1. Ч.Дарвин

  2. С.С.Четвериков

  3. Ж.Б.Ламарк

  4. С.Райт

  1. Жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысуы бейімделудің қай формасына жатады?

  1. Климаттық бейімделу

  2. Еліктеуші рең

  3. Бүркемелеу реңі

  4. Қорек талдауға бейімделу

  1. Қорғаныш реңді неше типке бөлеміз?

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 5

  1. Қарсыласын үркіті немесе абдырату бейімделудің қай түріне мысал бола алады?

  1. Көрнекілеу реңі

  2. Бөлшектену реңі

  3. Еліктеу реңі

  4. Көлегейлену реңі

  1. Ағзаларда төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу қалай аталады.

  1. Қорек талдауға бейімделу

  2. Бөлшектену реңі

  3. Климаттық бейімделу

  4. Бүркемелеу реңі

  1. Қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышты бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі қалай аталады?

  1. Еліктеу реңі

  2. Көлегейлі реңі

  3. Бөлшектену реңі

  4. Көрнекілеу реңі

  1. Ең алға басқан, сандары өте көп және саны сан алуан өсімдіктер тобы?

  1. Гүлді өсімдіктер

  2. Астық тұқымдасы

  3. Ашық тұқымдылар

  4. Алқа тұқымдасы

  1. Бейімделушілік дегеніміз не?

  1. ағзалардың ұрпақтан-ұрпаққа өз белгілерін беру қабілетін айтамыз.

  2. тірі ағзалар арасында туындайтын және оларды жанасуына кедергі жасайтын тосқауылдар.

  3. қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым-қатынастың жиынтығы.

  4. тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез – құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

  1. Бір түрдің өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы қалай аталады?

А) экология

В) популяция

С) биогеоценоз

Д) биосфера

Е) эволюция

10. Әр топ бейімделушілікке мысал келтіріңдер:


Жаңа сабақта өтілген сабақтағы терминдерге түсінік береді.

  • Бейімделгіштік

  • Қорек талдауға бейімделу

  • Климаттық бейімделу

  • Қорғаныш реңдер

  • Еліктеу реңі

  • Көрнекілеу реңі

V. Үй тапсырмасы

§44 оқу.”А, В” деңгейіндегі сұрақтарға жауап жазу.

VI.Бағалау

Бүгінгі сабақта үй тапсырмасын орындап, жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмаларға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.


Бес саусақ кері әсер парағы:

Бас бармақ – мен үшін маңызды

Балан үйрек – мен үшін ұнамады

Ортан терек – мен үшін жеткіліксіз

Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім

Кішкентай бөбек – менің ұсынысым

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров825
Номер материала ДВ-526146
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх