Инфоурок / История / Статьи / "Қыпшақ хандығы" (7 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Қыпшақ хандығы" (7 класс)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қысқа мерзімді жоспар

28.10.15 Класс: 7 «А» Пәні: Қазақстан тарихы 17

Сабақтың тақырыбы: § 14. Қыпшақ хандығы

Мақсаты: Қыпшақ хандығының тарихымен, Дешті Қыпшақ деп аталатын аймақта өткен оқиғалармен таныстыру, хандықтың қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау

Міндеттері:

Білімділік: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске жетелеу
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, мәдениетін сақтауға, батырлық пен ерлікке тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі: Оқушылар Қыпшақ мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізеді, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіреді, өз бетінше мәтінмен жұмыс жасайды, өз ойын еркін жеткізе біледі, басқа оқушылардың пікірлерін тыңдауға дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер:

Бағалау түрлері:

Түйінді идеясы: Қыпшақтар – көшпелі мемлекет

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 минут

«Түрліше сөйлейміз» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнату

4 топқа бөлінеді.


Бағалау критерийі ұсынылады.

Оқушылар әртүрлі елдердің тілдері (Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркі) арқылы амандасады. 4 топқа бөлінеді.

«Түрліше сөйлейміз» тренингі

Тұсаукесер

5 минут







Үй тапсырмасын тексеру

1. Картамен жұмыс

2. Тарихи күнтізбені аяқта

3. «Қоғамдық-саяси құрылымның ерекшелігі» сызбасын толтыр

4. Тарихи оқиғаларды теңестір

«Аяқталмаған сөйлем....»

От шашу

«4 сурет, 1 мағына» (қыпшақ)

Оқушылар үй тапсырмасын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы орындайды.

Жұмыс дәптері

Негізгі бөлім


20 минут





Джигсо әдісі арқылы тақырыпты меңгереді.

  1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы

  2. Қоғамдық құрылысы

  3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

  4. Шаруашылығы

Постерлерді жұлдызша арқылы бағалау

Сергіту сәті «Қара жорға»

Әр топ тақырыпты меңгеріп, талқылап, постер түрінде қорғайды.




Топтар бірін-бірі бағалайды.

Оқулық, маркер,

Қорытынды

15 минут

1. Картамен жұмыс

2. «Дешті Қыпшақ» чайнвордын шеш

3. «Жел және қолжазба», олардың есімдерін білесің бе? Пікір айтқан авторларын анықта.

4.

«Шығармашылық тапсырма» (әдебиетшілер, тілтанушылар, тарихшылар, журналистер болып мозайка арқылы бөлінеді, әр маман өз қызметі арқылы қыпшақтар тақырыбын зерттейді)

Бағалау.

Оқушылар түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін бекітеді.






Оқушылар бағалау критерийі арқылы өз өзін бағалайды.


Қосымша тапсырма

§14 тақырыпты оқу, бет, кесте толтыру



Не сәтті өтті?



Не сәтсіз өтті?







Қысқа мерзімді жоспар№12

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 7

Мерзімі:

Тақырыбы:

§12. Қарақытайлар

Мақсаты:

Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізеді, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекетт тарихымен танысады

Бағалау критерийлері:

Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау

Әдіс-тәсілдер:

«Джигсо» , «Орамал тастау», «Бәйге»

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе




2 минут


Сәлемдесу

Түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды



Ауызша мадақтау





АКТ

стикерлер

2 минут



9 минут

Оқушыларды топқа бөлу



Үй тапсырмасын сұрау


  • «Есімдер сөйлейді»

  • 1.Наркеш Дайын –

  • 2.Инанч-білге-

  • 3.Білге хан-

  • 4.Бұйрық хан-

  • 5.Даян хан-

  • 6.Шыңғыс хан-

  • 7.Ван-

  • 8.Күшлік-

  • 9.Торы(Тоғырыл хан-

  • 10.Құршақыз-

  • 11.Маркус-

  • 12.Рашид ад-Дин-

  • 13.Жамұқа-

  • 14.Мұқылай-

  • 15.Әбілғазы хан-

  • 16.ҚадырғалиЖалайыри-

«Бәйге» ойыны

  • 1.Найман, керей, жалайырлар қай жерді мекендеді?

  • 2.Найман хандарының билеушілерінің әрекетіне сипаттама бер.

  • 3.Керей хандары туралы не білесің?

  • 4.Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?

  • 5.Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?

  • 6.Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің?


Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады

«Орамал тастау» әдісі арқылы

«Есімдер сөйлейді»

В және С деңгейлі оқушылар үшін













«Бәйге» ойнының тапсырмалары А деңгейлі оқушылар үшін

Карточка түрінде беріледі

Ауызша мадақтау

Тақырыпқа байланысты суреттер

Таныстырылым


2 минут

Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру

Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді

Стикерлер арқылы ынталандыру

Электронды оқулық


Негізгі бөлім


10 минут

Джигсо әдісі

Мәтінді оқиды

Оқушы орындау керек

Мәтінмен жұмыс

Қазақстанның саяси картасымен жұмыс

Бас бармақ арқылы бағалау

Қазақстанның саяси картасы

АКТ


10 минут

Жаңа сабақты қорытындылау

  • 4000:2-875 = 1125

  • 259*2+619 = 1137

  • 459+(341*2) = 1141

  • 600*6-600 = 3000

  • 2000:2+208 = 1208

  • 4500:3-290 = 1210


1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жазыңдар

Бірінші______________________________________

Екінші______________________________________


2-тапсырма. Оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі:

а) Қарақытайлар неліктен Қарахан мемлекетінің басқару жүйесін өзгертпеді?

ә) Қарақытайлардың ел басқару жүйесіндегі өзіндік ерекшіліктері қандай?


3-тапсырма. Қарақытайлардың алым-салық жүйесіне сипаттама бер.

Алым-салық түрлері

1._______________________________________

2.________________________________________

3________________________________________


Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

«Математикалық» ойын

Шыққан сандар қандай тарихи оқиғамен байланысты екенін анықтайды. Бұл ойын В және С деңгейлі оқушылар үшін


1,2,3- тапсырмалар А деңгейлі оқушылар үшін

Стикерлер арқылы

7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

А4 форматтағы түрлі-түсті қағазадар

Қорытынды


10 минут

Суммативті бағалау

Рефлексия жасау

Үйге тапсырма

Оқушы өзін-өзі бағалайды

Рефлексия

Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазу

Бағалау

Рефлексия


«Білім ағашы»



«Бәйге» ойыны



  • 1.Найман, керей, жалайырлар қай жерді мекендеді?





  • 2.Найман хандарының билеушілерінің әрекетіне сипаттама бер.





  • 3.Керей хандары туралы не білесің?





  • 4.Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?





  • 5.Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?





  • 6.Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің?

«Математикалық» ойын



  • 4000:2-875 =...



  • 259*2+619 =...



  • 459+(341*2) =...



  • 600*6-600 =...



  • 2000:2+208 =...




  • 4500:3-290 =....






1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жаз

Бірінші________________________________________________________________________

Екінші_________________________________________________________________________


Оқушының аты-жөні:




2-тапсырма. Оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі:

а) Қарақытайлар неліктен Қарахан мемлекетінің басқару жүйесін өзгертпеді?

ә) Қарақытайлардың ел басқару жүйесіндегі өзіндік ерекшіліктері қандай?


А)_____________________________________________________________________________


Ә)_____________________________________________________________________________


Оқушының аты-жөні:



3-тапсырма. Қарақытайлардың алым-салық жүйесіне сипаттама бер.

Алым-салық түрлері

1._____________________________________________________________________________

2._____________________________________________________________________________

3______________________________________________________________________________


Оқушының аты-жөні:











Қысқа мерзімді жоспар№13

Сынып: 7

Мерзімі:

Тақырыбы:

§13. Қыпшақтар

Мақсаты:

Қыпшақ хандығының тарихымен, Дешті Қыпшақ деп аталатын аймақта өткен оқиғалармен таныстыру,хандықтың қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Қыпшақ мемлекетінің қоғамдық құрылысы алым-салық жүйесі,саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізеді, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіреді.

Бағалау критерийлері:

Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау


Әдіс-тәсілдер:

«Джигсо» , «Орамал тастау», «Шахмат», «Ақыл тасы»

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе




2 минут


Сәлемдесу

Түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды



Ауызша мадақтау



АКТ

стикерлер

2 минут



5 минут

Оқушыларды топқа бөлу



Үй тапсырмасын сұрау


Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады

«Орамал тастау» әдісі арқылы

Ауызша мадақтау

Тақырыпқа байланысты суреттер


Қолорамал

Таныстырылым


2 минут

Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру

Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді

Стикерлер арқылы ынталандыру

Электронды оқулық


Негізгі бөлім


20 минут

Джигсо әдісі

Мәтінді оқиды

Оқушы орындау керек

Мәтінмен жұмыс

Қазақстанның саяси картасымен жұмыс

Бас бармақ арқылы бағалау

Қазақстанның саяси картасы

АКТ

А4 форматтағы түрлі-түсті қағазадар

5 минут

Жаңа сабақты қорытындылау

Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

«Шахмат» ойыны

Критерилер арқылы бағалау

7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

Қорытынды


10 минут

Суммативті бағалау

Рефлексия жасау

Үйге тапсырма

Оқушы өзін-өзі бағалайды

Рефлексия

Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазу

Бағалау

Рефлексия


«Ақыл тасы» әдісі















Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске жетелеу
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, мәдениетін сақтауға, батырлықпен ерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Интерактивті.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклеттер

Пәнаралық байланыс: География
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Қорытынды.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма
1 - тур
«ӨТКЕЛ»
Үй тапсырмасын сұрау
Найман мемлекеті

1. Наймандар қай жерлерді мекендеген?
• Монголияның орта және батыс бөлігін
2. Найман мемлекетінің астанасы?
• Орхон өзенінің бойындағы Балықты
3. Мемлекет кімнің кезінде дами бастады?
• Наркеш Дайын
4. Білге хан деген атақ кімге берілді?
• Инанч – білгеге
5. Хандық қаншаға бөлінді?
• Даян хан Бұйрық хан
«Тарихи сынақ хат»
1. Керейіттер_____________________________________ өзенінің бойында
орналасқандықтан керілер деп аталған.
2. Керейіт тайпалары ___________________________________ өзендердің
бойында тұрған.
3. Керейіт мемлекетінің орталығы _______________________________ қаласының маңындағы _______________________ деген жер.
4. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі _______________________________
ғасырларда _______________________________ ханда кезінде.
5. Құршақұз хан билік қайта қолына алған кезде хандықты
_______________________________ бөліктерге бөліп жерін балаларына бөліп берді.
6. Құршақұз қайтыс болғаннан кейін _______________________________ хан сайланды.

Сәйкесін тап
Жалайырлар мекендеген жер Көшпелі мал шаруашылығы
Шыңғыс ханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын досы Ондық, жүздік, мыңдық, түмен
Қазақ өңіріне келген жалайырлардың қоныстанған жері Селенгі, Хилок, Орхон өзендері мен Қарақорым қыраттары
Хан билігінің ең басты басқару орталығы Шербей
Ұлыстардың ішкі істерін басқарғандар Мұқылай
Керейіт, жалайыр, найман тайпаларының шаруашылығы Жетісу
Әскери басқару жүйесі Киіз үй, (арба үстіне тігілген үй)
Жалайыр, керейіт, найман тайпаларының баспанасы Орда

Венн диаграммасы
Сәйкесін тап
Жаңа сабақ
• Қыпшақтардың қоныстанған жері және этникалық құрамы
• Қоғамдық құрылысы
• Саяси жағдай
• Шаруашылығы
Сонымен Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталуының өзі бұл кең – байтақ аймақтың қыпшақтардың ата мекені екендігін толығымен растайды. Қыпшақтардың этникалық құрамы VII - VIII ғасырларға құрыла бастады.
Батыс бірлестігі
11 тайпа
Елбөрілі
Тоқсоба
Йетоба
Дурут
Бужағылы
Шортан т. б.
Шығыс бірлестігі
16 тайпа
Негізгі тайпалар 8
Ұсақ тайпалар 8
Борку
Петлоба
Иман
Башқұрт
Құманку
Бажна т. б.
Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы

• Билік мұрагерлікпен беріліп отырды
• Хандық биліктің орталығы Орда болды
• Хан тағына елбөрілі тайпасынан шыққандар сайланды
• Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды

Әскери басқару жүйесі
• Әскери басқару жүйесі
• Билікті мызғытпай ұстау үшін жасалған
• Сол қанат шығыстағы
• Оң қанат батыстағы
• Сол қанат
• Орталығы: Сырдария бойындағы Сығанақ
• Оң қанат
• Орталығы: Жайық, Сарайшық
Орталығы: Жайық, Сарайшық Сол қанат Орталығы: Сырдария бойындағы Сығанақ Оң қанат батыстағы Сол қанат шығыстағы Билікті мызғытпай ұстау үшін жасалған. Қыпшақ қоғамында құлдар да еңбек етті. Мұндай басыбайлы құлдыққа малы жоқ кедейлер, қолға түскен тұтқындар түсіп отырған. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жотақтар болды. Феодал - шонжарлардың баю жолындағы біршама табысы тұтқындарды Орта Азия базарына сатудан түсетін еді. Хандықтағы халықтың мүлік теңсіздігін, олардың зираттарына жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары байқатады. Қыпшақ қоғамында жер иеленуде де теңсіздік байқалады.

ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік - экономикалық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта азияның базарына, Орыс елдеріне шығу қажет болды. Алдымен Сырдарияның орта және төмен ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыз даласының” орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. ХІ ғ - ң ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды. Алдымен Солтүстік Кавказ халықтары мен ежелгі орыс княздіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейін олар Киев Русі мен Византия империясына, Болгария жеріне әлсін - әлсін шабуыл жасап, 1071 - 1080 жылдар алғашқы тобы Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, кіші Азияға да тарай бастады.

Қыпшақ қоғамында құлдар да еңбек етті. Мұндай басыбайлы құлдыққа малы жоқ кедейлер, қолға түскен тұтқындар түсіп отырған. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жотақтар болды. Феодал - шонжарлардың баю жолындағы біршама табысы тұтқындарды Орта Азия базарына сатудан түсетін еді. Хандықтағы халықтың мүлік теңсіздігін, олардың зираттарына жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары байқатады. Қыпшақ қоғамында жер иеленуде де теңсіздік байқалады. ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік - экономикалық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта азияның базарына, Орыс елдеріне шығу қажет болды. Алдымен Сырдарияның орта және төмен ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыз даласының” орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. ХІ ғ - ң ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды. Алдымен Солтүстік Кавказ халықтары мен ежелгі орыс княздіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейін олар Киев Русі мен Византия империясына, Болгария жеріне әлсін - әлсін шабуыл жасап, 1071 - 1080 жылдар алғашқы тобы Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, кіші Азияға да тарай бастады.

Ақсүйек шонжарлар
ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АҢ АУЛАУ, ҚОЛ ӨНЕРІ, ЕГІН ШАРУШЫЛЫҒЫ
ІІ - тур
«АСУ»
Дамыту ойыны “Қөлжазба”
• Қыпшақтардың қоныстаған жері
• Қыпшақ бірлестігіне енген түркі тілдес тайпалар
ІІІ - тур
«ШЫҢ»
Симантикалық картамен жұмыс
Жауаптар
сұрақтар
Қазақстанның Оңт. қалаларда, Орта Азия базарына, Орыс елінің оңт. аудан - да
ХІ - ғасырда
Кундар н/е командор
Атадан балаға мұрагерлік жолмен
Екі бөліктен: Батыс бірлестігі, Шығыс бірлестігі
1000 дин, 500 динарға
половшылар
Хорезм шахы мен Қыпшақ хандары

Қыпшақ хандығы қашан құрылды
Сыр бойындағы қалалар үшін қай хандар арасында ұзақ шайқас жүрді?
Қыпшақтардың этникалық құрамы қанша бөліктен тұрды?
Қыпшақтарды орыс деректерінде не деп атаған?
Дунайға жеткен қыпшақтарды венгрлер не деп атаған?
Қыпшақтар жерлерін кеңейту үшін қай жерлерге шығу керек болды?
Египет, Иран, Ауған, Үнді жерлерінде қыпшақ жылқылары қанша динарға дейін сатылған?
Қыпшақтарда билік қандай жолмен беріліп отырды?

3. Қорытындылау.
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма: Қыпшақтар туралы ізденіс жұмысы

әні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғ. басы)

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

а) білімділік: Қыпшақ хандығының қалыптасуы туралы түсінік қалыптастыра отыра, білім дәрежесін жетілдіру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың мемлекеттерді талдай отырып, өзіндік обьективті баға беруге үйрету.

б) тәрбиелілік: Қыпшақ хандығының жауынгершілік өнерінде көзге түскен, батырлардың ержүрек, батыл да адалдық қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: карта, схема, слайдтар.

Сабақтың барысы:

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 

 

 

§ 12. Қарақытайлар (1125-1212 жж.)

1.     Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы

2.     Қоғамдық құрылысы

3.     Алым-салық жүйесі

4.     Сыртқы жағдайы

5.     І-тур: «Кім жүйрік»

Дұрыс жауаптары:

 

 

1.     1125 жыл

2.     1155 жыл

3.     1137 жыл

 

 

ІІ-тур. «Біліміңді шыңда»

 

Шарты:         Әр топқа 1 сұрақтан қойылады. Егер де сол топтан жауап болмаса, басқа топтың жауап беру құқығы бар.

—       Қарақытайлардың қоғамдық құрылысы

—       Алым-салық жүйесі

—       Сыртқы жағдайы

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Тақырыбы: § Қыпшақ хандығы

1.    Қыпшақтардың қоныстанған мекені және этникалық құрамы

2.    Қоғамдық құрылысы

3.    Қыпшақ хандығының саяси жағдайы

4.    Шаруашылығы

 

 

Көшіп-қонған жерлері:

 

 

·       Үстірт

 

 

·       Маңғыстау

 

 

·       Нұра

 

 

·       Тобыл

 

 

·       Қобда

 

 

·       Ойыл

 

 

·       Сағыз

 

 

·       Елек

 

 

·       Жем

 

 

·       Жайық

 

 

·       Сарысу

 

 

·       Есіл

 

Қыпшақ бірлестігі

 

Батыс бірлестігі 11 тайпа

 

Түркі тілдес тайпалар

 

Шығыс бірлестігі 16 тайпа

 

Елбөрлі

 

Тоқсоба

 

Йетиоба

 

Дурут

 

Қимақ

 

Оғыз

 

Құман

 

Башқұрт

 

Қаңлы

 

Қарлұқ

 

Жікіл

 

Негізгі тайпалар (8)

 

Ұсақ тайпалар (8)

Әскери басқару жүйесі:

 

 

Орда: 1. Оң қанат – Орталығы Сарайшық

 

 

2. Сол қанат – Орталығы Сығанақ

 

 

Ақсүйек – шонжарлар:

 

 

Хан – ханның туған-туысқандары – тархандар – басқақтар – бектер – ру тайпа көсемдері – байлар.

 

 

Қыпшақтардың бөгде аттары:

 

 

·       Орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар)

 

 

·       Венгр деректерінде: «Кундар», «командар»

 

 

Шаруашылығы:

 

 

ü     Мал шаруашылығы (төрт түлік)

 

 

ü     Тұрмыстық кәсіп (қолөнер, зергерлік)

 

 

ü     Аң аулау шаруашылығы

 

 

ü     Егін шаруашылығы

 

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Тарихи диктант

 

 

1.     Қыпшақтардың этникалық құрамы УІІ-УІІІ ғғ. қалыптаса бастаған.

 

 

2.     Қыпшақтардың батыс бірлестігі он бір тайпадан тұрады.

 

 

3.     Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды.

 

 

4.     Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты.

 

 

5.     Орыс деректерінде қыпшақтарды «половшылар» деп, ал венгрлер «кундар» деп атаған.

 

 

6.     Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты.

 

 

V. Жаңа сабақты қортытындылау:

 

«Мен бүгінгі сабақта нені меңгерідім?»

Қыпшақтардың саяси тарихы, шаруашылығы, мемлекет құрылымы, этникалық құрамы және территориялық аумағы жөнінде барлық мағлұматтарды қамтыдық.

 

 

VI. Үйге тапсырма беру:

 

§13. Қыпшақ хандығы. Қосымша мәлімет оқып келу. Кескін картаға қыпшақтардың территориясын түсіру.

 

 

VIІ. Белсенді жұмыс істеген оқушыларды бағалау.

 

Оқушының білім, білік дағдыларын дұрыс бағалау. Бағалау кезінде ескерілетін нәрсе: білім тереңдігі, толық жауабы мен қажетті мәліметтерді орынды пайдалану, тақырыптың азмұнын аша алатындай мәселені ой-пікір тұрғысында жүйелі баяндауы және әдеби тіл нормасын сақтау мен қорытынды пікірі орынды, тиянақты болуы шарт.

Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғ. басы)


Атырау облысы Атырау қаласы М.Отаралиев мектебнің тарих пәнінің мұғалім Жуманалиева Шынар


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қыпшақ хандығының орналасқан жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы туралы айта келіп, орта Азияда қандай елдермен саяси қатынас жасағанына тоқталу.

Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекеттер тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойларын жинақтап, қорытындылау дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау.

Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасының сұрақтары

«Ой қозғау» әдісі (өткен тақырыптардан сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау)

Наймандар мемлекеті қай жерлерде, қашан құрылды?

Керейіттер мемлекеті қай жерлерде, қашан құрылды?

Жалайыр мемлекеті қай жерлерде, қашан құрылды?

Осы мемлекеттердің шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы айту

Ұлыстың басқару жүйесі

1. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру

1) Әскери басқару жүйесі қалай бөлінген? Басшыларын қалай атайды,

кім сайлайды?

2) Ұлыстардың ішкі істерін жүргізуші қалай аталады?

3) Бұл тайпалар қандай шаруашылықпен айналысқан?

3. Тест тапсырмасын оқу (58 беттегі)

Жаңа сабақтың жоспары:

Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы

Қоғамдық құрылысы

Алым-салық жүйесі

Сыртқы жағдайы

Оқушыларға осы жоспар бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі. Оқушыларға жаңа тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар беріледі

1-тапсырма «Хронологиялық жорық»

Қыпшақ хандығының құрылған кезі?(ХІғасыр)

Қыпшақтардың этникалық құрамының қалыптасқан ғасыры? (VІІ-VІІІғ)

Қыпшақ хандығының жерінде болған шайқастар? (ХІІІғ. басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болып өтеді)

2-тапсырма: Өзіндік жұмыс

Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы


3-тапсырма: Термин сөздермен жұмыс

Яланкуг – құл

Половшылар – далалықтар

Кундар – қыпшақтардың венгрия атауы

Конандарлар – қыпшақтардың венгрия атауы

4-тапсырма

Қыпшақтардың шаруашылығы



Мал шаруашылығы егіншілік қолөнер кәсібі аңшылық кәсібі

5-тапсырма

Қыпшақтар туралы тарихи деректер (оқушыларға оқыту)

П. Карпини мен Г. Рубрук ибн Баттутаның дерегі. Саяхатшы Петахьл Әл-Омари жазбалараын оқыту

6-тапсырма: Сәйкестендіру кестесі























7-тапсырма: Деңгейлік тест

1. Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?

А)Половшылар;

Ә) Ғұндар;

Б) Командар;

В) Кундар;

2. Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты?

А) Салжұқтармен;

Ә) Қарақытайлармен;

Б)Қаңлықтармен;

В) Оғыздармен;

3. Қыпшақтар сиыр малын да өсірген деген дерек қай саяхатшының дерегінде айтылады?

А)Петахья;

Ә) П. Карпини;

Б) Г. Рубрук;

В) Ибн Баттута;

4. Сыр бойындағы қалалар үшін (Хорезм шахы) қай ғасырларда шайқас болды?

А) ХІІІ ғ. басы;

Ә) Х ғ. басы;

Б) ХІ ғ. басы;

В) ХІІ ғ. басы;

4. Сабақты қорытындылау.

5. Оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма § 14

Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы —1219 ж.)

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш  рет   араб географы  Ибн Хордабехтің (ХІғ.) жылнамалық  жағынан  VIII ғ. жататын, түрік  тайпаларының  тізімінде көрсетіледі.

656 ж. Батыс  түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғ. соңында оларды қимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX—X ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.

XI ғ. басында Кимек қағанаты тарағаннан кейін, қимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді    қимыл-әрекеттерге    кірісіп,    Орта Азия және Оңтүстік- Шығыс Еуропа мсмлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуалап жібереді.

Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. Екінші ширегінін, бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болады. Маңғыстау мен  оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады.

XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжып өрлеген сайын кумандар тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.

Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-жаграфиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлікке бөлугс болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақ этникалық қауымының қазақ территориясында құрылуы күрделі де ұзақ процесс болған, оның дамуы жолынан үш кезең айқын көрінеді.

Бірінші кезең қимек тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда VII ғ. екінші жартысынан бастап, VIII ғ. аяғына дейін қыпшақтар елеулі рөл атқарады. .Осынау замандарда қыпшақтар мен теле тайпалары өзара өте тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.

Екінші кезең —VIII ғ. аяғынан XI ғ. басына дейін. Осынау күннамалық аралықта қыпшақтар бірте-бірте еркін жайылып, шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы Оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына дейін жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталығы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік — қимақтардың, қыпшақтар мен кумандардың өзара істес-әрекеттес болып бірігуі қимақ тайпаларының ұйытқыш-ұйымдастырғыш ықпалы арқасында жүзеге асады. Қимақтар мен кумандар сияқты, қыпшақтар да ежелгі башқұрт, печенег, қарлық, әсіресе оғыз тайпалары конфедерацияларымен өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, бір-біріне әсер етіп отырған. Сонымен бірге қыпшақ этносының ішкі этникалық даму жолы сол араның байырғы тұрғындары теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерді өз арасына сіңдіріп, қыпшақтандыруға бағытталған еді. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралып қалыптасқанды.

XI ғ. басынан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының құрылуы өз дамуының үшінші кезеңіне етеді, бұл ең әуелі қыпшақ хандарының құдырет күшінің өсуіне байланысты болатын, өйткені олардың өкіметі ел-бөрілі руының әулеттік билігі  мен  зандастырылған  еді. Қыпшақ  хандығындағы   этникалық байланыстың дамып, тереңдеуінің мөлшері және қыпшақ  этносының құрылуының деңгейі белгілі дәрежеде Шығыс ұлысы қыпшақтарының тайпалық құрамы арқылы анықталып отыратын.  X—XII ғ. қыпшақтар конфедерациясының  тайпалық құрамының құрылымы өте күрделі және әртектес болатын. Қыпшақ этникалық қауымдастығы өз құрамына түрік тілді кимек, куман, ежелгі башқыр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.

Көшпелі қоғамдардағы даму ерекшелігі нәтижесінде осындай «екінші» тайпалық құрылымдарда бәрінің ортақ тамырдан тарағанын тиянақтайтын қандас туыстықтың, шыққан тегі туралы шежіренің маңызы сақталуымен бірге, олардың тайпалық аттары да жоғалмайтын болған.

Қьшшақтар мемлекетін құру ісіне қаңлылардың көптеген тайпалары қатысқан. Олардың жинақты топтары XII ғ. екінші жартысында Арал өңірі даласында этникалық-территориялық бірлестікті ұйымдастырады; сол сияқты ол процеске Қазақстан жеріне Шығыс Түркістаннан келген түрік тиді тайпалар: ұран, баят, азкісі мен түргештер де қатысқан. Соңғы екі тайпаның XII ғ. Қаратеңіз өңірінде пайда болуы, тегі, со жаққа қыпшақ тайпаларының келуімен байланысты болса керек. Қыпшақтардың этникалық компоненттерінің бірі сол сияқты қарлықтар, шігілдер мен кайлер болған.

Қазақстан жерінде қыпшақ жұртының құрылып қалыптасуын этникалық-мәдени белгілердің тегістелу процесі де демеп-жебеп отырған, оған шаруашылықты жүргізу ісінің бір типтілігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл ортақтығы да ықпалын тигізген. Қыпшақтардың әртүрлі этникалық топтармен тығыз байланыста болуы олардың этникалық қауымдастығына әсер етеді. Қыпшақтардың саяси сатмағының  күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, калыптасуының аяққы кезеңін моңгол басқыншылығы   үзіп тастайды.

Қоныстануы.  XI ғ. орта кезінде қыпшақтар кәзіргі Қазақстанның Шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Ортаға дейін, Онтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дата аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін  қоныстанады.

XI ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Әл-Идрисидің «Кіші картасында» XI ғ. екінші жартысындағы шындыққа сәйкес, Арат және Каспий теңіздері аралығымен шектелген «Қыпшақтар даласының» (Сахра әл-кыфчак) этникалық топонимі көрсетілген.

Қыпшақтардың XI ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашғаридін, жағрафиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдін ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі қыпшақ елі ішіндс қатады.

Қыпшақ  хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахан дармен шектесіп жатқан жерден Канжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл  шұңқырынын көлдері болады.

Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқап
пен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. Махмұт Қашғари
имектерді (қимектер) Ертіс    аймағына, олардың «Имек даласы» деп аталған ежелгі жеріне орналастырады. XII ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.      Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері  қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ            хандығының солтүстік шекарасы кәзіргі қазақ даласын Батыс  Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен.

Солтүстік батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал
өңірінің халқымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас
жасаған. Қыпшақ тайпаларының XI ғ. екінші жартысы мен XIII ғ.
бас кезінде бүлгарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға  ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағаңда, негізінен  тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап  Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты  жүргізуге көшеді.     

Хандықтың құрылуы. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті
қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге
себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта   Азиядағы    Салжықтар, Хорезмшахтар   және   Қарахандар әулеттерімен   соғысқа   және     соқтығыстарға   әкеліп     жеткізген.

XI  ғ. бірінші жартысындағы буырқанған  дауылды оқиғалар қыпшақтар   мемлекетін   құрудың обьективті   себебіне айналды.

XI ғ. орта кезінде Дешті-Қыпшақтағы ыдыраушылықтын, көзі болып келген қыпшақ пен куман тайпаларының көптеген топтары  көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ хандығының саяси тірегі едәуір  күшейіп, нығая түседі. 

XI ғ. екінші жартысынан XII ғ. бірінші ширегі біткенге дейін  қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі     біраз жақсарады. Бұған  қарағанда,  қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ хандарының  өкімет билігі мұра болып әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру ел-бөрілі екен. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Әскери-әкімшілік  жағынан  Қыпшақ хандығы  көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат — қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталығы, тегі Торгай даласында болғанға ұқсайды. Әскери ұйымдар  мен  әскери-әкімшілік  басқару жүйесіне  айрықша  маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейліншс қолайлы болган.

Билеуші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлініп-жарылады екен.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі — малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері — таңбалар басылған.

Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Ал, тікелей мал бағып, бар ризықты өндіріп жүрген малшылар безбеннің екінші басында тұрған. Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Бірақ өзі де, дүние-мүлкі де өзінен әлдеқайда әлуетті туысқанының қарауына өткендіктен де, ол сол дәулетті жақынына тәуелді болған. Малдан айырылғаннан кейін, ол көшу-қону мүмкіндігінен де айырылатын болған, сөйтіп отырықшылар — жатақтар қатарына қосылған. Бірақ жарлы жатаққа қайтадан мал бітіп, қара-құрасы көбейгесін ол көшпелі шаруашылық аясына  қайта барып, еніп отырған.

Соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып жататын құлдар — қыпшақ қоғамының ешбір хұқы жоқ тобы болған. Олар көбінесе сатылып отырған, олардың тек бір бөлегі ғана шаруашылықта жалшы малай ретіндс пайдаланылған.

Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ертефеодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы. 1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арыслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады. Осынау соғыс науқанынан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлесі Хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады.

XI ғ. соңғы ширегінде Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында қыпшақтар бұрынғыша өз нстемділігін жүргізіп тұрады, оғыз бен түркмен тайпаларының кейбір топтары оларға саяси жағынан кіріптар болады. 1096 ж. «кұдыретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады. Бірақ, хорезмшахтар қамқоршысы болып келген салжыктар оларды Маңғыстауға қайтып кетуге күшпен көндіреді.

Махмұт Қашғари айтты деген дерекке қарағанда. Кыпшақтың әскери-көшпелі ақсүйектері Қарахандар әулеті билеушілерімен аса күрделі саяси қарым-қатынаста болған. Қарахандар Қыпшақ ұлысының шығыс шебіне шапқыншылық жасап тұрған, кимектер де есесін жібермей, Ертіс жағалауынан Жетісудағы мұсылман мемлекеті жеріне жортуылдар жасап, тыныштық бермеген.

XI ғ. аяғы мен XII г. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Алайда XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі күрес алаңына айналып кетеді. Ислам дінін таратуды ту ғып көтерген Хорезмшахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.

1133 ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Қыпшақтардың тұңғыш рет күйрей жеңілгенінің себебі жөнінде деректерде ешқандай қосымша мәліметтер келтірілмейді. Шын мәніндс тап сол кезден (XII ғ. екінші жартысы) қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған негізгі жәйттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың  күшеюі болады.

XII ғ. екінші жартысынан әсіресе Текеш (1172—1200) билеген дәуірден бастап, Хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін хорезмшахтар әртүрлі қызметке тарта бастайды. Қыпшақ хандығының билеуші ақсүйектері мен Хорезмшахтар әулеті өзара туысқандық байланыс орнатуға кіріседі. Қыпшақ ханы Жанкеші — қызы Теркенқатынды хорезм-шах Текешке береді. Орта ғасырдың салт-дәстүріне сәйкес, әртүрлі деңгей-дәрежедегі этносаралық «татулық пен туысқандық одақ» жасасу байланысы айрықша маңызды болған. Олар қоғамдық-саяси өмірде бір-бірін қолдап-қостап отыратын шынайы да тұрақты тығыз байланыстар жүйесін тудырады.

Дегенмен бұл аймақтағы саяси ахуал, тұтас алғанда, мейлінше құбылмалы да тұрақсыз болған, ал тәуелсіз Қыпшақ ұлысының іргесін қопаруға бағытталған саясатты жүргізе отырып, хорезмшахтар сондай жағдайды әдейі туғызып, ұшықтырып отырған. Осы мақсатпен олар қыпшақ ақсүйектер өкілдерінен хорезмшахтардың көкейтесті талаптарын қолдайтын құпия әскери жік ұйымдастырған. Қыпшақтарды, ең әуелі олардың текті топтарын ислам дініне кіргізу мұндай ұмтылыстың идеологиялық негізі болған. Дегенмен де қыпшақ тайпаларының едәуір бөлігі XII ғ. аяғына дейін исламнан тыс қалған. Жент пен Фараб арасындағы кеңістік XII ғ. біткенге дейін мәжуси қыпшақтар облысы деп есептелген.

Қалыптасқан дәстүрге байланысты, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Қаңлы тайпалар бірлестігі XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. бас кезіндс тәуелсіздікке жан-тәнімен ұмтылған үлкен саяси күш болған, сол себепті де Қыпшақ хандығының саяси бірлігіне нұқсан келтірген.  Хорезмшахтардың басты   әскери   күші   қаңлы   мен  қыпшақтар тобынан құралғаны көпке мәлім еді. ХШ ғ. бас кезінде Хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды рөл атқарған, Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Хорезмшахтар мемлекеттік және әскери қызметтермен қамтамасыз еткен қыпшақ ақсүйектері солардың мүддесін қорғаған. Қыпшақтардың едәуір бөлігінің хорезмге қарай бейімделуіне байланысты және жоғары өкімет билігі үшін таластан қыпшақ қоғамының ішкі қайшылықтары шиеленісе түседі. Тап осындай алмағайып жағдай кезінде хорезмшахтар қыпшақ көсемдері арасындағы алауыздықты қолдан ұшықтырып, өшпенділік отына май құяды.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішіндс бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мұхаммед (1200—1220 жж.) мемлекеті құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығнақ облысы да кіреді. Сығнақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті Қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шынғысхан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, моңғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл моңғолдардың  Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді  бұған ілесе қыпшақтардың Хорсзмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының  дәуірі келіп жеткен еді.

ДЕШТІ ҚЫПШАҚ
Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы –XI-XIV ғасырларда қолданылған тарихи-географиялық ұғым. Одан бұрын Оғыз даласы аталған. Оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының қимақ саяси-әлеуметтік қауымын құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлке. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың негізгі мұрагері және ұрпағы болған қазақ халқының байтақ мекені – Дешті Қыпшақ даласы. Ол кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» деген атпен белгілі болды. Дешті Қыпшақ Оғыздар даласы алып жатқан жерден де кең аумақты қамталды. Сонымен қатар Ертісті мекендеген қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың еншісіне тиді. XI ғасырдың ортасында қыпшақтар Еділдің оң жақ бнтіне өтіп, орыс жылнамаларында половцы деген атпен белгілі бола бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде «куман» немесе коман деп аталды. Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді атаған. Ал іс жүзінде қыпшақтар қонысы Карпат тауларының орманды бөктерлеріне дейін жеткені тарихи деректерден мәлім. XI ғасырдың аяғында қыпшақтар Визатияның Дунайдағы шептеріне ілігіп, XII ғасырдың орта шенінде олар Дунайдан әрі батыстағы жерлерді қоныстанған. Сонымен қатар қыпшақтар Қырымның далалық бөлігін, одан әрі шығыста Еділдің құяр сағасы мен Саксин төңірегін де мекендеген. Олардың «саксин тобы» деп аталған ерекше тобы орыс далаларын қоныстанған. Дешті Қыпшақ қиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген этностық топтар бағынған. Қыпшақтардың осылай өз жерін ұлғайтуын олардың тек қана батысқа қарай жаппай қоныс аударуыдеп түсінуге болмайды. Қыпшақтар осы кең алқапты тегіс мекендеген. Плано Карпини (1246) мен Рубрук (1253-1255) саяхатынан кейін қыпшақ жерінің шын мәнісінде ұшықиырсыз екені белгілі бола бастады. Армян патшасы Гетум қыпшақтардың қонысы шығыста Хорезм патшалығы, одан әрі Ертіске дейін созылатынын айтып, таңдана жазған (1307).

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-002902
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>