Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / ИРАН ЖӘНЕ AУҒАНСТАН 9 СЫНЫП
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

ИРАН ЖӘНЕ AУҒАНСТАН 9 СЫНЫП

библиотека
материалов

Дүниежүзі тарихы

Сыныбы: 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Иран және Ауғанстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Иран және Ауғанстан туралы мәлімет беру;

Дамытушылық: Дүниежүзі тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін, отансүйгіш дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды түгендеу.

Ә) оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай

  2. 1925-1927 жылдарда1925-1927 жылдардағы ұлттық революция

  3. Қытайда Гоминьдан билігінің орнауы

  4. 1927-1937 жылдардағы азамат соғысы

  5. Моңғолия

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Ауғанстан

  2. 1919 жылғы үшінші ағылшын – ауған соғысы

  3. Амануллла хан басқару кезеңіндегі Ауғанстан

  4. 20- жылдардың соңы мен 30-жылдардың басындағы оқиғалар

  5. Нәдір ханның саясаты

  6. Ирандағы ұлт азаттық қозғалыс және оның нәтижелері

Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы  Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%),әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңтүстік бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. 
1919 жылы тәуелсіздігін алды. 1929 жылы Кеңес үкіметінің көмегімен коммунисттердің келуінін қауіпі туылды. Коммунисттік идеяларын қолдайтын Аманулла ханды тақтан құлатты.

Билік Нәдір шаһтың қолына түсті. Оны 1933 жылы бір әскери курсант өлтірді. Таққа Заһир шаһ отырды. 1975 жылы оны інісінің баласы - Дәуіт тақтан құлатты. 
Жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 жылы Ахмад шаһ Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагер лері тұсында мемлекет ыдырап, 1818 жылы Ахмад шаһ әулеті де биліктен кетті. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 жылы әмір атанды. 
Бұл уақытта Ауғанстан жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқын шылар жеңіліп тынды (1842). 1878 жылы Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскері Ауғанстанға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 жылы өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 
1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 жылы әскери төңкеріс болып, республика жарияланды. 1978 жылы тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1997 – 1998 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақ тарды көшіріп әкелді. 
1978 жылғы сәуір төңкерісі қарсаңында экономикалық даму жағдайы жөнінен 1977 жылы Ауғанстан 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орынды иеленді. Елдің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді. Халықтың 90%-ы ауылдық жерде өмір сүрді, ондағы билік феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды. М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды. Елде мұндай жағдайдың өріс алуы халықтың жаппай наразылығын туындата бастады. 70-ші жылдардың екінші жартысында Ауғанстанда ша¬руалар мен помещиктік-ұсақ буржуазия арасында қайшылықтар үдеп, халық жағдайы бірден шиеленіске тап болды. М.Даудтың аграрлық реформасы еш нәтиже шығара алмады. 
1978 жылы Ауғанстанда Сәуір төңкерісі болып, Ауғанстан Демократикалық Республикасы жарияланды. 1979 жылының желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес Одағының қызыл әскері кірді. Он жыл соғыстан кейін, билікке исламисттер келді. Тәжіктер мен пұштұндар арасында билік үшін тартыс басталды. 1992 жылы тәжік Бурхануддин Раббани Мұхаммед Нәжібұлланың режимін құлатты. 



IV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Иранның ақша бірлігі – риал

Иранның астанасы – Тегеран

Ауғанстан тәуелсіздігін алды – 1919 ж

V. Бекіту:

Иран мен Ауғанстанның саясаты

VI. Бағалау:

VII. Үйге тапсырма:

Иран мен Ауғанстан




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров759
Номер материала ДВ-319893
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх