Тақырыбы
|
С.Бегалин. Қырдың жас түлегі.
|
Жалпы мақсаты
|
Мәтін мазмұнын түсініп оқу.Шоқан Уәлиханов туралы
өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру,кеңейту.
|
Оқыту нәтижелері
|
а)Пәндік нәтиже:оқушыларға Шоқанның өмірі,шығармашылығы мен
қызығушылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;мәтіннің мазмұнын
аша отырып, таным мүмкіндіктерін анықтау.
ә)Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай
туғыза отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б)Тұлғалық нәтиже:туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оқушылырды
мейірімділікке,әдептілікке тәрбиелеу.
|
Түйінді идеялары
|
Ғылым,білімге ұмтылу.
Туған жерге сүйіспеншілік.
|
Күтілетін нәтиже
|
Мәтінді түсініп ,мәнерлеп оқиды.Идеясын түсінеді.
Сыни ойлауы қалыптасады.Ауызша сөйлеу,есте сақтау
қабілеттері артады.Топпен жұмыс жасау дағдылары қа-
лыптасады.Шығармашылық қабілеттері дамиды.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа материалдарды меңгерту,түсіндіру,топтық жұмыс,
сұрақ-жауап,топтық бағалау,эссе,сурет салу.
|
Көрнекілігі
|
С.Бегалин,Ш.Уәлихановтың суреттері,мектеп суреттері,
геометриялық фигуралар қиындылары,бағалау парақтары
|
Стратегиялары
|
Үш қадамды сұхбат,сергіту сәті,ой қозғау,синквейн.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Шаттық шеңбері
Геометриялық фигуралармен топқа бөлу.
Топ ережесін құру.
|
Қызығушылықты ояту
|
Сөзжұмбақ шешу. «ШОҚАН»
Қыздың көркі-… .
… отбасынан басталады.
Қызға … жерден тыйым.
Қасиетті тағам.
|
Жаңа сабақ
|
Шоқан туралы мәлімет.
Тақырып пен авторын таныстыру.
|
Мағынаны тану
|
Мәтінмен жұмыс.
«Үш қадамды»сұхбат.Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
|
Бекіту тапсырмалары
|
Топтық жұмыс.Постер қорғау.
1-топ.Шоқанның өмірбаяны.
2-топ.Туған жер туралы мақал- мәтелдер.
3-топ.Шоқанға мінездеме беру.
|
Сергіту сәті
|
Музыка әкенімен би қимылдарын жасау.
|
Шығармашылық
тапсырма
|
1-топ.Эссе жазу.
2-топ.Сурет салу.
3-топ.Шығарманы сахналау.
|
Қорытынды
|
Синквейн әдісі Бес жолды өлең құрастыру
Кім? Шоқан
Қандай? Ақылды,зерек
Не істеді? Саяхат жасап зерттеді
Сезімді білдіре- Артына өщпес мұра қалдырды!
тін сөйлем
Синоним Ғалым
|
Үйге тапсырма
|
А.Құнанбаев туралы мәлімет жинау
|
Бағалау
|
Топтық бағалау
|
Рефлексия
|
Оқушылар стикерлерге сабақ жайлы рефлексия жазып іледі
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.