Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / "Қырықбуынтәріздес және қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі" ашық сабақ

"Қырықбуынтәріздес және қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі" ашық сабақ

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Биология

§20-21. Қырықбуынтәріздес және қырықжапырақтәріздестер өсімдіктер бөлімі

«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту және сабақта пәнді меңгеру.

Міндеттері:

Білімділік міндет: оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру, қабылдауды және ойлауды ұйымдастыру;

Тәрбиелік міндет: топпен жұмыс істеу, жылдамдылық, ұқыптылық, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;

Дамытушылық міндет: оқушылардың күрделі білім, біліктілігін, ойлау қабілетін дамыту; есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру; өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: суреттер, тірек сөздер, ООМ

Сабақтың барысы:

Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1 кезең.

Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін жинақтау:

Оранжерея. Лиана. Сорус. Вайя. Қырықбуын. Қуыс. Пальма.







ООМ

А

Б

В

С

Д

Е
































2 кезең.

Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасы бойынша қарама-қарсы сұрақтар.

1.Плаунтәріздестер қай дәуірде пайда болған? (ерте дәуірде, 300 млн. жыл бұрын пайда болған)

2.Қазіргі кездегі өкілдері қандай? (көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер)

3.Жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытуына байланысты қалай аталған? (плаун-жылысқы, яғни орысша «плывун» – жүзу, жүзі жүргіш, жылжымалы)

4.Қазіргі кезде жылысқының қанша түрі белгілі? (200-500 түрі)

5.Плаундар қандай жолдармен көбейеді? (өсімді, жыныссыз, жынысты)

6.Өсімді көбею қалай жүреді? (төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады)

7.Өсімді көбеюде бүршіктер арқылы қалай көбейеді? (өркеннің ұшында пайда болған бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда өнеді)

8.Жыныссыз көбею қалай жүзеге асады? (споралары арқылы көбейеді)

9.Споралар қайда жетіледі? (споралар өркендерде жетіледі)

10.Спорофилдер дегеніміз не? (өркеннің ұшындағы үшбұрышты, ұшы үшкір жапырақ)

11.Спорофилдер грек тілінен қалай аударылады? («спорос» – екпе, сеппе, «филлон» – жапырақ, спорангиі бар жапырақ)

12.Спорангий дегеніміз не? (споралар дамитын орын)

13.Жынысты қөбею қалай жүреді? (жерге түскен споралардың өнуінен басталады)

14.Жынысты көбею кезінде плаун спораларының өнуі қандай жолдармен жүреді? (споралары жерүсті және жерасты типті екі жолмен жүреді)

15.Бірінші тип қалай жүреді? (споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді)

16.Өскіншелер қалай қоректенеді? (жартылай сапрофит ретінде қоректенеді)

17.Сапрофит грек тілінен қалай аударылады? («сапрос» – шірінді, «фитон» – өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза)

18.Плаундардың өскіншелері қандай жынысты? (қосжынысты, ұзындығы 20мл-ден аспайды)

19.Аталық және аналық жыныс мүшелері қай жерде түзіледі? (өскіншенің үстіңгі бетінде)

20.Екінші тип қалай жүреді? (жерасты споралары жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жіпшумақ-тарымен селбесіп өсіп, қосжынысты өскіншеге айналады)

21.Плаун сабағының ішкі құрылысы қандай? (сабағының сыртын жұқа өң, астында жақсы жетілген қабық қабаты болады)

22.Тірек ұлпасы қайда орналасқан? (қабықтың сыртқы қабатында)

23.Сабақтың ортаңғы бөлігін не алып жатыр? (шеңберлі шоқ)

24.Дәрі-дәрмек жасау үшін өсімдігінің қай бөлігін пайдаланады? (спораларын)

25.Плаунды медицинада не үшін қолданады? (шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде қолданады)

Бірінші «+» н/е «-» бағалау

(дұрыс жауап «+», қате жауап «-»)


3 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады. 7 кілт сөзді есте сақтау үшін оқушыларға 30 секунд беріледі.

1.Қырықбуын 2. Көктемгі өркен

3.Жаздық өркен 4. Сорус

5. Вайя 6. Қуыс

7.Спорангий

Тірек сөздерді дәптерге жазу үшін 7 сөзге 30 секунд уақыт беріледі.

ООМ-да оқушылардың

неше сөз жазғандығы тексеріліп, қызыл түсті бормен сөз саны жазылады немесе Екінші «+» н/е «-» бағалау

4 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінді оқу жылдамдығы 1 параққа 3 минут.

5 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қарама-қарсы сұрақтар (Жаңа тақырып бойынша)

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында мұғалім тарапынан оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Қырықбуын деп не себепті аталған? (сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын-дықтан осылай аталған)

2.Қазіргі кезде қырықбуынның қанша түрі кездеседі? (30-35 түрі)

3.Қырықбуындар қай жерлерде өседі? (арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі)

4.Көп тараған өкілдері? (далалық қырықбуын)

5.Қырықбуынның жерүсті өркендері неше түрлі? (екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен)

6.Көктемгі өркен қай кезде пайда болады? (ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршік-терінен бірінші пайда болады)

7.Жаздық өркендер қай кезде пайда болады? (көктемгі өркеннің споралары қурап қалғаннан кейін пайда болады)

8.Жанама бұтақтар қайда орналасады? (жаздық өркенде)

9.Екі өркеннің қызметі неде? (көктемгі өркен – көбею, жаздық өркен - өсу)

10.Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде жетіледі? (көктемгі өркенде)

11.Қырықбуынның қоректік заттары қайда жиналады? (жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналып, қорек заттары қорға жиналады)

12.Қуыс қалай пайда болады? (жаздық өркеннің өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасып, ол біртіндеп ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады)

13.Тірек ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа қайда жетіледі? (сабақ қырларының астында – тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі)

14.Өткізгіш ұлпалар қайда орналасады? (тірек ұлпасының астында)

15.Қырықбуындар қалай көбейеді? (өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді)

16.Өсімді, жыныссыз көбею қалай жүзеге асады? (өсімді – тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбею – споралар арқылы)

17.Қырықбуынды медицинада қандай мақсатта қолданады? (жасыл сабақтарын қанайналым-ның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге, масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланылады)

18.Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің қанша түрлері бар? (10 000-нан астам түрлері)

19.Қырықжапырақтылар қайда кездеседі? (тропикте ағаш, лиана түрінде өседі және суда өсетіндері де бар)

20.Неге қырықжапырақ деп аталған? (жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген)

21.Қырықжапырақтар қалай көбейеді? (өсімді, жыныссыз және жынысты)

22.Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай түзілген қоңыр төмпешіктер қалай аталады? (сорустар деп аталады)

23.Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары қалай аталады? (вайя)

24.Усасыр қырықжапырағын қандай ауруларды емдеуге пайдаланады? (ішекқұрт ауруларына, суық тигенде)

25.Таскөмірді неден алған? (ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар)


6 кезең.

Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Жаңа тақырып бойынша сын тұрғысынан сұрақтар

Мұғалім оқушыларға 3 жауабы да қате немесе бір жауабы ғана дұрыс тест ретінде сұрақ қояды.

1.Сабағында буын аралықтары жоқ болғандықтан қырықбуын деп аталған (жоқ. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындық-тан қырықбуын деп атаған)

2.Қазіргі кезде қырықбуын туысының 30-35 түрі бар (иә. 30-35 түрі кездеседі)

3.Қырықбуынтәріздестер бұдан 500 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзілген (жоқ. 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзген)

4.Далалық қырықбуын бір жылдық өсімдік (жоқ. Көп жылдық өсімдік)

5.Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен (иә)

6.Қырықбуынның жаздық өркендерінде қызыл түсті хлорофилл дәндері болады (жоқ. Жасыл түсті хлорофилл болады)

7.Көктемгі өркендері көбею, жаздық өркендері өсу қызметін атқарады (иә.)

8.Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады, кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады (иә.)

9.Қырық буындар тек қана жынысты жолмен көбейеді (жоқ. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді)

10.Өсімді көбеюі түйнектері, тамырсабақтары арқылы, жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады (иә.)

11.Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бар өркен деп талады (жоқ. Бүр деп аталады)

12.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)

13.Қазіргі кезде қырықжапырақ тәріздестердің 10 000-нан астам түрлері бар (иә.)

14.Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана түрінде өседі (иә. Тропикте ағаш және басқа өсімдікке оралып лиана түрінде өседі)

15.Қырықжапырақтылардың Қазақстанда біржыл-дық шөптекті түрі кездеседі (жоқ. Көпжылдық шөптекті түрі усасыр қырықжапырағы кездеседі)

16.Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік және тамырсабағын қысқарған сабақ дейді (иә.)

17.Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады: фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзеді және споралар түзіліп көбеюге қатысады (иә)

18.Жапырақ тақтасы тілімденбегендіктен қырық-жапырақ деп аталады (жоқ. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімден-гендіктен, қырықжапырақ деп аталады)

19.Жыныссыз көбею кезінде жапырағының астынғы бетінде төмпешіктер түзіледі, оны бүршік деп атайды (жоқ. Төмпешіктерді сорустар деп атайды. Сорус – спорангийлердің жиынтығы)

20.Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар деп аталады (иә. Вайя – грекше «байон» пальма бұтағы деп аталады)

21.Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан газ пайда болады (жоқ. Тас көмір пайда болады)

22.Тас көмірден жанғыш газ, пластмасса, асфальт, сабын, шайыр алынады (иә.)

23.Қазақстанның Қызыл кітабына қырықжапы-рақтардың екі түрі: мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі тіркелген (иә.)

24.Усасыр қырықжапырағын бас ауырғанды, жүрек ауырғанды басатын дәрі ретінде қолданады (жоқ. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар дайындап, суық тигенде ауырғанды басатын және ішекқұрт ауруларына дәрі ретінде пайдаланады)

25.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)

Төртінші «+» н/е «-» бағалау












7 кезең.

Талдау және қорытындылау

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.

Бесінші «+» н/е «-» бағалау. 5 минут уақыт өткен соң, мұғалім уақыттың аяқталғанын айтқанда оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

8 кезең.

Рефлексия

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын көрсетеді.



9 кезең

Бағалау

Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды. 4-5 + «5», 3 + «4», 2 + «3», 1 + «2» («+» дұрыс жауаптардың саны, мысалы 4 н/е 5 «+»-ке «5» деген баға)

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады. Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.

Үйге тапсырма

§20-21. Қырықбуынтәріздес өсімдіктер бөлімі












«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

биология пән оқытушысы М.А.Мукишева








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1916
Номер материала ДВ-113747
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх