Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Қыс қызығы" Ересек тобындағы ұйымдастырылатын кешенді оқу іс-әрекетінің технологиялық картасының жобасы.

"Қыс қызығы" Ересек тобындағы ұйымдастырылатын кешенді оқу іс-әрекетінің технологиялық картасының жобасы.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ересек тобындағы ұйымдастырылатын кешенді оқу іс-әрекетінің технологиялық картасының жобасы.

Тәрбиеші: Ахметова Самал

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.

Тобы

Ересектер

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Қыс қызығы

Құзыреттілікке жеткізетін оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері

Ақпараттық құзыреттілік









Коммуникативтік құзыреттілік











Проблема шешгу құзыреттілігі

Табиғаттағы маусымдық қыс мезгіліндегі өзгерістер (аяз, қар жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, жануарлардың қыс мезгіліндегі тіршілігі), адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты анықтау мақсатында түрлі ортадағы жануарлардың тіршілігі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау керектігі туралы білімдерін жинақтау, қыс мезгіліне тән ерекшеліктер туралы белгілі ақпараттарды құрылымдау, қыс мезгілін бейнелеуді (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу, сурет салу), баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін алгоритмдеу арқылы меңгерту.



Топтық жұмыс арқылы қыс мезгіліне тән ерекшеліктерді талдау іскерлігін қалыптастыру. Қыс қызығың ауызша талдау арқылы қарым – қатынас іскерлігін орнату. Өз іс-әрекетінде қысты бейнелеу әдістерін қолдану (тақпақтар айту, жұмбақтар шешу, әңгімелеу, сурет салу). Бір мазмұнға біріктіре отырып қыс мезгілін бейнелеуге, заттардың кеңістікте бір-біріне жақын, бірге және т.б. орналасуын бере білуге, қыс мезгіліне тән бояуларын қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға, түстердің қарама-қарсы және пастелді гаммаларын қолдануға үйрету. Бейнелерді бүкіл параққа орналастыру іскерліктерін қалыптастыру. Ойдан салу жұмыс түрін қолдануға дағдыландыру.

Қысқа тән ерекшеліктерді талдап, қыс қызығын бейнелеу әдістерінің өзгеруін анықтау. Қыс қызығы бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, салыстырулар қолдануға, Paint бағдарламасын пайдаланып қыс мезгілін бейнелейтін түстірді тандап, сурет салуға қатыстыру.

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет түрі

Кешенді

Пәнаралық байланыс.

Экология, тіл дамыту, көркем әдебиет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланатын технологиялар мен әдіс-тәсілдері

АКТ, ойын; ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, өлеңдер оқу, жұмбақ жасыру; слайд көрсету; компьтериен тапсырма орындау.

Алдын-ала жұмыс

Бейнефильм көру, тақпақтар жаттау, суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

Пайдаланатын оқыту құралдары

Компьютерлер, проектор. Үлестірмелі жануарлар бейнеленген суреттер, дидактикалық ойынға арналған карточкалар, смайликтер.










Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

- Ой қозғау


hello_html_m6ad4b811.gif

Балалар мен сіздерге өлең оқимын, ал сендер қай жыл мезгілі туралы айтылғанын атау керексіз.

Ендеше барлығымыз көзімізді жұмып қысқы орманда жүргенімізді елестетейік.

Көзімізді ашайық, қандай екен қысқы орман. Кім айтады. Дұрыс.

Мына суреттерге қараңызшы орман қалай бейнеленген?

hello_html_m10571ed3.gifhello_html_612e6c57.gif

Өте жақсы.

Бұл өлең жолдларынан қыс мезгілі бейнеленгені туралы білдік.

Көздерін жұмып елестетеді.


Қысқы орман өте әдемі. Ағаштар қармен қапталған.

Ағаштарда жапырақтар жоқ, ағаштар мен шыршалар қарға батып тұр. Өте әдемі болып кеш мезгілінде ағаштар бейнеленген.

hello_html_mdea043.gifhello_html_m33f1f2a5.gif

Іздену ұйымдастырушы









hello_html_m37baa782.gif
















hello_html_m18e31301.gif

- Балалар мына суретке зейін қойын қарап назар аударыңызшы. Суретте қыс мезгіліне тән қандай ерешеліктері бейнеленген?


- Қыс айларын кім атап береді.

- Кім қыс туралы тақпақтар біледі.




hello_html_62a6a49a.gif


Балалараға жұмбақ жасырып, жануарлар туралы мәлімет беремін, қысқы тіршілік ету жағдайларын аңықтаймын.

Олардың қыс мезгіліндегі тіршілік етуіне не әсер етеді?

- Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ, жасық,

Бұл не ... ?

Қысқы азығын жинамайды. Ол бұтақтармен қоректенеді. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады.


- Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлдартып,
Қандай аң ол алдайтын?

Түнде құстарға, қояндарға және кірпі аулауға шығады.


- Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді

Үйде жаңғақ кеміріп.

Жоғары өрлеп кетеді.

Қысқа тиын қорегін дайындайды. Ең жақсы жаңғақтарды өзіне жинайды.

- Сұрғылт тартқан түсі бар,
Ақсиған көп тісі бар.
Тыным таппай жүгіріп.
Сілекейі шұбырған
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар иті.

Қасқыр иісті 1,5 км жерден сезінеді. Түнде қандай да болса жануарларды ұстап алуда белсенділік білдіреді. Аш болғанда 10 кг ет жи алады. Қасқырлар арнайы шабуыл жасауға дайындалмайды, топша болып жабылады.

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

Құрғақ шөппен апаның жабады. Басын шығысқа қарай беріп, ұйықтайды. Бұл уақытта қоректенбейді, жинаған майы арқылы өмір сүреді.


- Балалар қыста жануарлар қалай тіршілік етеді екен?




Балалардың назарын слайдқа аударып мына суретте нелер бейнеленгенін сұраймын.

Дұрыс жануарлар, үйлер бейнеленген.

Қазір «Жануарларды орналастыр» деген дидактикалық ойын ойнаймыз. Дайынсызба ойнауға?

- Ендеше тындайық мына бірінші үйге біз қысқы азығын ерте жинайтын жануарларды орналастыруымыз керек. Қандай жануарлар осы үйге барады?

- Қыста ұйқыға кететін жануарларға қандай жануар жатады? Барлығымыз дұрыс орналастырыпыз.

- Жорытып жүріп азық жинайтын қандай жануарлар? Өте дұры.


- Қыс мезгілін атақты суретшілер өз жұмыстарында бейнелеген. Олар біз бұрын танысқан, суреттерін көрген Қазақстан суретшісі Сиденко, орыс суретшілері Юон, Саврасов, Шишкин, т.б.

Осы сүрттерді салуда суретшілер қандай бояу түстерін таңдаған? Өте жақсы.


- Бізде бүгін осы суретшілерге ұқсап қыс мезгілінін суреттерін саламыз. Біз сурет салу үшін компьютер арқылы, Paint бағдарламасымен жұмыстанып сурет саламыз.

Ең алдымен біз не таңдаймыз?


- Ендеше барлығымыз жұмыстануды бастайық. Балалар жұмыстанған уақытта әрбіреуне жеке қарап, нұсқаулар беремін. Өте жақсы.

- Қыс мезгілінде ағаштарда жапырақтар болмайды,

Ал шыршалардың барлығы жасыл, үлпіл болып тұрады.

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Шыңнан сарғып түсті де,

Келді етекке қыс міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады кір деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Солар тоңып дірдектеп.

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді. (Р.Тышқанбаев)



Суретші қыс

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып.

Тазарып бар кір, шаңнан.

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады. (К. Нүсіпов)


Жасырған жұмбақтарды зейін қойып тындайды.

Қыс мезгілінде жануарларды тіршілік етуіне қыс мезгілінін ерекшеліктері: күнін аяз болатыны, қар көбейетіні, азық азықты табу онай түспейтіні әсер етеді.




Көжек.

Қысқы азығын жинамайтынын, бұтақтармен қоректенетінін, маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отыратынын біледі.





Түлкі.

Түнде құстарға, қояндарға және кірпі аулауға шығатынын біледі.





Тиын.

Қысқа тиын қорегін дайындайтынын, ең жақсы жаңғақтарды өзіне жинайтынын біледі.




Қасқыр.

Қасқыр түнде қандай да болса жануарларды ұстап алуда белсенділік білдіретінін, аш болғанда 10 кг дейін ет житінін, қасқырлар арнайы шабуыл жасауға дайындалмайды, топша болып жабылатынын біледі.


Аю.

Құрғақ шөппен апаның жабатынын, басын шығысқа қарай беріп, ұйықтайтынын, бұл уақытта қоректенбейтінін, жинаған майы арқылы өмір сүретінін біледі.


- Қыс мезгіліне қарамастан жануарлар өз тіршілктерін жасайды. Азық жинап дайындайды. Аю ұйықыға кетеді. Кейбір жануарлар азық жинамайды, азықтарын күнді жүріп табады.


Суретте жануарлар, үйлер бейнеленген.



Назарларын слайдке аударып, дидактикалық ойынның шартың мұқият тындайды.


Марат: осы үйге тиынды орналастыруға болады.

Сауле: мен кірпіні де орналастырдым.

Әрбір бала өз алдындағы карточкаларға қажетті жануарларды орналастырады.


Балалар: қыста ұйықыға кететін аю.

Барлығы өз беттерінше жұмыстанады.

Балалар: Жорытып жүріп азық жинайтын қасқыр, түлкі, қоян.


Слайдқа назар аударып көреді, суретшілердін тегілерін атайды Қазақстан суретшісі Сиденко, орыс суретшілері Юон, Саврасов, Шишкин.

Суреттерін салуда осы суретшілер суық бояу түстерін пайдаланған мысалы ???.




  • Балалар тәрбиешінің түсіндіруін мұқият тындап сұрақтарына жауап береді

  • Компьтерді пайдаланып сурет салады.




- Өзбеттерімен сурет салады.

Қажетті түсті тандап, бейнелейді.


Рефлексивті коррекциялаушы

- Кімнің суреттерде қыс мезгіліне тән ерекшелектер анық көрсетілп, бейнеленген?

- Әр қайсысың өзінің суретіне қандай баға бересіндер? Смайліктерінді көтеріндер. Өте жақсы, барлығында өз суреттерінізге дұрыс баға бердіңіз.

Бірнеше бала өз ойларын айтады.

Менің ойымша қыс мезгіліне тән ерекшелектер анық көрсеткен Айгул, Арман, Рустам.

Әр бала өз смайліктерін көтереді. Жұмыстарың бағалайды.



Күтілетін нәтиже

Баланың білуі: Табиғаттағы маусымдық қыс мезгіліндегі өзгерістерді, адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты, табиғатта өзін-өзі дұрыс ұстау түсініктерін білді.

Баланың меңгеруі: Қыс мезгіліне тән ерекшеліктерді талдау жолдарын, ауызша жеткізе білу әдіс-тәсілдерін, Paint бағдарламасын пайдаланып қыс мезгілінін суретін салу әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Қысқа тән ерекшеліктерді сипаттайды, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табады, салыстырады, Paint бағдарламасын пайдаланып қыс мезгілін бейнелейтін түстірді тандап суретін суретін салады.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-128555
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>