Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Қыс қызығымен көрікті"

"Қыс қызығымен көрікті"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:_________директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: Қыс қызығымен көрікті
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету

Мерзімі: 29.01.2015
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі.

Пайдаланған әдебиет: «Мектептегі мерекелер» журналы
Жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Психологиялық сәт.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Жұмбақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Қыс
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Біреуі коньки теуіп, ал, кейбіреулері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсіп шаңғыларымен мектепке келе жатты. Кенет долы боран басталды.. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырған дауыс естіледі. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді. Бұлар жаурап жылап отырған Мұрат екен. Ол коньки теуіп жүрген балардан қалып қойыпты. Асқар мен Елдос Мұратты үйіне әкеліп тастады.
Алдымда мұз айдын
Көрінер алыстан.
Асыққан балалар
Желменен жарысқан.
Аппақ қар айнала
Көңілді балалар.
Сырғанақ ойнаймыз
Зулайды шаналар.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?
- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?
- Қыс несімен қызық?
- Қыста біз не жасаймыз?
Дидактикалық ойын.
"Қар жинау"
- Сабақтың соңында балаларға қыс туралы өлең оқып беру.
"Сырғанақ" Б. Жақып.
Қыс.
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне.
Ақ қарлар ақ көбелек,
Қонды үйлердің үстіне.
Боран соғып бірде өкпек,
Үйге айдады кір деп тек.
Мұз көрпеге оранды,
Сулар тоңып дірдектеп.
Аулаға қар үйгізді
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
Р. Тышқанбаев
Қыс.
Басыпты енді арынын,
Боран түнде бұрқаған
Түсі де қыс қарының
Аумайды екен ұлпадан.
Қар жамылды бақтарым,
Қыратым да, сайым да.
Тағыпты қыс ақ қарын,
Үкі етіп қайыңға.
Бүркеніп ақ желікті,
Жарқырайды маңайым.
Ойға шомған теректің,
Ақ шалыпты самайын. Р. Сәбитүл











































Атырау облысы

Сағыз селосы

9 орта мектеп



















Тақырыбы: «Қыс қызығымен көрікті»

Күні: 29.01.2015

Сыныбы: 1в

Бағыты: Экологиялық тәрбие

Түрі: Саяхат

Өткізген: А.Айтқожақова





Краткое описание документа:

№ 9 орта мектеп

Ашық сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер

І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1

Бастауыш сынып мұғалімі: Айтқожақова Айғаным

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ә.Өскімбай

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер

І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Заттың атын білдіретін сөздерге дұрыссұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетінарттыру.Жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі:Ұқыптылыққа,ұжымшыл болуға,достыққа,таза,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,жаңа білімді игерту.

Көрнекілігі:Слайдтар,суреттер, ереже.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға ізетпен,

Бас иеміз біз.

  • ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
  • 1.Мемлекеттік рәміздерді ата(Ту, Елтаңба, Әнұран) 2.Әнұран не үшін орындалады: ( Мемлекеттік жиындарда)
  • 3.Сөзін жазған кімдер.Ж. Нәжімеденов,Н.Назарбаев.
  • 4.Әнін жазған кім.Ш.Қалдаяқов.
  • 5.Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар.
  • 6.Жіңішке айтылатын сөздер ойлап айтайық.
  • ІІІ.Жаңа сабақ.
  • Гүл, машина,доп,
  • Осы сөздерге сұрақ қояйық.Ереже шығарайық.
  • Заттың атын білдіретін сөздерге Кім? Кімдер? Не? Нелер?
  • деген сұрақтар қойылады.
  • ІV.Оқулықпен жұмыс
  • 82-жаттығу.Ауызша сөздерді оқып сұрақ қою.
  • Аю,бүркіт,сүт,өзен,ұшқыш,тігінші.
  • 83-жаттығу.Тақтамен жұмыс.Суретке қарап кім?не? сұрақтарына жауап

беретін сөздерді табу.

  • Кім? Не?
  • Бала қуыршақ, көйлек,туфли
  • қыз алма, шалбар, шырша,тау, шөп
  • V.Өзіндік жұмыс. Сурет бойынша жұмыс жүргізу.
  • -Суреттен нені көріп тұрсыңдар?Дәптергежаза қойындар.
  • (Күн,ағаш ,су,шөп, шырша,тау)
  • VІ.Сергіту сәті
  • 7.Қар,мұз еріп, Жапырақ ашып
  • Су көбейіп, Гүл,бәйшешек басады.
  • Сай салаға ағады. Бөбектерім айтыңдаршы,
  • Бүршік шашып, Бұл қай кезде болады.(көктем)
  • -Ендеше көктем деп аталатын тараумен танысамыз.
  • -Көктем айларын атаңдаршы: (наурыз, сәуір, мамыр)
  • VІІ. Оқу материалымен жұмыс
  • 1.Автор туралы түсінік беру.
  • І.Жансүгіров 1894 жылы 5-мамырда Алматы облысы ,Ақсу
  • ауданында дүниеге келген. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Өтірік», «Балаларға базарлық».
  • Мектеп,тағыда басқа көптеген туындылары бар.Ол 1938 жылы дүниеден өткен.
  • 2.Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. Көктемнің қандай белгілері бар.

(Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау)

3.Оқушыларға тізбектеп оқыту

VІІІ.Сабақты қорытындылау.

«Доп лақтыру» ойыны.Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.

ІХ.Үйге тапсырма 84-жаттығу. Өлеңді жаттау.

Х.Бағалау.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров272
Номер материала 274776
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх